Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР әкімшілік құқғы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
157.75 Кб
Скачать

2. Төтенше жағдайдын құқықтық режимі. Төтенше жағдай режимінің мазмұны.

Төтенше режимдер - бұл арнайы құқықтық режимнің тұрғындардың өмірлік әрекетін, шаруашылық әрекеттің жүзеге асуын және төтенше жағдай қайдан шықса, соған сәйкес территорияда билік органдарын функциялау. Оның мазмұны жағдайды реттеу үшін шаралар ұйымдастырылады. субъектілердің құқықтық мәртебесі осы территорияда, атқарушы билік орган жүйесі өзгереді.

Төтенше жағдайдың құқықтық мәртебесі Конституция мен заңда көрсетілгендей 1993 жылғы 15 қазандағы «Төтенше жағдайдың құқықтық режимі», сонымен қатар басқа да заңдармен, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен, төтенше жағдай шарттарымен жеке басқару органдарының мәртебесі мен әрекетін реттейтін қаулы; жергілікті өкіл және атқарушы орган, ішкі істер органы және Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті, Қорғаныс министрлігінің органы, ішкі әскер және т.б. заңдармен айқындалады.

«Төтенше жағдай шартында құқықтық шектеу режимін жүзеге асырудағы ең негізгі жүкті басқару органының ұйымдық- әкімдік қызметі артады. Іс жүзіне асу процесінде белгілі бір құқық пен бостандық тәртібін реттеу, соның нәтижесінде көбісі азаматтық өзіндік әрекеттерді жүзеге асыра алмайды». Азаматтардың құқығы мен бостандығын шектеу басқару органының өкілеттілігін өсіру арқылы жүзеге асырылады. Президенттің Жарлығы тұрғындарға бұқаралық құралдары арқылы күшіне енгеннен бастап алты сағаттан кем емес уакыт ішінде құлақтандырылады. Төтенше жағдай Қазақстан Республикасының барлық аумағында 3 күн мерзімде, ал кей бөліктерінде - 6 күнге дейін жетуі қажет. Жарлық Президенттің қаулысынан кейін өз күшіне енеді. ол Конститциялық құқық және азаматтардың бостандығын ескереді. Жұмыс барысында Парламент сессиясы 48 сағат ішінде IІрезиденттің қаулысынан кейін міндетті түрде жүзеге асады.

4. Соғыс жағдай режимі.

Соғыс жағдайы - Қазақстан Республикасына қарсы агрессияны не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей төнген қатердi болдырмауға немесе оларға тойтарыс беруге жағдай жасауға бағытталған саяси, экономикалық, әкiмшiлiк, әскери және өзге де шаралар кешенiн көздейтiн және Қазақстан Республикасының Президентi Республиканың бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде енгiзетiн ерекше құқықтық режим болып табылады. Қазақстан Республикасының Соғыс жағдайы туралы 2003 жылғы 5 наурыздағы N 391 Заңы Заңына сәйкес соғыс жағдайын енгiзудiң мақсаты Қазақстан Республикасына қарсы агрессияның жолын кесу немесе оған тойтарыс беру үшiн жағдайлар жасау болып табылады. Қазақстан Республикасына қарсы агрессия жағдайлары не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей төнген қатер Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде соғыс жағдайын енгiзу үшiн негiз болып табылады. Соғыс жағдайы Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығымен енгiзiледi. Соғыс жағдайы енгiзiлген кезде Қазақстан Республикасының Президентi, егер бұрын жарияланбаған болса, iшiнара немесе жалпы мобилизация жариялайды. Қазақстан Республикасы Президентiнiң соғыс жағдайын енгiзу туралы жарлығында:

  • соғыс жағдайын енгiзу үшiн негiз болған мән-жайлар;

  • енгiзiлген шаралардың және азаматтар мен басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын уақытша шектеулердiң тiзбесi;

  • соғыс жағдайы енгiзiлетiн аумақтың шекаралары;

  • соғыс жағдайын орнату мен қолдау үшiн тартылатын күштер мен құралдар;

  • соғыс жағдайы қолданыла бастайтын уақыт белгiленедi.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң соғыс жағдайын енгiзу

туралы жарлығының толық мәтiнi дереу радио мен теледидар арқылы таратылуға, сондай-ақ ресми түрде жариялануға тиiс.