
- •Дәстүрлі қазақ этнографиясы
- •С. Торайғыров атындағы пму –дің этнология, мәдениеттану және археология кафедрасының отырысының шешімімен баспаға ұсынылды
- •1 Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы
- •1.1 Әлеуметтік-саяси ұйымдасу
- •1.2 Қазақ қоғамындағы әлеуметтік және субэтникалық топтар
- •2 Әдет-ғұрып, салт-сана
- •2.1 Классификациялау мәселесі, түп-төркіні
- •2.2 Әдет-ғұрып, салт-дәстүр
- •Алтыбақан
- •Ауызына түкірту
- •Ашамайға мінгізу
- •Бауырына салу
- •Базарлық
- •Бастаңғы
- •Босаға майлау
- •Біз шаншар
- •Кіндік кесер
- •Құрсақ шашу
- •Құрсақ тойы
- •Қырқынан шығару
- •Құлақ тесу
- •Сатып алу
- •Селт еткізер
- •Сүндет той
- •Тобық жұту
- •Тобық тығу
- •Топырақ шашу
- •Тымаққа салу
- •Тіл ашар
- •Тұсау кесу
- •Ұйқы ашар
- •Шөп басын сындыру
- •Шілдехана
- •Шідерге сигізу
- •Абысын асы
- •Айырылысар көже
- •Ат тергеу
- •Ауыз тию
- •Ауызбастырық
- •Әмеңгерлік
- •Барымта
- •Дауыс қылу
- •Деңгене
- •Дүре салу
- •Жалаңаш билеу
- •Жиенқұрық
- •Жолдасу
- •Қазан шегелеу
- •Қазанжарыс
- •Қайырлы болсын айту
- •Қой жасы
- •Қол ұшын беру
- •Құрдастық қалжың
- •Мойнына бұршақ салу
- •Саумалық
- •Сауын айту
- •Сауын алу
- •Сәлем беру, сәлем ету
- •Төркіндеу
- •Өсиет айту
- •Шүлен тарту
- •Сыралғы
- •Сірге жияр
- •Сірге мөлдіретер
- •Шашыратқы
- •Аманат қою
- •Ас беру
- •Арыздасу
- •Әруақты еске алу
- •Жұмалық
- •Құран ұстау
- •Ораза ұстау
- •Пітір беру
- •Садақа беру
- •Тасборан
- •Тасаттық
- •Топырақ салу
- •Шек беру
- •Иман айту
- •Қаза және көңіл айту
- •Наурыз мейрамы
- •Наурыз туралы түсінік
- •Наурыз сөздігі
- •Қымыз-мұрындық
- •"Сабантой, мизам"
- •"Соғым басы"
- •2.3 Астрологиялық немесе космологиялық халықтық болжау дәстүрлері
- •3 Отбасы және неке, туысқандық қатынастар
- •3.1 Отбасы түрлері
- •3.2 Некелесу түрлері
- •3.3 Туыстық қарым-қатынастар
- •Ер адамның қайын жұрты
- •4 Қазіргі этникалық даму және этнографиялық зерттеу әдістері
- •4.1 Қазіргі этникалық процестердің ерекшелігі және этносаяси процестердің ішкі саяси жағдайға ықпалы
- •4.2 Ұлттық сана және консолидация
- •4.3 Зерттеу методикасы, негізгі бағыттар
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
2 Әдет-ғұрып, салт-сана
2.1 Классификациялау мәселесі, түп-төркіні
Адамзат тарихының ежелден бастап қазіргі дәуірге дейін әлемде мәдениеттің орасан әр-түрлілігі, адамдар қауымының жергілікті-тарихи формасы түрінде болды. Әрбір мәдениет өзін дүниеге әкелген халықтың немесе қауымның іс әрекетінің нәтижесі болып табылады. Мәдениеттің дамуы мен жүзеге асуы, этностың өмір сүруінің ерекшелігін көрсетеді. Сондықтан, әрбір мәдениет сол халықтың мінез-құлқын, аңыз мұраларын, діни нанымдары мен құндылық бағдарларын, дүниетанымдық көзқарастарын көрсетеді.
Әртүрлі халықтың дәстүрлі мәдениетін зерттеудегі алғашқы сәттерден бастап этнологтар халықтардың өмір сүруін, олардың дәстүрлері мен ғұрыптарына тікелей байланыстылығын көрсетті. Әдет-ғұрыптың, салт-дәстүрдің тәжірибелік маңызы өте ауқымды әрі әртүрлі. Адамдардың эмоционалдық жағдайын реттеп, қауымды этнос деңгейінде қалыптастырумен қатар жеке тұлғаның этникалық құндылығын сезінуге, этностың құндылық бағдарын сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан да этнологтар тұтастай бұл құбылысты зерттей отыра оған өз түсініктерін берді.
