
- •Дәстүрлі қазақ этнографиясы
- •С. Торайғыров атындағы пму –дің этнология, мәдениеттану және археология кафедрасының отырысының шешімімен баспаға ұсынылды
- •1 Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы
- •1.1 Әлеуметтік-саяси ұйымдасу
- •1.2 Қазақ қоғамындағы әлеуметтік және субэтникалық топтар
- •2 Әдет-ғұрып, салт-сана
- •2.1 Классификациялау мәселесі, түп-төркіні
- •2.2 Әдет-ғұрып, салт-дәстүр
- •Алтыбақан
- •Ауызына түкірту
- •Ашамайға мінгізу
- •Бауырына салу
- •Базарлық
- •Бастаңғы
- •Босаға майлау
- •Біз шаншар
- •Кіндік кесер
- •Құрсақ шашу
- •Құрсақ тойы
- •Қырқынан шығару
- •Құлақ тесу
- •Сатып алу
- •Селт еткізер
- •Сүндет той
- •Тобық жұту
- •Тобық тығу
- •Топырақ шашу
- •Тымаққа салу
- •Тіл ашар
- •Тұсау кесу
- •Ұйқы ашар
- •Шөп басын сындыру
- •Шілдехана
- •Шідерге сигізу
- •Абысын асы
- •Айырылысар көже
- •Ат тергеу
- •Ауыз тию
- •Ауызбастырық
- •Әмеңгерлік
- •Барымта
- •Дауыс қылу
- •Деңгене
- •Дүре салу
- •Жалаңаш билеу
- •Жиенқұрық
- •Жолдасу
- •Қазан шегелеу
- •Қазанжарыс
- •Қайырлы болсын айту
- •Қой жасы
- •Қол ұшын беру
- •Құрдастық қалжың
- •Мойнына бұршақ салу
- •Саумалық
- •Сауын айту
- •Сауын алу
- •Сәлем беру, сәлем ету
- •Төркіндеу
- •Өсиет айту
- •Шүлен тарту
- •Сыралғы
- •Сірге жияр
- •Сірге мөлдіретер
- •Шашыратқы
- •Аманат қою
- •Ас беру
- •Арыздасу
- •Әруақты еске алу
- •Жұмалық
- •Құран ұстау
- •Ораза ұстау
- •Пітір беру
- •Садақа беру
- •Тасборан
- •Тасаттық
- •Топырақ салу
- •Шек беру
- •Иман айту
- •Қаза және көңіл айту
- •Наурыз мейрамы
- •Наурыз туралы түсінік
- •Наурыз сөздігі
- •Қымыз-мұрындық
- •"Сабантой, мизам"
- •"Соғым басы"
- •2.3 Астрологиялық немесе космологиялық халықтық болжау дәстүрлері
- •3 Отбасы және неке, туысқандық қатынастар
- •3.1 Отбасы түрлері
- •3.2 Некелесу түрлері
- •3.3 Туыстық қарым-қатынастар
- •Ер адамның қайын жұрты
- •4 Қазіргі этникалық даму және этнографиялық зерттеу әдістері
- •4.1 Қазіргі этникалық процестердің ерекшелігі және этносаяси процестердің ішкі саяси жағдайға ықпалы
- •4.2 Ұлттық сана және консолидация
- •4.3 Зерттеу методикасы, негізгі бағыттар
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамының түп-тегі өз бастауын б. э. д. заманаларда өмір кешкен Қорқыт (Зоротуштра) бабамыздың ілімінен (Зороастризммен) алынған. Мақсаты-мәні:
1.Тепе-тендік. Ұлыс тойы Күн мен Түн, Қыс пен Жаз тепе-теңдікке келген сәттен бастап тойланады. Осыған сәйкес Наурыз тойы жаратылысты қоршаушы күштердің, алдымен Табиғат пен Қоғамның, екіншіден, Ел мен Елдің, үшіншіден, Қоғамдағы әлеуметтік топтардың тепе-теңдігінің сақталуын талап етеді.
2. Игілік. Наурыз тойы қарсаңында: "Бұлақ көрсең көзін аш",— деп қаумаласқан жігіттер бастаулардың көзін ашып, қариялар: "Армысың, қайырымды Күн-Ана, құт дарыт, жарылқа!"— деп бұлаққа май құйып, өсімдіктерге ақ бүркеді. Сөйтіп табиғаттың өсіп-өнуіне жағдай жасалады.
