
- •Зертханалық жұмыс № 6 Құпия жүйелердің (қж) математикалық құрылымы.
- •Сабақтың тақырыбына қысқаша шолу
- •Зертханалық жұмыс № 7 Теориялық құпиялық.
- •Сабақтың тақырыбына қысқаша шолу
- •Зертханалық жұмыс № 8,9 Практикалық құпиялық.
- •Қорғалатын объектердің жіктелуі.
- •Сабақтың тақырыбына қысқаша шолу
- •Зертханалық жұмыс №12 Ақпараттық ресурстардың түрлері.
- •Сабақтың тақырыбына қысқаша шолу
- •Зертханалық жұмыс №13 Ақпаратты қорғаудың кластары.
- •Зертханалық жұмыс №14 Қорғалу дәрежесінің әр түрлі критерийлері бойынша керекті қорғау шараларын анықтау.
- •Зертханалық жұмыс №15 Қорғану процестерін тиімді басқару модельдерін құру.
Зертханалық жұмыс №15 Қорғану процестерін тиімді басқару модельдерін құру.
Сабақтың мақсаты: Қорғану процестерін тиімді басқару модельдерін зерттеу
Жұмысты орындау кезінде негізгі төрт интерфейс терезесін сыртқы түрі оқылады. Вирусқа тексерудің негізгі есептерін басқару және жаңарту механизімі туралы білім аласыңдар. Бұл жұмыс жүйедегі өзгерістерді , дәлірек айтқанда қолданушылармен әсерлесуге жауап беретін Антивирус Касперский 6.0интерфейсін оқып – үйренуге арналған. Қосымша Окна настроек мысалында Касперский антивирусының құрылымы үйретіледі. Дайындық Зертхана жұмысының алдында сіздің компьютеріңіз:
қосылғанына
МS Windows XP немесе MS Windows 2000 Рrofessijnal О.Ж. орнатылғанына
Жүйеге енуге администратор құқығы бар жазу енгізілгеніне көз жеткізіңіз. Бұл тапсырмада оқылатын Касп.6.0 Антивирусы төрт терезеден тұрады.
Бас терезе (Главного окна), антивирус компоненттер мен есептерін басқарады. Онда басқа терезелерге сілтемелер бар.
Баптау терезесі (Окна настроек), компьютер мен есептерді баптауға арналған.
Статистика мен есеп беру терезесі, антивирус жұмысының нәтижесі алынады.
Анықтау жүйе терезесі.
Антивирус Касперский обьектілердің контексті менюіне орнатылады. Тапсырманы орындау барысында Касп. 6.0. антивирусының төрт интерфейсінін шақырып, сыртқы түрмен танысыңыз.
Касп.6.0. антив.- н сәтті орнатуды аяқтаған соң Пуск / Программы жүйелік менюінде Касп.6.0. антив-ң жаңа тобы пайда болады. Онда бес жарлық тұрады. Пуск/ Программы / антивирус. Каспер 6.0. менюін ашып мазмұнымен танысыңыз. Касп.6.0. антив жүйесін жұмыс істеп тұрғандығын экранның төменгі оң жақ бұрышындағы жүйелік панелдің иконкасы білдіреді. Антивирус орындап жатқан есепке сәйкес оның суреті өзгеруі мүмкін. Зертхананалық жұмысты орындау барысында иконка түріне көңіл аударыңыз және ол антивирустың негізгі функцияларына тез қол жеткізуге мүмкіндік береді; тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шерту интерфейстің бас терезесін, ал тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы ашылған контекстік меню интерфейстің кез – келген терезесіне өтуге мүмкіндік береді. Касп.6.0. антивирусының контекстік менюін ашып, онда көрінген сілтемелер тізімімен танысыңыз.
Иконканы екі рет шерту арқылы Касп.6.0. антивирусының бас терезесін ашыңыз.
