
- •2012 Ж. Күн айы № хаттамасы
- •1.1Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Пререквизиттер:
- •1.4 Постреквизиттер:
- •Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.7 Оқу пәні бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.8 Әдебиеттер тізімінің мазмұны:
- •Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1 Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары
- •3.Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы.
- •4.Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
- •5.Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны. Әкімшілік құқықтың жүйесі.
- •2. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен міндеттері.
- •3. Азаматтардың құқықтарының әкімшілік-құқықтық мәртебелерінің кепілдіктері мен олардың түрлері.
- •4.Азаматтардың жолдамалары.
- •2. Атқарушы билік органдарының түрлері.
- •3. Атқарушы билік аясында Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіліктерінің жалпы мінездемесі.
- •4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі.
- •5. Атқару билігінің орталық органдары.
- •6. Жергілікті атқарушы билік органдары олардың түсінігі және қызметін жүйесі, ұйымдастыру негіздері.
- •2. Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және олардың жіктелуі.
- •3. Мемлекеттік қызметкерлңрдің әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негіздері.
- •4. Мемлекеттік қызметті өткеруді әкімшілік-құқықтық реттелуі.
- •Кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі, түрлері.
- •Кәсіпорындар мен мекемелер кызметінің құрылуы және тоқтатылуы.
- •1. Кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі, түрлері.
- •2.Кәсіпорындар мен мекемелер кызметінің құрылуы және токтатылуы.
- •Мемлекеттің басқару нысанының түсінігі, түрлері.
- •Атқарушы биліктік органдарының келісім жасауы.
- •1. Мемлекеттің басқару нысанының түсінігі, түрлері.
- •3.Атқарушы биліктік органдарының келісім жасауы.
- •2. Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер.
- •3.Жанама басқаруға әсер етуші әдістер.
- •Әкімшілік ескерту шараларының түсінігі және тағайындалуы.
- •3. Әкімшілік алдын алу шараларының түсінігі және тағайындалуы.
- •2. Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы.
- •3. Әкімшілік жазалардың түрлері және түсінігі.
- •4. Әкімшілік жазаларды тағайындау.
- •5. Кәмелет жасына толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі.
- •2. Әкімшілік юрисдикциялық өңдіріс: негізгі белгілері, қағидалары, құрылымы.
- •3. Әкімшілік үрдіс: негізгі белгілері, қағидалары, құрылымы.
- •4. Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша істің жүргізілуі (немесе өндіріс).
- •2. Мемлекеттің басқарудағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі.
- •3. Қазакстан Республикасы Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері.
- •4. Аткарушы билікке қатысты соттық бақылаудың мәні мен ерекшеліктері, онын түрлері.
- •5. Әкімшілік қадағалаудың түсінігі.
- •6. Прокурорлық қадағалау.
- •7. Адам құқығы бойынша уәкілетті органның мемлекеттік басқарудағы заңдылықты қамтамасыз етудегі ролі.
- •2. Төтенше жағдайдын құқықтық режимі. Төтенше жағдай режимінің мазмұны.
- •4. Соғыс жағдай режимі.
- •5. Мемлекеттік шекараны корғау режимі, оның құқықтық негізгі кұрамдас бөліктері: мемлекеттік шекара режимі, шекаралык режим, мемлекеттік шекарадан өткізу пунктеріндегі режим.
- •2. Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың кұқықтық ұйымдастырушылық жүйесі.
- •3. Қаржы мен несиені мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі. Қаржы саласын басқаратын мемлекеттік органдар.
- •4. Қаржылық бақылау. Қаржы - экономика аясындағы құқық бұзушылыкпен күрес. Қаржы полициясының Агенттігі.
- •5. Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықты мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру – құқықтық негіздері.
- •2. Мәдениетті басқарудың ұйымдастыру - құқықтык жүйесі. Мәдениет мекемелерінің әкімшілік- құқықтық мәртебесі.
- •3. Денсаулық сақтауды басқарудың ұйымдастырушылық нысандары.
- •4. Азаматтардың әлеуметтік корғау саласын басқарудың ұйымдастырушылық- құқықтық нысандары.
- •2. Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары.
- •3. Қауіпсіздікті басқарудың ұйымдастырушылық - құқықтық нысандары.
- •4. Шетел істерін баскарудың ұйымдастырушылық - кұқықтық нысандары. Қазақстаннын шетелдегі сім органдары
- •5. Әділетті басқарудың ұйымдастырушылық - құқықтық нысандары.
- •Кеден ережелерінін бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары. Кеден ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік.
- •Семинарлық сабақтар жоспары
- •2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары Тақырып 1. Қр әкімшілік құқығы ғылымының пәні, және қайнар көздері.