3. Жаңару. Ұлыс күні аспан денелері бастапқы айналу нүктесіне келеді. Мал төлдеп, ер көктеп, дүние жаңарады. Осыған сәйкес адамдар да шашын алып, сақал-мұртын күзеп, жуынып-шайынып, ақ көйлек пен су жаңа киінеді. Тазару үшін Көктөбенің басына көтерілген азамат "Малым — жанымның садағасы, жаным — арымның садағасы" деген асқаралы түсінік бойынша, өткен жылына есеп беріп, ары алдында арылады.
Ел билеген көсемдер "Жақсылыққа жақсылық — жай адамның ісі, жамаңдыққа — жақсылық ер адамның ісі", "Тас атқанға — ас ат" деп ту көтеріп, ат құйрығын кесісіп, араға жік түскен бауырлас ел руларын дастарқан басында табыстырып, татуластырады. Аты аталып, түсі түстелген "Тепе-теңдік", "Игілік", "Жаңару" — үшеуі қоғамда орын тауып, тоқайласқан сәтте халқымызға Құт қонып, ұлтымызға РУХ ұялап, ел басына БАҚ қонып, ел ішінде Береке орнайды.
Демек, Наурыз ілімін жаңғырту арқылы, біріншіден, айнала төңірек ағаш отырғызып, гүл егіп, су көздерін тазалап, тәуелсіз еліміздің экологиялық мәселесін шешуге көмектесуге болады. Екіншіден, өнер-білімнен, кәсіп түрлерінен, сәулет пен мүсіннен, спорттан т. б. жарыстар ұйымдастырып, жас талант көздерін ашу арқылы қоғамымыздың дамуына үлес қосылады. Үшіншіден, республика тұрғындарының арасында шынайы сыйластық, достық қарым-қатынас орнатуға септігі тиеді.
Наурыз туралы түсінік
Наурыз — парсы сөзі. Бұл қазақша айтқанда, "жаңа күн" деген сөз. 22 наурыз күнін "Жаңа күн" деп атаудың мәнісі не? Оның мәнісі мынау: 21-нен 22-не қараған наурыз күні күн мен түн теңеледі. Сонан кейін күн ұзарып, жылы бола бастайды. Күн жылыға айналғаны — жазға айналғаны, Соңдықтан 22 наурыз жаз айы болып табылады. Жаз болса, дүние жаңаланады: ағаш бүршік атып, жердегі шөптер қылтиып, малдар төлдейді. Жылдың төрт тоқсанының ішінде дүниені жасартып, жаңалайтын тоқсаны — жаз. Сол тоқсанның басы 22 март болғандықтан бұл күн "Наурыз" яғни "жаңа күн" деп аталады.
Наурыз сөздігі
1. Әз — халық аңызында күн мен түннің дәлме-дәл теңелер сәтінде көкті жарып ерекше бір гуіл өтуге тиіс. "Оны қой ғана біледі. Егер күндіз өтсе, қой арқылы қойшы ғана аңғаруы мүмкін" деген сөз бар. Осы гуілді наурыздың 22-сіне дейінгі үш күннің ішіңде өтеді деп есептеген халқымыз: "Әз болмай, мәз болмайды", деген тәсіл қалдырған. Сол үш күннің ішіңде тырнақ пен шаш алуға болмайды. Әз өткенде өсімдік әлемінен бастап, күллі тіршіліктің тұла бойына, бір тал түгіне дейін жан жүгіреді. Сол жан байқаусызда тырнақ, шашпен бірге қиылып кетсе, адамның қолы мен басы селкілдейтін болады-мыс.
2. Наурыз — парсы тілінде бір ғана күн аты, жаңа жылдың бірінші күні — жаңа күн. Қазақ халқында қалыптасқан түсінік бойынша, осы мағыналармен қоса, жаңа жылдың алғашқы айының атын да толық қамтиды.
3. Наурыз бата — наурызға арналып сойылған малдың басы мен жамбасына, ескі жылдың дәмі — сүрленген қазы-қарта, жал-жая берілетін арнаулы бата.
4. Наурыз жыры — қазақ халқының жаңа жыл, Наурызға арнап айтатын тұрмыс-салт жырының бір түрі.
