
- •Зертханалық жұмыс №1
- •Зертханалық жұмыс №2
- •2. Delphi негізгі терезесі
- •4. Объектілер инспекторы терезесі
- •Зертханалық жұмыс №3
- •Өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Зертханалық жұмыс №4
- •Зертханалық жұмыс №5
- •Зертханалық жұмыс №6
- •Зертханалық жұмыс №8
- •Зертханалық жұмыс №9
- •Зертханалық жұмыс №10
- •Зертханалық жұмыс №11
- •Зертханалық жұмыс №12.
- •Зертханалық жұмыс №13.
- •Зертханалық жұмыс №14
- •Зертханалық жұмыс №15
- •Зертханалық жұмыс № 16
- •Зертханалық жұмыс №17
- •3.Қорғалған блок механизмі.
- •Зертханалық жұмыс №18
- •Зертханалық жұмыс №19
- •Зертханалық жұмыс № 20
- •Зертханалық жұмыс №21
- •Зертханалық жұмыс №22
- •Зертханалық жұмыс №23
- •Зертханалық жұмыс №24
- •Зертханалық жұмыс №25
- •Зертханалық жұмыс №26
- •Зертханалық жұмыс №27
- •Зертханалық жұмыс №28
- •Зертханалық жұмыс № 29
4. Объектілер инспекторы терезесі
4.2. объектілер инспекторы терезесінің екі беті бар: Events және Properties. Properties беті компаненттің қажет қасиеттерін белгілеуді атқарады, Events беті компаненттің сол немесе басқа оқиғаға реакциясын анықтауға мүмкіндік береді. Объектілер инспекторының жоғары жағында формада орналасқан барлық компаненттердің ашылатынтізімі орналасқан. Properties бетіндегі форма қасиеттерін қараңыз.
4.3. Бастапқыда терезе тақырыбы форма тақырыбына сәйкес: Form1 . Caption Қасиетін form1 -ден лаб. Жұмыс 1-ге өзгертіңіз. Ол үшін Caption жолына тышқанмен сырт еткізіңіз және оң жағындағы тақырып текстін өзгертіңіз.
4.4. Name қасиетіне көңіл аударыңыз. Бұл қасиет программадағы компанент атын анықтайды.
4.5. Формаға панель 1 компанентін орналастырыңыз. Программаны орындауға жіберіңіз. Терезені үлкейтіңіз сосын жабыңыз.
4.6. Panel1 компонентінің Align қасиетіне alBottom мәнін беріңіз. Align қасиеті орналасатын компаненттің формадағы орнының өзгерту әдісін көрсетеді.
4.7. Panel1 компонентінің Caption қасиетін тазартыңыз.
4.8. Panel1 компонентін қоршаған қара квадрат көмегімен қабырғаны жоғарыға созыңыз. Панель биіктігін 175-ке қойыңыз. Объектілер инспекторының height қасиетінде бұл мән бекітілгенін көреміз.
4.9. Формаға Panel2 компонентін сол жағына орналастырыңыз. Caption қасиетін тазартыңыз. Объектілер инспекторындағы Width қасиетіне 233 мәнін енгізе отырып панель енін өзгертіңіз.
4.10. Формаға Memo1 компонентін орналастырыңыз және қасиетіне Align мәнін енгізіңіз. Компанен форманың форманың қалған бөлігін алады.
4.11. Көпжолды редактордың Lines қасиетін тазалаңыз. Ол үшін қасиетін сырт еткізіңіз және ашылған диалогтік терезеде Memo1 текстін жойыңыз және ОК кнопкасымен терезені жабыңыз.
4.12. Panel2 ге Label1 компонентін орналастырыңыз. WordWrap қасиетіне True мәнін енгізіңіз. WordWrap қасиеті жолдың тасмалдауын рұқсат етеді
4.13. Panel2 панеліне Edit1 редакторын орналастыр. Text қасиетін тазалаңыз.
4.14. Панелге Button1 кнопкасын орналастыр. Caption қасиетіне ЕНГІЗ мәнән енгіз.
