Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жас ерекше.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
428.54 Кб
Скачать
  1. Кіші оқушының таным процестері.

Кіші оқушылардың негізгі таным процестері (қабылдау, зейін, жат пен ес, қиял, ойлану) мектепке кіргеннен кейін недәуір өзгерістерге ұшырайды. Осыған орай біз талдауды әуелі қабылдаудан бастаймыз.

6-7 жастағы баланың қабылдауы мектепке дейінгілерге қарағанда едәуір қалыптасып қалған (көзінің көргіштігі, құлағының естігіштігі т.б. жақсы дамыған). Бірақ әлі де болса қабылдауының кейбір жеткіліксіз жақтары да кездеседі. Мысалы, орыс тілінен алынған ұқсас дыбыстарды ф,п немесе б,в фонемаларын дұрыс ажырата алмайтыны болады.

Жалпы алғанда, кіші оқушыға не қызықты немесе не қажетті соған мән беріп, осыны қабылдауға икем келеді. Мысалы, балаға берілген текст әр түрлі бояумен жазылса, осының өзі оқуға кедергі жасайды. Себебі, бала оқудың орнына, бояуға жазығып алаңдайды.

Кіші оқушыға, әсіресе кеңестік пен уақытты қабылдау қиындыққа соғады. Мысалы, алыстағы бағаның ұзындығы баланың қасындағы бағанадан қысқа не ұзын ба деп сұрағанда, ол қысқа деп жауап береді. Себебі алыстағы зат өзінің көлелімен (ұзындығынан) көзге кішкентай болып көрінетінін баланың ажырата алмауынан. Сол сияқты кіші оқушы 80 жастағы атасынан «Сен мамонттарды көрдің бе?«- деп сұрайды. Себебі мамонттар 10000 жыл бұрын өмір сүрді дегенді естігенімен, 80 және 10000 жылдың арасын жақсы ажырата алмай, екі оқиға да «алдақашан болып өткен«- деп шатастыруынан.

Баланың қабылдауында, мысалы, сөзді қабылдау (тыңдау) мен нақты затты қабылдаудың арасында недәуір айырмашылық бар: нақты затты қабылдау бірінші сигнал системасына әсер етеді де, сөзді қабылдау екінші сигнал системасының функциясы болып есептелінеді. Дамудың бұл түрі баланың әр түрлі объектілерді қабылдай алуына жағдай туғызады. Солай болса да, ілгеріде айтылған кіші оқушының қабылдауындағы жеткіліксіздіктер біразға дейін сақталынады.

Кіші оқушының зейіні де қабылдау сияқты әуелгі кезде терең дамымаған. Зейін, әдетте, ерікті және еріксіз түрлерге бөлінеді. Бала не қызық соған мән беретін екендігінен оның еріксіз зейіні алғашқы кезде ерікті зейінінен басым келеді. Оның еріксіз зейіні әсем бояулар не заттар немесе ұйқастырып айтқан сөздер өзіне тартқыш келетінінен мұғалім мүмкіндігінше сабақты қызықтыруға барлық күшті салады.

Кіші оқушыда 2-3 сыныптарда ерікті зейін пайда бола бастайды: ол қызық емес, бірақ қажет деген сабақтың бөлшектеріне зейінді бода алады. Баланың ерікті зейінін дамыту үшін оның істейтін жұмысын нақты етіп түсіндіріп, тапсырманы қалай орындаудың жоспарын көрсетіп отыру қажет.

Кіші оқушының зейінінің аумалылығымен күресу үшін объектілерді үнемі өзгертіп, не соларды бірінен соң бірін алмастырып отырған жөн. Тек сонда ғана бала зейінінің аумалы келуімен күресе алады.

Ес пен жадқа байланысты өзінше жұмбақ міндеттерді шешу кездеседі. Мұны мнемоникалық (“mnomo”- жад), міндет деп атайды. Мысалы, бір жағдайда берілген тапсырманы сол түпнұсқасынан айнытпай жадта қалдыру қажет. Екінші жағдайда тапсырманы өз сөзімен мән-мағынасын ғана айтып беруге болады. Осының өзі әр түрлі мнемоникалық міндет және әр түрлі психикалық әрекетті баладан талап етеді: егер түпнұсқасынан айтпай есте қалдыру жад процесіне байланысты келеді, өз сөзімен оны айтып беру ес процесіне жатады.

Ал балалар берілген мағлұматты жадында қалдыру үшін әуелі оған нендей талап қоятынын, тапсырманы жаттап алу қажет пе, не өз сөзімен айтып беру керек пе, соны білуі шарт.

Кіші оқушының қиялына келсек, әуелгі кезде мектепке дейінгілердің ойынында кездескендей мазмұнда болады. Бірақ оқудың талабына сай қиялдың мазмұны өзгерістерге ұшырайды. Әдетте, оқушының қиялы творчестволық және қайта жаңғырту қиялына бөлінеді. Ойынының көбісі шындықтан алыстап кеткенінен, мектепке дейінгілерде творчестволық қиял басым келеді де, мектептегілерде қайтадан жаңғырту қиялы кеңінен өріс ала бастайды. Қиялдың осы түрінің дамуына бастауыш сыныптардағы пәндердің көпшілігі едәуір ықпалын тигізеді. Оқуда бейненің қиялы бірте-бірте шындыққа дәл келе бастайды. Осының өзі творчестволық қиялға, яғни фантазияға қарағанда нәтижелі. Өйткені іске аспайтын қиялдан гөрі қиялданудың ақиқатқа жақын келуі баланы шындық тұрғысынан тәрбиелей алады.

