
- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
- •Алматы 2013ж. Оңтүстік Қазақстан облысының 2012 жылдың қаңтар-қазан айларының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындысы
- •Батыс Қазақстан облысының 2013 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
- •Шығыс Қазақстан облысының 2013 жылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша ақпарат
- •Солтүстiк Қазақстан облысының 2013 жылғы қаңтар–тамыз айындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама
- •Қарағанды облысының 2012 жылдың қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы
- •Аймақтардың артта қалуының объективті себептері
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
СӨЖ
Тақырыбы : Аймақтардың қазiргi әлеуметтiк-экономикалық жағдайлары мен олардың артта қалуының объективтi себептерiне талдау
Тексерген : Асқаров Ғ.А
Орындағандар: Бокаева М., Зиядинова Ә.
Алматы 2013ж. Оңтүстік Қазақстан облысының 2012 жылдың қаңтар-қазан айларының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындысы
Өнеркәсіп. 2012 жылдың қаңтар-қазанында облыста 356,4 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2011 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне–101,7%құрады. Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 23,9% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі – 9,7% артып, 85,1 млрд. теңгені құрады. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 28,4 млрд. теңгені, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 105,9% құрады. Аса маңызды өнімдердің ішінде мақта талшығы – 26,3% (57,9 мың тонна), мақта иірімжібі – 42,0% (3946 тонна), мақта маталары – 26,8% (19,5 млн. шаршы метр), керосин өндіру – 18,1% (өндірілгені 222,8 мың тонна), портландцемент – 22,2% (1517,3 мың тонна), электр энергиясы – 7,8% (1183,8 млн. кВт/сағ) өсті. Сонымен қатар, бензин өндіру – 1,1% (868,3 мың тонна), құрылыс кірпіштері – 16,8% (94,5 мың м3), бетон – 30,1% (484,1 мың тонна) кеміді.
Сыртқы сауда. 2012 жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыстың сыртқы сауда айналымының көлемі 3325,8 млн. АҚШ долларын немесе 2011 жылдың сәйкес кезеңіне 118,6%-ды құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 2550,2 млн. Экспорттың тауарлық құрылымында (Кедендік Одақтың елдерінсіз) негізгі үлесті минералды өнімдер (75,2%), импортта - машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, приборлар мен аппараттар (36,3%), химия және сонымен байланысқан өнеркәсіп салаларының өнімдері (17,0%) орын алады. Жергілікті бюджетке 51,2 млрд. теңге түсіп, жоспарға – 101,4% және 2011 жылдың сәйкес кезеңіне –114,4% артты. Ақша-несие саясаты. 2012 жылғы 1 қазанға екінші деңгейлі банктермен 135,6 млрд. теңге көлемінде несиелер берілді, бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге артық, оның ішінде ипотекалық несиелендіруге 4,5 млрд. теңге несие берілді, немесе өткен жылдың тиісті кезеңінен 1,8 есеге артты.Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға берілген несиелердің көлемі 22,8 млрд.теңгені құрап, 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда1,4 есеге артты. Облыс банктеріндегі халық салымының көлемі 83,4 млрд. теңгені, немесе 2011 жылдың сәйкес кезеңіне 126,4% құрады. Халық салымдарының басым бөлігі (74,8%) ұлттық валютада. Бағалар. 2012 жылдың қазанында облыста тұтыну бағаларының индексі 2011 жылдың желтоқсанына 104,6% құрады. Азық-түлік тауарлары 3,4%-ға, азық-түлік емес тауарлары 3,2%-ға, ақылы қызметтер 7,5%-ға қымбаттады. Ақылы қызметтер саласында бала-бақша ақысы – 27,9%, табиғи газ – 17,3%, қалалық автобустағы жол ақысы – 11,1%, такси – 8,7%, киімді жөндеу, тігу, тазалау – 4,9%, сұлулық салоны және шаштараз - 4%, аяқ-киімді жөндеу – 1,5% қымбаттады. Қалааралық байланыс 2% төмендеді. Халықты әлеуметтік қорғау. 2012 жылдың басында аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 13715 адамды, немесе облыс халқының – 0,5% құрады. 2012 жылдың 1 қарашасына олардың саны 45,7% кеміп, 7443 адамды немесе облыс халқының 0,3% құрады. 2012 жылдың 1 қарашасына 17,2 мың азаматқа 142,4 млн.теңгеге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,4 мың адамға немесе 47,4 млн.теңгеге кеміді. 18 жасқа дейінгі 220,2 мың балаға 2593,7 млн.теңге жәрдемақы төленді. Ол өткен жылдың тиісті кезеңінен 6,5 мың адамға және 215,1 млн.теңгеге артты. Тұрғын үй көмегі 8439 отбасыға 148,7 млн.теңгені құрады. Жұмыспен қамту. 2012 жылдың II тоқсанында облыста экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 1242,6 мың адамды, жұмыссыздар – 69,1 мың адамды, жалпы жұмыссыздық деңгейі - 5,6% құрады. Ағымдағы жылдың 1 қарашасына жұмысқа орналастыруға өтініш білдірген 53,6 мың жұмыссыздың – 48,7 мыңы, немесе 90,8% жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналастырылды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 9954 ресми тіркелген жұмыссыздар тартылды. Халықтың табысы. 2012 жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыс халқының орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 276963 теңгені құрап, 2011 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 13,1%-ға артты. Нақты ақшалай табысының индексі 108,2% құрады.