Қазіргі модернизацияланған қоғамда прагматиканың бір түрінен екінші түріне адам мен қоғамның қайта бағдарлары қалыптасуда. Дәстүрлі мәдениетте адам өмірінің мазұмыны мен маңызын әдет-ғұрыптан байқаймыз. Қазіргі қоғамда салт-жораларды зерттеп тануда дәстүрлі мәдениетке көңіл аудармасқа болмайды.
Дәстүр (латынша, trаdіtiо-жалғастыру) - тарихи қалыптасқан қоғам үшін пайдалы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп және белгілі уақыт аралығында сақталып отыратын адамзат тәжірибесінің жалғастығы мен жиынтығы, мәдени мұрасы: әдет-ғұрыптар, ырымдар, жүріс-тұрыс қалыптары мен тәртіптері, үрдістер, жөн-жоралғылар, мейрамдар, церемониялар және т.б.
Адам қажеттілігін өтейтін барлық құндылықтар - материалдық, әлеуметтік және рухани құндылықтар - дәстүрді құрайды. "Салт-дәстүр - тіл мен мәдениет бастауларының анасы" деген. XVIII ғасырдағы неміс ағартушысы И.Г. Гердер оның жазба мәдениет пен азаматтық қоғам қалыптасқанға дейінгі уақыттағы мәдениетті тасымалдаушы маңызын бағалап отыр.
Дәстүр мен қазіргі заман арақатынас мәселесі XX ғасырдың 70-жылдары көптеген зерттеулердің объектісіне айналды. Капиталистік типтегі ғаламдық (глобалды) модерндеу тенденциясының таралуымен функционалды байланыста болған позитивті социологияның бағыттары өткенге көз жұма карады. Әсіресе маркстік бағыттағы тұрпайы социология жаңа формацияның қалыптасуы барысында дәстүр ескілік, артта қалушылық жетілмегендік деп саналғандықтан жойылуы тиіс деп түсіндірді. Алайда, соңғы уақыттарда коғамдық ойдағы өзгерістерге байланысты дамудын "эндогендік" (ішкі ресурстарға сүйене отырып дербес даму) идеяларының белең алуымен бұл көзқарас сыналып, қайта қараудың нәтижесінде дәстүр қалың бұқара халықтың қалыпты өмірін қамтамасыз ететін тұрақтылық пен тәртіптің нормасы ретінде бағалана бастады. Кеңестік дәуірде надандық пен анайылықтың көрінісі деп саналған салт-дәстүр кейінгі мәдениеттану ғылымында "қазіргі ұлттық мәдениеттің басты архетипі" ретінде қарастырылады.
Дәстүр ұғымы "сабақтастық", "мәдени мұра", "төлтумалық", "ерекшелік" түсініктерімен тығыз байланысты. Ғылыми талдау олардың айырмашылығын талап етеді.
"Сабақтастық" — тарихи мәдени тәжірибе процесіндегі жаңа мен ескі арасындағы объективті қажетті байланыс. Бұл байланыс тұтастықты қамтамасыз етеді және мәдениеттің үдемелі дамуының алғышарты болып саналады.
"Мұра" — бұл уақыт ағымында өзгермейтін өткенге қатысты рухани мәдени материал және ұрпақтардың рухани дамуының іргетасы болып табылады.
"Төлтумалық" өзіндік дамуға бағытталған қоғамның динамикалық принципі, оның "өмірлік ядросы" деген ұғымды білдіреді. Нағыз мәдениет төлтумалығымен, бірегейлілігімен (идентичность-іdentіtу) дараланады. А.Сейдімбектің сөзімен айтқанда: "Еліктеудің шын аты - қайталау. Рухани сұғанақ (плагиат) болған ел, біріншіден өзінің болашағынан айрылса, екіншіден өзгенің асылын малшылайды".
"Ерекшелік" ұғымы кез-келген құбылыстың өзгеге ұқсамайтын өзіне тән өзгешелігін көп жағдайда локальдық (жергілікті, оқшау) нормаларды, әдет-ғұрыптарды, құндылықтар мен жүріс-тұрыс бітімдерін сипаттау барысында кең колданылады.
