
- •Тақырып: Қандай отбасын құрғыңыз келеді?
- •Отбасы – отанымыздың ошағы
- •4. Мәтінді оқыңыз, мазмұнын түсінуге тырысыңыз. Жас отбасы
- •5. Бұл мәтін қандай мәтін түріне жатады?
- •6. Мәтінді қайта оқып, мәтін мазмұны негізінде сөйлемдерді аяқтаңыз.
- •7. Мәтіннен мына мағынада жұмсалған сөздерді табыңыз.
- •Деп есептелу,
- •Тыңдалым
- •1. Мәтінді оқыңыз, мазмұнын түсінуге тырысыңыз. Отбасы мен жұмысты үйлестіре білу
- •4. Мәтінді оқыңыз, мазмұнын түсінуге тырысыңыз.
Тақырып: Қандай отбасын құрғыңыз келеді?
1 – Сабақ
Лексика: отбасы, отбасы мүшелері, отбасы бақыты, отбасын құру, толық (толық емес) отбасы, жас отбасы, неке, отбасын мақтан ету, өзара сыйластық, жауапкершілік;
Грамматика: деп есептеледі, деп біледі, байланысты болу, болып табылады, деп саналады құрылымдары
Оқылым: Мәтін «Жас отбасы»
Тыңдалым: Мәтін «Жастарды отбасы өміріне дайындаудың психологиялық аспектiлері»
1.Төмендегі суреттерге ортақ тақырыпты табыңыз.
Отбасы – отанымыздың ошағы
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім – адамның жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншілігінен басталады.
Н.Ә.Назарбаев
2.Отбасы, ата-ана, туған-туысқан туралы мақал-мәтелдер, қанатты сөздер атаңыз.
3.Отбасы қандай болуы мүмкін? Сызбаны пайдаланыңыз.
Үлгі: үлкен отбасы;
___________________
____________________
отбасы
____________________
____________________
4. Мәтінді оқыңыз, мазмұнын түсінуге тырысыңыз. Жас отбасы
Қазақстанда жасы 29 жасқа толмаған ерлі-зайыптылар жұбы жас отбасы болып саналады. Сонымен қатар 29 жасқа толмаған оның ішінде айырылысқан не жесір қалған ата-аналардың біреуі баланы жалғыз тәрбиелеcе, бұл отбасы толық емес отбасы болып саналады. Әдетте, берік материалдық іргетассыз отбасын құрайын деп жатқан жас адамдарға көп дәйекті ескертулерді тыңдауға тура келеді. Бірақ бұған қарамастан, жас жұбайлардың материалдық жағынан қамтамасыз етілгендігін міндетті деп санайтындарға қарағанда, жас отбасын құруда рационалды дәйектер басым болады. Мұндай мақұлдаудың дәлелі ретінде жастардың бір-біріне деген махаббаты мен шын, адал сезімдерін келтіруге болады. Тұрмыс құруға мотивациялық даярлық әбден қажет. Отбасын құрудың басты себебі ретінде махаббат, дербестікке даярлық, құрылайын деп жатқан отбасына жауапкершілік сезімі мен балалы болуға және оны тәрбиелеуге даярлықты атап өтуге болады.
Көптеген отбасылар махаббат негізінде құрылатынын естен шығармауымыз тиіс. Социологтардың мәліметтеріне сүйенсек, мұндай отбасылардың саны шамамен 70-75% құрайды. Шын, құштарлық сезімсіз «ақыл бойынша» 15-20% отбасылар жастар арасында құрылады. Шамамен 5-10% отбасылар әл-ауқатты құндылықтар бойынша құрылады. (яғни болашақ ерлі-зайыптылардың біреуі әл-ауқатты – жақсы жабдықталған пәтер, жоғары еңбекақы, автомобиль және т.б. ие болғанда ).
Студенттік отбасы деп ерлі-зайыптылардың екеуі де студент болып табылатын отбасын айтамыз. Мұндай жас отбасында ерлі-зайыптылардың жасы 25-тен, ал отбасылық стажы 5 жылдан аспайды. Жастардың жалпы көзқарастарының байланыстылығына, қызығушылықтарына, жалпы мақсаттары мен дүниеге деген көзқарастарына қарамастан, олардың көпшілігі отбасылық өмірдің алғашқы сәттерінен бастап ажырасуға әкеп соқтыратын мәселелерімен қақтығысады. Әл-ауқаттың жағдайсыздығы, тұрақсыз табыс, бөлек баспананың болмауы - мұның бәрі жас отбасылардың ішінде ара-қатынастардың бұзылуын тудыратын себептер. Бірақ жас студенттік отбасылардағы ең маңызды мәселе – дүниеге баланың келуі болып табылады. Себебі оқып жүріп бала тәрбиелеуді тұрмыс және отбасы мәселелерін шешумен бірге қиыстыру үлкен өмірлік тәжірибе мен шыдамдылықты қажет етеді. Жас отбасының барлық қиындықтарды жеңудегі жетістігі мен бұдан былайғы тіршілігі негізінен мемлекеттің демеуі мен ықыласына байланысты болады.