Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРС ДГУ (2).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
152.31 Кб
Скачать

Солтүстiк Қазақстан облысының 2013 жылғы қаңтар–тамыз айындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

Өнеркәсiп. 2013 жылдың қаңтар–тамыз айы бойынша облыстың өндiрiстiк кәсiпорындары қолданылып жүрген бағалармен 93 679,3 млн.теңгеге өнiм өндiрдi, бұл 2012 жылғы қаңтар–тамыз деңгейiнен 4,8% жоғары. Өнеркәсiп өндiрiсi құрылымында барынша үлес алатын (74,7 пайыз) өңдеу өнеркәсiбiнде 2013 жылдың қаңтар–тамызда 69 986,1 млн.теңгеге өнiм өндiрiлдi немесе 2012 жылдың қаңтар–тамыздан 5,0% жоғары.

Ауыл шаруашылығы. 2013 жылдың қаңтар–тамыз айы бойынша облыста ауыл шаруашылық өнiмiнiң жалпы көлемi 67 302,8 млн. теңгенi, нақты көлем индексi 2012 жылдың қаңтар–тамыз деңгейiнен 103,9% құрайды.

Үстiмiздегi жылы барлық егiн егу алаңы 4,4 млн. га құрады, соның iшiнде дәндi дақылдар — 3,6 млн. га. Жаңа ресурсты үнемдеушi технологияларымен дәндi дақылдарды өсiру 3,45 млн. га астам алаңға игерiлдi. Облыста өсiмдiк шаруашылығын әртараптандыру бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргiзiлуде, ол бәсекеге қабiлеттi және экспортқа бағытталған мәдениетке бағытталған. Үстiмiздегi жылы май дақылдары 55,6 мың га, жем-шөп — 68,5 мың га ұлғайған.

Кәсiпкерлiк. Облыста 2013 жылдың 1 қыркүйекте рынокта белсендi жұмыс iстейтiндердiң шағын және орта кәсiпкерлiк субьектiлер саны 21 881 бiрлiк. Шағын және орта кәсiпкерлiк саласында белсендi жұмыспен қамтылғандар саны 98 244 адамды құрды, бұл 2012 жылдың сәйкес датасы деңгейiнен 1,6 пайызға жоғары.Барлық шағын және орта кәсiпкерлiк субьектiлерiмен 2013 жылдың қаңтар–тамызда 165,1 млрд.тенгеге өнiм шығарылды, бұл 2012 жылдың қаңтар–тамыз деңгейiнен 0,2 пайыз жоғарлауымен.

Инфляция. Облыста 2013 жылғы қаңтар-тамыз айларында тауарлар мен қызметтердiң бағасы 2,3% құрады, бұл орташа республикалық деңгейден 0,8% төмен.

Әлеуметтiк қорғау. 2013 жылғы 1 қыркүйекке өкiлеттi органдарда тiркелген жұмыссыздар саны өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда 5,3 пайызға азайып 1624 адамды құрады. Тiркелген жұмыссыздар үлесi экономикалық белсендi халықтың 0,5 пайызын құрады, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңiне сәйкес келедi. 2013 жылғы 1 қыркүйектегi 10151 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 21147 жұмыссызға жұмысқа орналасыға жәрдем көрсетiледi. Қоғамдық жұмыстарға 3753 адам жiберiлдi.

Тұрмысы нашар азаматтар саны 14321 адамды құрайды. Кедейшiлiк деңгейi 2,5 пайызды құрады.

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ана мәлiмет бойынша 2013 жылғы қаңтар–шiлдедағы облыстың сыртқы сауда айналымы (РФ және БР тауар айналымын есепке алмағанда) 152,4 млн. АҚШ долларын құрады

Солтүстiк Қазақстан облысы статистика департаментiнiң алдын ала мәлiметтерi бойынша 2013 жылғы қаңтар — маусымдағы Кедендiк одаққа мүше мемлекеттерiмен облыстың өзара сауда-саттық көлемi 390,8 млн. АҚШ долларын құрады және 2012 жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда 10,8 пайызға қысқарды. Бұл ретте, экспорт — 32,0 млн. АҚШ доллары, импорт — 358,8 млн. АҚШ доллары.

Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп саласындағы ынтымақтастық. 2013 жылы Солтүстiк Қазақстан облысының шаруашылық субъектiлерi шекара маңылық өңiрлерiнiң ресейлiк компанияларымен өз өнiмдерiн жеткiзу бойынша, сондай-ақ олардан өндiрiсте пайдаланылатын шикiзат, материал және жинақтаушы бұйымдарды сатып алу бойынша ынтымақтастық жалғасуда.

«Қазмұнайгазмаш» АҚ «Корвет» АҚ» ААҚ-мен (Қорған қ.) жинақтаушы бұйымдар жеткiзу және мұнай мен газды тасымалдауға арналған ұңғыма аузы мен құбыржол арматурасы жабдықтарын бiрлесе өндiру бойынша ынтымақтастық жасайды. 2013 жылға «Корвет» АҚ» ААҚ-мен жасалған шарт мерзiмi ұзартылды, қаңтар-тамыздағы 61,0 млн. теңгенiң өнiмi тиелдi.

«Блок» ЖШС «Раскомплект» ЖШБ-мен (Омбы қ.) электр оқшаулау материалдарының экспорттық жеткiзiлiмiне сомасы 250 млн. теңгенiң шарты жасалды, ү.ж. қаңтар-тамыздағы 28,5 млн. теңгенiң өнiмi тиелдi. «Блок» ЖШС 2013 жылға «ТМХС» СҮ-мен электр оқшаулау материалдарының экспорттық жеткiзiлiмiне шарт жасады, шарт мерзiмi ұзартылды тамыздағы 76,2 млн. теңгенiң өнiмi тиелдi.

«Изолит» ЖШС 2013 жылға «Электромаш» ААҚ (г.Москва) электр оқшаулау материалдарының экспорттық жеткiзiлiмiне сомасы 120 млн. теңгенiң шарты жасалды, ү.ж. қаңтар–тамыздағы 15,0 млн. теңгенiң өнiмi тиелдi.