
- •Дәстүрлі қазақ этнографиясы
- •С. Торайғыров атындағы пму –дің этнология, мәдениеттану және археология кафедрасының отырысының шешімімен баспаға ұсынылды
- •1 Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы
- •1.1 Әлеуметтік-саяси ұйымдасу
- •1.2 Қазақ қоғамындағы әлеуметтік және субэтникалық топтар
- •2 Әдет-ғұрып, салт-сана
- •2.1 Классификациялау мәселесі, түп-төркіні
- •2.2 Әдет-ғұрып, салт-дәстүр
- •Алтыбақан
- •Ауызына түкірту
- •Ашамайға мінгізу
- •Бауырына салу
- •Базарлық
- •Бастаңғы
- •Босаға майлау
- •Біз шаншар
- •Кіндік кесер
- •Құрсақ шашу
- •Құрсақ тойы
- •Қырқынан шығару
- •Құлақ тесу
- •Сатып алу
- •Селт еткізер
- •Сүндет той
- •Тобық жұту
- •Тобық тығу
- •Топырақ шашу
- •Тымаққа салу
- •Тіл ашар
- •Тұсау кесу
- •Ұйқы ашар
- •Шөп басын сындыру
- •Шілдехана
- •Шідерге сигізу
- •Абысын асы
- •Айырылысар көже
- •Ат тергеу
- •Ауыз тию
- •Ауызбастырық
- •Әмеңгерлік
- •Барымта
- •Дауыс қылу
- •Деңгене
- •Дүре салу
- •Жалаңаш билеу
- •Жиенқұрық
- •Жолдасу
- •Қазан шегелеу
- •Қазанжарыс
- •Қайырлы болсын айту
- •Қой жасы
- •Қол ұшын беру
- •Құрдастық қалжың
- •Мойнына бұршақ салу
- •Саумалық
- •Сауын айту
- •Сауын алу
- •Сәлем беру, сәлем ету
- •Төркіндеу
- •Өсиет айту
- •Шүлен тарту
- •Сыралғы
- •Сірге жияр
- •Сірге мөлдіретер
- •Шашыратқы
- •Аманат қою
- •Ас беру
- •Арыздасу
- •Әруақты еске алу
- •Жұмалық
- •Құран ұстау
- •Ораза ұстау
- •Пітір беру
- •Садақа беру
- •Тасборан
- •Тасаттық
- •Топырақ салу
- •Шек беру
- •Иман айту
- •Қаза және көңіл айту
- •Наурыз мейрамы
- •Наурыз туралы түсінік
- •Наурыз сөздігі
- •Қымыз-мұрындық
- •"Сабантой, мизам"
- •"Соғым басы"
- •2.3 Астрологиялық немесе космологиялық халықтық болжау дәстүрлері
- •3 Отбасы және неке, туысқандық қатынастар
- •3.1 Отбасы түрлері
- •3.2 Некелесу түрлері
- •3.3 Туыстық қарым-қатынастар
- •Ер адамның қайын жұрты
- •4 Қазіргі этникалық даму және этнографиялық зерттеу әдістері
- •4.1 Қазіргі этникалық процестердің ерекшелігі және этносаяси процестердің ішкі саяси жағдайға ықпалы
- •4.2 Ұлттық сана және консолидация
- •4.3 Зерттеу методикасы, негізгі бағыттар
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
1.2 Қазақ қоғамындағы әлеуметтік және субэтникалық топтар
Қазақ қауымының XIX ғ.-дың орта шені аралығындағы қоғамдық топтарға бөлінуіне жеке адамдардың «ақсүйек» және «қарасүйек» дегендерге жатқызылуы ерекше тән болды. Бірінші әлеуметтік топ қоғамдық қатынастар құрылымында өздерінің әлеуметтік оңашаланғандығы мен жоғары қоғамдық мәнділіктерге қарай сырттан ешкім өте алмайтын жеке адамдардың артықшылықтармен пайдаланатын жабық корпорациясы тұрғысыңда танылды. Оларға екі ақсүйектік топ – төрелер мен қожалар жатты.
Төрелер. Төрелер қазақ халқының құрамына рулардан басқа, генеалогиялық қатынастарға түспейтін субэтникалық топтарға кіреді. Көшпелі ұлыстар ішінде субэтникалық топтардың пайда болуы, этностың жалпы конфигурациясына енуі қызық құбылыс. Субэтникалық деген ұғым этностан аздаған әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері бар, өздерінің тілдік, территориялық оқшаулығы сезінген және ең бастысы өздерін бөлекше этнографиялық топ есебінде танитын этностың ішіндегі бөлшектерге қатысты қолданылады. Қандай дамыған этнос болмасын оның ішінде әр түрлі себептермен оқшау тұратын топтар кездесіп қалады. Сонымен қатар шығу тегі бөлек, бірақ көшпелі қазақ арасында өмір сүріп этникалық тіршілікке қатысып отырған кірме этностар да кездеседі. XVIII ғ. қазақ этносының құрамында осы айтылған екі топтың өкілдері мол. Көшпелі қазақ құрамына ертерек уақытта араласқан және этнос түзуші фактор қызметін атқарған субэтникалық топтардың бірі төрелер. Төрелер өз бастауларын сонау ІПыңғысханнан, оның үлкен ұлы Жошыдан таратады. Қазақ хандығы қалыптасар ауыр кезеңде үлыстарға билікті көбінесе Ұлы қағанның Орыс деген немересінен тарайтын тұқым жүргізді. Төрелер қазақ құрамында ақ сүйек саналады, сұлтан мен хандар тек төрелердан сайланады. Этникалық жағынан төрелер жабық, яғни эндогамды, әлеуметтік жағынан бір бірімен тығыз байланысқан топ.
Кіші жүздің төре тұқымдарын Қайып хан мен Әбілқайыр ханның әулеттері құрайды. Мұның біріншісі Әз Жәнібек ханның Жәдіге атты баласынан тарайды, жолы үлкен саналады және ықпалы Әлім ұлы балаларына жүреді. Әбілқайыр ханның әулеті негізінен Бай ұлы мен Жетіру руларына арқа сүйейді. Әз Жәнібектің кіші ұлынан тарағандықтан жолы төмен есепті. Екі әулет өз ара дау - жанжалдарына, таластарына қарамастан бір бірімен тығыз байланысты. Орта жүз төрелері негізінен Жәдіктен тарайды. Көпшілігі Әбілмәмбеттін, Сәмекенің, Абылайдың әулеттері. Жүздің саяси өмірінде Барақ пен Кошек сұлтандар едәуір қызмет атқарады, олар ұзын оқты Ондан сұлтанның тұқымы, Тұрсын ханның ұлдары. Сонымен қатар қазактың екі жүзінде де төрелердің басқа бұтақтары - Шайбан тұқымынан, Көшім балаларынан, Тоқтамыстан қалған аз ұрапақ кездеседі.
Бұлар басты төре әулеттерімен араласып, бірге көшіп жүргендіктен солардың арасына сіңіп кетті
Ұлы жүзде төре саны аз. Тарихи деректерде Ұлы жүздің ханы Жолбарыстың қай тұқым екені анық көрсетілмеген Әбілқайырдың Ресейге жазған хаттарында оны туысым деп атайды, оған сену қиын. Әбілқайыр хан өзінің бағасын көтергісі келіп Бұқара мен Хиуаның билеушілерін де інілерім дей салады. Кей тарихи деректерге қарағанда Жолбарыс хан Тоғұлық Темір тұқымынан Абдолла баласы. Моғолстан хандарының ескі желісі осы Жолбарыспен аяқталса керек. 1735 ж. Орынборға келген сарт Нұрмұқамбет Жолбарыстың хандық құрғанына 15 жыл болды дейді. Қарқаралыда Бөкей немересі Смайылханның алғаны Жолбарыс нәсілінен екені белгілі. Кейін Ташкентте хан аталып біраз билік қүрған Әбілез (Әбілпейіз болуы керек) және Күсек нақты қандай түқымнан шыққаны жөнінде дерек жоқ. Ұлы жүздің көпшілігіне XVIII ғ. 60 ж., бастап Абылай ханның балалары Әділ мен Сүйік иелік жасай бастады. Әділдің билігін нығайту үшін Абылай Жетісуға біраз қарақалпақты көшіріп әкеліп, хан ордасы деп баласына қорған көтеріп берді.
Сұлтандардың ел билігі үшін қайда шақырса сонда баратыны бар. Кіші жүздің сұлтаны Әбілқайырдың баласы Ералы бір мезгіл, шамасы 1742-1749 ж. Орта жүзде керей руының ұлыс сұлтаны болды. Әбілқайыр өлген соң қайтуға мәжбүр етті. Бірақ 1755-1757, 1771 ж. оқиғалардың кезінде Орта жүзге қайта келді. Қазақтың төрелері көрші елдердің саяси өміріне араласып, өз балаларын билікке ұсынып жүреді. Соның бір көрінісі Хиуа, түркімен, қарақалпақ пен өзбек билігіне өзара таласқан Әбілқайыр мен Қайып тұқымы. Башқұрт жеріндегі көтерілістер кезінде Барақ баласы Шығайдың хан сайлануы, немесе башқұрттардың Абылайды хан болуға шақыруы да дәлел бола алады. Яғни қазақ төрелерінде белгілі бір этникалық тұғыр болмауы да мүмкін, негізгі субэтникалық топтың тәрбиеленетін, атқаратын жұмысы ел билігі. Ал енді биліктің қай жерде, қай этникалық ортада екендігі екінші кезектегі шаруа. Төрелердің қара қазақтан таңбасы мен ұраны бөлек, өз ішінде төрелер туының түсіне қарай ажыратылады. Мысалы - қызыл тулы төрелер, яғни Әбілмәмбет ханның ұлдары, ақ тулы төрелер деп қазақ Барақ, Көшек сұлтандарды атайды. Абылайдың туы көк ту, кейде "ала туды көтерді" деп те айтылады.
Қазақ даласында хан титулына тек Шыңғысханның ұрпақтары ғана ие болған. Хандар сұлтандар арасынан сайланды. Қазақ төрелері Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан бастау алады. Төрелердің қызметшілері /құлдар/ және жасағы /төлеңгіттер/ болған. Сонымен қатар төрелерді билер соты соттай алмады. Тарақ таңбалы төрелердің ұраны – Арқар. Төрелер арасында қатар эндогамиялық тәртіп сақталды. Сословие аралық шиеліністер ханның қатысуымен, кейін патша билігі шектелген соң округтегі аға сұлтандармен шешілді. Сұлтанды тіл тигізіп қорлағандық үшін 26 ұсақ мал түйе мөлшерінде айыппұл салу, ал оны өлтіргендік үшін қатаң алынатын құнға тең материалдық өтем-құн төлеу көзделді. Қазақстанда төрелер өзінің мұрагерлік және заңды құқықтарынан патша әкімшілігінің 1868 жылғы реформасынан кейін айырылды. Дала өлкесіндегі бүкіл ресми билік патшаның отаршылдық шенеунік аппаратының қолыңда шоғырланды.
Ұлы жүздің ескі бір аңызында Үйсін ұрпағы – Жансақал мен Ақсақал болып келеді делінген. Үйсіннің екінші әйелі Қытай патшасының қызы Ля Рюньнен – Төре туады. Бұл есім «екі асыл текті тұқымның ұрпағы» деген ұғым береді. Төре жас кезінде нағашы жұртында болып, патша ордасында тәрбие алады. Ғылым үйреніп, әскери өнерге жаттығады. Білімді, қайратқа мол, батыр Төре туған өлкесіне кері оралып, нағышы атасы Мунның тікелей ықпалымен ел басқару ісіне араласады. Төре ұрпағынан кейін атақты хандар, көсемдер, шешендер, батыр нояндар көп шықты дейді шежіре. Ал шежірешілер қазақ хандарының арғы негізін Шыңғысханға апарып жалғастырған.
Қазақ халқы төрелер деп Шыңғыс ханның үрім бұтағын, яғни қазақ хандары мен сұлтандарының ұрпақтарын атаған. Қазақ Ордасының хандарынан тараған ұрпақ уақыт оза келе өсіп - өніп, көбейіп, тұтас руға айналған. Дәстүр бойынша қазақтың хандары мен сұлтандары да өздерінің ата-бабаларының шежірелерін сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде қалдырып келді. Ш.Уәлиханов айтуынша ескі шежірелер Есім ханның, Тәукенің, Сәмекенің, Әбілмәмбеттің ұрпақтарында сақталып келген.
Ел арасында: «Қазақта хан Шыңғыстан басталып, Шыңғыспен аяқталды» деген сөз бар. Біріншісі ХІІ ғасырда өмір сүрсе, екіншісі ХІХ ғасырда тіршілік еткен. Шыңғыс хан (1115-1227) шыққан Қият тайпасының Боржігін руы- моңғол арасында «алтын ұрпақ» деп аталады. Өз аты Темучин, Есукей батырдың ұлы, моңғолдардың бірінші ханы Хабулдың шөбересі, анасы Өлең-Еке Меркіт руынан шыққан, 1206 жылы Онон өзеніндегі шонжарлардың құрылтайында біртұтас моңғол мемлекетінің ұлы ханы болып жарияланды да, «Шыңғысхан» лауазымын алды.
«Әлем сілкіндіруші» Шыңғысхан 1223 жылы көктемде Сайрам мен Талас аралығында Құланбас жазығында жиналған құрылтайда өзі құрған мемлекетті төрт ұлына бөліп, енші етіп үйлестірді. Бұл жерлер ұлыс деп аталынған.
