Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Laby (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.58 Mб
Скачать

Зертханалық жұмыс №13.

Тақырыбы: Fordo – параметрлі цикл операторы.

Техникалық жабдық: Дербес компьютер.

Бағдарламалық жабдық: Windows 98/200/XP, Borland Delphi7.

Мақсаты: Қайталанушы алгоритмдерді Delphi ортасында бағдарламалау дағдыларын қалыптастыру, өзіндік тапсырмаларды орындау.

Негізгі ұғымдар.

Есептің шешімін көрсететін алгоритмдерде қайталанатын командаларды немесе оның бағдарламасын құрғанда қайталанатын операторларды кездестіруге болады.

Турбо Паскальда мұндай қайталануларды жазу үшін цикл операторының үш түрі қолданылады.

While … do – жалғасу шартымен берілген цикл операторы;

Repeat … until – аяқталу шартымен берілген цикл операторы;

Fordo – параметрлі цикл операторы.

For … do – параметрлі цикл операторы, оператордың немесе операторлар тізбегінің қайталану саны алдын ала белгілі болған жағдайда ғана қолданылады. Бағдарламада жалпы жазылу түрі:

For i:=k0 to kn do begin S end; мұндағы і – есептегіш (цикл параметрі); k0, kn (k0<kn)есептегіштің бастапқы және соңғы мәндері; S – цикл денесі.

For i:=k0 downto kn do begin S end; мұндағы і – есептегіш (цикл параметрі); k0, kn (k0>kn)есептегіштің бастапқы және соңғы мәндері; S – цикл денесі.

1-мысал.

Бір жетінің ішінде жауған жаңбырдың ылғалдылығының мөлшерінің ең көбін және нешінші күні жауғанын параметрлі циклдің көмегімен есептеу.

Шешуі.

Жауған жаңбырдың ылғалдылығының мөлшерін InputBox функциясының көмегімен енгізіп оны St-ға меншіктеп және оларды Memo-ға шығар, ылғалдылығының мөлшерінің ең көбін және нешінші күні жауғанын шарт операторының және параметрлі циклдің көмегімен тауып нәтижесін тағы Memo-ға шығарамыз.

Есеп шешімін BitBtn1 компоентінің OnClick оқиғасында жүзеге асырамыз. Қосымша интерфейсі 1-сурете көрсетілген.

Форма мен оның компоненттерінің қасиеттерін төмендегідей орнату қажет.

Компоенттер

Қасиеттер

Меншіктелетін мән

Form1

Caption

Геометриялық прогрессия

Form1

Name

Form1

BitBtn1

Caption

Есепте

BitBtn1

Kind

bkOK

BitBtn2

Kind

bkClose

Memo1

Lines

Тазалау

1-сурет. Қосымша интерфейсі.

Бағдарлама кодын келтірейік.

procedure TForm1.BitBtn1Click(Sender: TObject);

var a,max:real; st:string; i,k:integer;

begin

max:=0;

for i:=1 to 7 do begin

st:=inputbox('Жауын мөлшері','a=','');

Memo1.Lines.Add(st);

a:=strtoint(st);

if max<a then begin max:=a;k:=i;

end;end;

Memo1.Lines.Add('Ең мол ылғалдылық'+' '+inttostr(k)+'-күні'+' '+floattostr(max)+' '+'мөлшерде жауған');

end;

Өзіндік жұмыс

Берілген n натурал саны және х нақты сандары үшін өрнектің мәнін есептеу программасын құр. Өрнектің мәні цикл операторының көмегімен есептелінеді. Бағдарлама құру барысында циклды ұйымдастыру үшін цикл операторын пайдалану қажет.

Нұсқалар

Алғашқы мәліметтер

20-дан 50-ге дейінгі натурал сандар берілген. Олардың ішінде 3-ке бөлінетін, бірақ 5-ке бөлінбейтін сандарды экранға басып шығарыңыздар.

1-ден 50-ге дейінгі натурал сандар берілген. Олардың ішіндегі 5-ке немесе 7-ге бөлінетін сандардың қосындысын табыңыздар.

Арифметикалық прогрессияның (1) алғашқы n элементін қосындылаңыз(прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысын есептеу формуласын пайдаланбаңыз).

N натурал сан берілген. K мәнін есепте:

К =

Фирма қызметкерлерінің жастары белгілі. Жасы орта жастан жоғары қызметкерлердің санын анықтаңыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Цикл операторларының неше түрі бар?

2. Параметрлі цикл операторының жалпы жазылу түрі?

3. CheckBox компонентінің қандай қасиеттері бар?

4 BitBtn компонентінің қандай қасиеттері бар?

5. Memo компонентінің қандай қасиеттері бар?

Әдебиеттер:

1. А. Я. Архангельский. Delphi 7.

2. М.М. Ерекешова, Т.А.Әмірғалиева Delphi ортасында программалау негіздері

3. Ю.А.Шпак Delphi 7 на примерах

К.З.Халықова Программалау тілдерін оқыту (Delphi)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]