
- •2012 Ж. Күн айы № хаттамасы
- •1.1Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Пререквизиттер:
- •1.4 Постреквизиттер:
- •Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.7 Оқу пәні бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.8 Әдебиеттер тізімінің мазмұны:
- •Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1 Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары
- •3.Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы.
- •4.Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
- •5.Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны. Әкімшілік құқықтың жүйесі.
- •2. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен міндеттері.
- •3. Азаматтардың құқықтарының әкімшілік-құқықтық мәртебелерінің кепілдіктері мен олардың түрлері.
- •4.Азаматтардың жолдамалары.
- •2. Атқарушы билік органдарының түрлері.
- •3. Атқарушы билік аясында Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіліктерінің жалпы мінездемесі.
- •4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі.
- •5. Атқару билігінің орталық органдары.
- •6. Жергілікті атқарушы билік органдары олардың түсінігі және қызметін жүйесі, ұйымдастыру негіздері.
- •2. Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және олардың жіктелуі.
- •3. Мемлекеттік қызметкерлңрдің әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негіздері.
- •4. Мемлекеттік қызметті өткеруді әкімшілік-құқықтық реттелуі.
- •Кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі, түрлері.
- •Кәсіпорындар мен мекемелер кызметінің құрылуы және тоқтатылуы.
- •1. Кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі, түрлері.
- •2.Кәсіпорындар мен мекемелер кызметінің құрылуы және токтатылуы.
- •Мемлекеттің басқару нысанының түсінігі, түрлері.
- •Атқарушы биліктік органдарының келісім жасауы.
- •1. Мемлекеттің басқару нысанының түсінігі, түрлері.
- •3.Атқарушы биліктік органдарының келісім жасауы.
- •2. Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер.
- •3.Жанама басқаруға әсер етуші әдістер.
- •Әкімшілік ескерту шараларының түсінігі және тағайындалуы.
- •3. Әкімшілік алдын алу шараларының түсінігі және тағайындалуы.
- •2. Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы.
- •3. Әкімшілік жазалардың түрлері және түсінігі.
- •4. Әкімшілік жазаларды тағайындау.
- •5. Кәмелет жасына толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі.
- •2. Әкімшілік юрисдикциялық өңдіріс: негізгі белгілері, қағидалары, құрылымы.
- •3. Әкімшілік үрдіс: негізгі белгілері, қағидалары, құрылымы.
- •4. Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша істің жүргізілуі (немесе өндіріс).
- •2. Мемлекеттің басқарудағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі.
- •3. Қазакстан Республикасы Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері.
- •4. Аткарушы билікке қатысты соттық бақылаудың мәні мен ерекшеліктері, онын түрлері.
- •5. Әкімшілік қадағалаудың түсінігі.
- •6. Прокурорлық қадағалау.
- •7. Адам құқығы бойынша уәкілетті органның мемлекеттік басқарудағы заңдылықты қамтамасыз етудегі ролі.
- •2. Төтенше жағдайдын құқықтық режимі. Төтенше жағдай режимінің мазмұны.
- •4. Соғыс жағдай режимі.
- •5. Мемлекеттік шекараны корғау режимі, оның құқықтық негізгі кұрамдас бөліктері: мемлекеттік шекара режимі, шекаралык режим, мемлекеттік шекарадан өткізу пунктеріндегі режим.
- •2. Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың кұқықтық ұйымдастырушылық жүйесі.
- •3. Қаржы мен несиені мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі. Қаржы саласын басқаратын мемлекеттік органдар.
- •4. Қаржылық бақылау. Қаржы - экономика аясындағы құқық бұзушылыкпен күрес. Қаржы полициясының Агенттігі.
- •5. Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықты мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру – құқықтық негіздері.
- •2. Мәдениетті басқарудың ұйымдастыру - құқықтык жүйесі. Мәдениет мекемелерінің әкімшілік- құқықтық мәртебесі.
- •3. Денсаулық сақтауды басқарудың ұйымдастырушылық нысандары.
- •4. Азаматтардың әлеуметтік корғау саласын басқарудың ұйымдастырушылық- құқықтық нысандары.
- •2. Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары.
- •3. Қауіпсіздікті басқарудың ұйымдастырушылық - құқықтық нысандары.
- •4. Шетел істерін баскарудың ұйымдастырушылық - кұқықтық нысандары. Қазақстаннын шетелдегі сім органдары
- •5. Әділетті басқарудың ұйымдастырушылық - құқықтық нысандары.
- •Кеден ережелерінін бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары. Кеден ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік.
- •Семинарлық сабақтар жоспары
- •2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары Тақырып 1. Қр әкімшілік құқығы ғылымының пәні, және қайнар көздері.
- •Тақырып 2. Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік құқықтық мәртебесі.
