
- •5 Тақырып. Ақша және инфляция теориялары .
- •Ақшаның пайда болуы. Мәні және қызметі. Ақша- тауарлы өндірістің элементі.
- •2.Ақшаның металдық және номиналдық теориялары
- •3. Ақша айналымының заңы. Ақшаның тұрақтылығы және оның конверсиялану проблемалары
- •4. Инфляция және оның әлеуметтік- экономикалық салдарлары.
- •5. Валюта және оның конверсиялануы.
- •Ақша айналымын тұрақтандырудың әдістері мен түрлері Инфляцияға қарсы саясат.
3. Ақша айналымының заңы. Ақшаның тұрақтылығы және оның конверсиялану проблемалары
Тауар айналымына қызмет жасайтын ақша айналымы, ақша айналымының экономикалық заңымен анықталады және нақты тауар айналымын қамтамассыз етуге қажетті ақша санына (білуге болады және мынадай формуламен анықталады:
А с =Σ С
А
Мұндағы – Σ С тауар бағасының сомасы
А – бір есімдегі ақша бірлігі айналымның саны
Нарық жағайында айналымдағы ақша саны әрбір кезеңде үш фактордың стилды өзара іс-әрекетімен-айналатын тауардың жақсысымен,олардағы бағаның қозғалысымен, ақша айналымының жылдамдығымен – анықталады.
Алайда ақша айналым құралы ретінде ғана қызмет жасап қоймай , төлем құралы қызметін де атқарады. Сондықтан да жоғарыда қарастырған айналым үшін қажетті ақша саны формуласы (Аа) өзгедей өзгеріске ұшырап , төмендегідей түрге ие болады:
Аа =БС-Н+Т -ӨЕ
Ш
мұндағы Аа –айналымда болатын ақша саны:
БС -өткерілуге жататын тауар бағасының сомасы:
Н- несиеге өткерілетін тауар бағасының сомасы:
Т- мерзімі келген төлемдер:
ӨЕ -өзара есеп айырысу:
Ш- бір өлшемді аша бірлігі айналымның шапшаңдығы
Тауар массасы мен айналымда болатын ақша бірлігі санының арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы, тауарды қамтамассыз ете алмайтын ақша бірлігінің пайда болуы инфляцияны білдіреді- ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуі, құнсыздануы. Бұл тауар бағасының жасырын немесе ашық өсуіне алып келді.
Бұдан өзге, қазіргі экономикалық теорияда бағаның ақша массасына тәуелділігін анықтау үшін америкалық экономист Ирвинг Фишердің (1867-1947жж) төмендегідей формуалыс қолданылады:
МV =PQ
Мұндағы М- ақша массасы
V ақша айналымының жылдамдығы
P- тауарлы бағаның деңгейі
Q- айналымдағы тауардың саны
Осы формулаға сәйкес, айналымдағы ақша бірлігінің саны төмендегідей формуламен анықталады:
М =PQ
V
Ал ақша айналымы шапшаңдығы V =PQ
М
Бұдан өзге ақша айналымын мемлекеттік реттеу және ақшаның инфляциялық құнсыздануын болдырмау үшін ақша агрегаты қолданылады.
Ақша агрегаты- бұл ақша массасын өлгеду қолданатын ақша құралының бір бөлігі.
Келесідей ақша агрегаттарын айырып көрсетеді :
М1- қолма қол ақша + чектік салымдар
Чек- бұл банктен салым иесіне қолма қол ақшасыз есеп айырысу үшін берілетін құнды қағаз. Әсіресе, АҚШ та жалпы ақша массасының құрылымында М1 барлық ақша санының 20 пайызын құрайды.
М2- бұған М1+ салым есептеріндегі чексіз салым сомасы + 100 доллардан төмен жедел салым ақшасы кіреді. Бұл агрегаттың үлесі АҚШ тың жалпы ақша массасында 75 пайызды құрайды.
М3-ке М2+ ірі жедел салым ақшасы нан тұрады. Ірі жедел салым ақшасы деп кәсіпорындардың депозиттік сертификат түріндегі салымдарды түсінеміз. Депозиттік сертификат- бұл банктің ақша салымы туралы куәлік құжаты. Депозиттік сертификаттар арнайы сертфикаттар нарығында сатылуы немесе сатып алынуы мүмкін.