Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
глава 5.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
128.51 Кб
Скачать

4. Инфляция және оның әлеуметтік- экономикалық салдарлары.

Инфляцияның классификациясы.

Экономикалық тұрғыдан инфляция дегеніміз не? Инфляция ( латынның inflatio- қампиған деген сөзі) – қағаз ақшаның құнсыздануымен пайда болатын әлеуметтік-экономикалық процестер жиынтығы. Инфляция жалпы баға деңгейінің көтерілуімен байқалады. Бұның өзі, барлық бағаның арнайы көтерілуін көрсетпейді. Олардың баға индексімен өлшенетін жалпы деңгейі өседі.

Инфляция- кешенді себептерден туындайды және олардың ең маңыздысы мыналар болып табылады:

- мемлекеттік бюджеттің тапшылғы және оларды жабу үшін қағаз ақшалар шығарылады;

мемлекеттің өндірістік емес шығындар ( әсіресе әскери шығындар) деңгейінің жоғарлылығы тұтыну игіліктерін шығаруды арттырмайтын және адам еңбегі шығынымен тікелей байланысты

тауар тапшылығы оның сұранымды ұсынымнан алшақтауға алып келуі және осының негізінде монополиялық жағдайда болуы,

олардың өзінің өнімі тұтыну сапасын арттырмай –ақ немесе барынша өте қымбат өнімді шығарумен жүзеге асырылуы;

жалақы өсуінің еңбек өнімділігін өсуінен алшақтығы және басқада бірқатар себептер.

Мемлекеттік тапшылықтың тұрақты ұдайы өндірілуін және артық ақша эмиссиясының (эмиссия – айналымға ақша мен бағалы қағазды шығару ) пайда болуына көмектеседі.

Инфляцияның бірнеше түрлері болады. Баға өсуі қарқыны көзқарасы тұрғысынан инфляцияны төмендегідей түрге бөлуге болады:

а) баяу немесе ;

ү) қарқынды;

б) ұшқыр.

Баяу инфляция кезінде бағалар баяу (жылына 10% -дан аздау ) өседі.Инфляция 2-3% болған жағайда ,нарық үшін орынды құбылыс болып табылады.

Қарқынды инфляция кезінде баға жылдам ,ырғи-ырғи (20-200%-ға дейін) өседі. Мұндай инфляцияға жол бермеу керек.,себебі ол өте ауыр әлеуметтік – экономикалық салдарға ұшындырған(тұрғындар өмір деңгейі төмендейді ,кәсіпорын күйзеліске ұшырайды және т.б.).

Ұшқыр инфляция кезінде айналымдағы ақшаның саны мен баға астрономиялық жылдамдықпен (500-1000%) өседі. Қоғамдық экономикалық тарихында ұшқыр инфляцияның таңқаларлық мысалдары баршылық (инфляция Боливияда 1985 -ші жылы -3400%, Аргенитинада 1990-шы жылы-2000% болған. Аргентина экономикасын ауыл шаруашылығы құтқарды. Бұл сала басқасына қарағанда елде басым болып , уқыттың белгілі кезеңінде нарықтық қатынастарынсыз –ақ өмір сүруге мүмкіндік туғызды.

Шетел ғалымдарының ойынша,«баяу инфляция» экономикалық «көңілдендіруге» әсерін тигізеді және күрделі қаржының өсуіне ықпал етіп ,жұмыссыздар армиясын жоя бастайды. Америка экономисі А.Манның айтуынша , бағаның қалыпты әрі ұзақ көтерілуі шаруашылық жағдайын жақсартады және тұтыну қабілеттілігін арттырады.

Шынында да инфляцияның бірінші кезеңде ,қағаз ақша қарқынын қамтамассыз ету олардың өсу қарқынынан («сұлама» инфляцияны айтамыз ) қалған кезінде, арнайы инфляциялық конъюнктура пайда болып,тауар бағасының уақытша өндірісті ұлғайтып, тауар айналымын ынталандырады. Алайда ақшаның құнсыздануының деңгейіне қарай инфляция өндірісі мен айналым процесін ұйымдастыруды тезірек бұзатын әсерлеріне ("қарқынды" инфляция тап болады).Сөйтіп, несие-қаржы және валюта жүйесінің ( "гиперинфляция") толық бұзылуына алып барады.

Нарықтық инфляциялық тепе-теңдігінің қандай түрді қабылдауына байланысты инфляция типтерін ашық және басылыңқы деп айырамыз.

Ашық инфляция еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен қызмет көрсетуіне үнемі бағаның өсуін байқатады Егер экономикалық тепе – теңдік сұраным жағына қарай бұзылса және тұрақты бағаның өсуімен байқалса, онда бұны ашық инфляция дейміз. Ашық инфляция жекелеген тауар нарығында бағаның өзгеруінен төмендеуіне толық сай келеді немесе тіпті болмағанда олардың өсуін баяаулатады. Демек ашық инфляция нарық механизмін кәдімгідей өзгертіп , оны аса бұзбайды.

Басылыңқы инфляция оны кейде жасырын инфляция деп те атайды. Ол бағаны реттейтін ( жалақыда болуы да мүмкін) экономикаға және жалпылама мемлекеттің бағаныбақылауымен жүзеге асатын инфляция. Сондай – ақ ол тауар тапшылығы, өнім сапасының төмендеуінде, ақшаның қорлану мәжбүрлігінде, көлеңкелі экономика дамуында, бартерлік іс - әрекетте байқалады.