5. Наурыз көже — келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде әр шаңырақ міндетті түрде жасайтын арнаулы тағам. Оған кем дегеңде, жеті түрлі (бидай, тары, қонақ, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты) азықтық заттар қосылуға тиіс. Тақ санын сақтап, тағам түрін көбейте беруге болады. Құрт пен қатықтың қай-қайсысы да сүттің орнын толықтырады. Наурыз көжені халық арасында "тілеу көже", "көп көже" деп те атай береді.
6. Наурыз мейрамы (наурыз тойы)— күн мен түннің теңелетін күні — 22 наурызды атап өтетін ұлы мереке. Ұлттық дәстүр-салтымыз бен ойын-сауығымыздың бәрі де тегіс қамтылатын жыр-думан.
7. Наурыз жұмбақ — наурыз айындағы жұлдыздардың қозғалысы мен орнына, күн мен түннің теңелуіне, табиғат құбылысына, бұл айдағы амалдар мен ауа райының өзгерісіне байланысты айтылатын жұмбақ өлең.
Наурыз тілек — наурыз күнгі бет көрісіп, амандасу рәсімімен құттықтау негізінде тақпақпен айтылатын қуанышты тілек.
Наурыз төл — наурыз айында туған бота, құлын, бұзау болса, наурыз төл деп аталады. Осы түліктерге тән төл басы.
10. Наурызша — наурыз қырбақ, қарайған жерді жасыра алмай, қылаулап жауған жұқа кар.
Уыз той
Қыс шықты, сірескен қар да еріп бітті. Көктемнін шуақты күні басталды. Бұл - уақыттың ағысы. Сонылық ала келген наурыз айының жылы лебі, өмірді өрге жетелеген баспалдағы. Ата-бабаларымыз қастерлеген уақыт есебі. Ғасырлар қалыптастырған салттың үзілмес желісі. Жылдың жаңаруы - ойдың, сезімнің, тіршіліктің жаңаруы. Ел өткен уақытқа пейіл білдіріп, жаңа басталған мезгілге үміт артады. Жебегіш мұратпен жаңа тілеу тілейді.
Жаңа жыл, жарылқашы жана леппен,
Жотама таңылып жүр жала көптен.
Мен де бір жадырайын жұрт қатарлы,
Ескі жыл, кесірінді ала кетсен!..
Адам жүрегі ізгілік пен игілікке құштар. Жамаңдықтан жаны түршігеді. Үмітін алғы күнге артады. Арқа сүйері — төзім мен шыдам. Қыс қинайды. Қанша ұзаққа созылса да жұрт көктемнің шуағынан қуат табатынына сенеді. Сол үміт пен келер күнді сарыла күтеді, жылылықты аңсайды. "Жылға жыл ұқсамайды" деп, сабыр сақтайды. "Сабыр түбі — сары алтын". Уақытқа өкпе айтылмайды. Бұл - қазақтың өзіне тән ұлттық қалпы.
Ұлттық қалыпты бостаңдық қалыптастырады, алдымен адамды соған иегершілік етуге желпіндіреді. Дербес өмір - ойдың өрісі. Қазақ елі дербестік хұқығы үшін күресті. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің тізгінін қолына ұстап, ерікті ел ретінде қадам бастағалы ұлттық санамыз да, жігеріміз де өсті. Салтымыз тарихи келбетін қалпына келтіруге бет бұрды. Халықтың өзіңдік бейнесін танытатын белгі - ұлттық сипат. Одан әр халықтың өзіне тән ерекшелігі айқыңдалады. Осы өзгешелік — ұлттық салтта. Арман да ұлы көктемнің желісі.
Шұғылаға малындыршы, атқан таң,
Тазалансын өне-бойды басқан шаң.
Көк орайға оранғанда дүние,
Үйлері де молаймай ма ақ шаңқан?..
Бұл қазақтың ұлттық сезімі. Көзге дала төсіндегі әппақ отаулар елестейді. Наурыздың жылы күні жарқырап тұрғанда әр қазақтың санасында осы сезім қозданады. Адам жүрегіне қуаныш, жігер құйады. Ойды ізгі сезімдер тербейді. Бүгінгі танда әр қазақтың мұраты халқымыздың, елдігіміздің, мемлекетіміздің мүддесімен қабысып, соны ойларға шомдырады. Барлық тілек-бата осы мақсатпен сабақтас.
