
- •5 Тақырып. Ақша және инфляция теориялары .
- •Ақшаның пайда болуы. Мәні және қызметі. Ақша- тауарлы өндірістің элементі.
- •2.Ақшаның металдық және номиналдық теориялары
- •3. Ақша айналымының заңы. Ақшаның тұрақтылығы және оның конверсиялану проблемалары
- •4. Инфляция және оның әлеуметтік- экономикалық салдарлары.
- •5. Валюта және оның конверсиялануы.
- •Ақша айналымын тұрақтандырудың әдістері мен түрлері Инфляцияға қарсы саясат.
5. Валюта және оның конверсиялануы.
Нарықтық экономиканың бөлінбес бөлігі болып- валюталық нарық болып табылады.Бұл шетел валютасын сатып алу-сату операциясы бойынша (банкнот, қазыналық билет пен монета кезіндегі ақша белгілері)экономикалық- қаржы қатынастар жүйесі валюталық операцияға қатысу делдалдық брокерлік биржа арқылы түсе алады.
Валюта- бұл ақша бірлігі және оны тауар құны мөлшерін өлшеу үшін қолданылады. «Валюта» ұғымы үш мағынада қолданылады :
екі елдің ақша бірлігі (Қазақстан теңгесі, АҚШ доллары, ресей рублі, жопон иені, ағылшын фунт стрелингі және т.б.) және оның әртүрлі типтері-алтын, күміс, қағаз ;
шетел мемлекетінің ақша белгісі, шетел ақша бірлігі түріндегі несие мен төлем құралдары және халықаралық есептеуде қолданылатын –шетел валютасы;
халықаралық (аймақтық) ақша есептеу бірлігі және төлем құралы болады (доллар, евро).
Инфляция қолдану саласы мен тәртібіне қарай былай бөлінеді:
еркін конверсияланатын (толық қайтарымды) және ол кез-келген елдің шетел валютасына белгілі баламамен шексіз айырбасталады;
барлық валюталық операция бойынша ішінара конверсияланатын (ішінара қайтарымды
конверсияланбайтын ( қайтпайтын, тұйық), басқа шетел валютасына айырбасталмайды.
Еркін айналатын валютаға :АҚШ доллары, Евро, ағылшын фунт стерлингі, швейцария франкісі және жапон иені жатады. Қазіргі кезде 37 елдің ұлттық валюталары толық конверсиланатын деңгейге жетті.
Ішінара конверсияланатын валютаға Дания, Швеция, Норвегия елдерінің валютасы жатады.
Көптеген дамушы елдердің, Шығыс Европа мен ТМД елдерінің ұлттық валюталары конверсияланбайтын валюта тобына жатады.
Біздің ұлттық валютамыз «теңгеге» келетін болсақ, ол әлемдегі бірден-бір конверсияланбайтын, тұйық валютаға жатады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының ғалым-экономистері конверсиялануына қол жеткізуін қарастыруда. Ұлттық валюта теңгенің енгізілуі Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің барлық атрибуттарының толық безенділуінің соңғы қадамы болды.
Қазақстанның көп ғасырлық тарихында алғаш рет өзінің ұлттық ақша бірлігі – теңгеге ие болды.Ұлттық валютаны енгізу туралы шешім ең дұрыс шешім болып табылды . Нарықтық экономика жағдайында ұлттық валюта теңге нарықтың қалыптасуна және онда бәсекенің болуына көмектеседі, ішкі бағаны нақтылайды, отандық өндірісті әлемдік деңгейге көтеруді қамтамассыз етеді, дәйекті сыртқы экономикалық мамандануды жүзеге асырады. Осы кезде капиталдың халықаралық ынтымақтасуының жаңа түрі пайда болып, елдің халықаралық инвесторға айналуы басталады.
Барлық елдерде валютаны конвериалау жетістік ретінде қарастырылады,прогресивті өзгерісті нәтижесін жүзеге асырушы және тұрғындардың өмір деңгейін көтеруге бағытталады. Ашық экономикалы қоғамда валютаны конверсиалау ұлттық экономиканы қоғамда валютаны конверсиалау ұлттық экономиканы әлемдік шаруашылықпен байланыстыруда интеграциялық факторлады құрудың басты тетіктеріне айналады. Өзінің тауарды массасын балама емес айырбастан және экономикалық егемендікті құрудың басты белгісі бола алады.
