Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Laby (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.58 Mб
Скачать

Зертханалық жұмыс №8

Тақырыбы: Тармақталу алгоритмін бағдарламалау.

Мақсаты: Тармақталушы алгоритмдерді Delphi ортасында бағдарламалау дағдыларын қалыптастыру, өзіндік тапсырмаларды орындау.

Негізгі ұғымдар. Тармақталушы команда құрама командаға жатады, яғыни оның жай командадан айырмашылығы құрушы командалардың орындалуына немесе орындалмауына байланысты болатын шарт енеді.

Тармақталу құрылымы – шартқа байланысты командалар серияларының екеуінің тек біреуі ғана орындалатын кезде ғана қолданылады. Тармақталу командасының жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты:

  1. if Y then S // қысқаша жазылуы

  2. if Y then S1 else S2 // толық жазылуы

мұндағы Ү – қойылатын шарт, ал S, S1, S2 – орындалатын операторлар. Егер олардың әрқайсысы бірнеше оператордан тұрса, онда олар құрама оператор ретінде қарастырылып, операторлық жақшалардың (begin, end) ішіне жазылады. Мысалы шарт ретінде RadioButton компнентінің Checked қасиктін қарастырайық. Бұл компоненттің байланысты ауыстырып қосатын қасиеті бар, ол Checked қасиеті арқылы анықталатын (True егер ауыстырып қосқыш шертілсе және керсінше False) екі мән қабылдауы мүмкін. Яғыни if RadioButton1.Checked then S1 else S2 мұнан формадағы RadioButton1 ауыстырып қосқыш шертілген болса S1 операторлар сериясы, ал шертілмеган болса S2 операторлар сериясы орындалады.

1-мысал.

Қысқаша көбейту формуласына арналған анықтамалық бағдарлама құру.

Қысқаша көбейту формуласының жинақы түрде жазылуын RadioButton компонентінің Checked қасиетіне жазып, егер RadioButton1 ауыстырып қосқыш шертілген болса, яғыни шарт ақиқат болса, онда қысқаша көбейту формуласының ашып жазылуын Memo1 компонентінің Lines қасиетінің мәні ретінде экраннан көрсету керек.

Формаға компоненттер палитрасының Standart бетінде орналасқан TRadioButton, TMemo және Additional бетіндегі TBitBtn компонентін орналастырып сәйкес мәндерін меншіктейміз. Есеп шешімін BitBtn1 компонентінің OnClick оқиғасында жүзеге асырамыз. Қосымша интерфейсі 1-суретте келтірілген.

Форма мен оның компоненттерінің қасиеттерін төмендегідей орнату қажет.

Компонеттер

Қасиеттер

Меншіктелетін мән

Form1

Caption

Қысқаша көбейту формуласы

Form1

Name

Form1

RadioButton1

Caption

(a + b) ^ 2

RadioButton2

Caption

(a - b) ^ 2

RadioButton3

Caption

a ^ 2 – b ^ 2

RadioButton4

Caption

(a + b) ^ 3

BitBtn1

Caption

OK

BitBtn1

Kind

bkOK

BitBtn2

Caption

&Close

BitBtn2

Kind

bkClose

Memo1

Lines

Тазалау

3-сурет. Қосымша интерфейсі.

« » батырмасын екі рет шертіп бағдарлама коды терезесіне көшіңіз. Click оқиғасы процедураның дайындамасы көрінеді. Төменде BitBtn1 компонентінің OnClick оқиғасының коды келтірілген.

procedure TForm1.BitBtn1Click(Sender: TObject);

begin

if RadioButton1.Checked then

begin

Memo1.Lines.Clear;

Memo1.Lines.Add('a^2+2*a*b+b^2');

end;

if RadioButton2.Checked then

begin

Memo1.Lines.Clear;

Memo1.Lines.Add('a^2-2*a*b+b^2');

end;

if RadioButton3.Checked then

begin

Memo1.Lines.Clear;

Memo1.Lines.Add('(a+b)(a-b)');

end;

if RadioButton4.Checked then

begin

Memo1.Lines.Clear;

Memo1.Lines.Add('a^3+3*a^2*b+3*a*b^2+b^3');

end;

end;

Өзіндік жұмыс

Бір өлшем бірлігінен екіншісіне өтетін қосымша құрыңыз.

Нұсқалар

Алғашқы мәліметтер

Пернетақтадан енгізілген адам жасына байланысты оны келесі топтпрдың біріне жатқызатын бағдарлама құру: мектеп жасына дейінгі бала, оқушы, жұмысшы, зейнеткер.

Берілгені: T,K,L. Табу керек:

Берілген үш санға байланысты олардың қайсыбірінің қосындысы оң болатынын анықтайтын бағдарлама құру.

e=2.71, lgx=ln(x)/ln(10). Функциясының мәнін есептейтін бағдарлама құру

функциясының мәнін есептейтін бағдарлама құру.

Бақылау сұрақтары:

1. Тармақталу командасының қысқаша жазылуы?

2. Тармақталу құрылымы дегеніміз не?

3. Тармақталу командасының толық жазылуы?

4. RadioButton компонентінің қызметі қандай?

5. Checked қасиеті нені анықтайды?

Әдебиеттер:

1. А. Я. Архангельский. Delphi 7.

2. М.М. Ерекешова, Т.А.Әмірғалиева Delphi ортасында программалау негіздері

3. Ю.А.Шпак Delphi 7 на примерах

К.З.Халықова Программалау тілдерін оқыту (Delphi)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]