- •Жоба жұмысы
- •5В020726 - мамандығы бойынша Практикалық қазақ тілі
- •І Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесі.
- •1.1 Қазақстан Республикасының білім беру бағыттары.
- •1.2 Қазақстан Республикасының білім беру ісінің мазмұны, міндеттері, мен принциптері.
- •Нормативтік құжат
- •Қорытынды
- •Терминологиялық сөздік
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
І Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесі.
Білім беру — тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Білім беру — бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі. Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Білім беру жүйесінің басты міндеттері — ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру оқыту мен өз бетінше іздену негізінде жүзеге асырылады. Білім беру ісі үш түрлі бағытта дамыды:
1) қадим мектептері — мұсылмандық дәстүрлі діни мектептер;
2) орыс-қазақ мектептері;
3) жәдит мектептері — әр түрлі ғылым салаларын оқытатын жаңашыл бағыттағы мұсылмандық мектептер.
Қазақтың кең-байтақ өлкесінде білім ісінің пайда болып, даму тарихы да өзінің ілкі бастауларын сонау ерте замандардан алады. Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырдық ерте дәуірінде-ақ (ҮІІ-ҮІП ғ.ғ.) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастағаны тарихтан белгілі. Атақты Әбу Наср әл-Фараби Отырар медресесінде, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Йүгінеки, Қожа Ахмет Иасауи, т.б. ұлы ойшылдар діни медреселерде оқып, білім алған. 18 — 19 ғ-ларда мұндай медреселер Қазақстанның барлық аймағында ашыла бастады.
Елбасының «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты интерактивті дәрісін тыңдаған миллиондаған отандастарымыз бен сырттан келген қонақтар да білім беру жүйесіндегі тың серпіндерге тәнті бола отырып, қай бағытта жүрудің айшықты бағдарын ести алды.
1.1 Қазақстан Республикасының білім беру бағыттары.
Бүгін білім беру жүйесін жаңғырту осы саланың барлық деңгейін қамтып отыр. Мектепке дейінгі білім беруде 2020 жылға қарай бүлдіршіндерді балабақшалармен жүз пайыз қамтамасыз ету көзделінді. Бұл іске мемлекет қана емес, меценаттардың да белсене атсалысуы елдің ыстық ықыласын туғызуда. Біз меншік нысанына қарамастан, жан басына шаққандағы қаржыландыру әдісі мен мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыра бастадық. Бұл мектепке дейінгі жеке меншік ұйымдардың қарқынды түрде өсуіне ықпал етті. Орта білім беру саласы бүгінде, бейнелеп айтқанда, қарқынды реформаларды басынан кешіп отыр. Бұл ретте педагог мамандығының беделі мен мәртебесін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Аталмыш жұмыс үш бағыт бойынша жүргізіледі. Бірінші, мүғалімдердің лайықты еңбекақысы. Мемлекеттік бағдарламада 2015 жылға қарай ұстаздардың жалақысы жеке меншік сектордағы жалақы деңгейіне жақындайтын болады. Екінші, мұғалімдер біліктілігін түбегейлі арттыру. Мұнда әуелі ЖОО-ларда мұғалімдер даярлау жүйесін жаңғыртудың жолдары қарастырылған. Оны жаңғырту әлемдік тәжірибе негізінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жанында құрылған педагогикалық шеберлік орталығында және «Өрлеу» ұлттық біліктілік арттыру орталығында жүргізілмек. Қазіргі уақытта біліктілікті арттыру курсының үшінші деңгейінен 286 бапкер мен 3043 мұғалім өтті. Сонымен қатар, орта мектептердегі директорлық корпустың сапасын арттыру бойынша да жаңа іс-шаралар