Салт-дәстүр – дегеніміз түптеп келгенде ұлттық болмысты басқалардан алабөтен айрықшалап, даралап тұратын ішкі бір айна іспетті. Онсыз халық болмайды. Кешегісіз бүгінде, ертеңде тұл. Дәстүрді адамның қай ұлтқа жататындығының бір басты белгісі ретінде қарастырған жөн.
Салт-дәстүрдің мәні мен әлеуметтік маңызы оның қоғамдық өмірдегі атқаратын қызметтерінен көрінеді: әлеуметтік, интегративтік, реттеушілік, коммуникативтік, әлеуметтік-психологиялық, идеялық-тәрбиелік және т.б.
Дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құрылымына адамгершілік, саяси, эстетикалық, діни, идеялық мазмұн, ережелер, қалыптар (нормалар) мен принциптер, тұлғаның саяси және рухани қасиеттері — көзқарасы, сезімі, қажеттілігі мен идеалдары (арман-аңсары) кіреді.
Ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар жанұяда қалыпты қатынастардың бекітілуіне, үлкен мен кіші арасындағы қатынастарды, қалыптар мен ережелерді игеруге, шаруашылық жүргізудің қалыптасқан тәжірибесін жалғастыруға, еңбекке баулуға, ұлттық мәдениет пен тарихты қадірлеуге, патриотизм тәрбиесі мен туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға, эстетикалық және көркем мәдениетті сақтауға жағдай жасайды.
Қазақтың ұлттық мәдениеті мен дәстүрі, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын зерттеуге көлемді еңбектер жазып, жинақтап, жүргендердің қатарынан Х. Арғынбаев, А. Сейдімбек, С. Кенжеахметұлы, М.Әуезов, Н. Әлімбай, Қ.Толыбаев т.б. жатқызамыз.
Қазақтың этномәдениетін қарастырғанда оның салт-дәстүрлер жүйесі туралы міндетті түрде сөз қозғалады. "Этникалық мәдениет" және "дәстүрлі мәдениет" ұғымдарының бір-біріне жақындығы төмендегі себептерге байланысты.
халықтың салт-дәстүрлері ұлттың этникалық сипаттамасын құрайды;
салт-дәстүрлер ұлттық ерекшеліктің маңызды элементі болып табылады;
- дәстүрлер - ұлттық мәдениеттің құрамдас бөлігі;
дәстүрлі мәдениетке авторлық мәдениет қарсы қойылады, себебі, алғашқысы ауызша таратылады, ал соңғысы индустриалдық қоғамға тән коммуникацияның тығыздылығымен байланыстырылады [4, 25 б.].
Ұлт өзінің дүниетанымын тілі, діні, ділі, фольклор арқылы білдіріп отырады. Демек ұлттық ойлауды зерттеу үшін негізгі сүйенетініміз – халықтың мәдениеті, рухани мұрасы, өмір сүру тәсілі, діни нанымы, күнделікті тұрмыста қолданылатын әдет-ғұрпы, салт-санасы, халықтық деңгейде қалыптасқан образдары, дүние туралы халықтық ұлттық бейнесі және тағы басқалары жатады.
Қазақтың ұлттық: имандылық, мейірімділік, ізеттілік, инабаттылық, дәстүрлері, меймандостық, қонақжайлық рәсімдері ұлттық мәдениеттің айқын белгілері болып табылады. Кісі күту дәстүрі бойынша қонақ қабылдау, қонақасын беру, қонақ кәде жасау ұлттық мәдени рәсімдер арқылы орындалады.
Ұлттық дәстүрлер. Ұлттық дәстүрлер – дегеніміз қандайда болмасын бір қауымның күнделікті өмір салтында тұрақты түрде еңген бірнеше рет қайталанатын қоғамдық құбылыс. Осындай қоғамдық құбылыс ұрпақтан-ұрпаққа білімі, әдет-ғұрып, мінез-құлық нормалары, адамдар іс әрекетінің түрлері, таным үлгілері, шығармашылық бағыттары арқылы беріліп отырады. Қоғамның барлық дәстүрлер жүйесі әртүрлі ұлттардың өмір сүру іс әрекетіне қызмет етеді.
Материалдық өндіріс саласындағы адамдар іс-әрекетінің түрлері, әдістері, нормалары; рухани өмірдің әртүрлі салаларында – ғылым, өнер, саясат, құқық – осының барлығы халықтың дәстүрі ретінде, ұлттық дәстүр болып табылады. Ұлттық дәстүрлерден ауытқу сол ұлттың өкілдеріне қоғамдық тәртіпті бұзғандық болып табылады.
