Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FPVNPL_kaz_2_kredit_sillabus_original_na_prover...docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
295.36 Кб
Скачать

13. Негізгі терминдер мен түсініктер сөздігі

Құқық-әрбір этнос мәдениетінің үлгісі ретінде қалыптасып, мемлекетпен қоғамдық қатынастарды реттеу,қорғау мақсатында бекітілген,адамгершілік қасиеттерді анықтайтын,әділеттілік қағидаларын жариялайтын және қажет болған жағдайда күшпен қамтамасыз етілетін нормалардың жиынтығы.

Құқық қағидалары-қоғамдық қатынастарды реттеу,қорғау барысында қалыптасқан құқық жүйесінің қалыптасужәне құрылуының,мәнінің негізгі идеяларының жиынтығы.

Әлеуметтік норма-қоғамдық маңызы бар қоғамдық қатынасты реттейтін,қабылданған және бекітілген нормалардың жиынтығы.

Құқықтық идеализм-құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөл мен мүмкіндіктерін асырып бағалау.

Құқықтық сана-қолданыстағы және қалаған құқыққа деген адамдардың қатынасын көрсететін сезімдері мен елестерінің ,көз қарастары мен эмоцияларының жиынтығы.

Құқықтық нигилизм құқықтық тәртіпке деген сыйламаушылық көзқарас.

Консолидация-кейбір нормативтік құқықтық кесімдерді біріктіру арқылы нормаларда кездесетін қайталауларды жоққа шығарып,жаңа мәтінін қалыптастыру.

Гипотеза-өмірде болатын нақтылы жағдайларда құқықтық норманың қолданылуы.

Диспозиция-құқық нормасы бекіткен субьектілердің мінез-құлық ережелері.

Санкция-мемлекет бекіткен құқық нормасын субьектілерге қолданылатын жаза,заңды жауапкершіліктің түрі.

Құқықтық идеализм-құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөл мен мүмкіндіктерін асырып бағалау.

Обьект-құқық бұзушылық қол сұққан қоғамдық қатынастардың жиынтығы және соның нәтижесінде зиянды зардаптардың пайда болуы.

Субьект-жауапқа тартуға қабілеттілігі бар,құқық бұзушылық жасаған сәтте заң белгіленген арнайы жасқа толған адамды айтады.

Құқықтық нигилизм құқықтық тәртіпке деген сыйламаушылық көзқарас.

Регламент-қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық кесім.

Құқық нормасын доктриналдық талқылау- құқық нормаларын ғалымдармен-заңгерлермен кітаптарында, ғылыми түсініктемелеріндегі, мақалаларындағы өте терең және негізді талқылау.

Нормативті келісім- құқықтық- шығармашылық субьектілерінің арасындағы келісім, оның нәтижесінде жаңадан құқық нормасы пайда болады.

Келісім тәртібі- шаруашылық және басқа келісімдердегі көрсетілген міндеттерді субьектілердің сақтай білуі.

Табиғи құқық- адамның табиғи қамтамасыз етілген құқықтары мен еркіндігінің жиынтығы, сонымен қатар, белгілі заң шығарушыдан тәуелсіз.

Құқықты теріс пайдалану- субьективті құқықты оның әлеуметтік орнына қарсы пайдалануы арқылы заңмен қорғалатын қоғамның, мемлекеттің, жеке адамдардың құқықтарын бұзу.

Ипичмент- жоғары лауазымды адамдарды жауапқа тарту процедурасы.

Талап- бұзылған құқықты не болмаса, дауға түскен заңды мүддені қорғайтын заңды құрал.

Лоббизм- белгілі әлеуметті құрылымдардың мүдделері үшін , құқықтық шығармашылық процессінде және құқықты қолдануда басқару шешімдеріне қысым жасайтын топ арқылы ықпал ету нысаны.

Мораль- адамдардың тәртібін, жақсылық, әділдік, адалдық жағынан реттейтін нормалар мен принциптерінің жүйесі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]