Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курс. жұмысына ӘН.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

«Радиотехника, электроника және телекоммуникация» кафедрасы

А.Т. Омаров, П.А. Дунаев

«Электрлік байланыс теориясы» пәнінен

«Қателер ықтималдылығының минимумы критерий

бойынша квазиоптимальдік байланыс жүйесiн құрастыру»

тақырыбы бойынша

курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Астана – 2010

«С.Сейфуллин атындағы

ҚАТУ» АҚ ӘК отырысында

қаралып мақұлданды

хаттама № 3 « 4 » желтоқсан 2009 ж.

«Бекітемін»

«С.Сейфуллин атындағы

ҚАТУ» АҚ ӘК төрағасы

__________ А.М. Әбдіров

Авторлар: аға оқытушылар: А.Т. Омаров, П.А. Дунаев

«Электрлік байланыс теориясы» пәнінің «Қателер ықти-малдылығының минимумы критерий бойынша квазиоптимальдік байланыс жүйесiн құрастыру» тақырыбы бойынша курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.

Әдістемелік нұсқауларда қарастырылған курстық жұмыс жоғары оқу орнындарының 050719- «Радиотехника, электрони-ка және телекоммуникациялар» бағдарламасы бойынша құрыл-ған, «Электрлік байланыс теориясы» пәнінің типтік бағдарла-масына сәйкес жасалынған.

Пікір жазушы:

Б.А. Жәкішев, техника ғылымдарының кандидаты, С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ «Жылу энергетикасы» кафедра-сының меңгерушісі, доцент.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық универси-тетінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникация-лар» кафедрасының отырысында хаттама № 3 «15» 10. 2009 ж. қаралды.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық универси-тетінің энергетикалық факультетінің әдістемелік комиссия оты-рысында хаттама № ­­­2 «27» 10. 2009 ж. қаралды.

© С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 2009 ж.

Мазмұны

Кіріспе

4

1 Нұсқаны таңдау

5

2 Курстық жұмысына тапсырмасы

5

3 Курстық жұмысты орындауға арналған әдiстемелiк нұсқау

7

4 Модуляторлар мен демодуляторлардың құрылымдық сұлбалары

16

4.1 ЦАМ және оптимальдік когеренттік қабылдауы

16

4.2 ЦАМ және оптимальдік когерентсіз қабылдауы

19

4.3 ЦАМ және оптимальдік емес қабылдауы

20

4.4 ЦЖМ және оптимальдік когеренттік қабылдауы

22

4.5 ЦЖМ және оптимальдік когерентсіз қабылдауы

26

4.6 ЦЖМ және оптимальдік емес қабылдауы

27

4.7 ЦФМ және оптимальдік когеренттік қабылдауы

29

4.8 ЦСФМ және оптимальдік когеренттік қабылдауы (полярлықты салыстыру)

33

4.9 ЦСФМ және оптимальдік когерентсіз қабылдауы (фазаларды салыстыру)

37

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

39

А қосымшасы. Ықтималдылықтар интегралының мәндерін есептеу

40

Кіріспе

Қазіргі байланыс жүйелері, әр түрлі функционалдық тәуелді элементтерден тұратын күрделі комплекс болып шығады. Жалпы жағдайда кез келген техникалық жүйенің тиімділігі шығарылатын өнімнің сапасы және санымен анықталады. Байланыс жүйелерiнде мұндай өнім болып берілетін ақпараты есептелінеді, оның саны болып ақпаратты тарату жылдамдығы, ал сапасы болып қатенiң ықтималдылығы болады. Байланыс жүйе тиімділігінiң ең маңызды көрсеткiшi болып, жүйе мен арнаның өткізу жолағының пайдалану дәрежесін анықтайтын, ақпараттық тиімділігі болып шығады.

Қазіргі кездегi инженер, нақты техникалық талаптарды қанағат-тандыратын байланыс жүйесін жобалай отырып, жобаланып тұрған жүй-еде қабылдауының, модуляцияның және кодтауының таңдалған әдістер-дің потенциалдық мүмкіндіктерін жүзеге асыруы жеткілікті толық па, соны бағалауын және жүйенiң сипаттамаларын потенциалдық сипаттамаларына жақындату жолдарын бiлу керек.

Байланыс жүйелердің тиiмдiлiгiн жоғарылату мiндетi берілген шарттар мен шектеулер кезінде тұтынушыға уақыттың бірлігiнде таратудың берілген дұрыстығы мен ақпараттың максимальді санын жеткізетiн, жүйенің ең жақсы нұсқауын табу. Жүйелердің тиімділігін жоғарылату үшін шығу көзiнiң артықтылығын төмендетуi мен бөгеттерге төзімді кодтауын және басқаларын пайдаланылады.

Курстық жұмысында, берілген модуляцияның түрі мен қабылдау әдісі кезiнде, қателер ықтималдылығының минимумы критерий бойынша квазиоптимальдік байланыс жүйенің құрылымы және оның параметрлерiн потенциалдық мүмкіндікті параметрлермен салыстыруы қарасты-рылады.

Курстық жұмысының мақсаты электрлiк байланыс теориясы (ЭБТ) пәнiн оқитын студенттерге көмек көрсету, ақпаратты тарату жүйелердің бөгеттерге төзімділігі мен тиімділігiнiң талдау жасауына үйрену, сонымен қатар үзiлiссiз хабарларды цифрлық түрiнде тарату әдiстерiмен таныстыру.

Курстық жұмысын орындауы студенттер ЭБТ пәннiң ең маңызды бөлімдерін үйренуге, инженерлік тәжірибеде кездесетін есептерді шыға-уға көмектеседі.

Курстық жұмысты қорғау кезiнде әрбір студент осы жұмысқа жататын есептердің шешімдеріне түсініктемелер беруге дайын болуы керек. Жұмысты ойланып, шешімнің әрбір қадамын нақты қарастырып, алынған нәтижені негіздеп орындауы керек.

Орындалған жұмыс оқытушыға тапсырылады. Тексеруден кейін студент белгіленген қателермен ескертулерді түзету керек. Егер, жұмыс қорғауға жіберілмесе, онда ескертулерге сай түзетулер енгiзiлiп, қайтадан тексеруге тапсырылады.

1 Нұсқаны таңдау

Курстық жұмысының тапсырмасы 100 нұсқада құрастырылған. Нұсқаның нөмірі сынақ кітапшасының екi соңғы (соңғыдан бұрынғы және соңғы) цифрларына сәйкес келедi. Мысалы, егер сынақ кітапшасының нөмірі 3102 болса, онда нүсқаның нөмірі 02 болады.