Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРС ДГУ (2).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
152.31 Кб
Скачать

Қарағанды облысының 2012 жылдың қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы

Өнеркәсіптік өндірістің көлемі қаңтар – сәуірде 420,0 млрд. теңгені құрады. Ауыл шаруашылығында 16,8 млрд. теңге көлемінде жалпы өнім өндірілген, өсім 2,1%. Негізгі капиталға инвестициялар 60,4 млрд. теңгені құрады және 10,5% ұлғайды. 104,8 мың кв. метр тұрғын үй енгізілді, бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңінен 19,4% артық. Шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны 24,3%, өнімді өндіру – 3,2%, жұмыспен қамтылғандар саны – 5,8% ұлғайды. Мемлекеттік бюджетке 85,2 млрд. теңгеге салықтар және өзге міндетті төлемдер немесе болжамға 107,3%, республикалық бюджетке – 59,2 млрд. теңге (107,6%), жергілікті бюджетке – 26 млрд. теңге (106,8%) түсті.  Әлеуметтік сала. Жұмысқа орналастыру қызметі арқылы 7007 адам жұмыспен қамтылды. Қоғамдық жұмыстарға 3975 адам жіберілді. Анықталған жұмыссыздық деңгейі – 0,7%. Облыс экономикасында жаңа өндірістерді ашу есебінен 1786 жаңа жұмыс орындары құрылды.  Жан басына шаққандағы орташа ақшалай табыстар 15,4% ұлғайды және 2012 жылдың наурызында 54747 теңгені құрады.  Орташа айлық еңбекақы 2012 жылдың қаңтар-мамырында 84115 теңгені құрады, ол 2011 жылдың көрсеткішінен 20,3% жоғары.

Аймақтардың артта қалуының объективті себептері

Оңтүстік Қазақстан облысы:

  • халық санының көптігіне байланысты жұмыссыздықтың орын алуы;

  • экологиялық климат;

  • бензин өндіру, құрылыс саласының кеміп кетуі;

  • тұтыну бағалар индексіндегі алшақтық;

  • әлеуметтік қамсыздандырылудың төмендігі;

  • Жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауы және т.б

Батыс Қазақстан:

  • Өндірістің төмендеуі (ғымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында «Қарашығанақ өңдеу кешеніндегі көмірсутегі шикізатын терең тұрақтандыру және тазарту қондырғысы» Қарашығанақ өңдеу кешенінде жобалық жөндеу жұмыстарын өткізу үшін тоқтатылғанына байланысты)

  • Орал құс фабрикасында мекиен тауықтардың ауыстырылуына байланысты жұмыртқа өндірісі азайды;

Шығыс Қазақстан:

  • Өндірістің негізгі салаларының тек түсті металлургия мен өнеркәсіпке бағытталуы

Солтүстік Қазақстан:

  • Кедейшiлiк деңгейi 2,5 пайызды құрады;

  • Кедендiк одаққа мүше мемлекеттерiмен облыстың өзара сауда-саттық көлемi 390,8 млн. АҚШ долларын құрады және 2012 жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда 10,8 пайызға қысқаруы байқалады;

Қарағанды облысы:

  • Өнеркәсіптің тек ауыр металлургияға бағытталуы және т.б

Жоғарыда қарастырылған аймақтардың кемшіліктері, олардың өз кезегінде сәл де болса артта қалып қоюларына ықпал етуде деп есептейміз. Сондықтан да бұл аймақтардың кемшіл тұстарын қалпына келтіру өте маңызды жұмыс болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.http://kk.wikipedia.org

2.http://www.ontustik.gov.kz/

3.http://www.western.isd.kz/page.php?lang=3&page_id=306

4.http://www.akimvko.gov.kz/kz/ekonomika

5.http://kz.sko.kz/

6. http://www.karaganda-region.kz/kaz/soceconom_2_1/