Төле – ата жұрты Монғолияны биледі. Оған бес мың үй бағынады. Ұлыстың орталығы Қарақорымда болды. Өгедейдің еншісіне бес мың үй және Батыс Монғолия мен Тарбағатай өңірі берілді. Өгедей ұлысының ордасы Чугучак өзенінің бойында болды. Шағатайға сегіз мың үй және Мәуреннахрдан бастап Құлжаға дейінгі Жетісу, Қашқария жерлері тиді. Шағатай ұлысының ордасы Іле өзені бойында болды. Ертістен бастап батысқа қарай Жетісудың теріскей бөлігін қамти отырып, оңтүстігі Әмудария мен Сырдарияның етегіне дейін, Орал тауынан төменгі Еділ бойына дейінгі жерлерді қоса «моңғол атының тұяғы жеткен жерлерге дейінгі аймақтар» - бүкіл Дешті-Қыпшақ және тоғыз мың үй Жошының үлесіне тиген болатын. Жошы ұлысының ордасы Ертіс алқабында болды.
Жошы (1187-1227) - моңғол ханы, ірі әскер басшысы. Анасы Бөрте-Қоңырат тайпасынан, Дай шешеннің қызы. Жошы ханның мазары Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында, Кеңгір өзенінің солтүстік-шығыс жағында Жезқазған қаласынан 45 шақырым жерде. Жошы ханның он жеті ұлы болған делінеді.
Қазақ төрелері Жошының Тоқай-Темір деген ұлынан тарайды. Тоқай-Темір, онан Өз-Темір, онан Қожа, Онан Бадағұл /Бәдік/, онан Орыс хан. Ақ Орданың тоғыс жыл ханы болған /1368-1377/ әйгілі Орыс хан – Сыр бойындағы Сығанақ қаласын қайта тұрғызған тарихта белгілі тұлға. Орыс ханнан жеті ұл, үш қыз туады. Ұлдарының есімдері: Тоқтақия, Құтлығ-Бұға, Тұғлық-Болат, Құйыршық, Тоқта-Болат, Саид-Ахмет, Саид-Әлі. Тоқтақиядан Болат туады, одан – Керей. Керей хан Қазақ хандығының негізін қалаушы деп саналды, шамамен 1456-1473 жылдар арасында Қазақ хандығының бірінші ханы болды.
Құтылық – Бұғаның ұлдары – Жәдігер, Құтужақ, Чинги-Болат№ Бұтужақтан (Құйыршық) Барақ туады. Барақ ханның (1423-1428 жылдары Ақ Орданың ханы) ұлдарының есімдері: Мір-Саид, Мір-Қасым, Әб-Саид. Әбу-Саид қазақ тарихында Жәнібек хан деген лақап атымен танымал. Тарихта ізі қалған, бір-бірімен аттас, бірақ әр заманда өмір сүрген екі Жәнібек хан болған. Біріншісі Әз Жәнібек (1340-1357) Алтын Орданың ханы болса, Екінші Жәнібек (1474-1480 жылдары қазақ ханы) Керейден кейін қазақ мемлекетін басқарған хан.
Керей ханның үш ұлы болды, олардың аттары: Бұрындық (Мұрындық), Қожа – Мұхаммед, Сұлтанәлі. Бұрындық хан (1480-1511 жылдары қазақ ханы) Сырдария бойындағы Сығанақ, Сауран, Түркістан, Отырар, Созақ қалалары үшін өзбектің Шайбани әулетімен қанды шайқаста жеңіске жетті. Ол өз заманында 50 мың жасақ ерткен күшті хандардың біріне саналған. Сондай-ақ Бұрындық хан Моғолстанға қарайтын Жетісу өңірін түгел Қазақ хандығына қосты. Бұрындықтың төрт ұлы, төрт қызы болған: Шайхым, Санжар-Жаһан, Жаһанбақты, Қымсын есімді ұлдар. Үлкен қызы Дадым ханымды Шығай сұлтан алған.
Жәнібек ханның тоғыз ұлы: Еренжі, Махмұд, Қасым, Әдік, Жаныш, Қамбар, Таныш, Сөк, Жәдік – Қазақ хандығының абырын асырып, абыройын көтерді. Тоғызы да ел билеген сұлтан, қол басқарған батыр болды. Жаныш сұлтан баласы Ахмед екеуі 1508 жылы 30 мың әскермен Мәуреннахрға жорыққа шығып, бірнеше қалаларын басып алған еді.
Жәнібек ханның тоғыз ұлының бірі Қасым хан (1511-1518 жылдары қазақ ханы). Анасының есімі – Жаған – бегім. Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы өзінің дәуірлеу билігіне көтерілді. Тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551): «Қасым ханның өз билігін бүкіл Дешті-Қыпшаққа да жүргізді. Оның қарулы халқының саны миллионнан да көп еді. Жошы ханнан кейін бұл әулеттен одан күшті хан шыққан емес»,-деген куәлік береді.
Қасым хан дүниеден өткен соң хан болу үшін аяусыз қырық пышақ қырқысу, тартыс басталады. Қазақ хандығы бытыраңқылыққа ұшырап, саяси рөлінен айрылады. Жәнібек ханның немерелері біреуінен соң біреуі таққа отырып, жиырма жылда хандықта бес хан ауысты. Жәнібек ханның ұлы Әдік сұлтан, онан Таһир (1523-1533 жылдары қазақ ханы) мен Бұйдаш (1533-1534 жылдары қазақ ханы). Жәнібек ханның ұлы Жәдік сұлтан, онан Қожа Махмұд (1534-1535 жылдары қазақ ханы) пен Тоғым (1535-1537 жылдары қазақ ханы) және Абақан – бегім атты қалмақ әйелінен Шығай (1580-1582 жылдары қазақ ханы) туады.
Қасым ханнан Мамаш (1518-1523 жылдары қазақ ханы) пен Хақназар (1538-1580 жылдары қазақ ханы) туған еді. Хақназар қазақ хандарының ішінде ең ұзақ 42 жыл ел билеген хан. Ордасы Жемнен Аралға және Сырдарияға дейінгі аралықта көшіп жүрді. Осы кезде Хақназар хан Ноғай Ордасының жерінің бір бөлігін өзіне қаратып, Жайықтың сол жағында көшіп жүрген ноғай ұлыстарын Қазақ хандығына бғындырды. Мұның нәтижесінде Қазақ хандығына қазіргі Кіші жүз территориясы қосылды. Хақназар хан Оңтүстік Қазақстан жерінің де бір бөлігін бағындырған болатын. Сол замандағы жазылған тарихи еңбектер Хақназарды «қазақ пен қырғыздың патшасы» деп көрсетеді. Хақназар хан соғыста қазаға ұшырағаннан кейін сексен жастағы Шығай сұлтан таққа мінді.
Шығай ханның Байым – бикесінен Сейітқұл мен Ондан туады, Яхшим /Жақсым/ - бикесінен Тәуекел (1582-1598 жылдары қазақ ханы) мен Есім (1598-1628 жылдары қазақ ханы) дүниеге келді, Дадым ханымы Әли, Жалым (Сұлым), Ибраһим, Шағым (Шаһмұхаммед) есімді төрт ұлды таратты. Қазақтың ханы, қаһарман батыры, табаны таймас Тәуекел Хақназар ханды опасыздықпен өлтірген Баба сұлтанның басын алып кек қайтарған. Тәуекел хандық құрған кезінде Қазақ хандығы жаңа саяси өрлеу жолына түсті. Ол Сібір хандығындағы ежелгі қазақ қоныстарын тұрғындарымен қоса өзіне қосып алады. Тәуекел-бахадүр-хан Ташкент қаласын 1598 жылы өзіне бағындырды. Содан Ташкент 200 жыл бойы қазақ хандарының билігінде болды.
Еңсегей бойлы Ер Есім Түркістанда қазақ ханы болып тұрған шақта Ташкент уәлаятының әмірішісі Тұрсын хан (Жалым сұлтанның ұлы, Шығай ханның немересі) қатаған деген елді билейді. Есім хан мен Тұрсын хан бір-бірімен дау болмасқа ант етісіп, бата қылады. Есім хан бүкіл алаш әскерін жинап, қазақтың ымырасыз ата жауы қалмақтарға қарсы соғысқа аттанады. Есім хан аттанысымен, мансапқор Тұрсын хан әуелде берген антын бұзады, Түркістандағы Есім ханның ел-жұртын шабады, Қазақ Ордасындағы азамат соғысына жол ашады.
Есім хан еліне жорықтан оралғаннан кейін арғын мен найманның бірталай батырларымен, жасақтармен Ташкентке аттанады. Есім хан Ташкентті жаулап алады, Тәуекел хан заманынан қазақтар билеген 12 қаланы атырабымен қоса өз қарамағына қайтарады, Тұрсын ханды өлтіріп, қатаған елін қырғынға ұшыратады.
Ер Есім ханның үш ұлы болды. Олар Жәңгір хан, Құдайменде, Қайып хан. Қазақ тарихында үш Қайып хан кездеседі. Құдаймендеден Сырдақ (Қысырау) туады, ал Сырдақтан – Қайып хан (бұл екінші Қайып хан), оның ұлы Батыр, Оның ұлы Қайып хан (бұл үшінші Қайып хан). Соңғы Қайып хан Хиуа ханы деп аталады, себебі ол 1745-1756 жылдары Үргеніште хан болған. Бұл Қайып ханның ұлы Әбілғазы сұлтан 1797 жылы шекті руының ханы болып сайланған. Әбілғазыдан 1816-1821 жылдары Кіші жүздің ханы болған Арынғазы туады. Қайып ханның екінші ұлы Туғанша сұлтан, одан Бекәлі, Еркінәлі, Әлі төре. Әлі төреден – Шаңгерей, Сұлтангерей, Хангерей, Бақтыгерей туады. Хангерейдің баласы Мұхаммедияр Тунғашин (1888-1942) Орынбор генерал-губернаторың тілмашы болды. Қазан төңкерісі жылдарында ол ұлттық қазақ атты полкін ұйымдастырушы, әскербасы болған.
Ер Есім ханның ұлы Қайып ханнан (бірінші Қайып хан) - Жәңгір, Жәңгірден – Жантөре, Жантөреден – Арыстан мен Ахмет туады. Полковник атағына ие болған Ахмет Жантөрин 1841-1851 жылдары кіші жүздің шығыс бөлігінің сұлтан-билеушісінің қызметін атқарды, одан кейін оның балалары подполковник Мұхаммеджан Жантөрин мен есауыл Сұлтанмахмұд Жантөрин сұлтан – билеуші болып сайланды. Ахметтің ағасы Арыстан Жантөрин Кіші жүздің батыс бөлігінің сұлтан – билеушісі болды. Ахмет сұлтан Кенесары ханның қан төгіскен дұшпаны болды. Жантөрин Сейітхан Ахметұлы 1848 жылы Орынбор кадет корпусын жүзбасы әскери дәрежесімен бітірген.
Ер есім ханның ұлы Жәңгір хан (1628-1652 жылдары қазақ ханы) басы үлкен, мол денелі, кеудесі кең, аласа бойлы адам болған екен. Сол себепті қазақтар өзінің дарынды қолбасшысын «Салқам Жәңгір» яғни Айбынды Жәңгір хан деп атаған. Оның хандық құруы Жоңғар мемлекетінің күшейген кезге сай келді. Орбұлақта болған шайқаста Жәңгір ханның 600 мылтықпен қаруланған жасағы Самарқан билеушісі Алшын Жалаңтөс бахадұрдың 20 мың әскери көмегімен біріккен ойрат-халха монғолдардың 50 мың қолын талқандап, ел шетінен асыра қуып тастайды. Осы 1643-1644 жылдары болған шайқаста 10 мыңға жуық монғол қырылды. Қазақтармен жоңғарларлар арасындағы 1652 жылғы ірі соғыста қартайып қалған Жәңгір хан жаудың қолынан мерт болады.
Жәңгір ханның ұлдары Тәуке (1680-1718 жылдары қазақ ханы), Уәли және Бақи, Тәуке хан қазақ тарихында даналығы, ақылдылығы үшін «адамзаттың данасы» деп аталды. Ел арасында ескі аңыз – жырларда қазақ халқы оны әулие, пір тұтып Әз Тәуке хан деп атайды.
Жыл сайын күздігүні белгілі бір жерде ханмен бірге жалпы мемлекеттік мәселелерді шешу үшін ру ақсақалдары мен билері қатысымен «еңсесі биік боз ордада» құрылтай шақырылып отырды. Беделді ру басылары хан жанынан билер алқасын құрды. Бұл – заңды талқылайтын ұйым болды. Тәуке ханның тұсында Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласына жақын жерде «Күлтөбенің басында күнде кеңес», өткізіп, үш жүздің билері қатысуымен «қырық рудың қырық биі» Қасым ханның «Қасқа жолын», Есім ханның «Ескі жолын» негізге алып «Жеті жарғы» заңдар жүйесін құрастырып қабылдады.
Тәуке ханның ұлы Болат (1718-1729 жылдары қазақ ханы), халық оны момын, жасық мінезді болғандықтан «Былжыр Болат» деп атаған. Болаттың ұлы Әбілмәмбет (1734-1774 жылдары Орта жүз ханы) - қызыл тулы төрелердің бабасы. Әбілмәмбет қазақ шежіресінде Абылай сұлтанды қамқорлыққа алушы, тәрбиелеуші ретінде белгілі. Әбілмәмбеттен – Болат, онан Құдайменді, онан Әкім, онан Қарқаралы уезінің төрелері тарайды.
Әбілмәмбеттен - Әбілпейіз, онан Семей жеріндегі Найман елінің төрелері тарайды. Әбілпейіздің бәйбішесі Кіші жүздің Нұралы ханның қызы Айкүмістен – Бопы, Ғадай, Ағадай туады; тоқалы қырғыз манабының қызы Тұмардан – Көгедей, Сәмен, Жабағы; тоқалы қалмақ ханы Хандыжаптың қызы Шағаннан – Жошы туады. Әуелде Шағанды Көкжал Барақ сұлтан алған. Әбілпейіз сұлтан Бараққа бата оқуға келіп, оның жас әйелі Шағанды емшектегі Қанқожа белбала ретінде ұстайды, қайтыс болғанда орнына Қанқожа отырады. Тоқалдың үш ұлын анасымен қоса төре іздеген Абақ керейлер Әбілпейізден сұрап көшіріп әкетеді. 1785 жылы 12 жасар Көгедейді Абақ Керей елі Қобда тауында хан сайлайды. Көгедей (1773-1824) 39 жыл Монғолияда Абақ Керейлерде билік жүргізді, одан Ажы төре (1797-1867), одан кейін Қасым төре (1834-1890), одан соң Жеңісхан төре (1868-1912), одан кейін ең соңғы билік иесі Әлен төре (1884-1934) болған.
