
- •Жоба жұмысы
- •5В020726 - мамандығы бойынша Практикалық қазақ тілі
- •І Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесі.
- •1.1 Қазақстан Республикасының білім беру бағыттары.
- •1.2 Қазақстан Республикасының білім беру ісінің мазмұны, міндеттері, мен принциптері.
- •Нормативтік құжат
- •Қорытынды
- •Терминологиялық сөздік
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.2 Қазақстан Республикасының білім беру ісінің мазмұны, міндеттері, мен принциптері.
Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырады. Білім беру мазмұны — оқушылардың меңгеруі, олардың жан-жақты дамуы үшін негіз қамтамасыз ететін, олардың ойлауын, танымдық қызығушылығы мен еңбек іс -әрекетіне дайындығын қамтамасыз ететін білім, іс-әрекет тәсілдері, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі, әлемге эмоциялы құнды қатынас жүйесі. Білім мазмұнының түрлері:
• күнделікті болмыс туралы негізгі ұғымдар, терминдер және ғылыми білімдер;
• көзқарастарды дәлелдеуге керекті күнделікті өмірден және ғылымнан алынған фактілер;
• болмыстың әртүрлі объектілері және құбылыстары арасындағы байланыстарды көрсететін ғылымның негізгі заңдары;
• белгілі бір объектілер, олардың арасындағы байланыс туралы ғылыми білімдер;
• ғылыми іс-әрекет тәсілдері, таным әрекеті және ғылыми білімді алу тарихы туралы білімдер;
Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордық да әсері бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға алып, оларды тиісті дайындқпен мектепте оқуға дайындау қажет. Ол үшін балалар бақшасында және үйелменде тәрбие жұмысының процесіне нақты педагогикалық басшылық жасап, оның барынша сапасын және нәтижесін арттыру тәрбиешілерден, ата-аналардан, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен педагогикалық шеберлікті талап етед і. Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:
1. Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі.
2. Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық филиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі тұрғындарының білімге қол жеткізуі;
3.Білім берудің зайырлы сипаты;
4.Жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту; 5. Білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардық (бірлестіктердің) ұйымдық құғылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді. Білім беру ісін басқару мемлекеттік-қоғамдық сипатта болады. Республикада Білім және ғылым министрлігі оның төменгі атқарушы органдары Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырады.
Нормативтік құжат
7-бап. Бiлiм беру жүйесi
Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесi өзара iс-қимыл жасайтын: 1) меншiк нысандарына, үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан бiлiм беру ұйымдарының 2) бiлiм берудiң түрлi деңгейлерiне арналған сабақтас бiлiм беру бағдарламалары мен бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттарының 3) бiлiм беру бағдарламаларының iске асырылуы мен бiлiм беру жүйесiнiң дамытылуын қамтамасыз ететiн бiлiм берудi басқару органдары мен оларға қарасты ұйымдардың жиынтығы болып табылады.
8-бап. Бiлiм беру жүйесiнiң мiндеттерi
1. Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндетi - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсiби шыңдауға бағытталған бiлiм алу үшiн қажеттi жағдайлар жасау. 2. Бiлiм беру жүйесiнiң басым мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) бiлiм беру бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау; 2) жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы интеллектiн байыту; 3) азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу; 4) республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiгiн, жеке адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыру; 5) әлемдiк және отандық мәдениеттiң жетiстiктерiне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерiн зерделеу, мемлекеттiк тiлдi, орыс, шетел тiлдерiн меңгеру; 6) бiлiм беру ұйымдарының еркiндiгiн, дербестiгiн кеңейту, бiлiм беру iсiн басқаруды демократияландыру және орталықсыздандыру; 7) оқытудың жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желiлерге шығу; 8) еңбек рыногында бәсекелесуге қабiлеттi бiлiктi жұмысшылар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру; 9) жұмыстан босатылған қызметкерлердi және жұмыспен қамтылмаған халықты қайта оқыту және қайта даярлау; 10) алуан түрлi және көп қызметтi бiлiм беру ұйымдарының тиiмдi дамуына жәрдемдесу.