
- •2012 Ж. Күн айы № хаттамасы
- •1.1Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Пререквизиттер:
- •1.4 Постреквизиттер:
- •Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.7 Оқу пәні бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.8 Әдебиеттер тізімінің мазмұны:
- •Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1 Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары
- •3.Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы.
- •4.Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
- •5.Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны. Әкімшілік құқықтың жүйесі.
- •2. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен міндеттері.
- •3. Азаматтардың құқықтарының әкімшілік-құқықтық мәртебелерінің кепілдіктері мен олардың түрлері.
- •4.Азаматтардың жолдамалары.
- •2. Атқарушы билік органдарының түрлері.
- •3. Атқарушы билік аясында Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіліктерінің жалпы мінездемесі.
- •4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі.
- •5. Атқару билігінің орталық органдары.
- •6. Жергілікті атқарушы билік органдары олардың түсінігі және қызметін жүйесі, ұйымдастыру негіздері.
- •2. Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және олардың жіктелуі.
- •3. Мемлекеттік қызметкерлңрдің әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негіздері.
- •4. Мемлекеттік қызметті өткеруді әкімшілік-құқықтық реттелуі.
- •Кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі, түрлері.
- •Кәсіпорындар мен мекемелер кызметінің құрылуы және тоқтатылуы.
- •1. Кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі, түрлері.
- •2.Кәсіпорындар мен мекемелер кызметінің құрылуы және токтатылуы.
- •Мемлекеттің басқару нысанының түсінігі, түрлері.
- •Атқарушы биліктік органдарының келісім жасауы.
- •1. Мемлекеттің басқару нысанының түсінігі, түрлері.
- •3.Атқарушы биліктік органдарының келісім жасауы.
- •2. Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер.
- •3.Жанама басқаруға әсер етуші әдістер.
- •Әкімшілік ескерту шараларының түсінігі және тағайындалуы.
- •3. Әкімшілік алдын алу шараларының түсінігі және тағайындалуы.
- •2. Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы.
- •3. Әкімшілік жазалардың түрлері және түсінігі.
- •4. Әкімшілік жазаларды тағайындау.
- •5. Кәмелет жасына толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі.
- •2. Әкімшілік юрисдикциялық өңдіріс: негізгі белгілері, қағидалары, құрылымы.
- •3. Әкімшілік үрдіс: негізгі белгілері, қағидалары, құрылымы.
- •4. Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша істің жүргізілуі (немесе өндіріс).
- •2. Мемлекеттің басқарудағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі.
- •3. Қазакстан Республикасы Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері.
- •4. Аткарушы билікке қатысты соттық бақылаудың мәні мен ерекшеліктері, онын түрлері.
- •5. Әкімшілік қадағалаудың түсінігі.
- •6. Прокурорлық қадағалау.
- •7. Адам құқығы бойынша уәкілетті органның мемлекеттік басқарудағы заңдылықты қамтамасыз етудегі ролі.
- •2. Төтенше жағдайдын құқықтық режимі. Төтенше жағдай режимінің мазмұны.
- •4. Соғыс жағдай режимі.
- •5. Мемлекеттік шекараны корғау режимі, оның құқықтық негізгі кұрамдас бөліктері: мемлекеттік шекара режимі, шекаралык режим, мемлекеттік шекарадан өткізу пунктеріндегі режим.
- •2. Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың кұқықтық ұйымдастырушылық жүйесі.
- •3. Қаржы мен несиені мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі. Қаржы саласын басқаратын мемлекеттік органдар.
- •4. Қаржылық бақылау. Қаржы - экономика аясындағы құқық бұзушылыкпен күрес. Қаржы полициясының Агенттігі.
- •5. Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықты мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру – құқықтық негіздері.
- •2. Мәдениетті басқарудың ұйымдастыру - құқықтык жүйесі. Мәдениет мекемелерінің әкімшілік- құқықтық мәртебесі.
- •3. Денсаулық сақтауды басқарудың ұйымдастырушылық нысандары.
- •4. Азаматтардың әлеуметтік корғау саласын басқарудың ұйымдастырушылық- құқықтық нысандары.
- •2. Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары.
- •3. Қауіпсіздікті басқарудың ұйымдастырушылық - құқықтық нысандары.