Тәуке ханның бір баласы Сәмеке (Шахмұхаммед) (1719-1734 жылдары Орта жүз ханы), Сәмеке ханнан Есім туады. Есімнің ұлдарының аттары: Құдайменде, Алшынбай, Әбілқайыр, Бұлқайыр. Әбілқайырдың ұлдары Досан мен Сөртек Кенесарының жауы болған. Кенесарының қарындасы Бопайдың бұйрығымен 1843 жылы Өтей – Дәуіш Уақтан шыққан Қожық Мақашұлы (1822-1874) атаман Досан мен Сөртекті қылышпен турап өлтіріп, Бопайға олардың бастарын әкеп тапсырады. Досан Бопайдың күйеуі, бірақ екеуі 1836 жылы ажырасып кеткен.
Сәмеке ханның немересі Құдаймендеден Қоңырқұлжа, Санияз, Бек, Бөрі, Арыстан туады. Ақмола дуанының аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин 1840 жылы полковник атағын алған, Кенесарының көтерілісіне қарсы белсене қатысқан. Қоңырқұлжанның туған інілері Арыстан Құдаймендин тінәлі – Қарпық болысын басқарады, ал балалары Абылай, Әділ, Беғалы, Жанәлі, Төке, Шыңғыс хорунжийлер Қареке – Алтай, Әйтеке – Қарпық және басқа болыстарды басқарды. Қоңырқұлжанның әйелдері он сегіз ұл, бес қызды өмірге әкелген, бұлардан Ақмола уезінің төрелері тарайды.
Жәңгір ханның екінші ұлы Уәли сұлтанның Абылай туады. Абылай сұлтан ұзақ жыл Бұхар ханы Иманқұлының әмірі болып, Андижанды билеп тұрды. Абылай ханның (1711-1781, 1771-1781 жылдары Орта жүз ханы) азан шақырып қойған аты - Әбілмәнсүр, лақаб аты- Сабалақ, лауазымы – Абылай хан. Абылай хан – атақты қаһарман, батыл қолбасшы, шебер ұйымдастырушы, дарынды мәмлегер, өктем әкім болды. 1771 жылы Әбілмәмбет хан қайтпас сапарға кеткен соң Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи күмбезінде қазатың игі жақсылары ежелгі дәстүр бойынша Абылайды ақ киізге көтеріп, Орта жүз ханы деп сайлаған. Ш.Уәлиханов Абылайхан он екі әйелінен 30 ұл және 40 қыз көрген дейді. Абылайдың тұңғыш ұлы Уәли 1781-1819 жылдары Орта жүз ханы болды. Уәли ханды кемсіту үшін Ресей патшасы бірінші Александр Орта жүзге екінші қосалқы хан етіп 1815 жылы Ондан сұлтанның ұрпағы қартайған Бөкейді қойған. Екі хан да 1819 жылы өмірден өтті. Ал 1822 жылы патша үкіметі Батыс Сібірдің генерал-губернаторы М. Сперанский басшылығымен жасалынған «Сібір қазақтары туралы жарлық» делінетін заңын шығарып, отарлау басқару жүйесін еңгізіп, Орта жүз хандығын біржолата жояды. Отаршыл орыс үкіметі Орта жүз бен Ұлы жүздің біраз жерін сегіз сыртқы округке (дуанға) бөліп, оларда хандықтан әлдеқайда әлсіз аға сұлтандық әкімдік басқаруды енгізді. 1824 жылы Қарқаралы және Көкшетау округтері ашылды. Округтер Омбының облыстық басқармасына бағынды. Қарқаралыда Тұрсын Бөкеев, Көкшетауда Ғұбайдолла Абылайханов, Аягөзде Өшін Әбілпейізов, Ақмолада Қоңырқұлжа Құдаймендин, Аманқарағай Шыңғыс Уәлиев төрелер аға сұлтан болып, шен алып, шекпен киеді.
1652 жылы жоңғарламен шайқаста қайтыс болған қазақтың он төртінші ханы Жәңгірден Тәуке, Уәли және Бақи деген ұлдары тараған. Тәуке ханнан – Абылай, Бақиден – Сұлтанбет (Сұлтанмамет). Ертіс өңіріндегі далалық аймақтың өмірінде Сұлтанбет пен оның ұрпақтары маңызды роль атқарған. 1781 жылы Абылай хан қайтыс болаған соң, қазақ аристократиясы хан тағына отыруға Сұлтанбетті шақырған. Бірақ жасына жеткен Сұлтанбет хан тағына отырмай Абылайдың ұлы Уәлиді хан етіп отырғызуға ұсынады.
Орта жүзде 1739 жылы Сәмеке хан қайтыс болған соң оның орнына Әбілмәмбет келеді. Оған Арғындардың бір тобы және Тарақтылар бағынады; Арғындардың үлкен тобы Абылайдың билігін мойындады. 1742-1748 жылдары Керейлердің басшысы сұлтан Ералы болған. Найман тайпасы екі иелікке бөлінді: Жоңғариямен шектес 10 шаңырақты басқарған Күшік Тұрсынов пен Барақ сұлтан басқарған 40 мың шаңырақты наймандарды басқарған. Ертіс өңірі Қыпшақтарының басшысы – Сұлтанбет болған.
Қожалар. Қазақтың этникалық қүрамына кіретін тағы бір субэтникальік топ – қожа. XVIII ғ. қазақ ішіндегі қожа саны шамалы, бірақ олардың елдің рухани өмірінде атқаратын қызметі жеткілікті болған. Бұқар жыраудың:
Он екі айда жаз келер,
Құс алдынан қаз келер,
Айтып-айтпай немене,
Заманымыз аз келер.
Сол заманың келгенде
Ата бабаң қол берген,
Қожаларын қас көрер.
Ақиретке барғанда,
Ақ сүйекті қор тұтқан,
Қараны одан зор тұтқан
Ноғайларды пір тұтқан,
Тартарсың сонда жазаңды - ай - деп қазақ елінің XVIII ғ. қожалар ықпалында болғанының бір көрінісі. Оған себеп қазақ қоныстарының көпшілігінің Түркістан аймағында болуы. Қожалардың негізгі мекені Қаратаудан әрі. Қожалардың сейід қожа аталатын ерекше тұқымы бар оларды кейде Есім сейід, Баб сейід, Қосым сейід деп жіктей атайды. Осы топқа Ақ қожа, диуана қожа, Қылышты қожа, Қырықсадақ т.б. жатқызады. Мекендеген жерлеріне байланысты қожаларды Қарнақ қожасы, Сунақ қожасы, Иқан қожасы деп атау да кездеседі.
Қазақтар қожаларды "асыл сүйек" қатарына қосады. Пайғамбарға жиеншар болып Фәтимадан тарағаннан кейін оларды Пайғамбар жұрағаты деп қазақ қатты құрметтеген. Қожалар қазақ арасында дін тарату және сауат ашу ісіне өздерінше үлес қосқан топ. Ісләм дінінің Орта Азиялық тармағы көбінесе сопылықпен байланысты болып келеді. Қазақ арасында сопылықтың Қожа Ақмет Иассауи және Қожа Бахауаддин салған нұсқалары кеңінен қолдау тапқан. Сопылық дүние таным көшпелілердің бақсылық сенімі-нанымдарымен қосыла келе діннің ерекше бір қазақтық нұсқасын қалыптастырады.
Қожалар да төрелер сияқты қара қазақпен араласпайтын эндогамиялық топ. Қызды тек өз ішінде ғана алынады. Қыздарын қазаққа бермегенімен төрелер де қожалар да қазақтың қыздарын алып отырған, тек бірінші әйелдері өздерінің этнографиялық тобынан болуы шарт. Этникалық араластыққа түсіп кеткендерін "қараман" деп атайды, яғни қара халықпен араласып кеткен. Төрелер де, қожалар да "ақ сүйек", немесе "асыл сүйек" есебінде құн мәселесіне келгенде бөлекше. Олардың құны қазақ құнынан жеті есе жоғары кесілді. Қожаны өлтірген ел төрені өлтіргендегі сияқты жеті есе көп мал төлейді, қара қазақтың құнына 100 жылқы кесілсе, төренің, қожаның құнына 700 жылқы. Әрине, осыншама үлкен құн тек аса беделді, қызметтегі ақ сүйектер үшін ғана төленгенін ескерткен жөн. Қазақ этникалық құрылымының мүшесі, бірақ қараша халықтың генеалогиялық туысу дәстүрінен тыс бұл әлеуметтік топтар материалдық деңгейде де ерекше. Олардың киген киімі, сәлемдесу мезіреті т.б. оқшаулау.
Қожалар – қазақ хандығындағы діни білім беретін сословие. Қазақ қоғамында қожалар аса құрметті топ құрған. Олар дәстүрлі қазақ қоғамының негізгі генеалогиялық құрылымына кірген жоқ және өздерінің шығу тегін Мұхаммед пайғамбардың төрт серігі Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әзірет Әліден бастайды. Халық арасында қожаларды «асыл сүйек» деп атаған. «Қожа» сөзін парсы тілінен аударғанда «қария», «мырза», «үй иесі» деген мағына береді. Қазақстан территориясында қожалар ерте ортағасырларда еніп, мұсылмандық дін уағыздаушылар, миссионерлер, ағартушылар ретінде әйгілі болған. Қожалардың ұраны – «Қожахмет», таңбасы – араб алфавитінің бірінші әріпі – І. Қожалар төре сияқты қарапайым халықпен қыз алыспады, олардың қоғамында жақын туыстық неке қию кең тараған. Қожаларға зекет жинау құқығы берілді, ислам ережелерін орындауды бақылау, мұсылман дінін уағыздау олардың қолдарында болған.
Қожалар рухани білім өкілдері болғандықтан әр түрлі алымдардан босатылды, тек сұлтандар сотымен ғана жазаға тартылды. Қожалар дінді уағыздаушылар болғандықтан бір жерде ғана шоғырлана алмады. Олар Қазақстанның бүкіл территориясына жайылған. Қазақстанның барлық ауылдарында кем дегенде бір қожа руына сіңісіп кеткен субэтникалық топ. «Қожа» сөзі қазақ шежірелерінде жүзге кірмейтін ру атауы ретінде жеке аталды.
Профессор Т.Жанұзақов былай деп жазды: «Қожа арабша, ходже 1) ұстаз, молда, мырза, бай көпес, не қожайын; 2) төрт халифтің бірінің ұрпағы, мұсылман дінінің өкілі».
Көптеген ғалымдар «қожа» сөзі парсы тілінен алынған деп айтқан. Мысалы, Л.З.Рустемов өзінің еңбектерінде «қожа» сөзінің мағынасын келесідей түсіндірген: «... Тар мағынада Орта және Таяу Шығыс халықтары арасында феодалдық қоғам мүшелері, кең мағынада билеуші тап өкілдері. Әлеуметтік иерархияда қожалар саидтерден кейін /Мұхаммед пайғамбардың ұрпақтары/ тұрады».
Қожалардың шығу тегі әр түрлі талқыланады: бір деректер бойынша, олар алғашқы төрт халифтің ұрпақтары /Әлінің әйелі Фатима пайғамбардың қызынан тарағандардан басқа/ болып келеді, басқа деректер бойынша, басып алушылық соғыстарда араб әскерлері жетекшілерінің ұрпақтары болып келеді.
«Қожа» сөзі «Ислам» энциклопедиялық сөздігінде келесі мағыналары көрсетілген:
Ортағасырлық мысырда қожалар – шет елден келген көпестер немесе бай көпес. Саманидтер (ІХ-Х ғасырлар) және Газневидтер (Х-ХІ) мемлекеттерінде қожа – уәзір лауазымы. Осман империясында қожа деп уламды көрсеткен. Дәл осылай сұлтан тәрбиеші, сарай кітапханасын сақтаушы және әтектер аталған. Қожа және жоғары лауазымды тұлғалардың титулы. Көп санында хваджаган – Осман империясының (ХҮІ-ХХ ғасырларда) шенеуніктер табының атауы. Қазіргі кездегі Түркияда «қожа» деп дінмен айналысатын адамдарды айтқан және мұғалімдерді «қожа» дейді. Бірқатар қазіргі араб елдерінде мұсылман еместерді атаудың әдепті түрі;
Орта Азияда ХХ ғасырдың басына дейін қожа деп төрт халифтердің ұрпақтарын айтқан (Пайғамбардың қызы Фатимадан тараған ұрпақтарынан басқа);
Абдаль – Хаким аль Гиджувени негізін қалаған сопылық ходжаган туыстығының мүшесі (ХІХ ғасырға дейін), кейін осы туыстықпен генетикалық байланысы бар бірнеше билеушілер әулеті;
Парсы Бұғазы аудандарында, Шығыс Иранда, Орта Азияның бірқатар облыстарында, Гиндукуште, Африканың шығыс жағалауында, Занзибарда өмір сүрген үнділік иема иметнизариттер қауымы;
Үндістанның исмаилиттер, сунниттер, шиит – имамиттерден тұратын тобы.
«Ислам» энциклопедиясы бойынша «қожа» Мұхаммед пайғамбардың алғашқы халифтерінің ұрпағы, ертеде қазақ тағы да басқа халықтар арасында мұсылман дінін таратып, уағыздаушы. Ислам тарихы туралы шежіре деректеріне қарағанда, қожалардың арғы атасы Аюби Яминнен басталады. Пайғамбардың туысы Әлінің баласы Хұсайыннан өрбіген қожаларды – «Саид қожалар» деп атайды. Олардың аз ғана тобы Мекке, Мединаны, ал бір тобы Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген.