Кіші оқушының ойлау процесіне келсек, оның қаншалықты дамығаны туралы әртүрлі пікірлер бар. Біз ілгеріде Ж.Пиаженің 7-11 жастағыларда тек қрапайым, яғни нақты ой операциясы кездеседі дейтінін ескерттік. Өзгелердің, яғни мәдени-тарихи теорияны жақтаушылардың (Л.С.Выготскийдің т.б.) пікірі бойынша оқымай келген бала мектепке барған соң ойы мен интеллектісі үлкен өзгерістерге ұшырайды: бала қарапайым, яғни натуралдық ойдан мәдени, яғни ұғым арқылы ойлануға көшеді. Соңғы пікір қазірге дейін үстем алып келсе де, әлі жете тексерілмеген. Нақты ой, яғни нақты бейнелерге негізделіп ойлану, көбінесе елестету не көрнекті заттың бейнесіне сүйеніп операция жасау болып табылады. Осының өзі талдау мен топтаудан, салыстырудан, абстракциялау мен нақтылаудан қарастырылады.

Ой операцияларының осы түрлері кіші оқушылардың оқу әрекетінде әртүрлі тереңдікте кездеседі. 1 сыныптағылар нақты затқа не солардың көшірмесіне (үлгісіне, суретіне т.б.) негізделе отырып, тапсырманы орындайды. Сол затқа не оның көшірмесін көз алдынан алып кетсе, тапсырманы орындау қиынға түседі. 2-3 сыныптағылар бірте-бірте заттың жеке қасиетіне, әсіресе негізгі белгілерін есінде қалдырып, соларды мүмкіндігінше топтастыра алуға үйренеді.

5. Кіші оқушының жеке басының дамуы.

“Жеке бас” деген ұғымға “Мен” деген мәніс те кіреді. Бала өзін білген соң құрбыларына қарағанда нендей орын алатындығын ойлап, қайткенде жақсы орынға ие болсам деп арман етеді. Бұл жағдайда баланың өзінің қандай орын алғысы келетіні туралы бағасы мен құрбыларының, не үлкендердің ол жөніндегі бағасы арасында үлкен алшақтылық болғаны жақсы. Егер кіші оқушының өзі жөніндегі бағасы өзгелердің бағасынан асып кетсе, мұндай баланы мақтаншақ деп атайды. Керісінше, оның өзі жөніндегі бағасы өзгелердің оған беретін бағасынан төмен келсе, ондай баланы кішіпейіл дейді. Кіші оқушы өзінің ісіне, не мінезіне әлі сын көзімен қарай алмайтын болғандықтан, оның өзі жөніндегі бағасы, әдетте, өзгелердің бағасынан жоғары дәрежеде келеді.

Кіші оқушының жеке басы деген түсінікке оның сыпайылығы, керісінше, осыған қарама-қарсы әдепсіздік сапалары да жатады. 7-11 жастағылар көбінесе ақкөңіл келетіндіктен, бұлардың көбі сыпайы болып келеді.

Кіші оқушының мінезіне: қиыншылыққа төзімділігі, берген уәдесінде тұра алуы, өзгелерге сүйкімді келуі, бір нәрсеге әуесқойлығы т.б. жатады. Осы жағынан алып қарағанда қыздар мен ұлдардың мінезінің осы түрлері бірдей болып келе бермейді. Мысалы, қиыншылыққа төзімді келіп, одан бас тартпау, табандылық т.б. ұлдарда көбірек кездесетін болса, өзгелерге сүйкімді, сыпайы, біреуге қамқорлық жасағысы келуі т.б. қыздарда басымырақ келеді. Мұның бұлай болып келуі тәрбиенің және кімнің қандай жынысқа жататынына байланысты.

Кіші оқушыда кейде ашуланшақтық қасиеті де болып тұрады. Баланы үй-іші көп еркелетсе, онда ол болмашы нәрсеге тез ашуланып, күйіп-пісетіні кездеседі. Керісінше, күтпеген жағдайда “жақсы”, “өте жақсы” деген баға алса, жұрттың көзінше оған қатты қуанғанын жасыра алмайды.

Кіші оқушының өз құрбыларымен қарым-қатынасы бастауыш мектептің әр сыныбында әртүрлі және осының өзі бұрын бала-бақшада өсті ме, әлде үйде өсті ме, соған байланысты. Бұлардың ұжымдық қасиетінің қалай қалыптасатынын алсақ, осының өзі 1 сыныпта әлі қалыптаспаған, балалар бақшасында тәрбиеленген балалардың бірқатары басқалардан бөлшектеніп, өзін сол ұжым мүшесі деп санамайтыны кездеседі. Бұлар бір-біріне жаны ашып, көмектесу дегенді білмейді. Тек өзіне басқалар кедергі жасамаса болғаны, бірақ 2-3 сыныптағыларда бұл қасиеттер жойылып, бұлар өзара достаса бастайды. Баланың бір-біріне көмектесуі әуелгі уақытта мұғалімнің басшылығымен іске асады. Кейін барлығы өзара достасып, бірі екіншісіне мейрімді бола бастайды.