
- •Дәстүрлі қазақ этнографиясы
- •С. Торайғыров атындағы пму –дің этнология, мәдениеттану және археология кафедрасының отырысының шешімімен баспаға ұсынылды
- •1 Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы
- •1.1 Әлеуметтік-саяси ұйымдасу
- •1.2 Қазақ қоғамындағы әлеуметтік және субэтникалық топтар
- •2 Әдет-ғұрып, салт-сана
- •2.1 Классификациялау мәселесі, түп-төркіні
- •2.2 Әдет-ғұрып, салт-дәстүр
- •Алтыбақан
- •Ауызына түкірту
- •Ашамайға мінгізу
- •Бауырына салу
- •Базарлық
- •Бастаңғы
- •Босаға майлау
- •Біз шаншар
- •Кіндік кесер
- •Құрсақ шашу
- •Құрсақ тойы
- •Қырқынан шығару
- •Құлақ тесу
- •Сатып алу
- •Селт еткізер
- •Сүндет той
- •Тобық жұту
- •Тобық тығу
- •Топырақ шашу
- •Тымаққа салу
- •Тіл ашар
- •Тұсау кесу
- •Ұйқы ашар
- •Шөп басын сындыру
- •Шілдехана
- •Шідерге сигізу
- •Абысын асы
- •Айырылысар көже
- •Ат тергеу
- •Ауыз тию
- •Ауызбастырық
- •Әмеңгерлік
- •Барымта
- •Дауыс қылу
- •Деңгене
- •Дүре салу
- •Жалаңаш билеу
- •Жиенқұрық
- •Жолдасу
- •Қазан шегелеу
- •Қазанжарыс
- •Қайырлы болсын айту
- •Қой жасы
- •Қол ұшын беру
- •Құрдастық қалжың
- •Мойнына бұршақ салу
- •Саумалық
- •Сауын айту
- •Сауын алу
- •Сәлем беру, сәлем ету
- •Төркіндеу
- •Өсиет айту
- •Шүлен тарту
- •Сыралғы
- •Сірге жияр
- •Сірге мөлдіретер
- •Шашыратқы
- •Аманат қою
- •Ас беру
- •Арыздасу
- •Әруақты еске алу
- •Жұмалық
- •Құран ұстау
- •Ораза ұстау
- •Пітір беру
- •Садақа беру
- •Тасборан
- •Тасаттық
- •Топырақ салу
- •Шек беру
- •Иман айту
- •Қаза және көңіл айту
- •Наурыз мейрамы
- •Наурыз туралы түсінік
- •Наурыз сөздігі
- •Қымыз-мұрындық
- •"Сабантой, мизам"
- •"Соғым басы"
- •2.3 Астрологиялық немесе космологиялық халықтық болжау дәстүрлері
- •3 Отбасы және неке, туысқандық қатынастар
- •3.1 Отбасы түрлері
- •3.2 Некелесу түрлері
- •3.3 Туыстық қарым-қатынастар
- •Ер адамның қайын жұрты
- •4 Қазіргі этникалық даму және этнографиялық зерттеу әдістері
- •4.1 Қазіргі этникалық процестердің ерекшелігі және этносаяси процестердің ішкі саяси жағдайға ықпалы
- •4.2 Ұлттық сана және консолидация
- •4.3 Зерттеу методикасы, негізгі бағыттар
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
2.2 Әдет-ғұрып, салт-дәстүр
Тәлім-тәрбие, үлгі-өнегеге қатысты әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер
Біз бұл бөлімде көлемді материалды С. Кенжеахметұлының қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарына қатысты: «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары», «Ұлттық әдет-ғұрыптың беймәлім 220 түрі», «Жеті қазына», бұдан басқа Қ.Толыбаевтың «Бабадан қалған бар байлық», Құрастырушылар Б.Әлімқұлов, Е. Әбдірахмановтың «Күйеу келтір қыз ұзат, тойынды қыл», «Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары», А.Сейдімбектің «Қазақ әлемі» атты оқу-құралдарын пайдаланып отырмыз.
Айдар
Айдар (ғұрып). «Тұлымдысын тұл қылды, Айдарлысың құл қылды» («Қобыланды»). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластыра өріп қояды. Мұны —«айдар» дейді. Бұрын ел бұл ғұрыпты көп қолданған. Мысалы Кенесарының інісі атақты Наурызбай батырдың айдары болған. Балаға Айдар деп те ат қойылады, ол осыдан шыққан. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.
Алтыбақан
«Алтыбақан» (дәстүр, ойын).—«Бәрекелде, мына қызықты қара! Мынау ауыл алтыбақан теуіп жатыр» (М. Әуезов). Алтыбақан — ұлттық ойын болғанымен оның салт-дәстүрлік маңызы одан гөрі жоғары тұр. Кешкілік ауылдың қыз-жігіттері аулақтау жерге алтыбақан құрып ойын-сауық жасайды. Бұл жастардың өнерін, ойын, көзқарасын, танымын қалыптастыруда зор тәрбиелік қызмет атқарады. Әншейінде «қызға қырық үйден тиым» дейтін қазақтың қыздарын алтыбақанға жібермеуге хақы жоқ. Алтыбақанда жастар ән салып, түрлі ойын ұйымдастырып, түн ортасына дейін сауық жасайды.
Асату
Асату (дәстүр). «Есет атам ет асатар, Ет асатса бес асатар» (Жаңылтпаш). Ет желініп болғаннан кейін төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатуға тиіс. Бұрынғы кезде жас балалар «ет асаймыз»— деп, қонақ келген үйдің маңайында жүретін болған. Мұндай халықтық дәстүрді жазушы С. Мұқанов кең насихаттап, қолданып, жалғастырып отырған.
