
- •2012 Ж. Күн айы № хаттамасы
- •1.1Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Пререквизиттер:
- •1.4 Постреквизиттер:
- •Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.7 Оқу пәні бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.8 Әдебиеттер тізімінің мазмұны:
- •Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1 Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары
- •3.Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы.
- •4.Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
- •5.Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны. Әкімшілік құқықтың жүйесі.
- •2. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен міндеттері.
- •3. Азаматтардың құқықтарының әкімшілік-құқықтық мәртебелерінің кепілдіктері мен олардың түрлері.
- •4.Азаматтардың жолдамалары.
- •2. Атқарушы билік органдарының түрлері.
- •3. Атқарушы билік аясында Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіліктерінің жалпы мінездемесі.
- •4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі.
- •5. Атқару билігінің орталық органдары.
- •6. Жергілікті атқарушы билік органдары олардың түсінігі және қызметін жүйесі, ұйымдастыру негіздері.
- •2. Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және олардың жіктелуі.
- •3. Мемлекеттік қызметкерлңрдің әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негіздері.
- •4. Мемлекеттік қызметті өткеруді әкімшілік-құқықтық реттелуі.
- •Кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі, түрлері.
- •Кәсіпорындар мен мекемелер кызметінің құрылуы және тоқтатылуы.
- •1. Кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі, түрлері.
- •2.Кәсіпорындар мен мекемелер кызметінің құрылуы және токтатылуы.
- •Мемлекеттің басқару нысанының түсінігі, түрлері.
- •Атқарушы биліктік органдарының келісім жасауы.
- •1. Мемлекеттің басқару нысанының түсінігі, түрлері.
- •3.Атқарушы биліктік органдарының келісім жасауы.
- •2. Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер.
- •3.Жанама басқаруға әсер етуші әдістер.
- •Әкімшілік ескерту шараларының түсінігі және тағайындалуы.
- •3. Әкімшілік алдын алу шараларының түсінігі және тағайындалуы.
- •2. Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы.
- •3. Әкімшілік жазалардың түрлері және түсінігі.
- •4. Әкімшілік жазаларды тағайындау.
- •5. Кәмелет жасына толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі.
- •2. Әкімшілік юрисдикциялық өңдіріс: негізгі белгілері, қағидалары, құрылымы.
- •3. Әкімшілік үрдіс: негізгі белгілері, қағидалары, құрылымы.
- •4. Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша істің жүргізілуі (немесе өндіріс).
- •2. Мемлекеттің басқарудағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі.
- •3. Қазакстан Республикасы Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері.
- •4. Аткарушы билікке қатысты соттық бақылаудың мәні мен ерекшеліктері, онын түрлері.
- •5. Әкімшілік қадағалаудың түсінігі.
- •6. Прокурорлық қадағалау.
- •7. Адам құқығы бойынша уәкілетті органның мемлекеттік басқарудағы заңдылықты қамтамасыз етудегі ролі.
- •2. Төтенше жағдайдын құқықтық режимі. Төтенше жағдай режимінің мазмұны.
- •4. Соғыс жағдай режимі.
- •5. Мемлекеттік шекараны корғау режимі, оның құқықтық негізгі кұрамдас бөліктері: мемлекеттік шекара режимі, шекаралык режим, мемлекеттік шекарадан өткізу пунктеріндегі режим.
- •2. Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың кұқықтық ұйымдастырушылық жүйесі.
- •3. Қаржы мен несиені мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі. Қаржы саласын басқаратын мемлекеттік органдар.
- •4. Қаржылық бақылау. Қаржы - экономика аясындағы құқық бұзушылыкпен күрес. Қаржы полициясының Агенттігі.
- •5. Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықты мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру – құқықтық негіздері.
- •2. Мәдениетті басқарудың ұйымдастыру - құқықтык жүйесі. Мәдениет мекемелерінің әкімшілік- құқықтық мәртебесі.
- •3. Денсаулық сақтауды басқарудың ұйымдастырушылық нысандары.
- •4. Азаматтардың әлеуметтік корғау саласын басқарудың ұйымдастырушылық- құқықтық нысандары.
- •2. Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары.
- •3. Қауіпсіздікті басқарудың ұйымдастырушылық - құқықтық нысандары.