Көп жағдайда бір ұлтты мемлекеттің дәстүрлерін ұлттық дәстүр деп атайды. Көпұлтты мемлекетте жалпыұлттық дәстүрлермен қатар әрбір ұлттың дәстүрлері бар.
Қазіргі заманда ұлттардың қарым-қатынасы күшейгендіктен халықтардың интернационалды мәдениеті қалыптасу үстінде. Әрбір ұлттың екі түрлі дәстүрлері бар: а) ұлттың дамуы мен жаңғыруына әсер етуші дәстүрлер; б) халықтың дамуына кері әсерін тигізуші реакцияшыл дәстүрлер бар.
Ұлттық дәстүр тез өзгертіп немесе жоғалып кете қоймайтын, ұзақ дәуірлер бойына екшеліп, сұрыпталып қалыптасқан қазына. Оның ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы зор, халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділдік, меймандостық сияқты қасиеттер белгілі бір халықтың ұлттық дәстүрі ретінде қалыптасады. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты.
Ұлттық діни салттар. Белгілі бір ұлттың адамы діни шарттарды жеке немесе қоғаммен бірлесіп орындауын - ұлттық діни салттар дейміз. Жергілікті жерге ғана емес, барлық ұлтқа таралған салттар ғана ұлттық діни салттар болып табылады. Діни салттар - ғұрыптар және дәстүрлермен бірге ұлт өмірінің реттеушісі, ұйымдастырушысы болып табылады. Діни салттық өмірге: салт-жоралар, мерекелер, табиғи стихияларға байланысты орындалатын ғұрыптар кіреді.
Барлық салт-жораны екі категорияға бөлуге болады: болымды және болымсыз. Біріншісі, тиымдар жүйесін құрап, әлемді қасиетті және қарапайым етіп бөледі. Мысалға, әртүрлі халықтардың сан түрлі табуларын (ырым-тиымдары) айтуға болады. Соның ішінде кейбір халықтарда тотемдік жануардың етін жеуге болмайды. Салт-жораларды мүмкіндігінше қасиетті орындарда орындау керек. Кейбір діни салттарда ас ішуге тиым салынса, енді біреулерінде белгілі бір уақыт аралығында жұмыс істеуге тиым салынады.
Болымды салт-жоралар мен (салт-дәстүрдің ең жоғары деңгейі) екі әлемді бір-біріне жақындастырушы болып табылады. Мысалға, мұндай діни салттарға құрбан шалуды жатқызамыз. Бұл діни салттың негізгі міндеті – бұзылған дәстүрлерді қалпына келтіру, екі дүние арасындағы байланысты жақсарту.
Салт-жоралық дәстүрдің маңызына неғұрлым талдау жасап, ашып көрсету Э. Дюркгеймнің есімімен байланысты. Салт-жораны классификациялауда Э.Дюркгеймнің әдісіне сүйенсек діни және магиялық деп бөлу орынды. Магия дінге қарағанда құдайға сенімнің жоқтығын көрсетеді. Магиялық салт-жоралар жеке адамның іс-әрекеті болса, діни салттар қоғамның іс-әрекеті.
Сонымен қатар салт-жораларды қызметіне қарай бөлуге болады. Бұл жағдайда өмірдің қиын сәттерінің бірінде жеке адаммен немесе топпен бірге (қуаншылық, табиғи апат бүкіл тайпаға қауіп төген уақытта) орындалады. Мысалы, қазіргі қоғамда мұндай типтегі салт-жораға, қайғылы оқиға болған жерде (президент, үкімет басы, әкімнің) халықты тыныштыққа шақыруы немесе сол оқиға болған жерге арнайы барып халықпен жүздесуін жатқызамыз.
Белгілі уақыттарда күшейе түсетін дәстүрге қайта бет бұру, оны зерттеуге ұмтылу тарихтағы өтпелі кезеңдерде ерекше мәнге ие болатын қоғамдағы үлкен қызығушылықтан туады. Мұндай жағдайда қоғамның рухани өмірінде "қайта өрлеу", "жаңғырту", "реставрация", "ревайвал" сияқты мәдени элементтер орын алады. Дәстүрлі құндылықтар жүйесі дағдарысқа ұшыраған тұста дәстүрлерді заман талабымен үйлестіру мәселесі туындайды. Бұл жағдайда қоғамда "дәстүршілдік", "жаңашылдық", "архаистік", "батысшылдық" және т.б. тенденциялар пайда болады.
