Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР әкімшілік құқғы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
157.75 Кб
Скачать

4. Әкімшілік жазаларды тағайындау.

Әкімшілік жаза тағайындау кезінде жасалған құқық бұзушылықтың сипаты, құқық бұзушының жеке басы, оның кінәсінің дәрежесі, мүліктік жағдайы, жауапкершілігін жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар ескеріледі.

Мыналар әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайлар болып танылады: 1) кiнәлi адамның өкiнуi; 2) кiнәлi адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын болдырмауы, залалды өз еркiмен өтеуi немесе келтiрiлген зиянды жоюы; 3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты күштi жан толқынысының әсерiмен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау; 4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы; 5) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жүктi әйелдiң немесе үш жасқа дейiнгi баласы бар әйелдiң жасауы; 6) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты күш қолдану немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесiнде жасау;

7) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қажеттi қорғанудың заңдылығы шарттарын бұзу, құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау, бұйрықты немесе өкiмдi орындау кезiнде жасау; 8) әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет абайсызда жасау.Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын судья, орган (лауазымды адам) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталмаған мән-жайларды да жеңiлдететiн мән-жайлар деп тануы мүмкiн.

Мыналар әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар деп танылады: 1) құқыққа қарсы мiнез-құлықты, прокурордың заңды түсiндiргенiне және (немесе) оны тоқтату туралы оған уәкiлеттi адамдардың талап етуiне қарамастан оны жалғастыра беру; 2) бұрын жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн әкiмшiлiк жазалауға ұшыратылған, ол бойынша осы Кодекстiң 66-бабында көзделген мерзiмi бiтпеген адамның бiртектi әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiр жыл iшiнде қайталап жасауы; 3) кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа тарту; 4) кiнәлi адамның бiле тұра ауыр психикалық аурумен ауыратын адамдарды, не әкiмшiлiк жауаптылығы туындайтын жасқа жетпеген адамдарды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тартуы; 5) ұлттық, нәсiлдiк және дiни жек көрушiлiк немесе жауласушылық себебi бойынша, басқа адамдардың заңды әрекетi үшiн кек алу, сондай-ақ басқа құқық бұзушылықты жасыру немесе оның жасалуын жеңiлдету мақсатында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау; 6) адамға немесе оның жақындарына қатысты белгiлi бiр адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау; 7) кiнәлi адамның бiле тұра жүктi әйелдерге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсiз адамға не кiнәлiге тәуелдi адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау; 8) адамдар тобының әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы; 9) табиғи апат жағдайында немесе басқа да төтенше жағдайлар кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;

10) маскүнемдiк, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаю күйiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау. Әкiмшiлiк жаза қолданатын судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипатына қарай оны жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп танымауы мүмкiн.

Бiр адам екi немесе одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде әрбiр құқық бұзушылық үшiн жеке-жеке әкiмшiлiк жаза қолданылады.