Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Е. Н. Дауенов Дәстүрлі қазақ этнографиясы оқу-...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.58 Mб
Скачать

Қол ұшын беру

Қол ұшын беру (дәстүр). «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» дегендей жұмыс істеп жатқан жерге келген әр адам қанша асығыс болса да сәл аялдап, қол ұшын беруге тиіс. Мысалы, үй салып жатқан жерде, ағаш, кесек әперу, егін жинап жатқан жерде екі-үш күрек дән тасып әкелу тағы сол сияқты көпшілік жұмылған іске өз үлесін қосу азаматтық борыш, міндет болып саналады. Егер мұндайда кейбіреу еңкеймей тұрса, онда оған «еңкей, қол ұшын бер, балаңның белі бүкір болады» деген әзіл-шыны аралас ескерту жасайды. Осындай көп жұмылған жерде бос тұру тәрбиесіздік, әрі білімсіздік болып саналады.

Құн

Құн (заң, дәстүр).—«Мен жүз түйе құн кестім, ердің құны екі елу» (Ел аузынан). Ұрыс-төбелесте, барымтада кісі өлімі болған жағдайда айыпкерлер жағы құн төлеуге тиіс. Мұндайда екі жақтан ақсақалдар мен билер шығып дауды қарап, қандай мөлшерде құн төлейтінін шешеді. Егер даугер жағы «қанға-қан» дегеннен (өлімге-өлім) бас тартып «құнға» келіссе оның шартын, уақытын белгілейді. Әз Тәукенің жасаған «Жеті жарғы» заңы бойынша ер адамның құны 100 жылқы не 50 түйе, немесе 1000 қой, әйелдің құны оның жартысына тең. Екі қабат әйелді ұрып, баласын түсірсе, айыпкер бір ат немесе бір түйе, біреудің бас бармағын сындырған адам 100 қой құн төлейді. Күйеуін өлтірген әйел өлім жазасына кесіледі. Егер күйеуінің туыстары кешірім жасамаса, ол құн төлеп құтыла алмайды.

Құрдастық қалжың

Құрдастық қалжың. (ғұрып). «Даңқты актер Қалибек Қуанышбаев пен әйгілі күйші Әбікен Хасенов әзілдері жарасқан түйдей құрдас екен». Бір жылы, туған адамдар құрдас деп саналады. Халық ғұрпы бойынша олар бір-бірімен әрі тату, әрі қатты қалжыңдасып, тіпті бірі екіншісінің сыртынан да әзіл айта береді. Айы, күні қатар құрдастар «түйдей құрдас» деп аталады. «Екі аяқтыда құрдас, төрт аяқтыда бота тату» деген осыдан шыққан. Құрдастардың әйелдері де құрдас болып есептеледі. «Әкесі құрдастың баласы құрдас» деп, олардың балалары да әзілге араласып отырады. Құрдастық қалжыңдар басқа түркі халықтарының арасында кездесе бермейді.

Ел аузында құрдастық қалжындардың күлкілі әрекеттері мен сөздері көптеп кездеседі.

Мойнына бұршақ салу

Мойнына бұршақ салу (ырым, ғұрып). «Ұлы Қорамсадан көпке шейін бала болмаған соң, Жарқынбай бәйбішесі, һәм тоғыз қызымен көгеннің бұршағын мойнына салып, тәңірден немере тілейді» (М. Жұмабаев). Баласыз адамдардың мойнына көгеннің бұршағын салып құдайдан ұрпақ тілеуі ертеден келе жатқан әдет. Бұл тағдырға мойын ұсынып, тәңірге шын беріліп, оның барлық әміріне көнудің және ақ тілеудің белгісі. Мұндай тілек әсіресе ертедегі жырларда жиі кездеседі. Оның соңы тілек орындалып, қуанышқа кенеліп жатады. Бұршақ салу-тәңірден бала сұраған жағдайда ғана қолданылады.

Сауға

Сауға (ғұрып). «Би кесімі тым қатал болса қасындағылардың біреуі «сауға, биеке!»— деп қалатын ғұрып бар». (Ғ. Мүсірепов). Ертеде өлімге, немесе ауыр жазаға кесілген адамға сауға, яғни кешірім, бостандық немесе жеңілдік сұрайтын дәстүр болған. Бұл негізінен адам басын өлімнен, өте ауыр жазадан аман алып қалу үшін жасалған. Мұны беделді, сөзі өтетін адамдар ғана сұрай алған, және ол көп жағдайда беріліп отырған. Сауға сұрап алған адам да өз жолынан жығылмай тиісті адамның құнын, шығынын өтеп, екі елді бітімге келу жолына шақырған. Ахаңның әкесі Ақтас пен Байтұрсынды айдап апара жатқанда Арғын Жылқыайдар, Қоғылбай деген кісілер жасауылдардан сауға сұраған.

Сауға — негізінен бітім, бірлік, татулық жолына қызмет етеді.