Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР әкімшілік құқғы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
157.75 Кб
Скачать
  1. Әкімшілік ескерту шараларының түсінігі және тағайындалуы.

Әкімшілік – ескерту шаралары - мемлекеттік басқару сферасында мүмкін болатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, сонымен қатар табиғи апат жағдайлары, авариялар, бақытсыз жағдайлар кезінде қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын мәжбүрлеу шаралары

Әкімшілік – ескерту (алдын алу) шаралары алуан түрлі. Солардың ішінде анағұрлым кең тарағандары:

- тұрғын үйлерге және қызметтік кеңселерге полиция қызметкерлерінің кіруі, мысалы, төл құжаттық тәртіпті (режимді) сақтауларын тексеру үшін;

- құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құжаттарды тексеру, мысалы, жүргізушілерден – жүргізуші куәлігін, жолдама, тауаркөліктік құжаттар; азаматтардан – жеке басын куәландыратын құжаттар, аңшылар мен балық аулаушылардан - тиісті лицензияларын тексеру;

- мемлекеттік шекара арқылы өткенде контрабанданың алдын алу мақсатында, сонымен қатар азаматтық авиация кемелерінде ұшу кезінде тиым салынған жүктерді және құралдарды (мысалы, қару –жарақ, жарлығыш заттар, тез жанатын, улы заттар, сонымен қатар есірткілерді) табу мақсатында заттарды, қол жүктерін қарау, сондай-ақ жеке басын қарау;

- көліктер мен жаяу адамдардың қозғалысын қозғалыс қауіпсіздігіне төнген қауіп –қатерді төнген кезде тоқтату немесе шектеу, мысалы, табиғи апаттар кезінде, жол апаттарында, жолдарды, газ, электр және басқада желілерді жөндегенде);

- желіге техникалық бұзылған көліктерді шығаруға тиым салу;

- тұлғалардың (мысалы, тамақ өнеркәсібі мен сауда қызметкерлерінің) денсаулық жағдайларын және кәсіпорындардың (мысалы, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының) санитарлық жағдайларын тексеруден өткізу;

- эпидемия және эпизотиялар кезінде карантин енгізу (мысалы, кіруге және шығуға тиым салу немесе шектеу);

- бас бостандығын айыру орындарынан келген тұлғаларды әкімшілік қадағалау;

- мүліктерді реквизициялау, яғни мүліктің ақысын төлеп мәжбүрлеп алу (мысалы, әскери жағдай кезінде жеке көліктерді алу).

3. Әкімшілік алдын алу шараларының түсінігі және тағайындалуы.

Жеке адамды жеке бас бостандығынан, атап айтқанда, оның құқыққа қарсы әрекетін тыю мақсатымен белгілі бір уақыт ішінде арнаулы орында мәжбүрлеп ұстай отырып, іс-әрекет және жүріп-тұру бостандығынан уақытша айыру. Оны ішкі істер органдарының ( полицияның) қызметкері; төтенше жағдай жарияланған жердің комендатурасы мен әскери сақшысы; шекара қызметінің органдары; күзетілетін объект орналасқан жердегі аға әскери қызметші, ішкі істер органдарының қызметкері, әскерилендірілген күзеттің лауазымды адамы; барлық қорғау органдары; көлік бақылау органдары; әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары; қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау органдары; салық қызметі мен салық полициясы органдарының лауазымды адамдары; кен кадағалаудың, шекаралық қызмет органдарының, т.б. лауазымды адамдары; кеден органдарының лауазымды адамдары; Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің лауазымды адамдары; сот приставтары жүзеге асыра алады.

Нормативтік актілер: [1, 2, 8, 9, 16, 22]

Негізгі әдебиеттер: [1, 3, 4, 6, 7, 18, 22, 40]

Қосымша әдебиеттер: [1, 2, 4]

9- такырып. Әкімшілік жауапкершілік

1. Әкімшілік жауапкершілік түсінігі, негізгі белгілері.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы.

3. Әкімшілік жазалардың түрлері және түсінігі.

4. Әкімшілік жазаларды тағайындау.

5. Кәмелет жасына толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі.

1. Әкімшілік жауапкершілік түсінігі, негізгі белгілері.

Әкімшілік жауапкершілік — азаматтар мен лауазымды адамдардың өздерінің әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері үшін заң алдындағы жауапкершілігінің бір түрі. Кінәлі адамдар өзі құқық бұзған уақытта және территорияда қолданылатын заңдар негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республика Парламентінің депутаттарын — сәйкесті Парламент палатасының, жергілікті мәслихат депутаттарын — сәйкесті өкілетті органның келісімінсіз, ал Қазақстан Республикасының судьяларын Қазақстан Республика Президентінің келісімінсіз Әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды. Сондай-ақ республикадағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды, өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмайтын, есі дұрыс емес адамдарды т.б. Әкімшілік жауапкершілікке тартуға қатысты мәселелер қолданыстағы әкімшілік кодексте егжей-тегжейлі көзделген.