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті кеңес дәуірі тұсында тоталитарлық режимнің қысымымен "мазмұны пролетарлық, түрі ұлттық социалистік мәдениет" деген ұранмен мәдени геноцидті бастан кешірді. Оның салдары ұлттық сананың маргиналдануына әкелді. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 90-жылдардың алғашқы жартысында халқымыздың ұлттық дәстүрлерін қайта жаңғырту барысында бұқаралық сипатта көптеген іс-шаралар атқарылды. Ал соңғы жылдарда нарықтық экономиканың өмірге терең енуі мен батыстық өркениеттің "жемісі" —бұқаралық мәдениеттің жаппай ықпалы мен тегеуріні дәстүрлі мәдениеттің дамуына барынша кері әсерін тигізуде.
Ұмыт қалған дәстүрлер мен ұлттық дүниетаным ғылыми тұрғыда зерттеле бастады. Н.Әлімбай, М.С. Мұқанов, Х.Арғынбаев, С.Қасқабасов, К.Н. Меңлібаев, С.Ж. Наурызбева, А.Сейдімбек, А.С. Сырғақбаева, Н.Шаханова т.б. еңбектерінде дәстүр философиялық, мәдениеттанымдық тұрғыда жан-жақты қарастырылады.
Қазақ ұлтының этностық ерекшелігін байыптаса, бұл халық – ұрпақ сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластыратын, ізетті келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дархандықты даласынан, даналыққа бабасынан, пәктікті баласынан алған халық.
Дәстүр, әдет-ғұрып пен салт-сана қоғамдағы әлеуметтік қатынастар түрлерін, қоғамның мәдени деңгейін көрсетумен қатар, тәрбие талаптарының негізін құрайды, адамдардың қоғамдасып өмір сүруінің және ұйымдасуының маңызды формаларын көрсетеді.
Дәстүрлердің жалпыға ортақ ең маңызды қызметі – адамдар арасындағы өркендеп және өзгертіп отыратын тұрақтылықты ретке келтіріп отыру. Тұрақтылық болмаса, даму да болмайды. Демек, дәстүрсіз қоғамдық қатынастардың қалыптасуы, дамуы, өзгеруі мүмкін емес. Қоғамдық қатынастар тарихи дамудың әрбір жаңа сатысында сақталып қана қалмастан өзгеріп, жаңара береді. Сөйтіп, дәстүрлер арқылы қайта жаңғыру жүзеге асады, ескі қатынас түрлерінен қазіргі және болашақтағы қатынас түрлері келіп шығады.
Ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлер жүйесін жаңғырту арқылы ғана кез-келген халық өзінің рухани мәдениеті мен өзіндік дүниетанымын қалыптастыра алады. Ата-бабадан қалған дәстүрге, мәдени мұра мен рухани құндылықтарға деген немқұрайлылық, ассмиляцияламен сипатталатын ұлттық трансформацияның келенсіз құбылыстарына әкеліп соқтырады. Ал мәдени мұраға деген ілтипаттық және оны байыту жалпы адамзаттық, әлемдік мәдениетке қосылған үлес болып табылады. Әлемдік өркениетке бірігу және өзіндік атсалысу осы ұлттық ерекшеліктерді сақтай отырып, оны дамыту арқылы ғана жүзеге асады.
Бұл тұрғыдан алғанда еркіндіктің самал лебін сезінген қазақ халқы ұзақ уақыт бойы нұқсан шеккен сананы емдеуде біраз жетістіктерге қол жеткізді. Тұншығып келген дәстүрлі әдет-ғұрыптар жаңғыртылып, наурыз, ораза айт, құрбан айт мерекелері жыл сайын тойлана бастады. Шындыққа шөліркеген халық тарихи ақтандақтардың беті ашылуына байланысты кезінде кеңестік идеологияның қысымымен бұрмаланған жәйіттермен және есімдермен қайта қауышты. Сан ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ ұлтының асыл дүниесі – мәдени-рухани мұрасы қайта игеріле бастады. Қоғамның қазіргі таңда тәлім-тәрбие, үлгі өнегеге салт дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, діни салт жоралары осының барлығы Қазақстанның әр аймағында әртүрлі деңгейде аталып өтеді. Әрине бұрыңғы көшпелі дәуірден қалған ұлттық құндылықтарымыз өз бейнесін әр уақыт сақтап отыр дей алмаймыз. Оған себеп қазақ ұлтының қала төңірегінде шоғырлануы жоғарлап, тіршілік етеу әрекетінің өзгерістерге ұшырау үрдісн жатқызамыз.