Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР әкімшілік құқғы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
157.75 Кб
Скачать

2. Атқарушы билік органдарының түрлері.

А. П. Алехин, А. А. Кармолицкий , Ю. М. Козлов Ресей Федерациясындағы атқарушы билік органдарын келесідей жіктеп көрсетеді :

- федеративті мемлекеттік құрылым бойынша – атқарушы биліктің федералды органдары және Ресей Федерациясындағы субъектілердің (республикалар, аймақтар, облыстар, республикалық маңызы бар Мәскеу мен Санкт – Петербург қалалары, автономиялық облыстар мен автономиялық округтер) атқарушы билік органдары ;

- ұйымдық – құқықтық түрлері бойынша – Үкімет, үкіметтік мәртебесі бар министрлер кеңесі, министрліктер, мемлекеттік комитеттер, комитеттер, қызметтер, бас басқарма, басқарма, инспекциялар, агенттіктер, департаменттер, әкімшіліктер, мэрилер, өзге де органдар ;

- қызметтік сипаты бойынша – жалпы, салалық, салааралық және салаішілік ;

- ведомствалық сұрақтарды шешу тәртібі бойынша – алқалы және дара органдар .

Ресей Федерациясындағы атқарушы билік органдары жүйесінің құрылу принциптері :

- федерализм принципі ;

- орталықтандыру мен орталықтан тыстылықты байланыстыру принципі;

- заңдылық принципі.

Жалпы, атқарушы билік органдарының жүйесі дегеніміз – бір – біріне бағынышты органдардың өз араларында құзыреттерді бөлу негізіндегі құрылым.

Қазақстан Республикасындағы атқарушы билік органдарының жүйесіне келесілер кіреді :

- Үкімет – Қазақстан Республикасындағы жоғары атқарушы билік органы;

- министрліктер, агенттіктер мен комитеттер ;

- жергілікті мемлекеттік басқару органы, яғни әкімият.

3. Атқарушы билік аясында Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіліктерінің жалпы мінездемесі.

Республика Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.

Республика Президентi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының әкiмдерiн қызметке тиiсiнше облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының келiсiмiмен тағайындайды. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкiмдерi актiлерiнiң күшiн жояды не толық немесе iшiнара тоқтата тұрады.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі.

Қазақстан Республикасының Конституциясының бесінші бөлімі Қазақстан Республикасының Үкіметіне арналған, яғни үкіметтің міндеттері мен құқықтары берілген. Үкімет – Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, алқалы орган болып табылады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.

Үкіметті Республика Президенті Қазақстан Республикасында көзделген тәртіппен құрады, үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер – Министр тағайындалғаннан соң он күн мерзім ішінде Республика Президентіне енгізеді. Үкіметтің құрылымын министрліктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды. Үкімет құрамына Үкімет мүшелері – Республиканың Премьер – Министрі, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кіреді.