
- •Дәстүрлі қазақ этнографиясы
- •С. Торайғыров атындағы пму –дің этнология, мәдениеттану және археология кафедрасының отырысының шешімімен баспаға ұсынылды
- •1 Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы
- •1.1 Әлеуметтік-саяси ұйымдасу
- •1.2 Қазақ қоғамындағы әлеуметтік және субэтникалық топтар
- •2 Әдет-ғұрып, салт-сана
- •2.1 Классификациялау мәселесі, түп-төркіні
- •2.2 Әдет-ғұрып, салт-дәстүр
- •Алтыбақан
- •Ауызына түкірту
- •Ашамайға мінгізу
- •Бауырына салу
- •Базарлық
- •Бастаңғы
- •Босаға майлау
- •Біз шаншар
- •Кіндік кесер
- •Құрсақ шашу
- •Құрсақ тойы
- •Қырқынан шығару
- •Құлақ тесу
- •Сатып алу
- •Селт еткізер
- •Сүндет той
- •Тобық жұту
- •Тобық тығу
- •Топырақ шашу
- •Тымаққа салу
- •Тіл ашар
- •Тұсау кесу
- •Ұйқы ашар
- •Шөп басын сындыру
- •Шілдехана
- •Шідерге сигізу
- •Абысын асы
- •Айырылысар көже
- •Ат тергеу
- •Ауыз тию
- •Ауызбастырық
- •Әмеңгерлік
- •Барымта
- •Дауыс қылу
- •Деңгене
- •Дүре салу
- •Жалаңаш билеу
- •Жиенқұрық
- •Жолдасу
- •Қазан шегелеу
- •Қазанжарыс
- •Қайырлы болсын айту
- •Қой жасы
- •Қол ұшын беру
- •Құрдастық қалжың
- •Мойнына бұршақ салу
- •Саумалық
- •Сауын айту
- •Сауын алу
- •Сәлем беру, сәлем ету
- •Төркіндеу
- •Өсиет айту
- •Шүлен тарту
- •Сыралғы
- •Сірге жияр
- •Сірге мөлдіретер
- •Шашыратқы
- •Аманат қою
- •Ас беру
- •Арыздасу
- •Әруақты еске алу
- •Жұмалық
- •Құран ұстау
- •Ораза ұстау
- •Пітір беру
- •Садақа беру
- •Тасборан
- •Тасаттық
- •Топырақ салу
- •Шек беру
- •Иман айту
- •Қаза және көңіл айту
- •Наурыз мейрамы
- •Наурыз туралы түсінік
- •Наурыз сөздігі
- •Қымыз-мұрындық
- •"Сабантой, мизам"
- •"Соғым басы"
- •2.3 Астрологиялық немесе космологиялық халықтық болжау дәстүрлері
- •3 Отбасы және неке, туысқандық қатынастар
- •3.1 Отбасы түрлері
- •3.2 Некелесу түрлері
- •3.3 Туыстық қарым-қатынастар
- •Ер адамның қайын жұрты
- •4 Қазіргі этникалық даму және этнографиялық зерттеу әдістері
- •4.1 Қазіргі этникалық процестердің ерекшелігі және этносаяси процестердің ішкі саяси жағдайға ықпалы
- •4.2 Ұлттық сана және консолидация
- •4.3 Зерттеу методикасы, негізгі бағыттар
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
Жалаңаш билеу
„Жалаңаш билеу" (ескі салт). „Тырдай жалаңаш жас әйел майданға шығып, осыны шешіп алып, билеп жұрт алдынан өтсін,— дейді" (Ә. Марғұлан). Мұндай би ерте замандарда ойын-сауық, қызық ретінде қалыптасқан сияқты. Оның түркі елдерінде, оның ішінде қазақ елінде болғаны түрлі жазба деректерде, аңыздарда да кездеседі. Бидің шарты үстіне қалын кілем жауып, асыл бұйымдар артқан түйенің бұйдасын жалаңаш әйел тісімен шешіп алуы керек. Және оған жас келіншек немесе жас қыз шығады. Мысалы, «Манас» жырында осындай салтқа Ороңқа шығып, түйені шешіп әкетеді.
Мұндай салт қазақ даласында да болған. Өткен ғасырда Ұлытау баурайында болған аста „жалаңаш биге" шыққан әйел „үлкендерің көрген жерің, кішілерің туған жерің" деп келіп, шөккен түйенің бұйдасын тісімен шешіп әкетіпті. Арқада өткен аста осындай биге қатысқан жалаңаш жас келіншек ұзын бұрымын тарқатып жібергенде бүкіл денесін шашы жауып кетіп еті көрінбепті. Ол сол бойымен келіп, түйені жетектеп кеткенде нар тіккен жақ „жалаңаш шықпады" деп дау шығарып, биге жүгініпті. Сонда әділ би „келіншек киімімен шыққан жоқ, шаш әйелдің қудай жаратқан мүшесінің бірі, оған дау жүрмейді" деп даугерді тоқтатыпты.
1920 жылдар ішінде Торғай даласына есімі көпке белгілі Қараман Досай хажының асындағы қалы кілем жабылған нарды Нарыш деген жас келіншек шешіп әкеткен.