- •4. Шетел істерін баскарудың ұйымдастырушылық - кұқықтық нысандары. Қазақстаннын шетелдегі сім органдары
- •5. Әділетті басқарудың ұйымдастырушылық - құқықтық нысандары.
- •Кеден ережелерінін бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары. Кеден ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік.
- •Семинарлық сабақтар жоспары
- •2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары Тақырып 1. Қр әкімшілік құқығы ғылымының пәні, және қайнар көздері.
- •Тақырып 2. Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік құқықтық мәртебесі.
- •Тақырып 13. Әкімшілік құқықтық режимдер кезіндегі азаматтардың құқықтық кепілдіктері
- •Тақырып 14. Экономика аясын әкімшілік құқықтық реттеу
- •Такырып 15. Кеден ісі аясында заңдылықты қамтамасыз ету
- •Такырып 16. Қр кеден органдары мемлекеттік қызметкерлерінің әкімшілік-құқықтық мәртебесі
- •Тақырып 17. Кеден органдарында мемлекеттік қызметті өткеру.
- •2.6.1 Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •2.6.2 Курстық жұмыстар тақырыптары
- •2.8 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
2. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен міндеттері.
Қазақстан Республикасындағы атқарушы билік органдарының жүйесіне келесілер кіреді :
- Үкімет – Қазақстан Республикасындағы жоғары атқарушы билік органы ;
- министрліктер, агенттіктер мен комитеттер ;
- жергілікті мемлекеттік басқару органы, яғни әкімият.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2688 Конституциялық заңы (соңғы өзгертулер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2007 жылғы 19 маусымдағы № 267 Конституциялық заңымен енгізілді) Республика Үкіметі қызметінің құқықтық негізін анықтайды, яғни Үкімет Республика Конституциясының, осы Конституциялық заңның , Республика заңдары мен өзге де нормативтік актілердің негізінде және оларды орындау үшін іс – қимыл жасайды.
Үкіметті Республика Президенті Қазақстан Республикасында көзделген тәртіппен құрады, үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер – Министр тағайындалғаннан соң он күн мерзім ішінде Республика Президентіне енгізеді. Үкіметтің құрылымын министрліктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды. Үкімет құрамына Үкімет мүшелері – Республиканың Премьер – Министрі, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кіреді.
Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгіленген нысандарда Республика Президентінің алдында жауапты. Сонымен қатар ол Республика заңдарының орындалуын қамтамасыз етеді, оларды министрліктердің, басқа да орталық және жергілікті атқарушы органдардың орындауын бақылайды.
Үкіметті Премъер – Министр басқарады, ол:
- Үкіметтің жұмысын ұйымдастырады және Үкімет мүшелерінің арасындағы қызметтік міндеттерді бөледі ;
- Үкімет мүшелерінің, орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының есебін тыңдап отырады ;
- Президентке Үкімет қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндап отырады, т. б.
Министрлік – тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай – ақ заңдармен көзделген шекте – салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы. министрлікті Премьер – министрдің ұсынысы бойынша республика Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Министрліктің құрылымын министрліктің жауапты хатшысы бекітеді. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері :
- ведомстволар ,
- департаменттер ,
- басқармалар.
3. Азаматтардың құқықтарының әкімшілік-құқықтық мәртебелерінің кепілдіктері мен олардың түрлері.
Министрлік аппарат департаменттер мен басқармалардың жиынтығынан тұрады. Министрліктің алқасы министрдің жанындағы консультативтік – кеңесші орган болып табылады. Алқа құрамын министр бекітеді.
Қазақстан Республикасының агенттігі - Республика Премьер – Министрінің ұсынысы бойынша Республика Президенті құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын, Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган. Республиканың орталық атқарушы органының комитеті ведомство болып табылады. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы орган басшысының ұсынысымен Республика Үкіметі құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтың мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді» делінген.
Жергілікті мемлекеттік басқару – Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңында, өзге де заң актілерінде белгіленген құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жүзеге асыратын, сондай – ақ тиісті аумақта істің жай - күйіне жауапты болып табылатын қызмет.
Жергілікті атқарушы орган (әкімият) – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) , ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.
Әкім – Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын жәнетиісті аумақта мемлекеттің саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдардың барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігі берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік – экономикалық дамуының жай – күйіне жауапты өкілі.