Орта Азия халықтарының ішінде тәжіктер, өзбектер және түрікмендер арасына бараланған топты қожалар мен сейіттер құрып, жергілікті жерлерде оларды жалпы атпен «қожалар» деп атайды.
Қазақтар арасында қожалар Шәмши Ахмед және Шайхы Бұзырық деген екі үлкен салаға бөлінеді. Шайхы Бұзырықтан: Қожа Ахмед Яссауи, Арыстан баб, ал Шәмши Ахмедтен: Қорасан қожа, Қырық Садақ, Диуана қожа, Бақсайыс, Ақ қожа, Жүсіп қожа, Сейіт қожа, Қылышты қожа тарайды. Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңында төрелер мен қожалар бір топқа жатқызылып, оларға «қара» халықтан гөрі жеті есе артық құн белгіленген. Қожалар ислам дінін таратушы әрі уағыздаушы болумен бірге, халықтың арабша сауатын ашуға қатысты.
Халифат арабтың теократиялық ерте феодалдық үлгідегі мемлекет. Оның басында Алла елшісінің бұрынғы ізбасарлары, оның мұрагерлері немесе орынбасарлар халифтер отырды. Олардың арасында исламның ең кең тараған суннит бағытындағылар ерекше құрмет тұтатын алғашқы төрт халиф Әбу Бәкір Садық (632-634), Омар (634-644), Осман (644-656) және Әлі (656-661) бар.
Әбу Бәкір Садықтан тарағандар Қылауыз (Жақып Ата), Қасым қожа, Мәулана Шәмшіден (Шәмші Бүзрік), Ұзын Ата, Бұлқас Ата, Шайқантауыр, Сұнақ Ата, Жүсіп Ата, Мамыт Ата, Құмсахаба (Құсаба), Лалабибі; Омардан – Қырық Садақ; Әзірет Әліден тараған ұрпақтар – Қорасан, Дуана, Сейіт, Қарахандық, Бақсайыс, Құрбан қожа, Құлтай қожа, Сәдір Ата, Қойлақы Ата.
Жақып (Қылауыз) Ата Әбу Бәкір Садықтың жиырма бірінші ұрпағы. Ол өз дәуірінің (ХІІ ғасырда өмір сүрген білімді, ғұлама адамы, әрі әулие болғаны туралы жергілікті халық аузында осы уақытқа дейін сақталған, аңызға айналған қызметі, кереметі айтылады. Жақып Ата Қожа Ахмет Яссауидің замандасы болған. Жақып Атаның «Қылауыз» аталу себебі: дариядан бөлініп шығып, 4-5 шақырым жерде қайта құйған суды Сырдария бойы елі «Қылы» деп атайды және ол дариядан суат салған, ол осы күнге дейін «Талсуат» деп аталады. Екіншіден, адам жұту дәрежесіне жеткен қарақұртты дұға оқып қайтарған. Осы қасиетіне байланысты Қожа Ахмет Яссауи: «сенің атың Қылауыз болсын» деп батасын берген екен. Араб тілінде «қылауыз» – «ел басқарушы» деген ұғымды білдіреді. Оның ұрпақтары Алматы, Қызылорда, Шымкент, Жетісай, Жаңақорған, Қожакент, Өзгент, Ташкент қаласы, орта Шыршық, төменгі Шыршық, Шыназ аудандарында «қылауыз қожалар» деген атпен өмір сүреді.
Мәулана Шәмшідә (Шәмші Бүзірік) (1445-1540) Әбу Бәкірдің ұрпағы болған. Сырдария бойындағы Өзгент қаласында қоныстанған. Ол ата-бабасынан жалғасып келе жатқан қасиетті ислам жолын уағыздау, оны халық арасына таратуды міндет алған. Мәулана Шәмшідіннен тараған ұрпақтар (немесе Шәмші қожалар) қазіргі кезде Қызылорда қаласы мен тереңөзек және Жаңақорған аудандарында, Алматы, Шымкент қалаларында бар.
Әл-Әмин баб (ХҮ ғасырдың екінші жартысы – ХҮІ ғасырдың 20-жылдары) Әзірет Омардың жиырма жетінші ұрпағы. Халық оны Қасым ханның белсенді батырларының бірі ретінде танып, лақаб атын «Қырық Садақ» деп атап, оның ұрпақтары «қырық садақ қожалар» деп аталады.
Шах Бүзірік (ХҮ-ХҮІ ғасырларда өмір сүрген) Әзірет Әлі мен Бибі Фатиманың жиырма үшінші ұрпағы. Саид шаһ Бүзірік көне Өзгент шаһарында дүниеге келген. Оның лақаб аты «Сабұлт» - «Бұлттар падишасы». Халық оны бұлтты бағындырған әулие, бұлттарды бір жерден екінші жерге айдап, керек кезінде жаңбыр жауғызады деп сенген. Оның ұрпақтары «Сабұлт қожалар» Қызылорда қаласында, Жаңақорған, Сырдария аудандарында, оңтүстік Қазақстан облысындағы Бөген, Шаян және Шымкент, Түркістан қалаларында, Өзбекстанның, Қарақалпақ, Хорезм, Самарқандта тұрады.
Мұхаммед Әнапиядан тараған ұрпақтардың бірі – Диуана қожа атанған Мәдіқожа, Мәдіқожадан Қожжан, Қылыш, Пірзада, Бақмұхаммед атты төрт ұлы болған. Ал одан тараған ұрпақтары Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан аймағында және Ташкент обылысының Орта және Төменгі Шыршық өңірінде мекендейді.
Әбдіжалел баб Әзірет Әлінің жетінші ұрпағы. Әбдіжалел баб Иемен шаһарында патшалық құрған кезінде Иран еліне аттанып, Хорасан қақпасын бұзып, басып алғандықтан Әбдіжелел Хорасани атанған. Ал одан өрбіген ұрпақтар Қызылорда обылысынның Жаңақорған, Түгіскен және Қожакент шаруашылық аумағында, Ташкенттің Орта Шыршық ауданының «Қожа керсен» ауылында, Сексен Ата өңірінде мекендейді.
Саидтер – қожалар ішіндегі аға буын болып саналады. Бұл топ қожа тайпасын құрастырушылар. Саидтерден Мұхаммед пайғамбарымыздың үзеңгілес серігі Омар шыққан. Саид руынан сонымен бірге Шайхы Бұзырықтың ұлы Гимарат Әзиз араб әскерімен бірге Түркістанға келген. Түріктерде ислам дінін кіргізбек болған олырдың әрекеттерінен ештеңе шықпаған соң күштеп еңгізбек те болады. Бірақ одан да көп нәтиже шыға қоймады. Сонан соң мешіт медреселер ашып, ислам дінін уағыздай бастайды. Жергілікті адамдарды арабша оқытып, ислам дінін қабылдаушыларды көбейтуге көңіл аударды. Гимарат Әзиздің ұрпақтары Баба Туклас пен Ысқақ баб қазіргі қазақ халқының арасында өмір сүрген адамдар.
Ал Ысқақ баб өте білімдар адам болған. Оның кезінде қазіргі Баба Ата қаласы үлкен ғылым ордасына айналады. Ысқақтың мешіт сағанасы Баба Ата қаласында әлі сақтаулы тұр.
Қорасан тобы – Мұхаммед пайғамбар әулеті саналады. Мұхаммед құрайыш тайпасынан шыққаны мәлім. Пайғамбарымыздың немере ағасы Әбутәліп те сол құрайыш тайпасынан шыққан. Әбутәліптің ұлы Әлі Аббасты қазақтар Әзірет Әлі дейді. Ол пайғамбарымыздың үлкен қызы Фатиманың күйеуі болған.
Жүсіп қожа руының атауы Фарабтық /Отырар/ түрік Жүсіп ибн Ысқақ дамуланың есімімен тығыз байланысты. Ол кісі Шам қаласында /Дамаск/ оқып, білім алған. Медреседе негізінен химиятану пәнінен сабақ берген. Сондай-ақ алхимиялық ілімнен, әдебиетті, тарихты зерттеумен айналысқан. Жергілікті халық соғдылар /сарттар/ мен түріктер оны Жүсіп қожа деп атап кеткен. Жүсіптің өзі жергілікті түрік-оғыз тайпасынан шықса да, оның ұрпақтары келе-келе қожа атанып кетті. ХҮІІ ғасырдың басында жаңадан топтасқан қожа тайпасының құрамына енді. Жүсіп қожа руына Ұлан қожа, Қасым қожа, Құлтай қожа, Қарақан қожа, Көдей қожа топтары кіреді.
Түрікпен қожа руының аты адам атынан шыққан. Шыққан тегі түріктің қыпшақ-оғыз тайпасының Түркеш (Түрікпен) руынан шыққан Әбілмұрат Түрікпени сопы Бағдатта оқып келіп, Сығнақтағы үлкен мешітте ишандық (имандық) қызмет атқарады. Ол сондай-ақ жергілікті қыпшақ-оғыздарда суниттік-суфизмді уағыздаумен айналысқан. Оның ұрпақтары бертін келе Саид тобымен (Сеит қожа) араласып кеткендіктен оны жергілікті халық Түрікпен қожалар жеп атай бастайды. Түрікпен қожа руы Саид руымен бірігіп ХҮІ ғасырдың соңында жаңа топтасқан Қожа тайпасының құрамына енді.
Қожалардың саны туралы айту қиын, олар Қазақстанның барлық территориясында тараған. Мысалы, Қарқаралы округіндегі ХІХ ғасырдың 50-жылдарындағы қожалардың саны: ер адамдар – 114, әйел адамдар – 92, округтегі бүкіл халықтың пайыздық қатынасына шаққанда – 0,3%.
Қожалардың ұраны – Қожахмет. Таңбасы – араб алфавитінің бірінші әріпі – І (әліп).
Билер. «Қара сүйектің» артықшылықпен пайдаланатын әлеуметтік топтары арасынан көшпелілер ұжымдарында сот билігін атқарушы билер сословиесі аса маңызды орын алды. «Би» деген сөздің, астары, - деп көрсетті Я.П. Гавердовский, - сөзге шешен, бай әрі шамдағай адамдар екенін біз ұғынуымыз керек». Қазақстандағы билердің артықшылықты жағдайы бәрінен бұрын құқықтық реттеудің, қазылықтың және жарастырушылықтың үлкен қоғамдық мәнімен айқындалды әрі мүліктік қатынастар жүйесінде айрықша құқықпен, соның ішінде кінәні іздестіру (билік жүргізу) ақысының оннан бірі түріндегі қосымша табысты иелену құқымен пайдаланатындығынан көрінді.
Көшпелі қауымның қойнауынан сұлтандарға қарама-қарсы өсіп шыққан әлеуметтік үстем топ ру старшындары - билер еді. Билер де қазақтардың арасында үстем жағдайға ие болды. Олар ерекше құқықтық және экономикалық артықшылықтарды пайдаланды. Ру старшындары әуел бастан-ақ қауымдық қоныстардың едәуір бөлігіне иелік еткен, бірақ XIX ғасырдың бірінші жартысында мал өсіру дағдарысының күшеюіне байланысты олар зорлық жасап, таңдаулы қыстауларды өздерінің жеке меншіктеріне ала бастады. Байыған ру старшындарының, яғни билердің кейбір ауылдары сұлтандардың ауылдары сияқты ру қауымдарынан бөлек көшетін болды. Сонымен бірге ру билері хандармен және сұлтаңдармен қатар сот-талап істерін қарап, кірісті бөлуге қатысты.
Тек «қарасүйектің» өкілдері ғана би бола алатын, чингизидтер би болып сайлана алмайтын; бірақ сот істерін талқылауға бұлар да қатысатын. «Би» сөзінің қайдан шыққаны осы кезге дейін әлі толық анықталған жоқ. Құрбанғали Халид Оғлы «би» деген сөз «бек» немесе «биік» сөзінен шыққан деп дәлелдемек болады.
«Бек
- кейбір чиновниктер мен лауазымды
адамдардың атағы, патша әулетіне қызмет
ететін адамдарға берілетін атақ, кейбір
шетелдік өкілдерге берілетін атақ:
Сефир-бек, Консулус-бек; автономиялы
облыстардың әкімдеріне берілетін атақ.
Бұл мағынада «бек» дегек атақ «ргіпсе»
деген атаққа тең. Әдеттегі құқық
нормаларын сақтаушы және түсіңдіруші
болғандықтан, билер қазақ қоғамыңда
көрнекті орын алды.
Батырлар.
ХVIII-ХІХ
ғғ. орта шеніндегі Қазақстанда батырлардың
- әскери көсемдері әлеуметтік тобының
үлкен беделі мен саяси ықпалы болды. Е.
К. Мейендорфтың айқындауы бойынша
қазақтар батыр деп батыл, әділ және
тапқыр адамдарды айтады, соғыс кезінде
– бұлар нағыз шабандоздар». «Батыр»
атағы ешқашанда мұрагерлікке қалдырылған
емес, оны әркім жеке басының ерлігімен
алып отырды. Батырлардың үстем тапқа
жатқызылуы қазақ коғамындағы қарастырылып
отырған тарихи кезендегі әскери-басқару
құрылымының үлкен рөл атқаруымен, демек,
әскери қарсыласу дәуірінде батырлар
да көсемдер ие болатын зор билік ықпалымен
анықталды. Қазақстанның шекараларындағы
әскери-саяси жағдайдың салыстырмалы
түрде тұрақтана бастауына байланысты
XIX
ғ.
ортасында бұл жүйе өзінің маңызын
жоғалтып, бірте-бірте екінші қатарға
ығысты.