Терезенің жоғарғы оң жақ бөлігіне екі сілтеме орнатылған Настройка және Справка.Біріншісі антивирусты баптауға, екіншісі анықтама жүйесін шығаруға арналған. Справка сілтемесін басыңыз.
Ашылған терезе Касп.6.0. антивирусының қолданушыларға арналған . Қандайда мәселе туындаған кезде, бірінші кезекте оған сүйену қажет. Анықтама жүйесінің мазмұнымен танысыңыз, содан соң оны жауып антивирустың бас терезесіне оралыңыз
Бас терезедегі Справканың сол жағында орналасқан Настройка сілтемесін басыңыз.
Ашылған настройка терезесі антивирус параметрлерін баптауға арналған. Содан соң Закрыть батырмасын басып, интерфейстің бас терезесіне оралыңыз.
Защита элементін табыңыз ( терезенің сол жағында ) және оны тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы контексті менюді шығарыңыз.
Контексті меню екі зонаға бөлінген: жоғарғысы Настройка және Отчет. Төменгісі компоненттерді басқару кнопкасы, ол келесі тапсырмада қарастырылады. Касп.6.0. антивирусының интерфейсінің бір терезеден екінші терезеге өту үшін Отчет сілтемесін таңдаңыз.
Бұл терезенің сыртқы түрімен танысып, Закрыть басыңыз.
Интерфейстің бас терезесіне көңіл аударыңыз, сұрғылт жиекпен бөлінген терезенің ақпарат бөлігіндегі барлық мәтінде сілтемелер бар . Сонымен, бас терезеде антивирус компоненттері туралы есеп берулер көрсетілген , ал оған шерткен кезде нақты ақпарат терезесі ашылады. Статистика тобын тышқанның сол жақ батырмасын шертіп көз жеткізіңіз.
Бұл тапсырма Окна настроек терезесін оқып-үренуге арналған және оның мысалында – Касперский 6.0.антивирус құрылымы қарастырылған. Жұмысшы станциясына арналған кез-келген Антивирус сияқты дербес Касперский 6.0. антивирусы қамтамасыз етеді: нақты уақыт режимінде тексеру, яғни тұрақты қорғау.Касп.6.0.антивирусындағы терминдерде ол бір сөзбен «Закрыть» деп аталады. Олар файлдық жүйені, почтаны, веб – парақтарды қорғау болып бөлінеді. Бұл элементтер «қорғау компоненттері» деп аталады және жеке – жеке басқарылып бапталады.
Касперский 6.0 антивирус терминіндегі талаптар бойынша тексеру есеп типі «Поиск вирусов» (Вирустарды іздеу).
антивирус базаларын жаңарту құралдары, статистиканың және есеп берулерді қарау – «Сервис» терминіне біріктіріледі.
Тапсырмада Настройка терезесіне өтіп, онда орналасқан баптау ағымы бойынша антивирус құрылымын оқып – үйрену қажет.
Антивирус интерфейсінің бас терезесін ашыңыз.
Баптау терезесіне өтіп Настройка ( ) сілтемесін басыңыз.
Настройка терезесі қиғашынан екі бөлікке бөлінген. Сол жағында баптау ағашы, одан қажет параметрлер тобы мен компонентті табуға болады. Оң жағында сол жағындағы таңдалған пунктке сәйкес барлық баптаулар шығады.
Құрылымы ағашында көрсетілгендей Касп.антивирусының барлық баптаулары үлкен үш топқа бөлінеді:Защита, Поиск вирусов, Сервис. Оларды дәлірек қарастырайық. Защита нақты уақыт режимінде қорғауға жауап береді және төрт құраушыдан тұрады: Файлдық антивирус, Пошталық антивирус, Веб – антивирус, Практивті қорғау. Олармен танысыңыз.
Поиск вирусов тобына өтіңіз. Бұл қолданушының талабы бойынша тексеруді баптау. Ол кейбір объект немесе объект тобын тексеруге қолданылады. Мысалы, файлды мобильді тасығыштан көшіру алдында тексеру қажет. Немесе компьютерде жалпы қолданылатын папкілерді де кезексіз тексеру талап етіледі.