қолданылуда. Үшінші, педагогикалық мамандықтың имиджін арттырған ләзім. Айта кету керек, бұл жұмыс басталып та кетті. Республикалық БАҚ арқылы үздік мұғалімдердің жетістіктерін насихаттау, педагогикалық шеберлік байқаулары, үкіметтік емес ұйымдармен, ата-аналармен, жұмыс берушілермен тығыз қарым-қатынас орнаған. Елбасы орта білімдегі оқыту-тәрбие үдерісінің түбегейлі өзгеруіне ерекше мән беріп отыр. Бұл мәселе биылғы ҰБТ-да нақты көрінісін тапты. Үстіміздегі жылғы көрсеткіштер былтырғы жылмен салыстырғанда әжептәуір төмен болды. Неге? Біріншіден, ҰБТ ұйымдастыру және өткізу талаптары күшейтілді. Соның нәтижесінде, тестілеудің объективті және әділетті өтуі қамтамасыз етілді. Екіншіден, тестілеудің мазмұны жетілдірілді. Оларға «білу» және «есте сақтау» деңгейіндегі тапсырмалардан тыс ойлау қабілетін қажет ететін логикалық тапсырмалар да енгізілген-тін. Білім сапасын тиімді түрде арттырудың тетігі – электронды оқыту (e-learning). Бұл жобаға 581 ұйым қосылды. 2013 жылы аталған жобамен 920 ұйым қамтылатын болса, 2020 жылға қарай мектептердің 90 пайызы осы жобамен жұмыс жасайды. Орта білімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігінің өсуі үшін көптілділікті енгізу жөніндегі жұмыстар жалғасын табуда. 2013-2014 оқу жылынан бастап Елбасы тапсырмасына сәйкес бірінші сыныптан ағылшын тілін оқыту басталмақ. Сондай-ақ, Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттырудың 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық жоспары әзірленген-ді. Ұлттық жоспарда оқушылар сарайларының, үйлерінің, музыкалық мектептерінің, жас техниктер мен натуралистер стансаларының және т.б. жұмысында түбегейлі өзгерістерді жасау қарастырылған. Оқыту сапасында да бірқатар ілгерілеушіліктер бар. Атап айтқанда, қазақстандық мектеп оқушылары халықаралық олимпиадаларда жоғарғы орындарға қол жеткізуде. Былтыр біздің жеткіншектер әртүрлі дәрежедегі 912 медаль алды. Ал 2007 жылы олардың саны 181 ғана болатын. Демек, мектеп оқушыларының даярлық сапасы айтарлықтай өсіп келеді деген сөз. Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуда Елбасының тапсырмасымен басқарудың жаңа жүйесі құрылды. Бұл Премьер-Министр басшылық ететін Ұлттық кеңес, салалық және өңірлік кеңестер. «Кәсіпқор» холдингі техникалық және кәсіптік білім берудің негізгі тұтқасы. Оның құрамына 4 өңіраралық орталықтар мен әлемдік деңгейдегі 4 колледж енді. Холдинг жастардың еңбек рыногы талаптарына сай техникалық және кәсіптік білімге қол жеткізуін жетілдіріп отыр. Биыл оның материалдық-техникалық базасын жетілдіруге 2,4 млрд. теңге бөлінген болатын. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары түлектерінің көпшілігі біліктіліктің тәуелсіз бағалауынан алғаш рет өтті. Әлемнің жетекші елдерінің тәжірибесі бойынша бізде ұлттық біліктілік жүйесі қалыптасуда. Осыған орай, біздің министрлік Еңбек кодексіне жұмыс берушілер мен кәсіби стандарттарды әзірлеу жөніндегі жаңа бөлім енгізуді ұсынды. Техникалық және кәсіптік білім берудің тағы бір міндеті мынада: бағалау мен сапа бақылауының жаңа жүйесін әзірлеп, оны енгізу қажет. Бұл – жоғары білім саласына да қатысты міндет. Бұл мақсатта жоғары оқу орындарын оңтайландыруды жүргізіп, оны халықаралық талаптарға сәйкестендірудің нақты жолдарын айқындап алдық. Жыл аяғына дейін қазіргі заман талабына сай келмейтін – 20, ал келесі жылы 10 жоғары оқу орнын оңтайландырмақпыз. Жоғары білімді дамытуға Назарбаев Университетінің құрылуы жаңа серпін берді. Бұл – білім, ғылым және инновацияның синтезі. Біз оның тәжірибесін еліміздің басқа ЖОО-ларына тарату жүйесін құрдық. Назарбаев Университетінің тәжірибесін таратудың бір бағыты жоғары оқу орындарына дербестік беру. Бұл үдеріс басталып та кетті. 