Әлеуметтік категория ретінде батырлар институтының қалыптасуы әскери-феодал шонжарлардың пайда болуымен тығыз байланысты. Ал «батыр» терминінің өзі қазақтарда өте ерте замаңда пайда болған.
«Батыр» деген сөз «багадур» және «бакхатур» деген түрік сөздерінен шыққан. Қазақ халқы тарихының сонау алғашқы дәуірінде-ақ қазақ даласы сыртқы жаулардың шапқыншылығына ұшыраған кезде, оларға қарсы күресу үшін өздерінің қолбасшылары бар арнаулы жасақтар құрыла бастады. Осы жасақтардың шайқастарда ерекше көзге түскен жетекшілерін қазақтар «батыр» деп атады. Қазақ және басқа түркі тілдерінде «батыр» сөзі «күрескер», «қаһарман», «ер», «ержүрек», «жаужүрек» деген мағыналарды білдіреді.
Қазақтардың қалмақтармен болған кейінгі соғыстары нақ осыны дәлелдейді. 1730 жылы Кіші жүз қазақтары мен жоңғар басқыншыларының аса ірі шайқасында Бөкенбай, Есет және Әбілқайыр хан өздерінің батылдығымен ерекше көзге түсіп, халық оларды «батыр» деп атап кетті. Бұдан кейінгі жылдарда болған оқиғалар да нақ осыны айғақтайды. Мәселен, Кенесарының ең жақын серіктерінің бірі Төлебай «Жеке батыр» деп аталды. Демек, сыртқы жаулармен болған ірі кақтығыстар кезінде өздерінің ержүректігімен көзге түскен қазақтар «батыр» деп аталған. Қазақ халқы өздерінің қаһармандық қиссаларында жыр етіп, батырлардың бейнелерін ғасырлар бойы қастерлеп келеді.
Кейінгі кезде руаралық күресте, барымтада, тағысын-тағыларда көзге түскен кез келген адам «батыр» деп аталатын болды. Мысалы, С. Трубин казақтар өздерінің барымтадағы батылдығымен «батыр» деген құрметті атаққа ие болатындығын жазды.
Қазақ бай-феодалдары да руаралық қақтығыстарда, жұдырықтасып төбелесуде көзге түскен өз адамдарына «батыр» атағын беріп тұрды. «Батыр» деген құрметті атақты жарлы-жақыбайдан шыққан кедей адамдар да иеленді.
Мәселен, Кенесары Қасымов қозғалысына әскери шонжарлардың ірі өкілдерімен қатар Арғын руынан Бұқарбай батыр (Орта жүз), Шұбыртпалы руынан Ағыбай батыр (Орта жүз) сияқты кедей батырлар да білек сыбана қатысты.
Алайда осының бәрі батырлардың белгілі бір әлеуметтік тапқа қатыстылығын ашып көрсетпейді және олардың таптық кескінін айқындамайды. Егер біз «батыр» терминінің дәстүрлі түсінігін негіз етіп алып, батырларды таптан жоғары тұрған әлеуметтік категория деп сипаттасақ, қателескен болар едік.
Ең әуелі біз мынаны есте ұстауға тиіспіз, феодалдық қоғамда әлеуметтік қатынастар патриархалдық-рулық сарқыншақтармен қалай бүркемеленсе де, бірде-бір әлеуметтік категория таптық ортадан тыс өмір сүре алмайды. Батырлар жөнінде де осыны айтуға тура келеді. Әрине, батырлар институты өзінің дамуында белгілі өзгерістерге ұшырады. XI-XII ғасырлардағы аңызға айналған батырлар мен XVIII-XIX ғасырлардағы батырлардың арасына теңдік белгісін қоюға болмайды. Батырлар о баста тайпалардың, рулардың әскери қолбасшылары болған деп есептеу керек. Феодалдық қатынастардың пайда болуына байланысты әскери қолбасшылардың қызметі өзгере бастады.
Өздерінің тегі қандай болса да, тіпті жарлы-жақыбайдан шыққандарына қарамастан батырлар бірте-бірте ру шонжарларының құқықтарын иемдене бастады да, қоғамдық өмірде олармен бірдей рөл атқарды. Батырлардың қоғамдық жағдайында бірте-бірте болған мұндай өсуді бірқатар тарихи мысалдардан көруге болады.
XIX
ғасырдың
бірінші жартысында Арғын руының биі
Шеген батыр және Тілеуқабақ руының
старшыны Есет Көтібаров өздеріне
бағынышты руларда толық билік
жүргізді. Олар салық жинады, айыпты
болғанға тумаластарын
жазалады, басқа қазақ руларымен өз руы
атынан келіссөз жүргізіп отырды. Мұның
өзі феодалдардың әскери шонжарлардан
тап болып қалыптасу көрінісі, яғни
феодалдық қоғамның бастапқы кезеңіне
тән іс еді.
XIX ғасырдың бірінші жартысында Кенесары көтерілісіне белсене қатысқан ірі батырлардың бірі Жоламан Тіленшиев еді. Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы генерал-майор Генстің деректері бойынша, "Жоламанның 800 жылқысы, 2 000 қойы, 50 түйесі болған және оның әрбір ағасы не інісі, баласы, жиені, немересі өз беттерінше мал ұстаған, осылардың бәрін қоссаңыз едәуір мол байлық. Ал осынау үбірлі-шүбірлі әулеттің үлкені Жоламан болған». Жоламан Табын руының өзі қожа, өзі биі іспетті болды.
Бұл
мысалдар батырлардың таптық жағдайын
жеткілікті
дәрежеде айқын суреттейді. Әскери
шонжарлардан
феодалдардың қалыптасуы және олардың
ру шонжарларына
айналуы қазақтардың әлеуметтік
қатынастарындағы өзгерістермен тығыз
байланысты, ал бұл өзгерістер қазақ
қоғамының феодалдануы және көшпелі
қауымның жіктелуі сияқты
ортақ жәйіттен туған болатын. Сонымен
бірге қазақтардың жоңғар, ал кейін Орта
Азия басқыншыларымен болған соғыстары
да батырлардың әлеуметтік рөлінің
өсуіне елеулі ықпал жасады. Осы соғыстардың
барысында батырлар ру шонжарларының
құқықтарын
иеленіп, қоғамдық өмірде жетекші
тұлғаларға айналды.
Бұл туралы қазақ ағартушысы Шоқан
Уәлиханов былай
деп жазған болатын: «Батыр - қырғыздарда
ру басы сұлтаннан кейінгі ең маңызды,
әрі көрнекті тұлға... Ол - ең беделді
адам, оның ақыл-кеңесімен халық әрқашан
есептесіп отырады».
Батырлардың таптық табиғатын Шоқан Уәлиханов тауып айтқан осы бағадан олардың феодалдық сатыда екінші орын алғандығын көруге болады.
Осыған орай мынаны да атап өткен жөн: қазақ байлары мен сұлтаңдарының бір мезгілде «батыр» атағы иеленуі XIX ғасырдың орта тұсына өте-мөте тән жәйт болды. Мысалы, Тезек сұлтан, ол - сонымен бірге Тезек батыр атанған. Кенесары батырларының арасында да осылай болған. Бұл жәйт қазақ қоғамының феодал басшы тобы арасында батырлардың әлеуметтік жағдайының күшейе түскендігін дәлелдейді.
Байлар. ХІХ ғасырдың орта тұсына қарай қазақтардың экономикалық өмірінде жаңа әлеуметтік топ - байлар көрнекті рөл атқара бастады. Бұл орайда «бай» деген термин арқылы қазақтар бұрын қандай да болсын бай феодалды атағанын есте ұстау керек. Қарастырылып отырған кезеңде «бай» деген сөз басқа бір әлеуметтік мән-мағынаға ие болған. Байлар сауда мен өсімқорлық ақшаға қатысты істердің дамуына байланысты ерекше қоғамдық топ болып қалыптасты. Қазақтар арасында ірі саудалық және өсімқорлық істермен айналысқан бірсыпыра бай-феодалдар пайда болды. Мысалы, Кіші жүздің шығыс бөлігін басқарушы сұлтан Жантөрин, П. Небольсиннің айтуына қарағанда: «қырғыздардан құралған едәуір үлкен сауда компаниясының жарнашысы болды және өзі де 25 приказчик ұстады».
Сауда компаниясының мүшесі болған Күлімбаев деген қазақ та 10 приказчик ұстаған. Бұл байлар тек саудамен ғана айналысып қоймай, процент үшін басқаларға несиеге ақша беріп отырған. Сұлтан Ахмет Жантөринді наградаға ұсынуға байланысты оған мінездеме жазған Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы Ладыженский Азия департаментінің директоры Синявинге былай деп жазған: «Орданың батыс бөлігінде оның (Ахмет Жантөриннің) үлгісімен көпес, немесе арбакеш, немесе тұз тасушы болмаған бірде-бір дерлік қырғыз жоқ. Ахмет сауда-саттықпен өзі де шұғылдана жүріп, жоғарыда аталған кәсіптердің қандайымен болса да айналысқысы келген әрбір қырғызға, әрине, өзі үшін едәуір тиімді жағдайда ақша беруге әзір тұрады».
Сұлтандар
ортасынан да, ру шонжарлары ортасынан
да, сондай-ақ көбінесе «қарасүйек»
шонжарлар арасынан да бай-феодалдар
шықты. Сол заманнан бері сақталып келе
жатқан «Батыр болып, бай болса, патшадан
несі кем?» деген сияқты халық мақал-мәтелдері
соны аңғартса
керек. Бай-феодалдар өз шаруашылығы
үшін қызметшілер
жалдауды әдетке айналдыра бастады. Егер
ру шонжарларыңда «туысқандық көмек»
көрсету деген желеумен қоңсылары мен
руластары бақташы болып жұмыс істесе,
ал бай кызметшіні шарттық (сөз жүзіндегі)
негізде белгілі бір ақы беріп жалдады.
Орынбор чиновнигі д'Андренің деректеріне
қарағанда, «бақташы» деп аталатын
қызметші жылына 12 қойға дейін немесе
бір жылқы алған. Сонымен бірге қожайын
өз есебінен оны тамақтандырып, киіндіруге,
ал қысқы уақытта тұрғын үй тауып беруге
міндеттенген. Оның есесіне
қызметші өз қожайынының рұқсатынсыз
басқа бай-феодалға
кете алмайтын еді. Д'Андре былай деп
жазды:
«Бір жылға жалданған қызметші қожайынының
келісімінсіз
басқа адамға ауыса алмайды».
Бай-феодалдардың
қызметші жалдауға көшуі капиталистік
жалдаудың алғашқы хабаршысы еді, бірақ
ол әлі де
жұмыспен өтеудің ауыр азабы астында
өтіп, әрі патриархалдық-рулық
сарқыншақтармен бүркемеленген болатын.
Орынбор көпесі Беловтың айтуынша
қарағанда, қазақтар
бай-феодалдарға жыл маусымдарына қарай
жалданған.
Егер қызметші қыста жалданса, жалдау
мерзімі
жер
көктегенге дейін, яғни көктемге дейін
созылады, бұл жағдайда қазақтар жалдау
мерзімін «Көктеу» деп атайды; егер
қызметші жазда жалданса, жалдау мерзімі
қойдын күзгі қырқымына дейін немесе су
қатқанға дейін деп белгіленеді, мұны
«Күзеу» немесе «Мұз қату» деп атады.
Қызметшілерге төленетін ақының мөлшерлері
жөнінде
Белов мына төмендегі нормаларды атап
көрсетеді:
егер қызметші бір айға жалданса, бір
жасар қой, егер тұтас бір жылға жалданса,
бесті ат алады.
Сонымен бірге бай-феодалдар керуен саудасымен айналысты. Кейде бай-феодалдардың өздері керуен басы болып, казақ даласында сауда-саттық жүргізді, бірақ олар көбінесе өз түйелерін қарапайым қазақтарға уақытша беріп, бұл үшін олардан белгілі мөлшерде ақы алды. Небольсиннің деректеріне қарағаңда, керуен саудасымен Әлім руынан Шүрен, Қабақ, Төртқара, кейде Тілеу және Шекті тармақтарының қазақтары, сондай-ақ Жетірудан Тама тармағы қазақтарының бір бөлігі айналысқан. Бай-феодал керуен саудасына өз түйелерін бергені үшін ақыны ақшамен, кейде тауармен алған.
Сонымен, феодалдық құрылыстың қойнауында пайда болған әлеуметтік топ - байлар - қазақтардың экономикалық өміріндегі жаңа құбылыс еді. Жоғарыда айтып өткендей, бай-феодалдар тауар-ақша істерімен, бірінші кезекте өсімқорлық ісімен тығыз байланысты болды. Рас, XIX ғасырдың алғашқы жылдарында олар қазақтардың қоғамдық құрылысына әлі елеулі ықпал жасай қоймаған еді. Бұл түсінікті де, өйткені ескі өндіріс әдісінің бастаулары негізінен алғанда өзгеріссіз қалған. Алайда осыған карамастан, байлар айналысқан істің дамуы Қазақстанда тауар өндірісінің пайда болғаңдығын көрсетті. Мұны әсіресе Қазақстанның реформадан кейінгі экономикасының мысалынан айқын көруге болады.
XIX ғасырдың орта тұсында-ақ байлар айналысқан іс қазақтардың экономикалық өмірінде нық орын алды. Бай-феодалдардын өскелең әлеуметтік маңызын сипаттайтын мақал-мәтелдер де пайда бола бастады: «Жұлдыздар жиналып ай болмас, кедейлер жиналып бай болмас». «Ауызы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін».
Құлдар. Патриархалдық-рулы сарқыншақтармен бүркемеленген феодалдық қанау бай-өсімқордың ауыр езгісімен ұштасып, еңбекші қазақ бұқарасының едәуір бөлігінің қайыршылануына әкеліп соқтырды.
