Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-7+apta+Otbasu.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.38 Mб
Скачать

1. Мәтінді оқыңыз, мазмұнын түсінуге тырысыңыз. Отбасы мен жұмысты үйлестіре білу

Бойдақ, үйленген немесе ажырасқан болайық, біздің бәріміздің отбасымыз бар. Тіпті әйеліміз, бала-шағамыз жоқ болса да, ата-ана, аға-іні, әпке-қарындас, сіңлілеріміз, басқа да туған-туысқандарымыздың алдында біздің белгілі бір міндеттеріміз бар. Әрине, жалғызбасты анаға қарағанда, үйленбеген, ата-анасы көмекке мұқтаж емес жас жігітке әлдеқайда оңайырақ. Бірақ бұлардың екеуінің де алдында белгілі бір міндеттемелер бар.

Біздің әрқайсымыздың алдымызда тұрған ең үлкен сынақтардың яки шешуге тиісті мәселелердің бірі — жұмыстағы талаптар мен отбасының мұқтаждықтарын үйлестіре білу. Отбасын және өз басымызды жақсы қамтамасыз ету үшін ақша табу міндеті бізге қысым жасауы мүмкін. Немесе бізді өз ісімізде күрделі, ешкім шешіп көрмеген мәселелерді қарастырып, соларды шешу қызықтыратын шығар. Немесе зор кәсіби табысқа қол жеткізуден рақаттанатын шығармыз. Жұмыстағы және үйдегі міндеттерді қалайша ешқайсысына да нұқсан келтірмей ұштастыра аламыз? 

Біз өз отбасымызды асырауға міндет екенімізді ешқашан ұмытпауымыз керек. Жұмыс қиын немесе жағымсыз болғандықтан ғана біз одан бас тарта алмаймыз. Жұмыс істеудің басты себептерінің бірі — отбасын асырау. Алайда егер адам байлық жинап, дүниені көбірек пайдаланғысы, яки судай сапырғысы келетін болса, ол көбірек жұмыс істей бастайды. Бұны "ол өз отбасысына жағдай жасағысы келеді ғой" деп түсінуге тырысуға да болады. Адам жұмысты көп істеген сайын отбасы мен достарына көңілін азырақ бөле бастайды. Жиған-тергенінің рақатын көруге де уақыты жетіспейді. Міне, үйді жөндеу керек. Жаңа киім сатып алу керек. Үйту керек, бүйту керек. Осылай біз өзіміздің отбасымыздағылардан алшақтап кеткенімізді де байқамай қалуымыз мүмкін. Ал осының бәрі басында солар үшін істелген емес пе еді? Бірақ одан да қауіптісі — жұмысқа шамадан тыс беріліп кету бізді өмірден, жалпы жақындарымыздан алшақтатып жібере алады. Ондай адамның жан дүниесі біртіндеп қатігездене келе, ақыр соңында жалғыз қалатын жағдайға жетеді. Сондықтан, жұмысыңызды да басқасын да өзара үйлестіре білген жөн.

2. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестеріне мәтіннен мағыналастарын табыңыз.

туған –туыстар ____________________________________________________

баласын бір өзі ғана асырайтын әйел __________________________________

отбасын құрмаған адам ______________________________________________

сын __________________________________________________

отбасын асырау_________________________________________

ләззәт алу______________________________________________

алыстау, алыстату________________________________________

өзара жарастыру_________________________________________

3. Мәтінді толықтырыңыз.Жоғарыдағы тапсырмада табылған сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз.

Біздің әрқайсымыздың туыстарымыз бар. Олар біздің _________________

__________________________________. Олардың алдында біздің міндеттеріміз бар. Әрине,__________________________________ әлдeқайда жеңіл. Қазіргі заманда ажырасудың салдарынан немесе басқа да себептерден

__________________________ көбейіп отыр.

Кейбіреулер ақша табудың жолына түсіп, өз жақындарынан ________

кетеді. Олар жұмыстан мүмкін _______________ _____________ шығар. Әрі жұмыс істеу, әрі _________________________ оңай шаруа емес. Бұл адам үшін бір _____________секілді. Дегенмен, үйдегі және жұмыстағы міндеттерді ешқайсысына нұқcан келтірмей __________

___________________ білген жөн.

4. Сонымен, отбасы мен жұмысты өзара үйлестіру әбден мүмкін бе жоқ әлде Сіздің қарсы пікіріңіз бар ма? Осы көтерілген мәселе төңірегінде Сізде қандай ой туындады? Тақырыпқа байланысты сөздік қорды қолдана отырып, пікіріңізді дәлелдеңіз.

5 – Сабақ

Тақырып: Отбасын құру бақыты

Лексика: жар, бала сүю бақыты, мансап, әйел бақыты, басқаға бақыт, қуаныш сыйлау ,көңіл-күй, отбасы мен мансапты қатар алып жүру, қасиетті міндет, билік;

Тыңдалым: Мәтін «Бақыт деген не өзі?»

Тілдесім: «Отбасы бақытын қалай түсінем?»

Оқылым: Мәтін: «Бақытты әйел, бақытты отбасы – бақытты ел»

Жазылым: «Отбасы және мансап» Эссе

Тыңдалым

1 Төмендегі сөздерге көңіл бөліңіз.Әрқайсысының мағынасына мән беріп, өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.

  • барлық

  • мансап

  • жұрттан ерек болу

  • жүйрік міну

  • қарыны тоқ

  • күйбең (күйбеңмен ісі болмау)

  • перзент сүю

2. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мазмұнын түсінуге тырысыңыз.

3. Мәтінді тағы бір рет тыңдап, мына сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Бақытты адам баласы қайдан іздейді?

  • Бақыт туралы мәтінде неше пікір айтылды? (Әр пікірге тоқталып,атап өтіңіз)

  • Отбасын құру бақыты жөнінде не түсіндіңіз?

Тілдесім

Отбасы бақыты,перзент сүю бақыты жөнінде Сізде қандай ой туындады? Өз ойыңызды ортаға салыңыз.

Оқылым

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]