Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-7+apta+Otbasu.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.38 Mб
Скачать

4. Мәтінді оқыңыз, мазмұнын түсінуге тырысыңыз.

«Бақытты әйел, бақытты отбасы – бақытты ел» деп ой түйеді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақыт СЫЗДЫҚОВА.

- Бақыт Ахметқызы, Сіз бүгінде ең жас әйел депутатсыз. Билікке келуіңізге себеп қандай ойдан туындады?

Егер шынымды айтсам, мұндай оймен сұрақ қойып отырған сіз бірінші адамсыз. Бұл үшін сізге жеке алғысымды білдіремін. Басты себеп, ол жұмыс істесем деген тілектен әрі айналамдағы барлық адамдар бақытты болса деген тілектен туындады. -Бүгінде не түсіндім деп ойлайсыз? - Мен әлі жаспын. Сондықтан өмірлік тәжірибем аз. Дегенмен, менің өмірім қызыққа толы оқиғаларға бай деп санаймын. Ең бастысы, өмірде адамның өзімен-өзі келісіп, бір үйлесімде өмір сүре алатыны. Адамның жаны тыныш болса, ол адам жақсы жұмыс істей алады. Әрі сенің өз отбасыңда жарасымдылық болса, онда сен еліміздің де мерейі үшін алаңдамай, жақсы қызмет атқарасың. Егер сен өзің бақытты болсаң, онда сен басқа да адамдарды бақытты ете аласың. Адам бойындағы сабырлылық, салмақтылық, жан-кеудеңдегі тыныштық өте маңызды. Бұл әйел баласына тіпті қажет. Өйткені, әйел заты о бастан жан-жағына шуақ шашуға, айналасына қуаныш сыйлауға жаратылған. Әйел жаратылысына үңіліп қарасақ та, неге әйел адамға ана болу бақыты бұйырған? Себебі, әйел махабаттың да, қуаныштың да күш-қуатын жеткізе біледі.

- Әйел адамның мансап пен отбасын қатар алып жүруі біраз қиындық туғызатыны белгілі. Осыған орай Сіздің пікіріңізді білгім келеді.- Әрине,қойып отырған сұрағыңыз өте өзекті. Менің өз пікірім, әйел алдымен өз отбасы бақытының ұйтқысы болуы керек. Барлық жағдайда ойдан шығатындай әйел болуға міндетті. Мансап пен отбасын үйлестіре білу әр әйелдің өзіне байланысты. Әйел болу, жар болу, ана болу – қасиетті міндет.Әйелдер дәл осыны ұмытпаса екен деп ойлаймын. Менің әйелдерге кеңесім, үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Ешқашан жалығып, шаршамай әрбір күннен қызықты, қуанышты оқиға таба білсеңіз. Әр нәрседен қуаныш таба білетін әйел – бақытты әйел. Ал бақытты әйел дегеніміз - ол бақытты бала, бақытты отбасы және бақытты ел деп ойлаймын.

5. Мәтіннің мазмұны бойынша төменде берілген варианттардың дұрысын таңдаңыз.

1. Бұл ... . 2. Бақыт Ахметқызының билікке келу себебі ... .

а) жарнама а) ақша тауып, бай болу

ә) сұхбат ә) туыстарына көмектесу

б) хабарландыру б) еңбек етіп, басқаларға бақыт сыйлау

в) ертегі в) ғылыми жаңалықтар ашу

3. Оның өмірлік қағидасы - ... . 4. Нәтижелі еңбектің нағыз кепілі - ... .

а) ешкімнен қалмау а) отбасының табысы

ә) еш мойымау ә) отбасының мүшелері

б) өзімен үйлесімде болу б) отбасындағы жарасымдылық

в) бәрі жақсы болады в) отбасындағы теңсіздік

5. Отбасының басты ұйытқысы - .. . 6. Жұмыс пен жанұяны өзара ұштастыра білу ... .

а) ер адам а) әйелдің өзіне байланысты

ә) бала ә) ақшаға байланысты

б) әйел адам б) жұмысқа байланысты

в) табыс в) отбасының өзіне байланысты

6. Сұхбат беруші Бақыт Ахметқызының ойын қысқа әрі нұсқа 2-3 сөйлем көлемінде ортаға салыңыз.

Жазылым

Отбасы бақыты және мансап жөнінде Сіз не ойлайсыз? Өз ойыңызды жазыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]