4 университетте бақылау кеңестері құрылды. Олардың өкілеттіліктері заң жүзінде бекітілді. Академиялық ұтқырлықты кеңейту үшін жоғары оқу орындары шетелдік әріптестерімен 8000-ға жуық шарт жасасты. Сондай-ақ, акредититтеу агенттіктерінің ұлттық реестрі құрылғанын айтуға тиіспіз. Оның құрамына 2 қазақстандық және 4 шетелдік агенттік кірді. Мұның барлығы білім сапасын арттыруға едәуір септігін тигізуде. 2015 жылы жаңа оқу жылынан бастап орта, техникалық және кәсіптік білімде жан басына қаржыландыру жүйесі енгізілмек. Сондай-ақ, білім беру қызметінің қолжетімділігін арттыру үшін мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің механизмі де әзірленді. Бұл жүйе әрбір азаматқа болашақта балаларының ЖОО-дағы және колледждердегі оқуларын төлеп қана қоймай, қаражат жинауға да мүмкіндік береді. Осылайша, біздің жұмысымыздың басты нәтижесі тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеу. Сапалы білім алған ұрпақ зияткер ұлттың негізін қалыптастырады. Сондықтан, білім беру саласы еліміз үшін ХХI ғасырда стратегиялық бағыт болуы тиіс.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады», - деп көрсетілгендей-ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында келеңсіз құбылыстарды болдырмау, түбегейлі ұйымдық, құрылымдық өзгерістер, білім берудің мазмұнын жаңарту және балаларды оқыту мен тәрбиелеу сапасын жетілдіру, Республиканы дамытудың қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлары мен дамуы жоғары елдердің озық тәжірибесіне сәйкес мамандарды даярлау жөнінде шаралар қолдануды қажет етеді:
-өз бетінше білім алу және оны практикада қолданудың қажеттілігімен дағдысын қалыптастыруға, танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде баулуға;
-оқушыны жеке тұлға және қызмет субъектісі ретінде дамытуға, өмірлік құнды бағдарларын қалыптастыруға;
-ұлттық мәдениетті құрмет тұтуға тәрбиелеуге және басқа да мәдени бастамалардан нәр алуын бойында қалыптастыруға;
-жалпы негізгі білім беру сатысында бейім алды даярлықты және орта білім беру сатысында бейімді оқытуды қамтамасыз етуге бағыталатын болады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында» көрсетілген білім беру жүйесінің негізігі міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығуды көздейді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру барысында білім ордаларында жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың негізгі мақсатын айқындап алуда, яғни «берілген үлгі бойынша өнім алу», оқытудың тиімділігін, сапасын көтеру. Оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде оқыту үрдісінде қолданылатын тәсілдер, принциптер мен айқындаушы жүйе, нақты оқыту процесі ретінде сипатталады.
1991 жылдан бастап үздіксіз білім беру жүйесін жетілдіруге едәуір күш жұмсалып келеді. Оның негізгі мақсаты-білім беруді дамытудың заңнамалық базасын қалыптастыру, оны тұжырымдамалық –бағдарламалық жағынан модернизациялау, стратегиялық бағдар беру, ғылыми-педагогикалық, әдістемелік құралдармен кадрмен қамтамасыз ету, білім беру мекемелерін қаржыландыруды және олардың материалдық-техникалық базасын жақсарту.
