- •Зертханалық жұмыс №1
- •Зертханалық жұмыс №2
- •2. Delphi негізгі терезесі
- •4. Объектілер инспекторы терезесі
- •Зертханалық жұмыс №3
- •Өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Зертханалық жұмыс №4
- •Зертханалық жұмыс №5
- •Зертханалық жұмыс №6
- •Зертханалық жұмыс №8
- •Зертханалық жұмыс №9
- •Зертханалық жұмыс №10
- •Зертханалық жұмыс №11
- •Зертханалық жұмыс №12.
- •Зертханалық жұмыс №13.
- •Зертханалық жұмыс №14
- •Зертханалық жұмыс №15
- •Зертханалық жұмыс № 16
- •Зертханалық жұмыс №17
- •3.Қорғалған блок механизмі.
- •Зертханалық жұмыс №18
- •Зертханалық жұмыс №19
- •Зертханалық жұмыс № 20
- •Зертханалық жұмыс №21
- •Зертханалық жұмыс №22
- •Зертханалық жұмыс №23
- •Зертханалық жұмыс №24
- •Зертханалық жұмыс №25
- •Зертханалық жұмыс №26
- •Зертханалық жұмыс №27
- •Зертханалық жұмыс №28
- •Зертханалық жұмыс № 29
Зертханалық жұмыс №2
Тақырыбы: Delphi – интегралдық ортасында қосымшалар құру.
Мақсаты: Delphi ортасының негізгі терезелерімен танысу және программаны визуалді құру процесімен танысу.
Бағдарламалық жабдық: ОЖ Windows XP, Borland Delphi 7.
Техникалық жабдық: Дербес компьютер.
Сабақ жоспары:
I.Өзіндік жұмыс
II. Delphi – интегралды ортасында қосымша құру әдістерін үйрену
1.Дайындық жұмысы:
Delphi-де кез- келген программа бірнеше файлдардан тұрады. Әр программаны жеке каталогта сақтаған тиімді. Delphi терезесін кішірейтіңіз. \С: дискісінде каталог құрыңыз. Каталог атына фамилияңызды беріңіз. Құрылған каталог ішінде \Lab1 ішкі каталогын құрыңыз.
2. Delphi негізгі терезесі
2.2. Экранның жоғарғы жағында Delphi негізгі терезесі орналасқан. Негізгі терезе құрылатын программа проектін басқарудыің негізгі функцияларын атқарады. Мұнда Delphi негізгі мәзірі, пиктографиялық кнопкалар жиыны және компонентттерпалитрасы орналасқан. Негізгі терезе бөліктерін визуалды белгілеңіз.
2.3. Негізгі терезе элементтері сол жағында басқару кнопкалары бар арнайы панелдерде орналасқан. Элементтер орналасқан панелді тышқан көмегімен жылжытуғаболады. Панелдердің орналасуын өзгертіңіз. Ол үшін басқару кнопкаының үстіне тышқанның сол жақ клавишін басыңыз және клавишті жібермей көрсеткішті жаңа орынға ығыстырыңыз.
2.4. Пиктографиялық кнопкалар негізгі мәзірдің маңызды опцияларына тез енуге мүмкіндік береді. Әр кнопканың үстіне тышқан көрсеткішін қойыңыз және кнопка мәні нұсқауларымен танысыңыз.
2.5. Сирек қолданылатын кнопкаларды жоя және жаңасын қоса отырып пиктографиялық кнопкалар тобын өзгертуге болады.
2.5.1. Кнопкалар тобын згерту үшін тышқанның оң клавишімен кез келгенін сырт еткізіңіз және пайда болған көмекші мәзірде Customize (модифкациялау) опциясын таңдаңыз. Экранға негізгі терезе элементтерін модифкациялау терезесі пайда болады. Кнопкалар тобы атының (Toolbar панелі) сол жағындағы таңдау жалаушасын алып тастасаңыз, терехеден сәйкес панель жоғалтады. Стандарт панельді жойыңыз/қалпына келтіріңіз.
2.5.2. Кнопканы жою үшін тышқанмен белгілеңіз, тышқанның сол клавишін басыңыз және оны жібермей кнопканы негізгі терезе шекарасынан шығарыңыз. Сонымен қатар негізгі терезе элементтерін модифкациялау терезесі (Customize) ашық болуы керек. Анықтама жүйесі кнопкасын алып тастаңыз.
2.5.3. Панельге жаңа кнопка орналастыру үшін Commands қосымшасын таңдаймыз, кейін керек опцияны – негізгі мәзір тақырыбын таңдаймыз және оны осы немесе басқа кнопкалары бар панельге жылжытып шығарамыз. Анықтама жүйесі кнопкасын қалпына келтіріңіз.
2.6. Компоненттер палитрасы негізгі терезенің оң жағында орналасқан және керек элементті тез табуды қамтамасыз ететін қосымшалары бар.
2.6.1. Компаненттер палитрасыныңәр бетінің мазмұнын қараңыз.
2.6.2. Кнопкалар панелі сияқтыкомпаненттер палитрасын өңдеуге болады. Ол үшін pallete Properties арнайы редакторы қолданылады, бұл терезе компаненттер палитрасының кез-келген пиктограммасына тышқанның оң кнопкасымен сырт еткізсе және Propertiesопциясын таңдағанда экранда пайда болады. Pages терезесінде Samples бетін жоғарыға жылжытыңыз және оны Data Access бетіне қойыңыз. Рallete Properties терезесін жабыңыз. Samples беті енді бесінші орынғаорналасқан және палитра қосымшасын жылжытуынсыз көрінеді.
3. Формалар терезесі
3.2.Формалар терезесі құрылатын программаның Windows терезе проектін бейнелейді. Бастапқыда формалар терезесінде Windows жүйесінің стандартты интерфейстік элементтері- жүйелік мәзірді шақыру, терезені үлкейту, кішірейту және жабу кнопкалары, тақырып және раманы сызу жолдары орналасқан.
3.3. <F9> кнопкасын басқанда 3 саты орындалады: компиляция, жинақтау, программаның орындалуы.
3.3.1. <F9> кнопкасын баса отырып программаны орындауға жіберіңіз.
3.3.2. Экранда бос терезе бар орындалатын қосымша тұр. Қосымшаны жабыңыз.
3.4. Палитра компаненттері формада орналасады. Ол үшін компаненттер палитрасында қажет компанентті таңдаймыз, кейін формада компаненттің сол жоғары бұрышы орналасатын жерге тышқанмен сырт еткіземіз. Standard панелінде орналасқан компаненттерді формаға орналастырамыз.
3.5. Форма бетінен компанентті алып тастау үшін компанентті белгілеу қажет және <Delete>клавишін басыңыз. Форма бетінен компаненттерді алып тастаңыз.