Басылыңқы инфляция мемлекеттің тауарлық бағаны сұраным мен ұсыным тепе-теңдігінен төмен болуын қолдау арқылы пайда болған, мұнда ақша жалпылама сатып алу құралы және тауар мен қызмет көрсетуді үлестіру мөлшері болуды тоқтатады.

Қазақстан Республикасында 1992-ші жылға дейін жасырын инфляция болып, ол кейінірек ашық қарқынды инфляциялық сипатқа ие болып, сосын ұшқыр инфляцияға айналды.Республикада 1993-ші жылы инфляция 2260% құраса, 1994 –те 1258, ал 1995-тің аяғында "теңге" тұрақтана бастап, инфляция төмендеді және 56-58 % -ға қысқарды.

Инфляция 1996 – жылы 30%-тың маңында болса, 1997 жылы-10% тен астам, ал 2005 жылы небары 7% болды.

Сұраным мен ұсынымға байланысты инфляцияны екі топқа жіктеді: а) сұраным инфляциясы;

ә)өндіріс шығынын бөлуімен немесе жиынтық ұсынымының азаюмен болатын ұсыным инфляциясы. Сұраным инфляциясының мәнін бір сөзбен былай деуге болады: «Тауар өте аз мөлшеріне өте көп ақша жұмсасақ.Сондай-ақ, сұраным инфляциясы нарықтық байланыстық монополизмнің бұзылуынан және әкімшілдік-әміршілдік басқарудың ұзақ билеуі кезінде болады.Олар бұл жағдайда өзінше ерекше түрді қабылдайды. Мысалы, біздің экономиканы алатын болсақ, ұзақ жылдар бойы табиғи емес ең төменгі жұмыссыздықты жүзеге асырып келді. Бұған көптеген рентабельді емес кәсіпорындар және артық орнын сақтау ,еңбекті көп қажет ететін өндіруге консервацилау арқылы қол жеткізіп, ол еңбек өнімділігіне теріс әсер етті.Қай кезде де жалақының бір бөлшегі еңбекпен келмесе онда ол сұраным инфляциясына айналады және бағаны арттыруға итереді.

Ұсыным инфляциясы шығын мен ұсыным нарығының өзара нәтижесінде пайда болуы мүмкін.

Инфляцияны баланстану дәрежесі бойынша:

а)баланстанған инфляция

ә)баланстанбаған инфляция.

Баланстанған инфляцияда әртүрлі тауар мен қызмет көрсетудің бір-біріне қатынасына баға өзгермейді, ал баланстанбаған кезінде - әртүрлі тауар мен қызмет көрсетудің бағасы бір-бірімен салыстырғанда тұрақты және әртүрлі пропорцияда өзгереді. ТМД елдерінде әзірше баланыстанбаған инфляция барынша белең алуда , ол шағын және өзге бизнестің дамуына белгілі кедергілер жасауда. Баланстанбаған инфляцияны алатын болсақ, кәсіпкерлік қызметтің дамуына қауіпті емес.

Импортталған инфляция. Инфляцияны импорттаудың бірнеше каналдары бар :

біріншіден, бұл валюта курсының өзгеруімен байланысты.Мысалы, долларға қатысты теңге курсының төмендеуі баға өсіміне соқтырады.

екіншіден, ішкі нарыққа шетел валюталарының ағымымен байланысты, яғни ішкі нарықта ақша массасының көбеюі, баға өсіміне алып келеді.

Инфляция өсімі баға индексі көмегімен өлшенеді. Ағымдағы кезең үшін инфляция деңгейі ( қарқыны) төмендегідей болып танылады.Ағым кезіндегі баға индексінен өткен кезеңдегі баға индексі алынып, өткен кезеңдегі баға индексіне бөлінеді.

Баға индексі = ағым кезеңдегі баға- өткен кезеңдегі баға х 100

өткен кезеңдегі баға

Инфляциядан келетін жоғалтулар және оның құрылымдары :

-ақшаны үйде сақтаудан болатын жоғалту;

-бөлшек бағаның өсуінен, табиғи монополистер қызметіне тарифтің өсуінен болатын жоғалту:

-нотариалдық тәжірибенің жеткіліксіздігінен келетін жоғалту. Нотариустар мәміле мен контракт жасау барысында құн шамасының номиналды инфляциялық бағаға индекстеусіз көрсетеді;

салық базасының жетідірілмеуінен жоғалтулар. Салық заңдары көбіне инфляцияның әсерін ескермейді.

Инфляциялық болжамдарды дұрыс есептемеуден болатын жоғалтулар;

Нольдік вариант- сирек құюылыс. Бұл жағдайда бағаның өсуінен жоғалтулар еңбек ақының өсуімен өтем жасалады.

Инфляция философиясы мынаған саяды, ол тереңдеген сайын, экономиканы жандандырудың мерзімдік факторынан өндірісті қайта құрудың тежегішіне айналады. Қарқын төмендейді, экономикалық өсімнің пропорциясы бұзылады, ақша-несие, қаржы және валюта механизмдері бұзылады, елде әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Инфляция халықаралық экономикалық қатынастарды, жұмыс күшін қалпына келтір шартын шатастырады, экономикалық қылмысты, көлеңкелі экономиканы белсенд етеді және т.б.

Дегенмен, жағымды нәтижесі де бар, бірақ тек мемлекет үшін ( мемлекет табысының өсімі артады), ал жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер және үй шаруашылығын жүргізушілер үшін өте жағымсыз ( шаруашылық жүргізуден зиянға шығады).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]