Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖОСПАР.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
44.8 Кб
Скачать

2.1 Ежелгі Үндістан құқығының даму тарихы.

Ежелгі Үнді мемлекетінде тарихи-құқықтық қайнар көз ретінде – Ману Заңдары (б.э.д. ІІ ғ. – б.э. ІІ ғ.) және Каутилья Артхашастралары (б.э.д. І ғ. – б.э. І ғ.) сақталған. Ежелгі Үндіде құқық түсінігі қоғамдық қатынастарды реттеуші жеке нормалар жиынтығы ретінде танылмады. Үнділердің күнделікті өмірі өзіндік сипатымен құқықтық емес, эстетикалық сипатты нормалармен бекітілген ережелерге бағынды. Берілген нормалары ашық бейнеленген діни мінездемесіне ие болды. Адамдардың күнделікті мінез-құлқын анықтайтын нормалар (дхарма) – дхармашастралар жинағында қалыптасты. Ең белгілі дхармашастра Ману Заңы (Ману – миф құдайы ) болып табылады. Бұл заңның жазылғанын нақты уақыты белгісіз. Бірақ, б.э.д. ІІғ. және б.э. ІІғ. жазылды деп жобаланады.

Міндеттемелер. Ману заңында көрсетілген сотта қарастыратын істердің 18 жуығы міндеттемеге, жалға беруге, сауда-саттыққа, сақтауға және т.б. арналған. Артхашастра мен Ману заңы қарыздық міндеттемені орындалуына тиімді тәсіл ретінде – жалға алу институтын (Артхашастраның ІІІ тарауы 12 бөлімі 11, 12 баптар) енгізеді.

Ежелгі Үндістанда жерді жалға (аренда) беру шарты белгілі болған, Қауымдық меншік мүліктік дифференциация ұшырағаннан кейін аталмыш шарт кең етек жайған. Кедейленген жериеленушілер өз жерлерін жалға беруге мәжбүр болған.

Ману Заңында сату-сатып алу шарты да кеңінен тараған оған қоса сыйға беру шарты қарастырылған.

Шарттың кейбір түрлерін реттеу үшін заң жалпыға бірдей ережелер бекітеді. Ману заңында келтірілген залалдан туындайтын міндеттемелер туралы айтылған.

Неке және отбасы құқығы. Ежелгі Үндістан қоғамына патриархалды отбасы тән. Күйеуі-отағасы. Әйел күйеуіне және ұлдарына толық тәуелді болған. Неке мүліктік шарт сипатты, яғни күйеу өзіне әйелді сатып алады және ол оның жеке меншігі болып саналды.

Отбасы мүлкі толығымен отағасының билігінде болған. 299 бапқа сәйкес «бұзақы қылық жасаған әйелін, баласын, құлын, шәкіртін және туған інісін арқанмен және бамбук шыбыкпен ұруға құқығы бар».

Ману заңы жоғарғы дхармаға сай ерлі-зайыптылар арасында «өлер өлгенге дейін толық сенімділік» болады деп жариялай отырып, күйеу жігітке бірнеше әйел алуға және ажырасуына рұхсат береді.

Барлық мүлік олардың ортақ игілігі, бірақ күйеуі иелігін жүргізген. Әке-шешесі қайтыс болған жағдайда мүлік ұлдар арасында бөліске түскен, немесе кіші інілеріне қамқоршы болып қалған үлкен ұлы ие болған. Қыздар мұрагерлікке ие бола алмайды, бірақ ағалары ¼ бөлігін бөліп беруге тиіс еді.

Қылмыс пен жаза. Ежелгі Үнді құқығында, сол тәрізді Хаммурапи заңында қылмыстық-құқықтық нормалар жалпы құқықтық тыйымдардан жеке бөлінбеген. Ману заңында қылмыс түсінігі сол уақытқа байланысты өте жоғары танылған, жаза түрі қылмыс жасаған жағдайына байланысты тағайындалған. Бірақ қылмыс түсінігі толығымен қалыптаспаған Ману заңында да, Каутилья Артхашастраларында да деликт пен қылмыс арасында айырмашылық шегі анықталмаған. Заңда кінәнің нысандары (қасақана және абайсыздық), қылмыстың қайталануы, қылмысқа қатысушылық, жәбірленушінің және кінәлінің касталық тегіне қатысты қылмыс ауыртпалығы айқындалған.