Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Laby (1).doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

Зертханалық жұмыс №3

Тақырыбы: Delphi ортасында есептер шығару

Техникалық жабдық: Дербес компьютер.

Бағдарламалық жабдық: Windows 98/200/XP, Borland Delphi7. 

      Мақсаты: Сызықты алгоритмдерді Delphi ортасында бағдарламалау дағдыларын қалыптастыру, өзіндік тапсырмаларды орындау.

 

Негізгі ұғымдар.

Алгоритм дегеніміз алға қойған мақсатқа жету немесе берілген есепті шешуге арналған қатаң анықталған әрекеттер тізбегін түсінікті түрде әрі дәл көрсететін нұсқау.

Кез келген алгоритмді мынадай үш базалық алгоритмдік құрлымдар арқылы құруға болатыны белгілі: сызықты, тармақталушы және циклдік (қайталану).

Сызықты алгоритмдер деп бір сериялы жай командалардан құралған алгоритмдерді атайды. Ал сызықты құрылым бірінен соң бірі орындалатын жай командалар тізбегі.

1-мысал.

y=5x+sin2x функциясының мәнін есептеу алгоритмін қарастырайық.

Ол үшін аргумент – бастапқы берілгендерді және нәтиже – нені анықтау қажеттігін білуіміз керек. Бұл мысалда х – нақты сан, бастапқы берілгендер, ал у – нәтиже.

x=3,14 мәні үшін функцияның мәнін есептеуді Delphi бағдарламалау ортамында жүргізейік. Формаға компоненттер палитрасының Standart бетінде орналасқан TEdit, TLabel, TMemo және Additional бетіндегі TBitBtn компонентін орналастырып сәйкес мәндерін меншіктейміз. Бастапқы мәліметі, яғыни х айнымалысының мәнін Edit1 компонентінің өрісіне енгізіп, ал шешімін Memo1 компонентінің өрісіне шығарайық. Есеп шешімін BitBtn1 компонентінің OnClick оқиғасында жүзеге асырамыз. Қосымша интерфейсі 1-суретте келтірілген.

Форма мен оның компоненттерінің қасиеттерін төмендегідей орнату қажет.

Компоненттер

Қасиеттер

Меншіктелетін мән

Form1

Caption

Функция

Form1

Name

Form1

Edit1

Text

Тазалау

Label1

Caption

y=5x+sin2x есептеу

Label2

Caption

х-енгіз

BitBtn1

Caption

OK

BitBtn1

Kind

bkOK

BitBtn2

Caption

&Close

BitBtn2

Kind

bkClose

Memo1

Lines

Тазалау

2-Сурет. Жалпы мысалдың қосымша терезесі.

« » батырмасын екі рет шертіп бағдарлама коды терезесіне көшіңіз. Click оқиғасы процедурасы дайындамасы көрінеді. Төменде BitBtn1 компонентінің OnClick оқиғасының коды келтірілген.

procedure TForm1.BitBtn1Click(Sender: TObject);

var x,y:real;

begin

edit1.SetFocus; // енгізу фокусы edit1 атты компонентке беріледі

x:=strtofloat(edit1.Text);

y:=5*x+sqr(sin(x));

memo1.Clear; // memo1-дегі шығару өрісін тазалау

memo1.Lines.Add('y=5x+Sin^2(x)-тін');

memo1.Lines.Add('x='+edit1.Text+'болғанда');

memo1.Lines.Add('жауабы:'+'y='+floattostr(y)); // memo1 өрісіне тексті және функция мәнін символға айналдырып шығару

end;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]