Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР әкімшілік құқғы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
157.75 Кб
Скачать

2. Мәдениетті басқарудың ұйымдастыру - құқықтык жүйесі. Мәдениет мекемелерінің әкімшілік- құқықтық мәртебесі.

Мәдениет - адамзат жасаған әрi жасайтын және жеке адамның жарасымды дамуына, Қазақстан Республикасы азаматтарының отаншылдығын тәрбиелеуге және эстетикалық қажеттерi мен мүдделерiн қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы. мәдениет саласындағы қызмет - мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалардың және азаматтардың мәдени құндылықтарды жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану, сондай-ақ оларға азаматтарды тарту жөнiндегi қызметi болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мәдениет туралы заңының 5-бабына сәйкес Мәдениет саласындағы мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының Үкiметi, уәкiлеттi орган және жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.

3. Денсаулық сақтауды басқарудың ұйымдастырушылық нысандары.

Денсаулық сақтау - халықтың денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған саяси, экономикалық, медициналық, әлеуметтiк және басқа да iс-шаралардың кешенi.

Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрiлiк заттар айналымы, көрсетiлетiн медициналық қызметтiң сапасын бақылау саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

4. Азаматтардың әлеуметтік корғау саласын басқарудың ұйымдастырушылық- құқықтық нысандары.

Әлеуметтік қорғау — бұл өмірлік қажетті игіліктердің белгілі бір деңгейін (қарттық, денсаулық жағдайына, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылуына және басқа да заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенділік көрсете алмайтын) және тиісті ақы төленетін еңбекке қатысу арқылы өзін қамтамасыз ете алмайтын азаматтарға белгілі бір жақсы тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету шараларының жүйесі. Жалпы науқастарға уақытша еңбекке жарамсыз болып қалғанда әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады. Әлеуметтік жәрдемақылар, сондай-ақ жүктілікке және бала тууға байланысты, тікелей перзентханадан бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) тағайындалады. Бұл жағдайда әлеуметтік жәрдемақы бала асырап алған күннен бастап баланың туғанына 56 күн өткенге дейінгі барлық кезеңге тағайындалады. 5. Туризм және спортты басқарудың ұйымдастырушылық - құқықтық жүйесі.

Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру және спорт туралы 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 490 Заңына сәйкес дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган - дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Дене шынықтыру және спорт жүйесi - халықтың дене тәрбиесi мен спортты дамыту мақсатындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелердiң және өзге де заңды тұлғалардың жиынтығы. Дене шынықтыру және спорт саласындағы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың нормаларына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы заңдарын бұзуға кiнәлi жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Нормативтік актілер: [1, 2, 28 ]

Негізгі әдебиеттер: [1, 3, 7, 10, 18, 22, 38 ]

Қосымша әдебиеттер: [1, 2,]

15- такырып. Әкімшілік-саяси саланы әкімшілік- құқықтық реттеу

  1. Қорғанысты басқарудың ұйымдастырушылық - құқықтық нысандары.

  2. Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары.

  3. Қауіпсіздікті басқарудың ұйымдастырушылык - құқықтық нысандары.

  4. Шетел істерін баскарудың ұйымдастырушылық - кұқықтық нысандары. Қазақстаннын шетелдегі СІМ органдары.

  5. Әділетгі басқарудың ұйымдастырушылық - құқықтык нысандары.

1. Қорғанысты басқарудың ұйымдастырушылық - құқықтық нысандары

Азаматтық қорғаныс дегеніміз- басқару органдарының мемлекеттiк жүйесi мен бейбiт уақытта және соғыс уақытында халықты, шаруашылық жүргiзу объектiлерi мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларының әсерiнен, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргiзiлетiн жалпы мемлекеттiк шаралардың жиынтығы. Қазақстан Республикасының Қорғаныс туралы Заңына сәйкес Азаматтық қорғаныс бөлiмдерi - Қазақстан Республикасының Үкiметi құратын Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерi болып саналады.

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен құрылатын, әкiмдер, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар құратын республикалық, облыстық, аудандық, қалалық Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерi.

Азаматтық қорғаныс күштерi - Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерi, аумақтық, объектiлiк құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерiнiң құрамалары, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң жедел-құтқару отрядтары;

Азаматтық қорғаныс құрамалары - облыстарда, қалаларда, аудандарда, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда, ұйымдарда құрылатын аумақтық және объектiлiк құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерiнiң құрамалары.

Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.