Көктем көркімен сәңді. Үй-үйдің бәріңде ұлттық мереке. Жеті түрлі дән қосылып жасалған қазан-қазан көже пісіріледі. Бұл - тоқшылықты көксеген мұраттан туған ізгілік асы. Оны ішкендер келер күңдердің ала келетін ырысын да күтеді. Ол - қорада төл шулап, өріске мал қаптайтын мезгіл. Ағаш бүрлейді, жыл құстары оралады. Табиғатта, жан-жануарлар да түлейді. Жалпақ дала төсіне түрен түсіп, алдағы жылдың ризығы себіледі.
Көктемнің шуағына малынғаңда әрбір іс-қимылдың нәтижелі болуын да анық мөлшерлеуді қазақ парыз дейді. Тіршіліктің өзегі қимылынды есептеуінде. Күн батып, таң атса - адамның жасы ұлғаяды. Жас өседі, кәрі қалжырайды. Баланың да, қарттың да қамқоры -қауқарлы адам. Ол қандай қиыңдық тап болса да жеңіп шығу үшін болашақтың қамын өзі жасауға міндетті. Соңда өзіне керегін межелей алады. Осы мақсаттар ғана елдік салттармен ұштасады. Айқын мақсатпен атқарылған істің есесі мол. "Еңбегің еш, тұзың сор болмасын" деген қағида бар ғой. Адам тұрмысын өзі түзейді. Бұл — тіршілік ережесі. Көршіге сену шарт емес, күшіңе сену - салт.
Көктем де ұлттық салтқа қызмет етеді. Көктемнің де үміті сол. Малшы өсірген малына, егінші еккен астығына өзі қожалық етсе - уақыт жемісінен ұтылмайды. Соңда маңдай тері еш кетпейді. Көктемгі тілектің кебі соған саяды.
Дала төсінен балауса майсаның иісі аңқыса, әр үй отының басынан жаңа сүттің, уыздың иісі шығады. Сиыр бұзаулап, қой қоздап жатқаңда елдің көңілі неге жадырамасын!.. Ұйыған уызға ауыз толады. Көктемгі қызықтың алғашқы дәмі. Уыз халқымыздың ерте заманнан бері қастерлеген асы. Алғаш сауған уызды пісіріп, бүкіл ауыл той жасаған. Уыз - маңызы көп, жұғымды тамақ. Мал өсірмеген халық оны білмейді.
Уыздың дәмі де, жұғымы да ерекше. Сол қасиеті "Оғызнамада" да сипатталады. Дүниеге көзін жаңа ашқан нәрестеге Оғыз деген ат қойылады. Өйткені ол анасының уызын ғана емеді, бір-ақ рет сорып, әрі қарай ембейді. Бұл сілтемеден уыздың жұғымтал қасиеті аңғарылады. Жаңа туған малдың да уызы өте қою болатыны жұртқа аян. Елге ұсынылатын тағам әзірленетін уыз екі-үш күн сауып жиналады. Одан әрі сүтке айналып, сұйылып кетеді. Бойына даналық туа біткен Оғыз батырдың ембей қоюы да бір тойғаннан кейінгі өткен уақыт ішіңде уыз дәмінің кете бастауынан шығар немесе уыздың маңызды ас екенін ұқтыру үшін айтылған халық қиялы болуы да мүмкін. Қалай болжасақ та, халық ерте заманнан-ақ уызды қастерлеген. Жетілмей қалған төлдерге уызға жарымаған дейтін де сөз бар. Халық ұғымыңда уыздың қасиеті зор. Уыз той да сондай ниеттің қуанышы. Қорғасындай балқып піскен уыздың дәмін татқан адамның мейірі қанып, мерейі өседі. Қариялар молшылықтың үзілмей жалғаса беруін уыздың молдығымен өлшейді. Ізгі тілектерін бата арқылы білдіреді:
Ал, батамды берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Дастарқаның мол болсын,
Абыройың зор болсын!
Көк жайлауды жайласаң,
Тай, құлынды байласаң,
Келін тұрсын керіліп,
Салтанаты көрініп,
Сабаң толсын қымызға,
Шараң толсын уызға!..