Сонымен, талап бойынша тексеруді орындау үшін екі нәрсені орындау қажет: нені тексеру және оны қандай баппен жасау. Касп.антивирусы тексеруге қажет объектілерді екі жолмен таңдайды:
Антивирус қатты дискіде орнатылған әр файлдың контекстілі менюіне жапсырылады (вирус тексеру). Бұл кезде ерекшеленген объект қана тексеріледі және жалпы баптау Поиск вирусов пунктін шерту арқылы жеткізіледі.
Тексерілген папкілерді алдын – ала анықтап, жеке есеп етіп құруға болады. Ол кезде жеке баптау арқылы және бұл есепті батырманы бір рет шерту арқылы қосуға болады. Үнсіздік бойынша Касперский антивирус тексерілетін объектілер жиыны анықталған үш жүйелік есепті құрады: Критикалық облысты тексеру, Менің компьютерім және Автозапуск объектілерін.
Баптау терезесінде бұл есептердің жұмыс параметрлері анықталатындығын ескертеміз. Объектілер тізімі интерфейстің бас терезесінде құрылады, ол кейінірек қарастырылады. Сонымен, Поиск вирусов тобын баптау, әртүрлі объектілерді контекстік менюден қосатын есептерді баптауға сәйкестендіреді мұнда оның үш ішкі тобы сақталады және талаптар бойынша тексеру есептеріне сәйкес келеді.
критикалық облыстар
менің компьютерім
Автозапуск объектілері.
Талаптар бойынша тексеруге арналған қолданушылар есебінің құрылуына байланысты олар Поиск вирусовтобының баптау ағымына қосылып отырады. Талаптар бойынша тексерілетін жүйелік есептердің Критикалық облыс, Менің компьютерім, Автозапускобъектілері пунктеріне ерекшелеу арқылы мүмкін баптау параметірлерімен танысыңыз. Сервис настройка тобына өткізіңіз. Онда антивирустың барлық басқа баптау компоненттері жиналған. Сервиспунктін ерекшеленген кезде компьютерді антивируспен қорғау туралы қолданушыларға хабарлама ашылады (вирустың табылғаны туралы, лицензияның бітуінің мерзімінің жақындауы туралы, жаңарту мәселелері т.б.), бұл жерде қорғауды парольмен баптауға және қосымшаны сырттай басқаруға рұқсат етуге немесе тыйым салуға болады. Сервис тобына маңызды ішкі топтар енеді:
Жаңарту – тікелей антивирус базасын жаңартуды баптау: жаңарту кестесі, қандай базаны жүктеу
Мәліметтер файлы – мұндай есеп берулер мен статистика параметрлерін сақтау бапталады. Олар антивирус қызметін талдау үшін немесе вирус жұқтыру әсерлерін оқып үйренуге қажет – қашан, қай жерде және не табылады, емделді, барлығы қанша тексерілді. Сондай – ақ мұнда Резервтегі сақтау мен Карантин параметрлері бапталады, олар келесі тапсырмада берілген.
Желіні баптау. Мұнда поштаны және веб-антивирусы үшін жалпы желілік қосылуларды бақылау параметрлері жиналған және қандай порттарды бақылау және не істеу керектігі топтастырылған. Сертификатпен қорғалған қосылыстар сізге белгілі программаларда аталған болса, онда оны тексерусіз өткізуге болады, себебі антивирус қосылған кезде бұл қосылыс үзілуі мүмкін.
Түр (Вид). Бұл топта программаның сыртқы түрінің параметрлерін баптау анықталады: түс гаммасы, жүйелік панельде анимация белгісін қолдануға болатындығы т.б. Интернеттен табылатын қолданушылардың графиктік қабықшасын жүктеу мүмкіндігі бар.
Отмена батырмасын шертіп Касперский Антивирус бас терезесіне оралыңыз.
Касперский Антивирус интерфейсін жабыңыз.