- •Түркістан 2013
- •Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның тарихи даму кезеңдері.
- •1. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның пайда болуы және алғашқы дамуы.
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
- •3. Педалогияға сын.
- •4. А.С.Макаренко және педагогикалық психология.
- •5. Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясы.
- •6. Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі психологиялық теориялары.
- •1. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясы пәні.
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясының зерттеу әдістері.
- •Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясы пәні, оның міндеттері мен зерттеу әдістері.
- •Іі бөлім. Психикалық даму және оқыту.
- •Балалар психикасы дамуының жалпы мәселелері.
- •Психикалық даму туралы ұғым.
- •2. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына тигізетін әсері.
- •3. Психикалық даму және оқыту.
- •4. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.
- •5. Бала психикасының дамуындағы сензитивтік кез.
- •2. Нәресте жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •5 Лекция. Мектеп жасына дейінгі бала дамуының психикалық ерекшеліктері.
- •Мектепке дейінгі баланың жалпы сипаттамасы.
- •Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері.
- •Мектепке дейінгі балалық шақтағы сенсорлық даму.
- •Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық дамуы.
- •5. Мектепке дейінгінің жеке басының қалыптасуы және үлкендермен қарым-қатынасы.
- •6 Лекция. Баланы мектепте оқытуға психологиялық даярлықты қалыптастыру.
- •Мектепте оқытуға психологиялық даярлықты қалыптастыру.
- •Мектепке кіруге дайындық.
- •Мектеп жасындағы кезең.
- •7 Лекция Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Кіші оқушының психологиялық сипаты.
- •Кіші оқушының анатомия-физиологиялық дамуы.
- •3. Кіші оқушының оқу және ойын әрекеттері.
- •Кіші оқушының таным процестері.
- •6. Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың негізгі түрлері.
- •8 Лекция. Жеткіншек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Жеткіншек психикасының дамуының өзіндік сипаты.
- •Жеткіншектің дене құрылысы мен физиологиялық дамуы.
- •Жеткіншектің «Мен« деген қасиетінің және үлкендермен байланысы.
- •Жеткіншектің құрбыларымен қатынасы.
- •5. Жеткіншектің оқуы және таным процестерінің дамуы.
- •9 Лекция. Ересек жастағылардың психикалық дамуы.
- •1. Ересек жасының жалпы сипаты.
- •2. Ересектің азаматтылығы және “Мен” дейтін қасиеті. Үнсіз айтыс.
- •3. Ұлдар мен қыздардың өзара қатынасы.
- •4. Ересектің оқу үстіндегі ақыл-ойы мен рефлексивтік процестерінің қалыптасуы.
- •5. Ересектің мамандықты таңдауы.
4. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.
Бала жасын кезеңдерге бөлудің жобасы, біріншіден, жабайы өмірден алынған; екіншіден, психология ғылымы тұрғысынан дәлелденген болатын. Жасты кезеңдерге бөлуді жабайы өмір тұрғысынан Г.Гете мен Л.Н.Толстой жазады. Л.Н.Толстой бөбек пен жеткіншек (“отрочество”) балалардың балалық және ересек (“юность”) туралы әдейі кітап жазып, сол кітабын балалардың есеюіне арнаған болатын.
Әдетте, жасты кезеңдерге бөлуде мынадай деректерге сүйенеді. Әр жас кезеңдеріне жататындардың бәріне тән өзінше психикалық қасиеттер бар деген шешімге келеді. Өзінше психикалық қасиет деп отырғаны, сол жас кезеңіне тән пәлендей ақыл-ой жағынан белгілі бір жәрежеге жетуі. Осыны ғылым дамымай тұрғанда көптеген елдерде жақсы білген.
Әр елде есеюді, әр жас кезеңіне қандай ат беруді өзінше түсінген. Себебі әр елдің қоғамдық және мәдени дамулары әр түрлі дәрежеде болып келді. Кейбір тайпалардың қоғамдық қатынасы мен мәдениеті төменгідәрежеде болды. Мұнымен қатар, осы даму сатысындағы тайпаларда балаларды материалдың игіліктерді өндіруге ерте жасынан (мысалы, Эксимос елінде 5-6 жасынан, өзгелерінде 7-8 жасынан) жекті. Осыған сүйене отырып есеюді әлеумет жасына және әр баланың өзіне тән хроникалық жасына бөлуге болады. Әлеумет жасы дегеніміз әр елде есеюді қоғамдық жағдайдың ерекшелігінің билеуі.
а) Бұрынғы қазақ елінде баланың жасын кезеңдерге бөлу тарихынан. Қазақ еліндегі адамдар өзге халықтар сияқты балалары қай жасында қандай өзгерістерге ұшырайтынын бақылап, оның есеюіне орай жасты неше түрлі кезеңдерге бөлген. Осының қажет екені мынадан: Әр жас кезінде баланың өз үй-ішінде және құбылары арасында алатын орны түрліше келеді дегенде, біз олардың атқаратын қызметінің жасына қарай болуын, не киетін киімдерінің түрліше келуін айтып отырмыз. Осыған орай жас кезеңін топтастырып көрейік.
Туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең - нәресте жас кезеңі. Нәресте жасы мынадай 2 кезеңге бөлінеді:
а) бесік жасына (туғаннан 7 айға дейін);
б) еңбектеу жасына (7 айдан 12 айға дейін).