Байғұс, жатақ және бақташылар болуы патша өкіметінің Қазақстандағы отарлау саясатына байланысты күшейе түскен қазақ қоғамы ішіңдегі әлеуметтік сараланудың белең алғанын дәлелдейді.
Өзгеге
тәуелді адамдар қатарына жататындар
ішіңде - құлдар да болды. Қарастырылып
отырған кезеңде құлдар қазақтардың
қоғамдық-экономикалық өмірінде
айтарлықтай рөл атқарған жоқ. Бұл кезде
құлдар әлеуметтік топ ретінде құрып
біту шегіңде тұрған-ды. Құлдар негізінен
соғыс кезінде колға түскендер болатын.
XVIII
ғасырда
казақ хандары қалмақтармен, ойраттармен,
башқұрттармен ұзақ уақыт бойы соғыстар
жүргізіп, қолға түскен әскери тұтқыңдарды
құлға айналдырып отырды. XVIII
ғасырдың
ортасында
Батыраштың көтерілісіне байланысты
Қазақ даласына
қашқан башкұрт отбасыларын құлға
айналдыру жөнінде қазақ хаңдары мен
сұлтаңдарына патша өкімет орыңдарының
өздері рұқсат етті. Нұралы ханның,
сұлтандардың, старшындардың атына келіп
түскен 1755 жылғы 5 қыркүйектегі Жоғары
мәртебелінің грамотасында босқын
башқұрттардың әйелдері, балалары,
малдары және бүкіл дүние-мүлкі сіздерге
сыйлыққа беріледі делінген. «Мұның
өзі,- дейді Крафт,- Қырғыз даласында кең
көлемде өріс алған құлдықты мойыңдаудың
заң жүзіндегі тұңғыш актісі болды, ал
көшпелілер мұны толық пайдалануға дереу
кірісіп те кетті».
Тұтқынға алынған адамдардың арасында тек башқұрттар, қалмақтар, парсылар ғана емес, орыстар да болды. Соғыста қолға түсірумен бірге қазақтар құлдарды базарлардан сатып та алатын еді.
Құлдарды
қайдан алдыңдар деген сұраққа Ақмола
приказының
Тезек Жанжігітов бастаған билері 1830
жылы мынадай жауап қайтарған: «Қырғыздар
құлдарды сатып
алады, шапқыншылық кезінде қалмақтардан,
қара қырғыздардан
тұтқын етіп, қолға түсіреді, қалыңдық
үшін қалыңмал төлеушілер де құлдарды
қалыңмал есебіне сатып не қосып береді
немесе біреуге сыйға тартады, ал бұл
еріксіздер өз ырқымен иесінен кетіп
қалу құқығынан айырылған. Өз ұлтын
құрметтеу белгісі ретінде
қырғыздарды құлдануға жол берілмейді».
Құлдарды сатып алу жөнінде: «Өзіңнен тумаса - ұл емес, сатып алмасаң - құл емес»; «Егер сатып алмасаң - құлды қайдан аласың» деген мақалдар да айтылған.
Құлдарда ешқандай құқық болмаған. Оларды жазалай да, өлтіре де аласын. Бұл үшін иелері ешқандай жауапқа тартылмайды. Ат жарысында құлдарды бәйгеге тіккен. Қазақ жігіті үйленгеңде ол төлеген қалыңмал есебіне қалыңдықпен қоса құл немесе күң ере келген. Сонымен бірге келген адам үшін күн төлегенде айыпты адам малмен бірге құл немесе күң берген. Қазақтардың әдеттегі құқығы жөніндегі материалда құлдардың бас бостандығы болмағанын дәлелдейді.
Құлдардың қоғамдық жағдайы «Құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас» деген мақалда да дәл бейнеленген. Сондай-ақ «Құл арғымаққа мінсе де құл болып қалмақ» деген де бар.
Құлдардың еңбегі негізінен үй шаруашылығында пайдаланылды. Күңдер ірі феодалдарда күтуші болып жұмыс істеді. Құлдар қожайынның малын бағу үшін біршама аз пайдаланылды т. б.
Құлдардың болғандығына қарамастан, Қазақстан құл иеленушілік формацияның сатысынан өтпеді. Құлдарды қолға түсірудің негізгі көзі әскери басып алу болғанымен, мұның өзі құлдықтың орнығуына әлеуметтік база жасай алмады. Қазақтарда құлдық үйдегі іс сипатында болды. Мұның өзі малды жайылымда бағудың және патриархалдык-рулық тұрмыстың сақталуына байланысты еді. «Туысқандық көмек» деген желеумен сұлтандар мен билер өздерін тумаластарының - қоңсылардың, байғұстардың, жатақтардың және тағысын тағылардың тегін еңбегімен қамтамасыз етті. Соңдықтан құлдардың еңбегі феодал шаруашылығында жетекші рөл атқармады.
Қазақстандағы құлдықтың тағдырына Ресейге қосылу елеулі ықпал жасады. 1822 жылы 22 шілдеде Сібір қырғыздары туралы жарғының шығуы орыс үкіметінің қазақ даласындағы құлдыққа көзқарасында бетбұрыс кезең болды. Жарғының 276-параграфында: «1822 жылғы 22 шілдеге дейін қырғыздарда болып келген еріксіздер қожайыңдарыңда қалдырылады және оларды сату, басқа адамға беру және мұра етіп қалдыру құқығы сақталады, бірақ осы күннен бастап өз жұртынын қырғыздарын жаңадан құлдануға қатаң тыйым салынады»,- деп жазылған. Қазақстанда құлдықтың жойылуын бастап берген құжат, күмән жоқ, оң іске мұрындық болды.
Сібір
қырғыздары туралы жарғы шыққан соң да
қазақ феодалдары
шекара Шебі бойыңда әр түрлі жолдармен
қолға түскен тұтқыңдарды Хиуа мен
Бұқардың базарларыңда
сатуды жалғастырмай қоймады. Бірақ
мұндай жәйіт бірен-саран
ғана кездесті. 1822 жылғы Жарғыдан кейін
құлдықтың
маңызы тез құлдырай бастады. XIX
ғасырдың
орта тұсыңда-ақ қазақтарда құлдар аз
қалды.
Қазақ
даласындағы құлдықтың қалдықтарымен
күрес жүргізе
отырып, Батыс Сібір генерал-губернаторы
1859 жылы сұлтандар мен мәртебелі
қазақтардан өздеріндегі барлық құлдарға
бостандық беруге міндеттейтін қолхат
алды.
Қазақстандағы құлдықтың жайын арнайы зерттеген Н. Крафттың деректеріне қарағанда, құлдықтың біржола жойылуы 1875 жыл деу керек.
Бұдан әрі құлдардың ұрпақтары, қазақтармен туыстасып, біразы бостаңдық алып, қоғамның толық құқықты мүшесі болса, енді біразы төлеңгітке айналды.
Төлеңгіттер. Қазақ қоғамында күрделі этникалық процестердің негізінде пайда болған этнографиялық топты төлеңгіттер деп атайды. XVIII ғасырда дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік организмінің бір жүйесі ретінде қалыптасқан құбылыс — төлеңгіттер институты болып табылады. Көшпелілер мемлекеттілігіндегі дәстүр талапқа сай «ақсүйектердің» маңайына шоғырланған төлеңгіттер, саяси билікті нығайтудың ерекше құралы ретінде қызмет атқарады. Қолда бар деректерден аталмыш кезеңде төлеңгіттер хандар мен Ұлыс сұлтандарына өте сенімді адамдары екенін дипломатиялық және орда ішіндегі маңызды істерді тындыратының, осылардың ең бастысы әскери қызметшілері болғанын көреміз.
Төлеңгіттер – Қазақ хандығындағы әлеуметтік топ, ханның жансерігі, хан билігі сүйенетін әскери жасақ. Төлеңгіттер көмегімен хандар мен сұлтандар халықтан салық жинаған, жайылымдарын қарап жүрген. Сонымен қатар төлеңгіттер дипломатиялық бұйрықтарды орындап отырған. Төлеңгіттер көбінесе жаугершілік кезінде қолға түскен тұтқындардан құралған.
Төлеңгіт терминінің түп төркіні жөнінде ғалым зерттеушілер ортасында біржақты пікір калыптаспаған. Белгілі шығыстанушы В.Радлов, Н.Аристов сынды ғалымдар төлеңгіт сөзінің этимологиясын негізінен тұтқынға түскен немесе тағдыр тәлкегінен қазақ жеріне өткен алтай халықтарының телес, телеуіт тайпаларымен байланыстырып телеуіт сөзінен төркіндетеді. Осы пікірді әрі қарай дамыта отырып Ф. Зобнин былай деп жазды: «Тюленгут (теленгут, тулюнгут по некоторым авторам) — слово не киргизское (казахское. — А. Б.), оно заимствовано киргизами от алтайских калмыков-теленгитов (теленгуты, тулюнгуты), в языке которых и теперь сохранилось это слово как обозначение своей народности» (Зобнин Ф. , 1901).
XVIII ғасырдағы қазақ мемлекетінің Еуразия аймағындағы белесінде саясатын еске түсірсек, бұл пікірлердің қисыны келетін сияқты.
Ел ішіндегі аңыздар төлеңгіттердің Шу өзенінен өтіп, қазақ топырағында пайда болуын қыпшақ Қошқарбай батыр есімімен байланыстырады. Ертеде Телеуіт көлін жағалай орналасқан телеуіттер тамақтары тоқ, шат-шадыман өмір сүрген екен. Тек бір нәрседен ғана қиналыпты, қазақтың Қошқарбай батыры маза бермей, әлсін-әлсін жорық ұйымдастырып, малдарын айдап әкетіп, қыздарын күң, жігіттерін құл етіпті дейді.
Аңыздар төлеңгіт деп халқымыз алғашқыда Хан мен сұлтандардың қолына тұтқынға түскен Алтай телеуіттерін және олардың бірте-бірте төренің айналасындағы күтушілеріне айналуын атап кеткен сияқты. Дегенмен ғалымдарымыздың келесі бір жағы «төлеңгіт» сөзінің мән — мағынасы қазақ тіліндегі «төреңді күт» деген ұғымды білдіреді деп айтады. Бұл тұрғанда Ш.Уәлиханов қазақ И.Ибрагимовтың аузынан естіген әңгіме негізінде мынадай аңыз келтірген: «Аблай хан сказал однажды людям, сопровождавшим султанов, для чего-то собравшихся к нему в ставку: «Тюренды-кут» «служите своему господину», т.е. идите на свои места, не сидите, другими словами на совете».
Келтірілген соңғы болжамға орай айтатынымыз, біріншіден, Абылай хан өмір сүрген уақытта «төлеңгіт» сөзі қазақтарда күнделікті қолданыста болғандығы? Екіншіден, біздің заманымызға жеткен XVIII ғасырға дейінгі жазбаша деректер мен шежірелерден «төлеңгіт» сөзінің кездеспейтінін, ал «төре» термині ел санасында ертеден қалыптасқан сөз, сондықтан да «жер төбесіз, ел төресіз болмас» деп келетін дәстүр Шыңғыс хан алдындағы замандардан келе жатқан үрдіс дей келе, бұл пікірдің қисыны келмейтініне көз жеткіземіз.
«Төлеңгіт» деген сөз қазақ сөзі емес, ол Алтай тұрғындарының «теленгит» деген сөзінен алынған. Төлеңгіттер – оңтүстік алтайлықтарға жатады, өздерін жер атына байланысты Чу кижи (Шу өзенінің адамдары) деп те атайды. Олар Кош – Агач және Усть-Коксин аймақтарында тұрады. Шәкәрім қажы қазақтар теленгиттерді шапқанда, тұтқын болғандарды төлеңгіт деп атаған дейді. 1779 жылы Абылай хан Қырғыз еліне шабуыл жасап, Арқаға бірнеше жүз тұтқындарды әкелді. Бұлар Жаңа Қырғыз, Бай Қырғыз боп екі үлкен руға бөлінген. Қырғыздардың батыр жігіттері Абылай ханның ең сенімді жасауылдары болды. Бұлар Сарбағыс, Солты, Саяқ, Қыпшақ, Найман, Шерік, Құсшы руларына жататын қырғыздар екен, оларды Абылай хан Арғынның Қуандық, Қаракесек, Атығай руларының ең шұрайлы жерлеріне жайғастырды. 1808 жылы Көкшетау жерінде, қазіргі Қызылтау ауданында, қазақтың әйгілі ақыны Шөже Қаржаубайұлы дүниеге келеді. «Елім қазақ болғанмен, сүйегім қырғыз» деген соқыр Шөже ақынның арғы аталары қырғыздың Сарбағыс руынан шыққан. Кенесары ханның әскерінде барлық үш жүздің ең беделді батырлары болды. Солардың ішінде ерекше сенімге ие болған, атақты батырлардың бірі – Сарбағыс руының тумасы Жекебатыр. Оның шын аты – Тілеміс, 1838 жылы Ақмолаға тіке шабуыл жасаған кезде көрсеткен ерлігі үшін Кенесары оны «Жекебатыр» деп атап кетті.
Төлеңгіт пен қараша, хұқық жағынан да екі басқа: қарашалар – қара жұмыстан басқаны білмейтін, билік, ерлікте жұмысы жоқ жалшылар; ал төлеңгіттер – хан тұқымының сойыл соғарлары, хандардың, сұлтандардың басыбайлы әскери қызметшілері, атарман – шабарман жасауылдары болған. «Қараша» дегеніміз – ханның төңірегінде жиналып, соның шаруашылық істерінде жүретін, малын бағып, отын жағып, өздерінде ешбір меншік жоқ, қоңсы-қолаңдар. Олар жаугершілкке жау жағынан қолға түскендер, бостандығы бар адамдар да қарашаға айналған. Олар малы жоқтар, жетім-жесірлер, немесе жазықты болғандар, жазаға тартылудан сақтанып төрелерге баруға мәжбүр болғандар. Қарашалар бірнеше рудың жарлы-жақыбайларынан жиналған.
