Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-7+apta+Otbasu.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

5. Бұл мәтін қандай мәтін түріне жатады?

а) жарнама ә) әңгіме б) сипаттау

Мәтіннің тақырыбы не немесе мәтінде не туралы айтылады?

__________________________________________________________

Мәтіннің негізгі идеясын айқындаңыз.

__________________________________________________________

6. Мәтінді қайта оқып, мәтін мазмұны негізінде сөйлемдерді аяқтаңыз.

а) Елімізде жастары жиырма тоғызға толмаған ерлі- зайыптылар жұбы______________________________________________________________

ә) Отбасын жаңадан құрғалы жүрген жастарға___________________________ __________________________________________________________________

б) Отбасын құрудың негізгі себептеріне ________________________________

__________________________________________________________________

в) Арнайы мәліметтерге жүгінсек _____________________________________

__________________________________________________________________

г) Тұрмыстың қиыншылықтары, материалдық мұқтаждық пен тұратын үй -жайдың болмауы -

_________________________________________________________________.

7. Мәтіннен мына мағынада жұмсалған сөздерді табыңыз.

ажырасқан __________________________________

дайындық ___________________________________

тұңғыш _____________________________________

басты _______________________________________

керек ету ____________________________________

тұрмыс құру__________________________________

Грамматика

  1. Деп есептелу,

Неге

Кiмге байланысты\ болу,

деп білу,

Не iстеуге тура келу,

атап өтілу,

болып табылу

құрылымдарын қолдана отырып, мәтіннің мазмұны негізінде мына сұрақтарды қалпына келтіріңіз.Өзара сұхбаттасыңыздар.

Қандай отбасы жас отбасы ( деп есептелу) . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ?

Отбасын құрғысы келетін жастарға нені тыңдауға (тура келу) . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ?

Тұрмыс құруға дайындық ретінде мәтінде не (атап өтілу) . . . . . . . . . . . . . . . . .?

Автор жас отбасыларының ара-қатынасын бұзатын не (деп білу) . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ?

Студенттік отбасыларындағы ең басты мәселе не (болып табылу) . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ?

Жас отбасыларының қиындықты жеңе білулері негізінен неге (байланысты\ болу) . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ?

2 cабақ

Тақырып: Отбасын құру дайындығы

Лексика: отбасы өмірі, адамдар арасындағы қарым-қатынас, отбасын құру, жар таңдау, неке туралы түсінік, отбасы өміріне дайындық, кеңес беру;

Грамматика: себеп-салдар үстеуі

Тыңдалым: Мәтін «Жастарды отбасы өміріне дайындаудың психологиялық аспектiлері»

Тілдесім: Отбасы өміріне дайындалу жөнінде Сіздің ұсыныстарыңыз.

Тыңдалым

1. Мәтінді мұқият тыңдап, мазмұнын түсінуге тырысыңыз.

2. Мәтінде кездескен мына сөздерді бір- бірімен сәйкестендіріңіз.

A

адамдар

1

кеңес беру

Ә

отбасын

2

неке

Б

өмірлік жарды

3

шешу

В

азаматтық

4

қарым- қатынасы

Г

мәселелерді

5

құру

F

психологиялық

6

таңдау

3. Мәтінді тағы бір рет тыңдап,төменде берілген сөйлемдер арасынан мәтіннен естігеніңізді ғана таңдаңыз.

а) Отбасы дегенімізде бәрімізге ата - ана мен бала- шаға туралы ойлар келеді.

ә) Жас отбасыларына арнайы жәрдемақылар төленеді.

б) Неке туралы түсінік жеткілікті болмағандықтан, ажырасулар көбеюде.

в) Отбасы- адамдар арасындағы қарым- қатынастың алғашқы түрі.

г) Аристотельдің ойынша, отбасын құру жауапкершілігі ер адамдарға жүктеледі.

ғ) Жас адамның отбасын құруға психологиялық жағынан дайын болуы өте маңызды.