1-ден 3 жасқа дейінгі кезді - бөбектер жасы деді. Бұл кезбаланың тілі шығып, денесі нығайып, ойнай бастау мезгілі. Бөбек өте мейрімді келеді. 3-тен 7-ге дейін сәби жасы. Бұл жастағылар жұмыстың қарапайым түрлерін орындауға қатысты: Қыздар көбіне қазан-аяқ ұстап шешелеріне көмектесті (нан илеу, от жағу, су әкелу т.б.). Ұлдар бұзау, не қозы бағып, тезек теріп, оны үйге артып әкелетін.
8-ден 11 жасқа дейін періште жасы. Психикалық және физиологиялық даму жағынан қыз бала ұл балаға қарағанда қазіргі ғылым тұрғысынан (1-1,5) жыл алда келетінін, елде мәдениет таралмай тұрған кезде әбден жақсы білінді. Бұл жас кезеңін періште жасы дейтін себебі әдеп-ғұрыптарды сақтау міндеттелінді. Егер бұлар бұзақы іс жасай қалғанда соны кінә екені осы жастардан соң есептелінді.
12 жастан 15 жасқа дейін бозбала (қыз бала) кезеңі.
Бұл мезгіл ұл мен қыздардың недәуір есейіп қалған кезі. Мұны мынадан байқауға болады: үйге қонақ түскенде осы жастағы қыздар қонақтардың көзіне көрінбейтін. Ұлдарды үлкендермен бірге табақтас ететін, киген киімі де өткен жастағыдай емес, үлкендермен қатар атқа мініп, саяхат жасауға (аң аулау т.б.) қосылатын.
15 жастан бастап үлкендер жасы. Бұл кез ұлдарды үйлендіріп, еншісін бөліп беріп, қыздарды ұзату мезгілі болатын.
ә) Ғылыми тұрғыдан балалар психикасының дамуын кезеңдерге топтастыру. Баланың ақыл-ойының өріс алуы тек білімге тәуелді емес. Себебі білім мен психикалық даму бір емес екенін ілгеріде ескерттік. Егер ілгеріде аталып кеткен психиканың дамуына оқыту әсер етпейді дейтін Ж.Пиажэнің пікірін басшылыққа алсақ, онда психиканың дамуы баланың қай жаста екеніне тәуелді келеді дейміз. Әрине, бала психикасының қандай болып келуіне әлеумет ортасының недәуір ықпалы бар.
Жасты ғылыми тұрғыдан тиісті кезеңдерге бөлу, сол кезеңге тән баланың есеюіне әсер ететін себептер: үлкендердің балаға қоятын талабы мен баланың өзбеттілік ұмтылуының арасындағы қайшылық “дағдарыс” тез кездеседі. Психологиялық тұрғыдан осы процестерді зерттеп жас өспірімдер жасын мына кезеңдерге бөледі:
Туғаннан 1 жасқа дейін - нәресте жасы. Бұл кезең әр нәрсені сезуден және қозғалудан (еңбектеу т.б.) тұрады.
1-ден 3-ке дейінгі алғашқы балалық, яғни бөбек кезі. Бұл кезде баланың тілі шығып, әсіресе тілдің лексикасын және грамматикалық ережелерін меңгере бастайды.
3-тен 7-ге дейін мектепке дейінгі жас. Баланың қимыл-қозғалысы ойын үстінде қалыптасып қалған. Тіл қабілеті жөнінен өріс алады.
7-ден 11-ге дейін - бастауыш мектеп жасы. Бұл жаста баланың сөйлеу қабілеті үлкен дәрежеге жетеді, нақты бейне ойы күрделі болып дамиды.
11-16 орта сыныптағылар, яғни жеткіншек жасы. Оқытудың ықпалынан бұл жаста баланың ой-өрісі мен қиялдары кеңінен өріс алады. Бұл жастарда балалар биологиялық (жыныс т.б.) жағынан үлкен өзгерістерге ұшырайтындықтын, осы жас кезеңі ерекше сипатталынады. Жеткіншек - балалық кез бен ересек жасының көзқарасы болып есептеледі.
16-18 аға сыныптар, яғни ересектер жасы. Жастың бұл кезеңін кейбір зерттеушілер 19-20 жасқа дейін апарады. Себебі 16-ға толғандар ересек болғанымен, бұлардың балаға да ұқсас жастары бар. Сондықтан ересек бала мен үлкендердің аралығында кездеседі. Бірақ ересек жаста “балалық” қасиеттер бірте-бірте азая бастайды.
Жасты тиісті кезеңдерге бөлудің бұл келтірілген сипаттамасы ілгеріде қамтылған қазақ елінде жастарды тиісті кезеңдерге бөлуіне қарағанда баланың есеюі көпке дейін созылып отыр. Бұл екі арадағы есеюдің алшақтығы әр дәуірдегі әлеумет ортасының түрліше келуінен.
Жасты кезеңдерге бөлудің келтірілген осы жолы үнемі өзгерілмейтін нәрсе емес. Заманның өзгерілуіне, соның ішінде әлеумет ортасының жағдайына сай жастарды топтастыруда азды-көпті өзгерістер болып отырады.