4.15. Панелге Additional панелінде орналасқан Bitbtn1 кнопкасын орналастыр. Kind қасиетін blClose ға өзгерт. TBitBtn компоненттері үшін Kind қасиеті диалогтік терезеде кнопка типтік функцияларды анықтайды.
4.16. Button1 Кнопкасын белгілеңіз. Объектілер инспекторында Button1 кнопкасының қасиеті бейнеленеді.
5. Программалар терезесі
5.2. Программалар терезесі прогамма текстін енгізуге және редакциялауға арналған. Бұл текстте программа жұмысының алгаритмі сипатталады.
5.3. экранда код терезесі мен бірге код навигаторы терезесі ашылады. Бұл терезе код жолдары көп болған жағдайда қажет элеменнттерді тез табуға көмектеседі.
5.4. Программалар терезесіндегі бастапқы программа тексті мынадай:
Procedure Tform1. Button1. Click (Sender: TObject);
Begin
…
End;
Begin және End операторлық жақшаларының арасына Object Pascal тілінің мына операторларын енгіз:
x:=strtofloat (Edit1. Text);
y:=x/400;
Memo1.Lines. Add(Formatfloat(‘####.## граммов=’,x)+formatFloat (‘####.##’,y))
Модульдің айнымалыларды сипаттау жолын толықтырыңыз.
Var f orm1:Tform1 жолынан кейін енгізіңіз:
x,y:Real;
5.5. <F9> клавишін баса отырып программаны орындауға жібереңіз. Редактор терпезесіне кез келген санды енгізіңіз. Енгізу кнопкасын басыңыз.
2-сурет. Жалпы мысалдың Windows-терезесі.
6. Delphi терезесін кішірейтіңіз және lab1 каталогындағы барлық файлдарды жойыңыз.
Сіз танысқан компоненттер: форма (Tform), панель (TPanel), белгі (TLabel), бір жолды редактор (TEdit), көп жолды редактор (TMemo), батырма (TButton), (TBitBtn). |
||
Сіз мына қасиеттермен және әдістермен таныстыңыз: |
||
Қасиеттер |
||
Height, Width |
Компоненттің биіктігі мен ені |
|
Align |
Орналасқан контейнеріне сәйкес компонентті формаға келтіру |
|
Caption |
Тақырып |
|
Text |
Енгізу жолының мәні |
|
Name |
Бағдарламадағы компонент аты |
|
Kind |
TbitBtn батырмасы үшін диалогтық терезеде жүзеге асатын типтік функцияларды анықтайды |
|
Lines |
Редакцияланатын текст орналасады |
|
Word Wap |
Жолды тасымалдауды рұқсат етеді/ рұқсат етпейді |
|
Font |
Компонет шрифтісінің параметрлері |
|
Әдістер |
||
Add |
Lines жолдар тобына жаңа жол қосады |
|
Оқиға |
||
OnClick |
Тышқанмен шерту |
Өзіндік жұмыс.
Тапсырма: Шаманы бір өлшем бірлігінен екіншісіне аударатын қосымша құрыңыз.
Алғашқы мәліметтер:
Қысымды мына формуламен: 1мм.рт.ст.=133Па.
Ұзындықты мына формуламен: 1дюйм=2,54см.
Көлемді мына формуламен: 1 бушель=36,37 дм3
Энергияны мына формуламен: 1 калория=4,19 дж
Ұзындықты мына формуламен: 1ярд=0,9144м.
Бақылау сұрақтары:
1. Delphi негізгі терезесі неше бөліктен тұрады?
2. Формалар терезесінің атқаратын қызметі?
3. Объектілер инспекторы терезесі қандай қызмет атқарады?
4. Программалау терезесі не үшін арналған?
Әдебиеттер:
1. А. Я. Архангельский. Delphi 7.
2. М.М. Ерекешова, Т.А.Әмірғалиева Delphi ортасында программалау негіздері
3. Ю.А.Шпак Delphi 7 на примерах
4. К.З.Халықова Программалау тілдерін оқыту (Delphi)