Уыз той да көктем әкелген мерей. Елдің ақ молдығын тілейтіні - молшылық, тоқшылық. Уыз тойдағы тілеу де ұлы:
- Келесі көктем тағы бір биікке шығарсын. Ізгі тілеулер келер күндердің сөнбес шырағы болсын! Қиындықты тарпып тастайтын қарқынды қимылдар осы көктемнен басталсын! Әр үйдің шаңырағы биіктей берсін!
Уыз тойдағы бата мен тілеудің бағдары ұлы мұраттарға жетелейді. Уыз - көктемнің адам баласына ұсынған жаңа дәмі. Оның тойы да қуаныштың басы. Қазақ өз салты бойынша уыздың дәмін татуды ортақ мерей санайды...
Елге көштің келе жатқан сыңайын сездіреді. Салт атты жастар шоғырын көрген ауыл әйелдері сусындары мен айрандарын әзірлей бастайды. Шөлдеп келе жатқаңдарға сусын ұсыну елдің салты... Бұл күні таңертең қозғалған көш түске таман орта жолдағы Шұрық аталатын шұңғыл сайдың күнгей бетіндегі жатаған жоңдардың бір текшесіне тоқтады. Жүк түсірілді. Көліктер мен аттар қаңтарылды. Тері кеуіп, ентіктері басылуы керек. Әр отбасы өз керегелерінен итарқа қалайды да, киіз жауып, көлеңке жасайды. Балалар бұлақтан су тасиды.
Ірі қара мен жылқы орта жайлауға жетіп жығылмақ. Жайылыммен сырғып жеткен қалың қой төбе-төбеде жусап жатыр. Бұл еру - жүк артылған көліктерді қинамаудың тәсілі. Жүріс жарты-ақ күнге созылған. Жауын жауып кеткен жағдайда тағы бірер күнді осында өткізеді. Жер отты, шебіш үйгін. Ел ештеңеге алаң емес... Күн қызарып барып батты да, тау қойнауларына қараңғылық тез үйірілді. Ашық аспаңда жыпырлаған жұлдыз самсады. Қариялар мұны ертеңгі күннің ашық болатынына жорыды.
Келесі таң атқаңда тағы да жүк артылды. Бұдан арғы жол ылғи өр. Шұбала тізбектелген көштің көлігі ілби аяндап, бір жотадан бір жотаға өрмелейді. Сәске түсте орта жайлаудың бергі шетіңдегі Көкшоқы аталатын биік жонның төбесіне шыққан салт аттылар қарсы алдарыңдағы астаудай шұңғыл ойпатқа сағыныш пен ынтыға ентелеп, қадала қарасады. Терең ойпаттың үстіңде көгілдір мұнар көлкіп тұр. Табаны бұлыңғыр... Бейне тұнып жатқан келбеті секілді. Үлкен-кішінің жүздеріңде күлкі ойнайды. Осы жерді аңсап жежені, соған мейірлері түсіп тұрғаны анық. Кештің алды жотаға шыққаңда жасамыс адамдардың жүздерінен де қуаныш сәулесі байқалды. Қазақ баласына жердің қаншалық қадірлі екені осы сезімдерінен-ақ білініп тұр. Иен тау да өз түлектерін күткендей құшағын айқара ашқан.
Бұдан әрі ылди. Салт аттылар жел айдағаңдай женки жөнелді. Сол бетімен көз ұшындағы астаудай ойпатпен жалғасқан қырқалардың ауыл қонып, үй тігетін жұрттарына жетіп тізгін тартты. Әр үйдің өзіне тиесілі орны бар. Оған басқа үй қонбайды. Қазақ тұрмысының заңы сол. Салт аттылардың қарасын көрген еру ел көштің келе жатқанын біледі.
Көліктердің ылдиға қарай жүрісі де ширап, қадамдары шапшаңдады. Шұбалған кеш ауыл-ауылдың тұсынан өткеңде әйелдер тостаған мен шараларын сусынға толтырып, жол жағалауыңда тосып тұрады да, балалы әйелдер мен қарт әжелерге ұсынады. Бұл жолаушыларды қуантады әрі қалжыраған бойларын бір сергітіп тастайды. Адамдар біріне-бірі көрсеткен сыйға сүйсініп, көңілдері жадырайды.
Қазақ көшінің шын мәніңдегі сипаты, мән-мағынасы осындай игі мақсаттарға құрылады. Бұл көріністер мал бағып, көшіп көрмеген елдерге мүлде жат...