
- •5 Тақырып. Ақша және инфляция теориялары .
- •Ақшаның пайда болуы. Мәні және қызметі. Ақша- тауарлы өндірістің элементі.
- •2.Ақшаның металдық және номиналдық теориялары
- •3. Ақша айналымының заңы. Ақшаның тұрақтылығы және оның конверсиялану проблемалары
- •4. Инфляция және оның әлеуметтік- экономикалық салдарлары.
- •5. Валюта және оның конверсиялануы.
- •Ақша айналымын тұрақтандырудың әдістері мен түрлері Инфляцияға қарсы саясат.
5 Тақырып. Ақша және инфляция теориялары .
Ақшаның пайда болуы. Мәні және қызметі. Ақша- тауарлы өндірістің элементі.
Ақшаның пайда болуы мен мәні жайлы біркелкі шешімін тапқан жоқ. Экономикалық мектеп өкілдерінің бірі ерте дүниедегі грек ойшылы Аристотель ұсынған қағидаға сүйене отырып , ақшаны – белгілі шарт , адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі ретінде асырады. Басқа бағыт-тағы мектептің өкілдері ақшаны –мемлекет бекіткен тауарды айыр-бастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтқан.
Ақшаның пайда болуын түсіндіру үшін, «тауар құны қатынасында қорытындыланатын, құнның даму көрінісіне көз салып , оның қарапайым терең байқалатын бейнесін, көзді алатын ақшалай түріне дейін қарау керек .Сонда ғана оның жұмбақтығы да жойылады».1
Тауардың айырбасталу кезенінде құнның көрінісі төмендегідей түрге ие болады: алғашқысы жай немесе кездейсоқ, ол алғашқы қоғамда бірінші ең ірі еңбек бөлінісінен соң ,жалпы алғашқы қауым тайпасынан малшылар тайпасының бөлінуі арқылы пайда болды. .Бір тайпалар малмен айналысса,ал екіншілері- жермен айналысады,сөйтіп өнімді айырбастау үшін экономикалық негіз бола бастады.Мұндай айырбас алғашқыда кездейсоқ, бірегей түрге ие болды:
Т
Тэкв
(1 қойға =1 қап астық ) экв
Бұл мысалымызда бірінші тауар (қой) өзінің құнын басқа тауарда (1 қап астық) артық көрсетсе, онда салыстырмалы құн түрінде табылады ,ал бір қап астық оның эквиваленті болып табылады, яғни эквивалентті түрде болғаны.
Тауар өндірісінің ары қарай дамуы тауар айырбасын реттілікпен айырбастап келді. Айырбаста екі ғана емес, одан да көптеген тауар түрлері қатысады. Құнның –толық немесе кеңейтілген түрінде қалыптасты.
Т1
(1қап астыққа)экв
Т 1 қой Т 1 (1балтаға) экв
Т1 (5құмыраға) экв
Т1 (2гр.алтынға)экв
Осы қатардағы тауарлар эквивалент болып табылады, қойға қайта деген қоғамдық еңбек шығындарын куәландырады.
Құнның кеңейтілген түрінің пайда болуымен қатар, айырбаста қиындықтар туындады.
Мысалы, қойдың иесіне астық қажет,бірақ астық иесіне қой керек. Неғұрлым нарыққа тауар көп түскен сайын, қиындықтар да көбейе түседі. Бұл жағдайда астық иесі қойды алуға келіседі, сөйтіп өзінің астығына айырбастайды, себебі оны (қойды) балта иесі алуға ынталы. Осы жерде қой делдалдық, яғни жалпыға ортақ (жалпылама) роль атқара бастайды. Сөйтіп құнның үшінші түрі қалыптасып, ол жалпылама деп аталады.
Т1 (1қап астыққа ) = 1 қойға (экв)
Т2 (1 балтаға)
Т3 (5құмыраға)
Т4 (2 гр. алтынға)
Кейініректе жалпылама эквиваленттік ролді игілікті металдар (алтын, күміс) атқара бастады, себебі оның өзіне тән бірқатар артықшылығы болды: жеңіл бөлінетіндігі, біркелкі, жақсы сақталатындығы, ең маңызды артықшылығы сол, осы металдардың аз ғана бөліктерінде көптеген еңбектің сіңірілгені болып табылады.Құнның ақшалай түрін былай көрсетуге болады:
Т1 (1 қап астық ) Т2( балта)
((
А(2
гр. алтын) ( тауар делдал
жалпылама
Эквиваленті)
Т4(1 қой) Т3(5 құмыра)
Ақшаны қалай түсінуіне болады? Құн түрінің дамуы мынаны куаландыруды, ақша бұл техникалық айырбастау құралы емес, оның жалпылама эквивалентік (балама) роль атқаратын тауар .Кез-келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді. Ақша қандай қызметтер атқарады?
