- •Зертханалық жұмыс №1
- •Зертханалық жұмыс №2
- •2. Delphi негізгі терезесі
- •4. Объектілер инспекторы терезесі
- •Зертханалық жұмыс №3
- •Өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Зертханалық жұмыс №4
- •Зертханалық жұмыс №5
- •Зертханалық жұмыс №6
- •Зертханалық жұмыс №8
- •Зертханалық жұмыс №9
- •Зертханалық жұмыс №10
- •Зертханалық жұмыс №11
- •Зертханалық жұмыс №12.
- •Зертханалық жұмыс №13.
- •Зертханалық жұмыс №14
- •Зертханалық жұмыс №15
- •Зертханалық жұмыс № 16
- •Зертханалық жұмыс №17
- •3.Қорғалған блок механизмі.
- •Зертханалық жұмыс №18
- •Зертханалық жұмыс №19
- •Зертханалық жұмыс № 20
- •Зертханалық жұмыс №21
- •Зертханалық жұмыс №22
- •Зертханалық жұмыс №23
- •Зертханалық жұмыс №24
- •Зертханалық жұмыс №25
- •Зертханалық жұмыс №26
- •Зертханалық жұмыс №27
- •Зертханалық жұмыс №28
- •Зертханалық жұмыс № 29
Зертханалық жұмыс №11
Тақырыбы: While … do – жалғасу шартымен берілген цикл операторы.
Техникалық жабдық: Дербес компьютер.
Бағдарламалық жабдық: Windows 98/200/XP, Borland Delphi7.
Мақсаты: Қайталанушы алгоритмдерді Delphi ортасында бағдарламалау дағдыларын қалыптастыру, өзіндік тапсырмаларды орындау.
Негізгі ұғымдар.
Есептің шешімін көрсететін алгоритмдерде қайталанатын командаларды немесе оның бағдарламасын құрғанда қайталанатын операторларды кездестіруге болады.
Турбо Паскальда мұндай қайталануларды жазу үшін цикл операторының үш түрі қолданылады.
While … do – жалғасу шартымен берілген цикл операторы;
Repeat … until – аяқталу шартымен берілген цикл операторы;
For … do – параметрлі цикл операторы.
While … do – жалғасу шартымен берілген цикл операторы қандайда бір шартқа байланысты қайталанатын операторларды жазу үшін қолданылады. Бағдарламада жалпы жазылу түрі:
While P do S end; мұндағы Р – шарт, ол true(ақиқат) немесе false (жалған) мән қабылдайды, ал S – цикл денесі.
1-мысал.
Бірден n-ге дейігі жұп сандардың квадраттарының қосындысын жалғасу шартымен берілген цикл операторының көмегімен есептеу.
Шешуі.
Берілген n-санын енгізу үшін енгізу үшін терезесін пайдаланамыз. Енгізу терезесі Delphi-дің стандартты InputBox функциясының терезесі. Бағдарламада InputBox-функциясын пайдалану командасының жазылу үлгісі: <айнымалы>:=InputBox (‘<тақырып>’,’<түсініктеме>’,’<мәні>’) мұндағы
айнымалы - мәні функция терезесіне енгізілетін жолдық типті айнымалының атауы. InputBox функциясының мәні әр кезде жолдық (String) типті. Мәні меншіктелетін st айнымалысы бағдарламада st:string түрінде сипатталуы тиіс;
тақырып – енгізу терезесінің тақырыбы ретінде жазылатын мән;
түсініктеме – енгізу терезесінің ішінде жазылатын түсініктеме мәні;
мән – функция терезесі көрінген кезде оның енгізу өрісінде көрінетін мән. Әдетте оны бос етіп қалдыруға болады. Мысалы, бағдарламада n-санын st-ға меншіктеуді InputBox фукциясын пайдаланып, мына түрде жазуға болады:
st: = InputBox(‘натурал сан енгіз’, ‘n=?’, ‘’);
команданың орындалу барысында көрінетін терезе 1-суретте көрсетілген.
1-сурет. Қосымша интерфейсі.
Ал, нәтижені бірнеше қатар жолға шығаратындай етіп, Label1-дің қасиеттерінің көмегімен экранға шығарамыз. Ол үшін Label1-дің WordWap қасиетіне trueмәнін меншіктесе болғаны. Есеп шешімін Form1-дің OnCreate оқиғасында жүзеге асырамыз.
Бағдарлама кодын келтірейік.
procedure TForm1.FormCreate(Sender: TObject);
var s,i,n:integer; st:string;
begin
st:=InputBox('натурал сан енгіз','n=?','');
n:=strtoint(st);
s:=0; i:=2;
while i<=n do begin
s:=s+sqr(i); i:=i+2; end;
Label1.Caption:=st+'-ге дейінгі жұп сандардың квадраттарының қосындысы'+'s='+IntToStr(s);
end;
Өзіндік жұмыс
Берілген n натурал саны және х нақты сандары үшін өрнектің мәнін есептеу программасын құр. Өрнектің мәні цикл операторының көмегімен есептелінеді. Бағдарлама құру барысында циклды ұйымдастыру үшін цикл операторын пайдалану қажет.
Нұсқалар |
Алғашқы мәліметтер |
|
|
Екі таңбалы жұп сандардың көбейтіндісін табатын бағдарлама құру. |
|
|
5-ке бөлінетін үш таңбалы сандардың тізімін экранға шығаратын бағдарлама құру. |
|
|
Кез келген n натурал санының көбейту кестесiн шығаруға программа құр. |
|
|
Натурал n санының жазылуындағы тақ цифрлардың санын есептеңіз. |
|
|
1-ден 100-ге дейінгі сандардың арифметикалық ортасы анықтау
|
Бақылау сұрақтары:
1. Цикл операторларының неше түрі бар?
2. Жалғасу шартымен берілген цикл операторының жалпы жазылу түрі?
3. InputBox функциясының қызметі қандай?
4 InputBox функциясының мәні қандай типті болады?
5. n-санын st-ға меншіктеуді InputBox фукциясын пайдаланып қалай жазуға болады?
Әдебиеттер:
1. А. Я. Архангельский. Delphi 7.
2. М.М. Ерекешова, Т.А.Әмірғалиева Delphi ортасында программалау негіздері
3. Ю.А.Шпак Delphi 7 на примерах
К.З.Халықова Программалау тілдерін оқыту (Delphi)