Тілдесім

Отбасы өміріне дайындалу жөнінде Сіз қандай ұсыныс айтар едіңіз?

Өз пікіріңізді тыңдалған мәтін мазмұнымен байланыстыруға тырысыңыз. Тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз.

Грамматика

Босқа = бекерге = жоққа = құр босқа

лажсыздан = амалсыздан = шарасыздан

Себеп-салдар үстеуі Hе себепті? Неге? Қалай? деген сұрақтарға жауап береді.

4. Қажетті себеп- салдар үстеуін қолданып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

Бұрынырақта бір-бірін сүймесе де, ата-аналарының қалауымен кейбір жастар _________________отбасын құруға мәжбүр болған.

Тұрақты жұмысы, тұратын үйі жоқ, қолда жас бала, осындай тығырыққа тірелген Iңкәр ________________________жасы өзінен көп үлкен кісіге тұрмысқа шығады.

Ануар оған адамдар арасындағы қарым-қатынастың өте маңызды екендігін түсіндірем деп ________________________әуре болған екен.

Сонда оның бар уақыты __________________кеткені ме?

3 –Сабақ

Тақырып: Жаңа өмірге жақсы ақыл-кеңестер

Лексика: ақыл-кеңес беру, екі жастың қалауы, бір-бірін түсіну,қиынға соғу,азаматтық неке,өмірлік жар,мәселелерді шешу жолдары,ажырасу, мемлекет;

Тілдесім: «Отбасын құру үшін неге көңіл бөлу керек?» тақырыбына сұхбат,сауалнама

Жазылым: Отбасын құрайын деп жүрген жастарға ақыл- кеңестер

Грамматика: Табыс септігіндегі есімше

Тілдесім

1. Сіз «Неке және отбасы» департаментінде психолог болып жұмыс істейсіз.Жастар арасында «Отбасын құру үшін неге көңіл бөлу керек?» тақырыбына сұхбат,сауалнама жүргізіңіз.

Жазылым

2.Отбасын құрайын деп жүрген жастарға өз ақыл- кеңестеріңізді жазыңыз.

( 6-7сөйлем)

Грамматика

3. Сөйлемдерді оқып, табыс септігінде тұрған есімшенің астын сызыңыз.

а) Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, нағашысы оның сұрағанын беріп, көңілін жықпауға тырысқан.

ә) Баланы тәрбиелеу мақсатында ата-ана өздерінің өмірде көргендерін, тұрмыста түйгендерін ұрпағына жеткізіп отырған.

б) Үлкенді сыйламағанды қазақ халқы «көргенсіз, тәрбие көрмеген» - деп ғайбаттаған.

в) Өзіңе жамандық жасағанды емес, жақсылық жасағанды ұмытпа.

г) Болар бала үлкеннің айтқанын құлағына құйып, көңіліне түйіп отырған.

ғ) Ербол үйде отырғандарды көзімен бір шолып өтті.

д) Ол - өзі ұшарын жел, қонарын сай білмейтін, берекесіз адам.

4 – Сабақ

Тақырып: Отбасы және мансап

Лексика: отбасы мен жұмысты үйлестіре білу, отбасын асырау, отбасын құру бақыты, бақытты түсіну, белгілі бір міндеттер, қамтамасыз ету, нұқcан келтірмеу, кәсіби табысқа қол жеткізу, көңіл бөлу, алшақтау, ақша табу, жалғызбасты;

Оқылым: Мәтін «Отбасы мен жұмысты үйлестіре білу»

Тілдесім: Отбасын асырау мәселесі

Әріптесіңізден сұраңыз.

Отбасын асырау оңай ма? Отбасын асырау үлкен жауапкершілік пе? Отбасы мен жұмысты тең үйлестіру мүмкін бе? Біздің уақытымыз неге аз? Жақындарымызға тиісті көңіл бөлеміз бе?

Оқылым

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]