ХІХ ғасырдың ортасында Қарқаралы дуанының бір болысы «төлеңгіт болысы» деп аталған (қазіргі Шұбартау ауданының жерінде орналасқан). Болыс төрт рудан құралды; Мамадайыр, Мамашық, Құсшы және Қалмақ төлеңгіттерден. Мамадайыр мен Мамашық аталары ерте заманда Арғын тайпасының Қуандық руының Алтай тармағынан бөлініп шыққандар. Құсшылар Алатаудағы қырғыздардың ұрпақтары, қазақ-қалмақ соғысы кезінде Қазақстанға көшіп келгендер. Туысқан «қырық рулы» қырғыз халқы «Он қанат», «Сол қанат» және «Ушкілік» деген тайпалар бірлестіктерінен тұрады. «Сол қанаттың» құрамында Құсшы, Саруу, Мұндыз, Жетіген, Қытай, Басыз, Төбей, Чоң Бағыш тайпалары кіреді. Құсшы аталары Талас өзенінің аңғарын мекендеген.
Кенесары хандығында төлеңгіттердің құқықтары өсіп, олар маңызды істерді атқарады. Олар ауыл-ауылдарға барып, Кенесарының манифестерін таратып, халықты көтеріліске шақырған. Төлеңгіттер әр ауылдан зекет жинап, бір жылқы үшін бір шапан алған, ал егіншілікпен айналысатындардан «ұшыр» салығын жиниған.
XVIII ғасыр қазақ елі үшін жан жадыратар қуанышты оқиғалар мен болған ұсақ қақтығыстарды былай қойғанда, Жонғария тарапынан бірнеше рет тиген жойқын шабуылдар қазаққа оңай тиген жоқ. Жалпы осы аталмыш ғасырдың орта кезінде қазақ мемлекеті үлкен этносаяси дағдарысты басынан өткізді. Соған қарамастан ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ елі дәстүрлі саяси құрылымынан, әлеуметтік салмақты тиянақтарынан айырылмай, қалыпты жағдайда ұстай білді. Халық басынан өткерген дағдарыс қоғамда этноинтеграциялаушы күштерді біріктіріп әлеуметтің мемлекетті нығайтуға деген ұмтылысты хандар мен сұлтандар ролін арттырды. Ұлыс сұлтандары мен хандардың беделінің өсуі олардың маңына төлеңгіттердің, яғни жаугершілікте әскери тірек бола алатын дәстүр шеңберінен тыс адамдардың шоғырлануына әкелді. Мемлекеттік биліктің тұтқасын ұстап отырған хандар мен ұлыс сұлтандарының қазақ даласының этноқауымдық бірлестігінде саяси салмағы мен беделі осы төлеңгіттердің санында байланысты болған. Мәселен, XVIII ғасырда қазақ халқының тағдыры Еуразия аренасында мүлдем жойылып кетуден аман сақтап қалған Абылай ханның потестарлық және саяси билікті мықтап ұстап отыруына төлеңгіттер үлкен үлес қосқан. Бұл орайда Ш.Уәлиханов өзінің еңбектерінде төлеңгіттер Абылайға қарсы ел ішіндегі іріткі даудамайларды басып, тыныштандырып отырған деп жазған.
Қазақ қоғамы рулық құрылымынан тұрғандықтан, қауымнан тыс қалған адам қандас-руластардың көмек қолдауын, яғни горизонтальды ынтымақтастығын жоғалтқан. Сондықтан қиын жағдайдан шығу үшін далалықтардың кез келгені сұлтандардың қол астына өтіп қамқорлығындағы төлеңгіттерге айналған. Төлеңгітке айналып басыбайлығынан ептеп болса да айырылған топ өте сенімді адамдар ретінде хан мен сұлтандарды қорғайтын жасақшы қызметін атқарған. Қолда бар деректерден соны аңғаруға болады.
Мәселен, А.Левшин төлеңгіттерді құл да, басыбайлы да емес дей келе, оларды «слуги», «вооруженная дворня» деп сипаттаса /6/, ал П.Румянцев «Последние были почему-либо отбившиеся от своего народа киргизы (қазақтар. — авторлар) которые служили хану скорее как вооруженная дворня, чем как настоящие крепостные» — деген. Сонымен қатар мұндай тұжырымды XIX ғасыр ортасында қазақтар ортасында дәстүрлі әдет-құқы жөнінде жиналған мәліметтері негізінде айтқан: «Бывало что целыми семьями являлись к султанам прося покровительства и средств к существованию, взамен предлагая свои услуги, а в военное время быть в роде тело-хранителей». Ал Загряжский төлеңгіттерді хан мен сұлтандарды қошеметтейтін жігіттер ретінде суреттейді: Тюленгуты составляют свиту султана, то что манап называет джигит, то в от-ношениях султана тюленгут». Кейінгі ғалым зерттеушілерден М.Вяткин төлеңгіттерді төрелер айналасындағы жасақтарға теңейді «Знать «белой кости» окружали их личные дружины. В XVIII в такие дружиники носили название толенгутов.
Демек жоғарыда келтірген деректер негізінде төлеңгіттер XVIII ғасырда хан мен сұлтандардың қоғамдағы беделі мен билігін нығайтуға ат салысатын жасақ пен әскери күш қызметін атқарған. Бұл орайда этногрфиялық әдебиетте жасақтардың қоғамдағы ролінде былай деп анықтама берілген: «Объединение воинов вокруг военного предводителя, позднее — ближайшее военное окружение князя или короля... В предклассовых и раннеклассовых обществах дружина выполняла не только грабительские и захватнические функции по отношению к внешнему окружению, но и выступала в роли лейбгврадии властителя. Она давала ему возможность сломить сопротивление наследственной родоплеменной аристократии и жречества или духовенства? А также свободных общинников, противившихся узурпация власти. Дружины этого времени нередко пополнялись за счет людей, находившихся вне закона? Изгоев? Кровнйков? Которые искали здесь защиты от кредиторов? Кровомстителей и т.д. (Социально-экономические отношение и соционормативная культура, 1986).
Төленгіттер әскери жасақ ретінде тек қана ханның өзіне тәуелді, алайда қару жарағы мен әскери ұйымдасуы жағынан қазақ жауынгерлерінен айырмашылықтары болмаған.
Жалпы айтқанда төленгіттер сияқты құбылысты көшпелі халықтар тарихынан, оның ішінде монғолдардың әлеуметтік құрылымынан орын нөкерлер институтымен салыстыруға болады. Бұл жерде қазақ пен монғол руларының ежелден тығыз араласқандығын, бірінің тарихи екіншісімен сабақтасып жатқандығын көреміз.
Нөкер термині монғолдардың түсінігінде жасақшы дос, басыбайлы жалшы деген ұғымды білдірсе, ал түркі халықтар арасында жасақшы, басыбайлы жауынгер деген ұғымды білдіретінін төмендегі деректерден байқауға болады.
ХІХ ғасырда Қазақ хандығының әлсіреуіне байланысты төлеңгіттердің де қызметі өзгерді. Сұлтандардың патша қызметіне көшулеріне байланысты арнаулы жасақ ұстау қажетсіз болып қалды. Сұлтандар енді төлеңгіттердің өздерінің басыбайлы қызметшісі етіп ұстауға тырысты. Бірақ төлеңгіттер тарапынан нарызылық туғызды. Олардың көпшілігі өз қамқоршылығынан қол үзіп, қазақ қауымының құрамынан айрықша төлеңгіт ауылдарын құрды.
ХҮІІІ ғасырдың аяғында Абылай ханның арнайы жарлығымен төлеңгіттер теңдік алып, жеке тайпа болып атала бстады. Төлеңгіттер өздерінің руларының жеке шежірелерін жүргізген, олар Ұлы жүз, Орта жүз, кіші жүз жерлерінің бәрінде де кездеседі. Сан жағынан аса көп болмағанымен қауымдасып өмір сүріп, қай жерде кездессе төлеңгіттер бір-бірін қандас, қарындас санап қыз алыспайды.
Жоғарыда баяндалған "ақ сүйектерден" төлеңгіттер бірнеше сипаттамасына байланысты ерекшеленеді. Біріншіден - төлеңгіттердің шығу тегі әр қильі; оның құрамында өзге этностардың да, қазақтың да болуы мүмкін, екіншіден әлеуметтік орыны да әр қилы, олардың ішінде маңызды саяси шаруаларға жүретіні, байлары, сонымен қатар мінерге аты, ішерге асы жоқ кедейлері де бар. Төлеңгіттер деп төре маңына жинақталатын, төренің қамқорлығындағы топты атайды. Олар малдарына төре таңбасын басады, төренің ұранын шақырады, бейбіт уақытта төренің шаруашылығын қарап, жаугершілікте ең сенімді жауынгерлерге айналады. Ұран дегенде қазақи ұғым бойынша "алаш ұранды қазақ, алла ұранды қожа, арқар ұранды төре" деп айтылатынын ескерген жөн. Сонымен қатар "тіріміздің билігі алдияр ұранды төреде, өлімідің билігі алла ұранды қожада" - делінетін сөз бар.
С.Броневский Сібір қазақтарының төрелерінде бұқарлықтар, ташкентіктер, қарақалпақтар, башқұрттар және қалмақтар бар дейді. Абылай ханға байланысты көптеген деректерден оның қарамағындағы төлеңгіттердің көбі қалмақ пен түркімен екенін білеміз. Қазақ сұлтандарының қолына қалмақтар мен түркімендер 1771 ж. Еділ қалмақтарының Жоңғарияға қаша көшуінің кезінде көп түсті. Кіші жүз төрелерінің қолында қалмақтармен қатар башқұрттар, түркімендер көп болды. Олардың негізгі жинақталған жерлері хан мен сұлтандардың ордасы. Төлеңгіт ұстауға қатардаға төренің бәрі мүмкіндік ала бермеген. Бұл әлеуметтік топтың қатары көп екенін олардың XVIII ғ. өзінде-ақ жеке ру құрауға талпынғанынан көруге болады.
А.Харузин Кіші жүздегі "Бөкей ордасының төлеңгіттері құлдар мен олардың ұрпағы" дейді. Төлеңгіттердің көпшілігі бастарына еркіндік алған құлдардан құралғанын басқа да деректер растайды.
Оның бір себебі XVIII ғ. қазақ ішінде құл көп. Құл еңбегін көшпелілердің патриархалдық тіршілігінде қолдану мардымсыз болғанымен, құл базарларында сатып пайда көру үшін, немесе құнға, бәйгеге, жасауға қосып беру үшін ұстаған. Құлдардың этникалық шығу тегі әр түрлі, негізінен кәпір деп қалмақ, орыс, телеуітті, сол сияқты сунит емес деп қызылбасты, ал кейде діні бір болса да әйтеуір қолға түскен олжа ғой деп татар, сарт, башқұртқа құл атағын берген.
Қазақ этникалық құрамына кіретін субэтникалық топтардың көшлелі ортада бірден жойылып кетпеуіне ең алдымен себеп әлеуметтік сатыдан алатын оқшау орыны. Әлеуметтік-этникалық өмірден өз орының алған субэтностар этностың генеалогиялық тәртібіне өте мүдделі болмаған. Тіпті төре мен қожаны айтпаған күннің өзінде төлеңгіттер де сыбағаларын хандар мен сұлтандардан бөлек алғанды ұнатқан. Төрелер ішкі, сыртқы саясатты атқарып "төресіз ел болмас, төбесіз жер болмас" дегенді дәлелдесе қожалар рухани өмірдегі қажеттіліктерді - оқу-білім, дін, әдет-ғұрыпты өтеуді мойынына алған төлеңгіттер жауынгер, жасауыл топ, елші-қосшы қызметін атқарды. Қазақ ішінде кірме этностарды да көреміз. Олардың қатарында татар, башқұрт, ноғай, қарақалпақ, телеуіт, қалмақ т.б. басқалары бар.
Жалпы XVIII ғасыр құжаттары мен деректерін негізге ұстана отырып патша әкімшіліктері арасында төлеңгіттердің қазақ қоғамындағы орны жөнінде нақты айқын түсінік болмады деп қорытындылай аламыз. Бұған басты себеп төлеңгіттердің әлеуметтік жағдайының әр қимылы, олардың ішінде маңызды саяси шаруаларға жүретіні, байлары, сонымен қатар мінерге аты, ішерге асы жоқ кедейлері де болған. Мысалы, сұлтан Тұрсын Шынғысұлының қол астындағы 37 шаңырақ төлеңгіттің 4500 жылқысы, 500 сиыры және 20000 тарта қойы болған [15]. Дегенмен сұлтандар қамқорлығындағы төлеңгеттер әкеден балаға мұра ретінде қалдырылып отырған. Олар мемлекет қазынасына жиналатын төлемақы мен салықтардың барлық түрінен босатылған. Сол сияқты өз сұлтандары алдында салық есебінде төлейтін ешқандай міндеттемелері болмаған. Өздерінің құқықтық жағдайды әсіресе отбасы неке мәселелерінде қазақтармен тең дәрежеде тұрған. Сондықтанда бейбіт уақытта төренің шаруашылығына қарап, жаугершілікте ең сенімді жауынгерлерге айналған төлеңгіттерін сұлтандар қадірлеп ұстаған. Бұл тұрғыда ХҮІІІ ғасырдағы төлеңгіттер институтының қоғамдағы орны жөнінде анық деректі Абылай ханның өзі берген: «Мен өз төлеңгіттерім де қазақтардан кем көрмеймін, себебі олар менің басыбайлы жалшыларым емес. Оларды жақсы көргендіктен, қасымда ұстаймын, бірге көшіп жүремін», — дейді әйгілі хан.
Дала ақсүйектеріне қызмет жасаған төлеңгіттер «тарақты» бейнелейтін төре тамғасымен жылқыларын таңбалаған және «арқар» ұранын шақырған.