Ақшаның бірінші қызметі – күн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын көрсетуге болады. Осы қызметті тұтас көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес.Тауар айналымның ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен айналымның әсерінен ауытқуы мүмкін . Сол себептен, баға тауардың құнына ғана емес, сұраным мен қсынымға да байланысты.
Тауар құны мен алтын құнының тәуелділігі ерекше мүделікті байқатады.
Сұраным мен ұсыным бір-біріне сай келгенде баға екі мөлшердің ара қатынастарымен анықталады : тауар құны мен алтын құны.
Ақша тауар бағасы тауар құнына қарайлай өссе, онда алтын құнының ақша бағасына деген байланысына кері пропорционалды тәуелділікте болады. Алтын құны көп болса тауар бағасы төмен болады және керісінше -алтынның құны төмен болса, тауар бағасы жоғары болады.
Ақша тауар бағалары негізінен тауардың өз құнына турапропорционалды және алтын (ақша) құнына кері пропорционалды болады.
Ақшаның екінші қызметі – айналым құралы. Осы қызметті ақша қолма-қол түрде атқарады,себебі олар нақты тауар айырбасында қызмет жасайды.Тауарды ешкім сатқысы келмейді, егер оның сақталуына нақты ақша ұсынылмаса бұл қызметті алтынды алмастыра отырып, ақша белгілері атқарады. Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептер баяуласа және алтынның қоры шашырайтын болса, онда алтын айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша резервтік қор ретінде қажет.
Ақшаның үшінші қызметі – төлем құралы. Бұл қызметті тауарды-ақша несиеге (төлемді ұзарта отырып) сатқан кезде ,ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақыны, дивиденті, пәтер төлемін т.б. төлегенде атқарады.
Несие қатынастарының дамуымен байланысты жаңа айналымқұралы- несие ақшалар пайда болды : вексель, банкнот, төлем тапсырысы, чек, пластикалық карточка- электрондық ақша.
Несие ақшалардың болуы қолма-қол ақшаларды қатыстырмай-ақ қарызды жабудың өзара есептесу мүмкіндігін қарастырады.
Ақшасыз есеп айырысу тауар айналымы тұтынысының қолма-қол ақша белгілерін кәдімгідей қысқартады, сөйтіп әлеуметтік-экономикалық салдарға соқтырады:кассирлер мен күзетшілер саны сейфке сұраным, көлік құралдары қысқарады және ақша белгілерін басуға шығындар азаяды.Ең бастысы - өзара есептесу процесі жеделдейді ,ақша бірлігі тұрақтылығы мығымдала түседі.
Төртінші қызметі-қазына жинау немесе қорлану құралы. Ақша айналысын тоқтатады және жиналады.Сөйтіп станок,машина жабдықтары,немесе ұзақ мерзімге пайдаланатын (теледидар, тоңазытқыш және т.б.) тауарларды сатып алу үшін қорланады.Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушінің белгілі ақша резерві болуы қажеттілігінен туындайды,сөйтіп өзін нарыққа кездейсоқтығынан сақтандырады.Бұл ролді толық-бағалы ақша (алтын) орындайды.Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін маңызды.
Бесінші қызметі-ақшаның әлемдік ақша түрінде болуы.Әлемдік ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады.
Әлемдік аренада ақшаның айналым құралы емес,төлем құралының ролі бірінші орында болады.Бұл алдымен халықаралық несиенің дамуымен түсіндіріледі.Халықаралық аренада ақша өзінен –К.Маркстің бейнелеп айтуындай,-«ұлттық шекпенін» алып тастайдыжәне өзінің ең алғашқы түріне енеді –игілікті метал қаймағы түрінде болады.
Тарих куәландырғандай, монетаның отаны ретіндегі Лидия мемлекеті болып есептелінеді.Онда монета ең алғашқы рет шамамен б.д.д. 7-ші ғасырда ойып -өрнектелген түрінде шықты. Ал «монета» термині Юнон –Монета храмы атымен байланысты шыққан, себебі Ертедегі Римде алғашқы монета сарайы сонда болған.
«Деньги» ұғымы түркілердің –күміс металды «тенге» деп атауынан шыққан.Ол ХV-ші ғасырдың басында Әмір Темірдің (хан) басқарған кезеңінде дайындалған.Ең алғашқы рет қағаз ақшалар ХІІ –ші ғасырда ретінде Қытайда пайда болған ,ал ХІІІ-ші ғасырда Шыңғысхан үкіметі қағаз ақша белгілерін алтынға еркін айырбастаған.