- •4. Шетел істерін баскарудың ұйымдастырушылық - кұқықтық нысандары. Қазақстаннын шетелдегі сім органдары
- •5. Әділетті басқарудың ұйымдастырушылық - құқықтық нысандары.
- •Кеден ережелерінін бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары. Кеден ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік.
- •Семинарлық сабақтар жоспары
- •2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары Тақырып 1. Қр әкімшілік құқығы ғылымының пәні, және қайнар көздері.
- •Тақырып 2. Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік құқықтық мәртебесі.
- •Тақырып 13. Әкімшілік құқықтық режимдер кезіндегі азаматтардың құқықтық кепілдіктері
- •Тақырып 14. Экономика аясын әкімшілік құқықтық реттеу
- •Такырып 15. Кеден ісі аясында заңдылықты қамтамасыз ету
- •Такырып 16. Қр кеден органдары мемлекеттік қызметкерлерінің әкімшілік-құқықтық мәртебесі
- •Тақырып 17. Кеден органдарында мемлекеттік қызметті өткеру.
- •2.6.1 Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •2.6.2 Курстық жұмыстар тақырыптары
- •2.8 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
2. Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың кұқықтық ұйымдастырушылық жүйесі.
Қазақстан Республикасының көлiгi - оның аумағында тiркелген теміржол, автомобиль, теңiз, iшкi су, әуе, қалалық электр, соның iшiнде метрополитен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы магистральдық труба-құбыр көлiгi. Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. Труба-құбыр көлiгi қызметiне байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарымен реттеледi. Көлiк құралдарының қауiпсiздiк талаптарына, медициналық-санитарлық қалыптарға, еңбек пен экологияны қорғау қалыптарына, халықаралық және мемлекеттiк стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес келетiнiн айқындайтын сертификаты болуға, сондай-ақ олар заңмен белгiленген тәртiпте тiркелуге тиiс.
3. Қаржы мен несиені мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі. Қаржы саласын басқаратын мемлекеттік органдар.
Мемлекеттің қаржысын басқару. Қаржыны басқару стратегиялық және оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық басқаруды дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғары органдары - Парламент, Президент аппараты, Үкімет, Қаржы министрлігі, Экономикалық даму және сауда министрлігі жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технология министрлігінің Инвестиция жөніндегі комитеті басым инвестициялық жобалар бойынша инвесторлардың ұсыныстарын қарайды, оларды сараптау, тиімділігін анықтау, салықтық және кедендік преференциялардың мөлшерлері, іске асыру ұсыныстары, контракттарды дайындау жөнінде басқа мүдделі ұйымдармен жұмысты үйлестіреді. Сөйтіп, инвестициялық жобалар қаржылық ілеспемен, оларды іске асыру, жүзеге асыруға бақылаумен қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы қағидаға сәйкес Министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте өзінің құзырына жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) орталық атқарушы органның құзыреті шегінде ішкі қаржылық бақылау мемлекеттік сатып алу, аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады. Комитеттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы бекітеді.
4. Қаржылық бақылау. Қаржы - экономика аясындағы құқық бұзушылыкпен күрес. Қаржы полициясының Агенттігі.
Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі ҚР Президентінің 2001 ж. 22 қаңтардағы Жарлығымен[1] құрылды, оған таратылған ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің Салық полициясы комитеті мен Салық полициясы академиясының мүлкі мен істерін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді. ҚР Үкіметінің 2001 ж. 27 ақпандағы қаулысымен агенттік туралы ереже бекітілді. Ережеге сәйкес агенттік ҚР экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында экономика және қаржы қызметі саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу мен тергеу бойынша басшылықты, сондай-ақ заңнамамен көзделген шекте салааралық үйлестіруді әрі өзге де арнайы атқарушы және рұқсат етуші функцияларды жүзеге асырған ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган болып табылды. Агенттік құқық қорғаушы орган болып табылды. ҚР Президентінің 2003 ж. 23 желтоқсандағы Жарлығымен[3] агенттік ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) болып қайта құрылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қаңтардағы қаулысымен[4] ҚР Қаржы полициясы агенттігінің аумақтық және мамандандырылған орғандары-мемлекеттік мекемелері ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа күрес жөніндегі агенттігінің (қаржы полициясы) аумақтық және мамандандырылған органдары-мемлекеттік мекемелері болып қайта құрылды.