XVIII ғасырда төлеңгіттер институтының дамуы осы кезендегі қазақ хандығындағы саяси ұйымының ата-бабымыздан келе жатқан этноқауымдық бірлестігіндегі атқарған қызметіне қатысты болса, XIX ғасырда төлеңгіттердің әлеуметтік жағдайындағы өзгерістер көшпелілер мемлекетінің құлдырауымен байланысты еді. Патша үкіметі хандық билікті күні еткен кемшілік деп тауып, даланы басқарудың жаңа түрін енгізуді төрелер тобының көшпелі қауым алдындағы беделіне әсер етпей қоймады. Жаңа жүйе негізінде сұлтандардың саяси билік иелерінен патша үкіметі шенеунігіне айналуы оларға бір кездердегі жаугершілік, ерлік дәуірлеріндегідей сенімді әскери жасақ қажетсіз болып қалды. Енді сұлтандар төлеңгіттерді өздерінің басыбайлы қызметшілері етіп бекітуге күш салды. Төленгіттірдің жағдайының мұндай халге ұмтылуына себеп сұлтандардың Ресейдің ішкі тәртібімен іс жүзінде таныс бола бастауы екіншісі 1822 жылы 22 шілдеде қабылданып енгізілген «Сібір қазақтары туралы» — жарғыда төлеңгіттер тобының әлеуметтік орны аталусыз қалып, тек қана құлдар мен басыбайлылар туралы сөз қозғалуы оларды құлдар қатарына қосуға мүмкіндік туғызды. Бұл тұрғыда Ф.Зобиннің пікірі назар аударарлық: «Взгляды эти в общем отличаются за-мечательным единообразием. Султаны, заинтерисованные в том, чтобы иметь около себя побольше послушных рабов, утверждали, что толенгуты и кулы одно и то же — все они обязаны, что называется, по гроб жизни служить султану. Рядовые же киргизиы (қазақтар. — авторлар) были других мнений».
Дәстүрлі қазақ қоғамында төлеңгіттер қатарының толықтырылуын — қандай әлеуметтік топтардан өсіп шықты деген мәселеден бастаймыз. XVII ғасырды айтқанда төлеңгіттер қатарын негізінен жорықта қолға түскен тұтқындар, күнелтуге көмектесуді өтінген жарлы жақыбайлар өз руынан қорған таба алмаған адамдар сол сияқты әр түрлі себептермен күшті сұлтанның қанатының астында болғысы келгендер толып отырған. Бұл орайда «төлеңгіт» деп аталатын архивтік құжаттарда оларды қатарына тұрғындардың мына бір тобын жатқызған: Біріншіден — «есть между киргизами обыкновенные, что они именуются толенгутами и тех киргиз, которые по неудовольствиям отставши от своего аула и присоединившиесь к какому нибудь султану, кочуют вместе с ним; екіншіден, «они суть слуги, безусловно в повиновении владельцә находяшиеся, коих он имеет право продать и передать в наследственное владение, но сами они к другому переходить не могут».
1833 жылы Омбы облысының бастығының нұсқауымен округтік сот қадағалаушысы Скорин сұлтан Тұрсын Шынғысовтың төлеңгіттерінің жағдайын тексерген болатын. Сонда Орта жүздің белді биі Шобынтай Сағаловтың көрсетуінше қазақтар сұлтандардың қол астына төлеңгіт болып үш жағдайда өтеді екен: «.Біріншіден малы жоқ кедейлер өздерінің бала шағасы мен күн көріс, тамағы үшін қосылады. Екіншіден малы, ауқаты бола тұрып өз қаумынан қорған таба алмағандар малын қорғау үшін ұрпағымен өтеді, кейіннен сұлтанның сенімін ақтап, көнілінін шығып жатса қажет уақытында тиесілі мал жөнімен еркіне қоя беретін. Үшіншіден, жазықты болсын, жазықсыз болсын жазаға тартылудан сақтанып сұлтанның немесе басқа бір ықпалды қазақтың қол астына өтеді екен».
Төлеңгіттер қазақтың этникалық құрылымында өзінің құрамы жағынан ең гетерогендісі, оның қатарында қазақ руларымен қатар өзге халықтар да көп боған. Мәселен, орта жүз төлеңгіттері арасынан әсіресе қалмақтарды жиі кездестіреміз. Егер де XVIII ғасырдағы толастамаған қазақ-жоңғар қақтығыстарын еске түсірсек бұл жағдай түсінікті сияқты.
Бұл орайда бас штабтың поручигі Герн 1845 жылы Кенесары хан арасында болып, былай деп жазған: «Сұлтан Кенесары Қасымовтың жасағы оның өз төлеңгіттерінен құралған, оған Абылай ханнан қалған бұл төлеңгіттердің саны 1000 үйге жетеді және көбінің тегі қалмақ».
Сондай-ақ төлеңгіттердің арасында Алтайлықтар, Уранхайлықтар, Башкұрт (естек), Қырғыз және Түркмендер де жетерліктей көп болған. Мысалы: Аталық Матай болысында жүргізілген санақ кезінде бір сұлтанда ғана 14 кигіз үй төлеңгіт түркмендер халқынан болған.
Төлеңгіттер құрамының әртектілігін сонымен қатар мына мәліметтер растай түседі.
Төлеңгіттердің географиалық орналасуы негізінен Төрелер отырған елді мекенмен сәйкес келіп отырған. өйткені сұлтандарды паналаған соң олар тек өз иелерінің жерінде ғана көше алатын болды. Төлеңгіттердің ең көп бөлігі кезінде Абылай хан (1711-1781) ордасын тіккен жерлерде шоғырланған. Мәселен Көкшетау округіне қарасты Айыртау, Сандықтау, Сырымбет сияқты елді мекендерде, ол Қарқаралы округіндегі Кент, Аппаз, Тоқырауын тағы басқа жерлерде орналасқан.
Сонымен қатар, егер XVIII ғасырда төрелер ғана төлеңгіттерді иелене алатын болса, ал XIX ғасыр басында сұлтандар төлеңгіттерді иеленуге бір өздері ғана құқықты болуынан бірте-бірте айырыла бастады. Енді ру басындағы билер мен батырлар да төлеңгіттерге иелік ете алды. Белгілі би Қожа Қарауыл Бабажановтың 200 шаңырақ тәлеңгіттері болған. Ол қайтыс болған соң төлең-гіттері өздерін салықтан босату туралы Орынбор шекара комиссиясына өтініш береді. Бұл туралы деректеде былай деп жазылған: «200 шаңырақ Қожа Қарауыл Бабажановтың қарамағында болды және Нұралы хан Қарабай сұлтанының төлеңгіттермен бірдей осы атақты пайдаланып, басқа рулардың қазақтарынан мүлде бөлініп кетті...» Осыған байланысты олар өздерін зекет пен соғым жарналарынан босатуды өтінеді (Казахско-русские отношения в ХҮІ-ХІХ вв. көрсетілген еңбек. - 97 б.).
Қорыта айтқанда дәстүрлі қазақ қоғамында төлеңгіттер институтының орын алуы этноәлеуметтік құрылымында билік пен бағыныштылық механизмдері қалыптаса бастығының айқын дәлелі болса екінші жағынан төрелер тобының ерекше құқықтық сапарға көтерілуін көрсетеді.
Қоңсы - іс жүзінде жартылай басыбайлы болған кедейлер. Олар өз отбасыларымен сұлтандарға және ру шонжарларына барып, мардымсыз ақы үшін олардың шаруашылықтарына қызмет етті. Қоңсы феодалдардың ауылдарымен бірге ылғи көшіп жүрді, олардың жылқысын бағып, неше түрлі ұсақ жұмыстарды атқарды, қоңсылардың әйелдері сиыр, бие, қой, ешкілерді сауып, кір жуды және феодалдың үй шаруашылығына көмектесті. Бұл үшін қоңсы көшіп-қону кезінде байдың көлігін пайдаланды, уақытша пайдалануға бір не екі сауын сиыр, кейде қой немесе ешкі алды.
Революцияға
дейінгі тарихнамада коңсы институты
мүлде талданбаған. Ресми патша құжаттарында
да "қоңсы" термині кездеспейді.
Солай бола тұрса да, казақ даласында
болған көптеген саяхатшылар мен патша
чиновниктері,
«қоңсы»
деген
терминді
қолданбағанымен,
осы әлеуметтік топтың болғандығын
керсетті.
Қазақтардың арасында болған Ф. Назаров осы әлеуметтік топ жөнінде былай деп жазды: «Нұрадан Есілге құятын Қаракөл өзені маңыңда біз ешқаңдай малы жоқ кырғыздарды кездестірдік... Тамағын асырау үшін олардың көпшілігі жақын маңда көшіп жүрген қырғыздарға барып жалданады».
Қоңсылар туралы неғұрлым толық дерек Михаил Граменицкийдің еңбектерінде кездеседі. Ол былай деп жазды: «Баспанасыз, жарлы қырғыздар сұлтанның төңірегіне жиналып, күн көреді. Бейбіт уақытта оған қызметшілер болып еңбектеніп, оның малын бағады».
Егер сұлтанды немесе қандай да бір бай адамды төңіректемесе, олардың аштан өлуіне тура келер еді. Дүние-мүліктен, малдан жұрдай болуы оларды малайлыққа баруға мәжбүр етеді.
Қазақ феодалдары әдетте бақташы жалдамаған, өз кедейлерінің - қоңсылардың тегін еңбегін пайдаланған. Қоңсылардьң арасында сол байдың кедей туыстары, кейде «жамағайын» деп аталатындар болуы мүмкін. Бір рудан, мысалы, Арғын немесе Керей руынан тараған қазақтар өзара жамағайын болып есептеледі, мұңдайда казақтар «ата тегі бір» дейді. Ру шонжарларында кейде тіпті бұрынғы чингизидтер де қоңсы ретінде жұмыс істеді. Мәселен, "төрелердің" тұтас бір ауылы Мұса Шормановқа қоңсы болды. Феодал мен қоңсы-кедейдің өзара қарым-қатынастарынан сауын деп аталатын өзінше бір жұмыспен өтеу жүйесі қалыптасты. Қоңсы өзінің феодалынан уақытша пайдалануға сауын сиыр алады да, бұл үшін шаруашылық жұмыстың алуан түрлерін тегін атқаруға міндеттенеді. Бұл орайда қалыптасқан қатынастар феодалдың өзінің кедей тумаласына «туысқандық көмегі» түрінде, ал егер ол жақын адамы болмаса, онда ылғи бірге көшіп жүріп, "өз" адамы болып кеткен қоңсыға көмек беру түрінде көрінеді. Мұнымен бірге өз бұйрығы орындалмаған жағдайда феодал өзі берген малды кез келген уақытта кайтып алуға құқықты болды.
Жатақтар - өздерінің жағдайы жағынан жатақтар егіншілерге жақын тұрды. Малдары болмағандықтан, олар көше алмады, соңдықтан ұдайы қыстауды сағалады. Жатақтардың жағдайын сипаттай келіп, И. Завалишин былай деп жазды: «Жатақ байларға бақташы, ал Шеп маңыңда тұратын казактарға батырақ болып жалданады, тіпті Шеп маңындағы қалаларда, станицаларда, елді мекендерде тұтас ұлыс болып топтанады, бірақ осының бәрі тек бір үзім нан үшін ғана еңбектену».
Тек біршама бай адамдар сұлтаңдар, феодалдар, билер, ру шонжарлары, малы көп ауқаттылар ғана көше алды. Осыңдай бір бай туралы кедей жатақтың айтқаны мына төмендегідей: «Мамакеннің малы көп, соңдықтан оның көшуге мүмкіндігі бар». Бұл сөздер жатақтардың экономикалық жағдайын жеткілікті дәрежеде айқын сипаттайды.
Байғұстар - қазақтардың ең қайыршыланған бөлігі болды. Байғұстар - қазақтардың кедейленіп, күйзеліске ұшыраған бөлігі, шеп маңындағы станица казактарға жалақы іздеп кеткен жарлы-жақыбайлар. XIX ғасырдың бірінші жартысында олар едәуір топ болды. Артемьевтің деректеріне қарағанда, тек Кіші жүз бойынша ғана байғұстар еркек, әйелін қоса есептегенде 20 мыңға жуық еді. Шеп маңындағы ауқатты казактарға болмашы ақы үшін жалданған байғұстар олардың малын бағып, жерін жыртты, үй іші жұмысының алуан түрін атқарды. Байғұстардың бір бөлігі балық аулау кәсіпшіліктерінде жұмыс істеді. Бұдан басқа кейбір байғұстар бай-феодалдардың қарамағында жұмыс істеді.
Осындай байғұстардың жағдайын көзбен көргеңдердің бірі былай деп жазды: «Екінші бір киіз үйде оттан алыс, есікке жақын тақыр жерде малдас құрып отырған егде байғұсты көресіз, ол бір тілім нан мен бір жапырақ ет үшін күні бойы қолындағы бізбен теріні тесіп, тарамыспен дөрекі етік тігіп отырады. Алба-жұлба күпісі мен тозығы жеткен тақиясы оның сіңірі шыққан кедей екенін, ал босағада отырған сиқы оның сорлы жан екенін керсетеді. Бұл кезде киіз үйдің төрінде үстіне тау болып жүк үйілген әбдірелердің қасында, астына бұқарлық көрпе төсенген, үстіне жібек бешпент киген қожайынның өзі отырады. Бір қолына мүйіз мүштігін сәндене ұстаған ол, екінші қолымен сақалын маңғаздана сипап қояды».
Қазақ
ақындарының бірі Шортанбай қазақ
кедейлерінің ауыр да аянышты жағдайын
былай сипаттады: Байды кұдай атқаны -
Жабағы жүнін сатқаны. Кедейің қайтіп
күн көрер, Жаз жатақта жатқаны. Жаздай
арық қазады, Күздей пішен шабады. Оны-мұны
жиғанын Шығын деп тілмаш алады.