- •Тақырып 13. Әкімшілік құқықтық режимдер кезіндегі азаматтардың құқықтық кепілдіктері
- •Тақырып 14. Экономика аясын әкімшілік құқықтық реттеу
- •Такырып 15. Кеден ісі аясында заңдылықты қамтамасыз ету
- •Такырып 16. Қр кеден органдары мемлекеттік қызметкерлерінің әкімшілік-құқықтық мәртебесі
- •Тақырып 17. Кеден органдарында мемлекеттік қызметті өткеру.
- •2.6.1 Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •2.6.2 Курстық жұмыстар тақырыптары
- •2.8 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
Мемлекеттің басқару нысанының түсінігі, түрлері.
Басқару құқықтық актілері: түсінігі, құқықтық маңызы.
Атқарушы биліктік органдарының келісім жасауы.
1. Мемлекеттің басқару нысанының түсінігі, түрлері.
Атқару билігін жүзеге асырудың өзі белгілі бір әдістер мен тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. Алдымен мемлекеттік басқарудың әдіс – тәсілдерін анықтап алу қажет. Ал, М. А. Қызылов, Г. А. Ибраева, Д. Қ. Есенов, И. Е. Искакова мемлекеттік басқару тәсілдерін басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал ету әдістері ретінде қарастырады, яғни олар басқарудың қойылған мақсаттары мен міндеттеріне жету және басқару функцияларын жүзеге асыру үшін қолданылады.
Ю. М. Козлов адамдардың санасы мен еркіне ықпал етудің екі универсалдық әдісін көрсетеді :
а) сендіру ;
б) көндіру.
Заң әдебиеттері бұған әлеуметтік тәсілді де қосады, яғни оның ішінде олар мемлекеттік басқарудың жалпы тәсілдерін құрайды.
2. Басқару құқықтық актілері: түсінігі, құқықтық маңызы.
Құқықтық реттеу әдісі - әкімшілік құқықтың функциясы; басқару әдісі - әкімшілік – құқық субъектісінің функциясы, оның ішінде кез – келген субъектінің емес, атқарушы биліктің (мемлекеттік басқарудағы ) субъектісі болып табылатын тұлға қызметі.
А. П. Алехин Ресей Федерациясындағы басқару әдістерін келесідей жіктеп көрсетеді :
а) басқарушылық әрекет әдістері – олар әрқашан сыртқы құқықтық билік мағынасына ие және өзіндік басқару әдістері болып табылады ;
б) басқару аппараты жұмысының ұйымдары әдістері - олар тек аппарат ішілік мағынаға ие ;
в) жекелеген басқарушылық әрекетін орындау әдістері – бұлар процедуралық сипат әдістері.
Басқару тәсілдері әкімшілік, экономикалық және әлеуметтік – психологиялық болып бөлінеді.
Басқару тәсілдерінің айрықша айқын саралануы - басқару объектісіне әсер ету сипаттамасына қарай тікелей және жанама болып бөлінеді .
Тікелей басқарушылық әсер ету тәсілдері, басқару субъектісінің, басқартатындардың мінез – құлқына біржақты биліктік әсер етумен сипатталады. Жанама басқарушылық тәсіл арқылы, басқару объектісіне әсер ету, мынада, яғни олардың көмегімен басқару субъектісі, басқару объектісінің мүдделеріне әсер ету арқылы қалауына қажетті мінез – құлыққа жетеді.
Басқарудың әкімшілік тәсілі көрініс нысанына қарай, заңдылық көрінісіне қарай, басқару объектісінің мінез – құлқына ықпал ету әдісіне қарай, ұйғарым нысанына қарай сараланады.
Басқарудың әкімшілік тәсілдері заңдылық қасиетіне қарай :
- нормативтік актілер – басқарушылық қатыста басқаратындардың қызметін реттейтін нормаларды қамтитын құқықтық актілер, яғни Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 заңына сәйкес, нормативтік құқықтық акт – референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат;
- жеке актілер – нақты орындаушыларға бағытталған тіке өкімдік түріндегі ұйғарымдар.
Басқару субъектілерінің мінез – құлқына ықпал ету әдісіне қарай әкімшілік әдістер мыналарға бөлінеді :
- белгілі бір әрекеттерді жасауға міндеттейді ;
- белгілі бір әрекеттерді жасауға өкілеттейтін ;
- әлеуметтік пайдалы әрекеттерді жасауға мадақтайтын ;
- қандай да болсын әрекеттерді жасауға тиым салатын .
Әкімшілік тәсілдер ұйғарым нысанына қарай императивтік (бұйрықты, сөзсіз бағынуды орындауды қажет етеді) тапсырмалық немесе міндеттеушілік және ұсыныстық болып бөлінеді.
Басқарудың әлеуметтік – психологиялық тәсілдері атқарушы билік органы ұжымында, қолайлы жағдайды және тұрақты моральды – психологиялық климаты, сонымен бірге алдарында тұрған міндеттерді табысты шешуге мүмкіндік жасауға, басқару субъектісі мен басқару объектісі арасындағы дара қарым – қатынасты орнықтыруға бағытталған.