
- •Жоба жұмысы
- •5В020726 - мамандығы бойынша Практикалық қазақ тілі
- •І Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесі.
- •1.1 Қазақстан Республикасының білім беру бағыттары.
- •1.2 Қазақстан Республикасының білім беру ісінің мазмұны, міндеттері, мен принциптері.
- •Нормативтік құжат
- •Қорытынды
- •Терминологиялық сөздік
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдер университеті
Аударма және филология факультеті
Ілеспе аударма кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Ілеспе аударма кафедрасының меңгерушісі_____ф.ғ.к.,доцент Медетова М.Е.
Жоба жұмысы
Тақырыбы
«Білім берудің бағыттары».
5В020726 - мамандығы бойынша Практикалық қазақ тілі
Орындаушы: Исаева Ж.А
Ғылыми кеңесші: Кыйсыкова А.Ж.
Алматы.2013ж
Жоспар
Кіріспе
І Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесі.
1.1 Қазақстан Республикасының білім беру бағыттары.
1.2 Қазақстан Республикасының білім беру ісінің мазмұны, міндеттері, мен принциптері.
Қорытынды
Терминологиялық сөздік
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Жобаның мақсаты:
- Қазақстандағы білім берудің жалпы сипаттамасымен танысу.
- Табылған ақпараттар пен мәліметтерді зерттеп, талдап көрсету.
- Қазақстан Республикасының білім берудің бағыттарының негізгі мақсаттарын айқындап көрсету.
- Қазақстан Республикасының білім беру саласын дамытуға арналған білім берудің бағыттарымен танысу.
Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің ендігі бір міндеті – жастардың білім алып қана қоймай, алған білімін үздіксіз дамытып, оны бойына сіңіріп, тәрбиелі, әдепті, бір сөзбен айтқанда, интеллектуалды-үйлесімді болуын қамтамасыз ету. Жаңа көзқарас ұлтты ойлануға, ойлауға үйрету арқылы қалыптан тыс көкжиекке көз жіберуге тәрбиелеу, білімді өз бетінше зерделеу, технологиялар мен инновациялардағы жаңалықтарды жүзеге асыра білу бейімділігімен бағаланады. Жастарымызды осындай мақсатта тәрбиелеуге біздің зор мүмкіндігіміз бар екендігіне дау жоқ. Міне,бүгінгі интеллектуалдық мектептерге қойылатын талаптар осыларға негізделген. Ағымдағы ғасыр адамзат баласының алдына шешімі күрделі әрі іргелі мәселелерді қойып отыр. Әлем жаһандану дәуіріне қадам басумен бірге тұтастану, бірігу, кірігу үдерісіне батыл бет бұруда. Соны ерте түсінген әлем елдері мен олардың білім жүйелері жаһандану үдерісіне үн қосып, бұдан әрі дамудың жаңа стратегиялары мен жобаларын ұсынуда. Мұны Мемлекет басшысы біліп, көріп, сол күрделі қиын кезеңнен елімізді қайткенде аман алып шығудың қамын ойластырып жүргені жалпақ жаһанға аян. Кез келген білімнің айқын мақсат-мүддесі болады. Біздің қазіргі жағдайымыздағы оның негізгі мақсаты – елдік сана мен мемлекетшілдік рухты қалыптастыру, ұлтсыздықпен күресу, Тәуелсіздікті баянды ету болуы керек.
Кіріспе
Қазақстан Республикасының заңнамалары мен арнайы құжаттарында
білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік саясат белгіленіп, қазіргі білім беру
мақсаты мен міндеттері көрсетіліп, оны шешу бағыттары айқындалған.
Қоғамның білім деңгейі мен интеллектуалдық әлеуеті ұлттық байлықтың
маңызды құрамы ретіндегі сипатқа ие болуда, ал адамның білімділігі, кәсіби
икемділігі, шығармашылыққа талпынысы және қалыптан тыс жағдайларда
әрекет ете білуі Қазақстан Республикасының өрлеуіне негіз, ал тұрақты
дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шарт бола алады.
Жаңа білім беру жүйесі әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы талаптарға
сәйкес келетіндей білім алушыларды өздігінше дамуға, алған білімдерін
шығармашылықпен жүзеге асыра білуге икемдейтін, күтілетін нәтижеге
бағытталған құзыреттілік тұрғыдағы білім жүйесі болуы қажет.
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің қазіргі жағдайына
жасалған талдаулар негізінде білім беруді жетілдіру бағыттарын айқындауға
үлкен мүмкіндік туады. Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне кіруі,
елдегі білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оның мазмұнын
ашуды талап етуде.
ХХI ғасыр – білім мен ғылымның заманы. Мұны біз ғана емес, әлем мойындап отыр. Расында да, білекке емес, білімге иек артатын қазіргі таңда біліктілік бәсекелестігіне басымдықтар берілген. Сондықтан Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев әлеуметтік мәселелерді шешуге, әсіресе, білім беру саласына, мұғалімдерге және жастарға ерекше ықылас білдіріп, Қазақстан халқына биылғы Жолдауында да, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында да келелі міндеттер жүктеп отыр.
Білім беру сферасының болашақтағы алар орны мен атқарар қызметінің шексіз екендігі ол зандылық. Нақтырақ айтар болсақ болашақтағы әрбір адамның тұлғалық қасиетінің анықталуы, оның білімділігі, тапқырлығы, ақылдылығы, дүниеге деген көзқарасы мен адамгершілігі осы тиімді білім берудің негізінде сомдалады, демек қоғамның эконмикалық, руханилық потенциалы, жалпы тұтас өркениет осыған келіп тіреледі. Бүгінгі ХХ ғасырдағы туындап отырған ғаламдық тенденцияларды анализдеу өзекті және манызды мәселеге айналып, олардың болашақтағы адамзат өркениетінен келіп туындайтын алапат жағдайларына қарсы тұруға шақырады. Бұл жан айқай білім беру сферасынан тікелей орын алып, қоғамда, әлеуметтік ортада білім беру сферасын нақтылап, оның болашақтағы атқару қызметін айқындай түседі.