- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
- •Алматы 2013ж. Оңтүстік Қазақстан облысының 2012 жылдың қаңтар-қазан айларының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындысы
- •Батыс Қазақстан облысының 2013 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
- •Шығыс Қазақстан облысының 2013 жылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша ақпарат
- •Солтүстiк Қазақстан облысының 2013 жылғы қаңтар–тамыз айындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама
- •Қарағанды облысының 2012 жылдың қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы
- •Аймақтардың артта қалуының объективті себептері
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Батыс Қазақстан облысының 2013 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімдері 1071,6 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі 99,3% құрады, оның ішінде:
тау-кен өндірісі саласында – 958,4 млрд. теңге, 96,8%;
өңдеу саласында – 89,7 млрд. теңге, 130,6%;
электрмен қамту, бу, газ беру және ауамен баптау саласында – 19,7 млрд. теңге, 101,6%;
сумен қамту, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау саласында – 3,8 млрд. теңге, 101,5%.
Газ өндіру көлемі 12580,1 млн. текше метр құрады, бұл 2012 жылғы тиісті кезең деңгейінен 2,1%-ға аз, газ конденсаты – 8018,2 мың тонна (5,1%-ға аз). Өндірістің төмендеуі, ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында «Қарашығанақ өңдеу кешеніндегі көмірсутегі шикізатын терең тұрақтандыру және тазарту қондырғысы» Қарашығанақ өңдеу кешенінде жобалық жөндеу жұмыстарын өткізу үшін тоқтатылғанына байланысты.
Индустрияландыру картасы аясында 44 жұмыс орнын құрумен 592,4 млн.теңгенің поливинилхлоридтен бейін шығаруды ұйымдастыру жөніндегі жоба жүзеге асырылды. 162 жұмыс орнын құрумен 1609,4 млн. теңгеге 3 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда:
«Шойыннан жасалған бұйымдар шығару жөніндегі қолданыстағы қуаттарды жаңғырту»;
«Цементті-жаңқа плиталарын шығару жөніндегі цехтың құрылысы»;
«Диаметрі 1600 мм дейін полиэтилен құбырларын өндіру».
Инвестициялар. Негізгі капиталға инвестициялар 110,1 млрд. теңге құрады, бұл 2012 жылғы тиісті кезең деңгейінен 16,2%-ға көп.
Шетелдік инвестициялар 47,8 млрд. теңге құрады, бұл 2012 жылғы тиісті кезеңінен 37,2%-ға көп.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 44,5 млрд. теңге немесе 2012 жылдың тиісті кезең деңгейіне 100,8% құрады. Облыс шаруашылықтарының барлық санаттарында 43,5 мың тонна ет (тірі салмағында) өндірілді немесе 2012 жылдың тиісті кезең деңгейіне 99,7% құрады, сүт – 163,2 мың тонна (99,8%), жұмыртқа – 92,3 млн. дана (97,3%). Ет өндірісінің төмендеуі осы мерзімде етті сатып алуға қалыптасқан бағаның төмендеуінен сойылатын мал санының азаюымен байланысты. Сүт өндірісінің төмендеуі тұрғындар шаруашылығында сиыр малының 6,1%-ға азаюына байланысты. Орал құс фабрикасында мекиен тауықтардың ауыстырылуына байланысты жұмыртқа өндірісі азайды.
2013 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда шаруашылықтың барлық санаттарында ірі мүйізді қара мал саны 6,7%-ға (соның ішінде сиыр – 11,9%-ға), қой – 7,6%-ға, ешкі – 0,1%-ға, жылқы – 15,9%-ға, шошқа – 15,0%-ға көбейді.
Тауар айналымы. Бөлшек тауар айналымының көлемі 108,6 млрд. теңге, 2012 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 123,9% құрады.
Бағалар. Инфляцияның жалпы деңгейі 105,6% құрады (республикалық көрсеткіш – 103,1%). Азық-түлік тауарларының бағасы 1,3%-ға өсті, бұл республикалық көрсеткіш деңгейінен 0,4 пайыздық пунктке төмен. Азық-түлік емес тауарларының бағасы 1,2%-ға өсті (республикалық көрсеткіш – 1,6-ға), бұл киім және аяқ киім бағасы – 1,3%-ға, фармацевтикалық өнімдер - 1,8%-ға, шыны және қыш бұйымдары – 3%-ға, кеңсе тауарлары 7,8%-ға, дизель отыны 7,3%-ға қымбаттауымен байланысты. Бензин 1,2%-ға арзандады. Ақылы қызметтердің тарифтері мен бағалары 15,8%-ға өсті
Шағын және орта бизнес. 2013 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 26,0 мың шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектісі жұмыс істейді немесе 2012 жылдың тиісті деңгейіне 102,0%. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндер саны 91,4 мың адамды құрады, бұл 2012 жылғы тиісті деңгейден 8,5%-ға көп. Шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерімен 203,9 млрд. теңгеге тауар (жұмыс, қызмет) өндірілді, бұл 2012 жылғы қаңтар-тамыздан 1,8%-ға көп.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен индустриялық инфрақұрылымды дамытуға 1107,3 млн. теңге, жекеменшік кәсіпкерлікті қолдауға 1362,6 млн. теңге көлемінде нысаналы трансферттер бөлінді. Сонымен қатар, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуге 1075,0 млн. теңге, Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасына қатысушыларды кәсіпкерлікке оқытуға 28,9 млн. теңге бөлінді. 2013 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша облыстың шағын несие ұйымдарымен 508,3 млн. теңгеге 303 шағын несие берілді.
Қаржылар. Мемлекеттік бюджетке 204,9 млрд. теңге түсті (болжамға 91,1%), бұл 2012 жылғы қаңтар-тамыздан 22,9%-ға көп. Республикалық бюджетке түсімдер 172,0 млрд. теңгені құрады (болжамға 90,8%), бұл 2012 жылдың тиісті кезеңінен 24,2%-ға көп.
Еңбек нарығы. 2013 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жұмыспен қамту қызметінде 2990 адам есепте тұр, экономикалық тұрғыдағы белсенді халыққа тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,9% құрады, бұл 2012 жылдың сәйкесінше кезеңінің деңгейінде. 2013 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 9075 жұмыс орны құрылды. 2013 жылғы қаңтар-тамызда орташа айлық еңбекақы 95937 теңге құрады, бұл 2012 жылғы қаңтар-тамыздан 7,9%-ға көп.