- •Тақырып 2. Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік құқықтық мәртебесі.
- •Тақырып 13. Әкімшілік құқықтық режимдер кезіндегі азаматтардың құқықтық кепілдіктері
- •Тақырып 14. Экономика аясын әкімшілік құқықтық реттеу
- •Такырып 15. Кеден ісі аясында заңдылықты қамтамасыз ету
- •Такырып 16. Қр кеден органдары мемлекеттік қызметкерлерінің әкімшілік-құқықтық мәртебесі
- •Тақырып 17. Кеден органдарында мемлекеттік қызметті өткеру.
- •2.6.1 Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •2.6.2 Курстық жұмыстар тақырыптары
- •2.8 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
7. Адам құқығы бойынша уәкілетті органның мемлекеттік басқарудағы заңдылықты қамтамасыз етудегі ролі.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес танылатын және кепiлдiк берiлетiн адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлi ретiндегi өзiнiң конституциялық өкiлеттiктерiн iске асыруына жәрдемдесетiн консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
Комиссия қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы жүзеге асырады. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысы өкiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Нормативтік актілер: [1, 2, 3, 4, 22, 23]
Негізгі әдебиеттер: [1, 3, 4 - 7, 10, 18, 22, 40,36 ]
Қосымша әдебиеттер: [1, 2,]
12- такырып. Әкімшілік-құкықтык режимдер
1. Әкімшілік-құкықтық режимдерінің түсінігі, түрлері.
2. Төтенше жағдайдың құқықтық режимі. Төтенше жағдай режимінің мазмұны.
3. Ерекше жағдай режимі. Ерекше жағдай режимінің құқықтық негізі.
4. Соғыс жағдай режимі.
5. Мемлекеттік шекараны қорғау режимі, оның құқықтық негізгі құрамдас бөліктері: мемлекеттік шекара режимі, шекаралык режим, мемлекеттік шекарадан өткізу пунктеріндегі режим.
1. Әкімшілік-қүкықтық режимдерінің түсінігі, түрлері.
Құқықтық режим - заңдылық реттеуі мөлшерін, шектеулер мен жеңілдіктердің болуын, субъектілердің құқықтық дербестілік дәрежесін көрсетеді. Әрбір құқықтық режим шеңберінде құқықтық реттеудің барлық тәсілдері қолданылады (міндеттеу, рұқсат беру).
Әкімшілік құқықтық режимдердің негіздерінде келесі принциптер жатады. Билік бөліну принципі. Әкімшілік құқықтық режимнің негіздерін заңшығарушы билік бекітеді, ал оның өмірде жүзеге асыруын атқарушы билік қамтамасыз етеді, дәл осы мақсат үшін , белгілі бір мемлекетттік - өкілеттілік билік мөлшері бар, атқару аппараты құрылады. Құқықтық режимдерді жүзеге асыру үшін , заң шығарушы билік, жалпы өкілеттілігіне ие мемлекеттік басқару органдарға заң шығарушылық функцияларды бекітеді. Әкімшілік өкілеттілік заңмен шектеледі. Заң реттеудің шегін белгілейді.
Жалпы құқықтық режимдерге өзінің мазмұнына байланысты - ерекше құқықтық реттеуі түрін қажет ететін қоғамдық қатынастардың белгілі бір топ түрлерін реттейтін құқықтық салаларының режимдері жатады. Салалық құқықтық режим дегеніміз - осы саланың прициптеріне негіздеген - салалық құқықтық режимдері әдістерінің жиынтығын айтады. Туынды құқықтық режимдер - жалпы құқықтық режимдердің ерекшеленген (икемделген) түрі болып табылады. Жалпы құқықтық режимдерден олар ұйымдардың конституциялық мәртебелерінің өзгерілуімен, қосымша рұқсаттар немесе шегерулерді орналасуымен айрықшаланады. Туынды әкімшілік құқық режимдерды үлкен топқа бөлуге болады. Олар жәй және төтенше.
Төтенше әкімшілік құқықтық режимдар - азаматтардың конституциялық құқықтар мен бостандықтарының, ұйымдардың шаруашылық әрекеттерінің шектелуі мен, төтенше өкілеттілігіне ие мемлекеттік органдардың құрылуымен, бұрын болған мемлекеттік органдарға ерекше өкілеттіліктерді берумен, азаматтарға және ұйымдарға қосымша міндеттерді жүктеуімен сипатталады. Заң төтенше режимдардың 3 түрін белгілейді: олар төтенше, әскери және ерекше жағдайлардың құқықтық режимі. Әкімшілік- құқықтық режимдардың негізін конституция және заңдар құрайды.