Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖОСПАР.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
44.8 Кб
Скачать

Қорытынды

Ежелгі Үндістан жерінің көлемі және халқының саны негізінде өте ерте уақыттардың өзінде-ақ Азия елдерінің ішіндегі ең ірілеріне жататын.

Біздің дәуірге дейінгі үшінші мыңжылдықта Үндістан мемлекетінің батыс-солтүстік аймақтарында мәдениет өте жоғары болды.

Үндістан — аграрлы-өнеркәсіпті ел. Экономикасы көп құрылымды. Тәуелсіздікке ие болғаннан кейінгі уақыт ішінде Үндістан бұрынғы отардан экономикалық жағынан қуатты елдердің қатарына қосылды.

Үндістан – Оңтүстік Азияда Үнді түбегінде орналасқан мемлекет. Үндістан – өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел.

Ол терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухуни мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптармен дәстүрдің, жер-жиһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі. Үндістанның құрамына 25 штат пен 7 одақтас аумақ кіреді. Астанасы – Дели қаласы. Үндістан шығысында Бангладешпен (шекарасының ұзындығы 4503 км), Мьянмамен (1463км), солтүстігінде Қытаймен (3380 км), Непалмен (1690 км), Бутанмен (605 км), батысында Пәкстанмен (2912 км) шектеседі.

1947 жылы үздіксіз қанды қақтығыстардан соң британдық Үндістан екі тәуелсіз доминионға — Үнді одағы (индуистер) мен Пәкстанға (мұсылмандар) бөлінді.

1971 жылғы соғыста Үндістан Пәкстанды жеңіп, Шығыс Пәкстанға тәуелсіздік алуға көмектесті. Шығыс Пәкстан өз атауын Бангладеш деп өзгертті.

1984 жылы үкімет әскерлері Амритсардағы Алтын храмды сикх күштерінен тазартты. Көп ұзамай қаза тапты. Оған өштескен сикх оққағары көп ұзамай Гандиді атып өлтірді. Премьер-министр болып Гандидің ұлы Раджив Ганди тағайындалды.

Ману заңы (санскритше манавадхар-машастра) — үнділердің жеке және қоғамдық өмірдегі – құлқын, жүріс – тұрысын анықтайтын ежелгі діни-құқықтық нормалар жиынтығы. Үнді аңыздарына қарағанда оны адамдардың арғы атасы Ману құрастырған. Тарихи деректер бойынша Ману заңын шамамен б.з.б. 2 — б.з. 2 ғ-лар аралығында діни абыздар (брахман-риши) жазған.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Абдыхалықов Қ.С. Үндістан – КСРО қатынастарының қалыптасу 2. Ашок Кумар мукерджи. Үндістанда бір ғана ұлт 3. Ғабитов, Тұрсын Хафизұлы ж.б. Мәдениеттану., жоғарғы оқу 4. Ғабитов, Тұрсын Хафизұлы, Өмірбекова, Маргарита Шаяқынқызы. Мәдениеттану. 5. Жұманбаева, Л.Қ. Ежелгі шығыс тарихы., әдістемелік нұсқаулар.-Өскемен. 6. Ж.Жеңісұлы, Ежелгі Үндістан., саяси – құқықтық ілімдер. 8. Тұяқбаев, Мұсланнәби. шежіре үндес Үндістан: //Нұр Астана.