
- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
- •Алматы 2013ж. Оңтүстік Қазақстан облысының 2012 жылдың қаңтар-қазан айларының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындысы
- •Батыс Қазақстан облысының 2013 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
- •Шығыс Қазақстан облысының 2013 жылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша ақпарат
- •Солтүстiк Қазақстан облысының 2013 жылғы қаңтар–тамыз айындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама
- •Қарағанды облысының 2012 жылдың қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы
- •Аймақтардың артта қалуының объективті себептері
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Шығыс Қазақстан облысының 2013 жылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша ақпарат
Өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемі 572,3 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті деңгейінен 7,3 % жоғары, табиғи көлем индексі 104,5% құрады, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 2,6 пайыздық тармаққа жоғары.Тау кен өнеркәсібінде 51,5 млрд. теңгенің өнімі шығарылды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 22,9% артық. Табиғи көлем индексі 120,3 % құрады, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 17,7 пайыздық тармаққа төмен.Өндеу өнеркәсібінде шығарылған өнімнің көлемі 473,8 млрд. теңгеге жетті, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 5,5 % артық, табиғи көлем индексі 104,4 %, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 3,1 пайыздық тармаққа жоғары. (Табиғи көлем индексі өткен жылдың қаңтар-шілдеде 135,9% құрады).
Шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 3,7 % өсіммен 66,1 мың бірлікті құрады. Шағын және орта бизнес субъектілерінің шығарған өнім көлемі 265,8 млрд. теңгені немесе 2012 жылдың сәйкес кезеңіне 107,5 % құрады. Аталған салада жұмыспен қамтылғандар саны 4 %-ға ұлғайды және 230,9 мың адамды құрады.Шағын бизнесте тіркелген кәсіпорындар саны 4,1% (13150 бірл.) артқан кезде белсенді кәсіпорындар саны 4475 бірлікті құрады. Бизнес субъектілерінің аталған санаты бойынша есепте кезеңде 2012 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 12,9% төмендеу байқалады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі облыс бойынша 95 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас көлемінен 25,1 % артық.Табиғи көлем индексі – 104,1 %, бұл өткен жылдың деңгейінен 2,3 пайыздық тармаққа жоғары.
Негізгі капиталға инвестиция көлемі 2012 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 1,2 есе өсіммен 114,2 млрд. теңгені құрады. Табиғи көлем индексі 119,0 %, бұл республикалық көрсеткіштен 11,9 пайыздық тармаққа жоғары. Құрылыс жұмыстарының көлемі 26,6% өсіммен 62,2 млрд. теңге, табиғи көлем индексі – 126,9%, бұл республикалық көрсеткіштен 25,1 пайыздық тармаққа жоғары. Бөлшек тауар айналымының көлемі 247 млрд. теңгені құрады. Табиғи көлем индексі 109,8 % құрады.
Тұтыну бағаларының индексі облыс бойынша 2013 жылғы қаңтар-шілдеде 2012 жылғы желтоқсанға қарағанда 102,4 % құрады, 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,9 пайыздық тармаққа төмен.
Мемлекеттік бюджетке түсімдер 91,3 млрд. теңге құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 7,2% төмендеген. Облыс бюджетіне меншікті кірістер бойынша 39,3 млрд. теңге түсті. болжам барлық өңірлерде орындалды, жоспардан тыс 1,3 млрд.теңге түсті, 2012 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда өсім қарқыны – 14,7%. Тұрғындардың 2013 жылғы маусымдағы орташа жан басына шаққандағы номиналды кірістері 51,4 мың теңге немесе 7,7%-ға өскен. Тұрғындардың табыстарының ұлғаюына негізінен орташа айлық номиналды жалақы деңгейінің өсуі ықпал етті. Мысалы қаңтар-маусымда облыс бойынша орташа айлық жалақы 86501 теңге құрады, өсім қарқыны 107,5%.
Әлеуметтік салада өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жұмыссыздар санының 824 адамға азайғаны байқалады, ресми тіркелген жұмыссыздардың саны 15,2% төмендеп және 4,6 мың адамды құрады, мемлекеттік атаулы көмек алушылар – 34,8%, тұрғын үй көмегін алушылар – 5,5%, балалар жәрдемақысын алушылар – 14,0% азайды. 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 96,1% құрады.