Ат қою
Қазақ отбасында нәрестенің дүниеге келуіне байланысты қазақ халқы ат қоюға ерекше мән берген. Бала дүниеге келгеннен кейін нәрестеге үш күннен кейін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалы, кейде үлкен қуаныштың үстіне келіп қалған «құтты аяқ» құдайы қонақ балаға ат қояды. Ат қою дәстүрінде халықтың ұлттық ерекшелігі, наным түсінігі, салт-санасы, арман-мүддесі айқын көрінеді. Ерте заманда қазақ елінде қалыптасқан дәстүр бойынша ат қоюшы адам баланың құлағына: «Сенің атын ... (баланың аты айтылады)», - деп үш рет қайталайды. Ат таңдаған кезде түрлі ырымдар, түсініктер, тілектер ескеріледі. Қазіргі таңда ат қоюды мешітке нәрестені алып барып молдаға қойғызады немесе молданы арнайы үйге шақыртып қойғызады.
Ауызына түкірту
Ауызына түкірту (ырым). Ертеден келе жатқан ырым бойынша қазақтар белгілі батырлар мен билерге, ақындарға, тағы басқа белгілі адамдарға жас сәбидің ауызына түкіртіп немесе оның отырған орнына аунатып алатын болған. Оның мақсаты - сәби сол адамдардай өнегелі кісі болсын деген ұғымнан туған.
Ашамайға мінгізу
Ұл бала қара табан болып, жетіге дейінгі жерден жейтін таяғынан құтылып, кез келген қурай мен шыбықты ат қып айнала шаба бастасымен өзі құралпы қыздардан бөліне бастайды. Есіл-дерті дүзге, малға ауады. Ал қыздар көбелек қуып, қуыршақ жасап, сұлу көрініске үйір болып, үйден ұзамауға тырысады.
Қашан да тағдырын малға сүйейтін қазаққа осы малды бағу үшін бала керек. Бала болғанда — ұл.
"Бір ұлы бардың бір ру елде малы бар, екі ұлы бардың екі ру елде малы бар. Үш ұлы бардың төрт ру елде малы бар. Бес ұлы бардың төбеден салған жолы бар, алты ұлы бардың алладан басқада несі бар" деп Еркенекті Саршуаш би айтқандай, казақ үшін баланың көптігі жақсы. Баласы көп болса, той-томалақты да көп жасайды. Олардың тез ер жетуіне асығады. Біз сөз етпек ашамайға мінгізу осы асығыстың алды.
Ашамай — ердің қарапайым түрі. Ағаштан жасалады. Кеңдігі баланың ауына лайық. Алды-артында ердің қасы сықылды сүйеніші бар. Үзеңгісі жоқ. Үстіңде жұмсақ көпшігі болады. Осыны жуас атқа ерттеп, үстіне баланы мінгізеді. Ауыл қалмасын деп басыңда қол-аяғын байлайды. Сонан соң тізгінді балаға ұстатып, біреу атты алдымен арқан бойы жерге, онан соң алысқа жетектейді. Сөйте-сөйте атпен баланың өзі жүреді, бір-екі күннен соң аяғын байламайды. Сонымен айналасы бір жетіде атқа жақындық қаныңда бар қазақ баласы ашамайды тастай сап ер-тоқымға мінеді. Үзеңгіге аяғы жетпесе, таралғыға салады.
Өмірінің қақ жартысы ат үстіңде өтіп, ауы ерде тозатын, қамыт аяқ, қайсар қазақ алғашқы ашамайға мінгізу тойын өткізеді.'
Бұл той әр әке-шешенің шама-шарқына қарай болады. Байлар ірі-қара сойып кәдімгідей той жасайды. Кедейлері бүйрегі бітеу, ұлтабары толатыңдай майы бар лағын сойып, көршілеріне ырым жасайды. Әулеттілер күзде бие ағытып, сірге жияр бергенде бір құлынға ен салып, ашамайға мінген баласына бәсіре атайды. Жоқтар колындағы бір биесінің алдыдағы құлынын алдын ала атап қояды.
Қазақ үшін алдымен ашамайға, артынан тай-құнанға міну ат жалын тартты деген сөз — азаматтың бастамасы: Өйткені қазақ баласы ұдайы жаугершілікте өскеңдіктен бе, әлде көшпелі өмірдің өзі қалыптастыра ма өмірге ерте бейімделеді. Ерте үйленеді. Мал соңынан ерте ілеседі. Бұл тіршіліктін бәрі бұрын қазаққа атпен бітетін. Сондықтан ашамайға мінгізу ерекше аталады, Осы ашамайға мінгеннен бастап ат құлағында ойнау, кебенек киіп, елдің шеті, боранның өтіне шығу, сауыт киіп, садақ ұстап жау-мен шайқасу, бәрі-бәрі ашамайға мінуден кейінгілер. Бұған бейімделмеген бала ер жеткенде:
"Астына ала шолақ ат-мінгізсең, Алты ай мініп арытпас. Қолына қырық найза, оқ берсен, Дұшпанға бірін атып, дарытпас" — дегендей көп ынжықтың бірі болып шығады. Ашамайға баланы мінгізіп көрші-қолаң, жақын-жуық жиналғанда бұрынғы даналардың жоғарыдағыдай көсем сөздері көп айтылады. Ондай ынжықтарға ұқсамасын деп үлкендер балаға бата береді. Ашамайға мінгізудің бір жағы баланы баулу болса, бір жағы осы батаны алу...