Валютаны конверсияландыру дегеніміз алдымен экономиканың әлемдік нарықта бәсекелестік қабілеттігін жасау ,валюта – қаржы жүиесін сыртқы сауда мен валюта-несие қатынастарын халықаралық стандартқа сай қайта құру . Қазақстан Республикасының өндірістік тұрақты құлдырауы кезінде бюджет тапшылығының барынша аса ұлғайуында және үздіксіз инфляцияда теңгенің қазіргі конверсиалау шарты мыналар болмақ:а) өнімнің технологисы профилінің импортты ауыстыратын өндірісінің міндетті дамуын қалыптастыру; ә) мемлекеттің төлем балансын жетілдіру мақсатында инфляцияның қарқынды төмендету .Мемлекет қанайда бір ** ақша саясатын жүргізуге тырысады,осы факторларды ескерген теңгенің конвериалануына қол жекізу мүмкін емес . Экономиканы көтеру керек ,себебі ол сыртқы сауданың тенологиялық профисия негізі болып табылады. Бұл ұлттық валютаның конверсиялау мәселесін шешуге мүмкіндік жасайды.
Валюта қаржылық және тауарлық конверсиялану жағдайында болады.
Қаржылық- бұл шетел мемлекеті валютасына конверсалануы.
Тауарлық-бұл кез-келген тауарды шығу тегіне қарамай ақ алу қажет
Сондай-ақ, валютаны конверсиялануы бойынша –сыртқы және ішкі деп бөлеміз. Сыртқы конверсиялану – бұл елдің ішінде ұлтық валютаны қолдануға шектеудің болмауы және оның шетел мемлекет (резидентер ) солай болуы. Әрине бұл жағдайда ішкі нарықтық механизм ұлттық валютаны (еркін таңдауы бойынша ) кез келген валютаға, тауар, массасына, әр түрлі бағалы қағаздарға мемлекеттік және жеке ) конверсялану кепілдігін береді.
Алайда практикада, көптеген конверсиялану аралас түрінде өткеріледі.
Әрбір ұлттық валютаның басқа елдің ақша бірлігінде бағасы болады. Бұл валюталық немесе айырбастау курсы болып табылады.
Валюталық курс -бұл ұлттық валюта бірлігінің саны, ол шетел валютасы бірлігіне айырбасталуы мүмкін. Айырбастау курстерінің төмендегідей түрлері бар.
Номиналды айырбас курсы - бұл ұлттық валюта мен шетел валютасы бірлігі сандары қатынасына тіркелген ретте және қалқымалы негізінде жүзеге асады.
Нақты айырбас курсы – бұл екі елдегі баға деңгейінің арақатынасын ескеретін айырбас курсы .Номиналды айырбас курсының салыстырмалы елдегі баға индексі арақатынасына бөлгендегі жекелеген ретте есептелініп шығарылады.
Қалқымалы айырбас курсы- халықаралық есептесу жүйесі, онда елдер ішкі нарықты салмақтандыру мақсатында айырбас курсын өзгерту құқына ие болады.
Тіркелген айырбас курсы –бұл жүйе ,онда ұлттық валютаның шетел валютасына қатынасына арнайы бекітіледі және өзгертілмейтін болып табылады.
Валюта курсы сұраным мен ұсынымнан оған деген арақатынасымен анықталады.Сұраным мен ұсынымның әсерінен валюталық курстың едәуір ауытқыуы ,оның күшті және әлсіз валютасы үшін де тән.
Оны қысқаша белгілі график көмегімен бейнелеуге болады онда ол сұраным мен ұсынымның өзара іс-әреетін бейнелейді. ( сурет 5-1 ).
Сурет 5-1 валюта курсын бекіту
Шетел валютасына деген сұранымның көлемі төмендегі факторлар мен байланысты:
а) тауар мен қызмет көрсету импортына елдің қажеттілігі;
ә) туристердің шығындары ;
б) мемлекет төлеуі тиіс, әртүрлі төлем түрлеріне және т.б.
Валютаның ұсыным мөлшері елдің экспорт көлемімен сыртқы займмен әне т.б. анықталады. Одан басқа, валюта курсының динамикасына әсер ететін факторларға мыналарды жатқызамыз
-ұлттық табыстың көлемі және өндіріс шығындарының деңгейі :
-ақшаның нақты сатып алу қабілеттілігі және елдегі инфляция деңгейі:
-валюта сұранымы мен ұсынысына әсер ететін төлем балансының жағдайы:
-елдегі проценттік ставка деңгейі:
-әлемдік нарықтағы валютаға сенімділік және т.б.