Жиенқұрық
Жиенқұрық (салт). Қыздан туған балалар «жиен» деп аталады. Халық дәстүрі бойынша жиен нағашыларынан қалаған затын, яғни «жиенқұрық» алуға тиіс. Нағашысы жиенінің бетін қайтармай үш рет беруге міндетті. Халық жиенді ренжітпей «жиен назары жаман» деп еркелетіп ұстаған. «Жиенді ұрғанның қолы қалтырайды» деген де сөз бар. «Жиенқұрық» кейбір жерлерде «қырық серкеш»— деп те аталады.
Жылу
Жылу (дәстүр). «Жұрт малын жылулаған аясын ба?» (І. Жансүгіров). Өртке ұшыраған, мал-мүлкі суға кеткенде тағы басқа бақытсыздық жағдайға ұшыраған жанұяға ауыл-аймақта тұратын адамдар мал, дүние, ақшалай көмек көрсетіп, жәрдем беруді халық «жылу» деп атайды. Кейінгі кезде қоғам мүлкін жеп мойнына ақша мінгендер «жылу» жинайтын болып жүр. Қазақ заңы бойынша ондайларға «жылу» берілмейді. Жылу беру — адамгершілік көрінісі.
Жолдасу
Жолдасу (жолын беру) (дәстүр). Үлкен мәжілістерде, бас қосуда бұрынғы адамдар салт-дәстүр жолымен орын алады. Бас табаққа кіруде, немесе бата беруде де ата-баба жолын негізге алады. Мұндайда тек жасы ғана емес, жүз, ру жағы да еске алынады. Мұны қазақ салты бойынша «Жолдасу» немесе жолын алу деп атайды. Бұл ежелгі қазақ заңдарында негізделген.
Көз қысу
Көз қысу (ғұрып). Халық арасында ойды, айтар сөзді ыммен білдіретін жайлар да аз емес. Мұндайда «ымды білмеген дымды-білмейді»—дейді. Соның бірі көз қысу. Мұның екі түрі бар. Біріншісі — көп ортасында тілмен айта алмайтын «айтпа», «сездірме», «үндеме» тағы басқа ұғымды білдірсе, екіншісі — ер мен әйел арасындағы жасырын сүйіспеншілік жолды білдіреді.
Көз тию
Көз тию (ырым). «Бір тойда диуананың көзі тиіп, кезінде құлыншақтай ол да өлді» (И. Байзақов). Қазақтың ұғымы бойынша жақсы адамға, жас балаға, жүйрік атқа, сұлу қызға көз тиеді деген ұғым бар. Ондай адамдарға «көзі бар» немесе «назар керде» дейді. «Кісі еді назар керде Кенесары, көзінің қарағанда етті зәрі», (Наурызбай-Қанышайым). Ас, тойларда шыққан палуанды, жүйрік атты көзге көп көрсетпейді. Ажары әдемі жас сәбилердің бетіне күйе жағып қоятын да ғұрып бар. Бұл көз күйеге тиеді деген түсініктен шыққан. Біреулер жас келінге, сәбиге сұқтана қараса «көзің тиеді, түкір» деп түкіртіп алатын да ырым бар. Көз тисе «сұқ-сұқ»— деп, тіл тисе «тіфә-тіфә» деп немесе біреуді мадақтағанда «тіл аузым — тасқа» деп ырымдайды.
Кәде
Кәде (ғұрып). «Ат өлсе де, кәде өлмейді», «Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу болмайды» (мақал). Ойын, тойларда, айтта тағы басқа салт-дәстүрлер кезінде берілетін сыйды немесе алымды «кәде» деп атайды. Кәде — ойын-тойдың гүлі, оның сұрауға әркімнің де еркі бар. Кәде жолдары казақтарда өте көп.
Той кәде, жол-жоралары: тойбастар, шашу, мүше сұрау, тәбәрік т. б.
Құдалық жол-жоралғылары, кәделері мен ырымдары: жаушы жіберу, алдынан өту, қалың мал, кұда түсу, өлі-тірі, бата аяқ, той малы, есік ашар, атбайлар, той-бастар, құйрық-бауыр, құда тарту, көрімдік, отқа кұяр, түйемұрындық, қосақбас, құда аттандырар.
Күйеу жолы мен кәделері: ұрын бару, есік көру, ентікпе, көрімдік, күйеу табақ, қалыңдық ойнау, кызқашар, құда-күйеу келгенде: сүт, ақы, ат байлар, босаға аттар, күйеу табақ, жеңгетай, отау жабар, қол ұстатар, шаш сипатар, ит ырылдатар, кемпір өлді, бақан салар т. б.
Бала туғанда, жүргенде жасалатын дәстүрлер мен кәделер: Шілдехана, қазанжарыс, кіндік кесу, көтеріп алу, ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, шідерге сигізу, сүндеттеу т. б.
Көрімдік
«Көрімдік» (салт). Халқымыз жақсы сөзді жарты бақытқа балайды. Сонымен бірге адам көңілінің бір атым насыбайдан да қалатынын ескертеді. Өмір тіршілігіміздегі әрбір құбылыс адам сезімінің шежіресі ғой. Жақсы ат мініп, лотереямен "Жигули" ұтып, әйелінің ұл табуы былай тұрсын, жақсы көйлек киген күні де көңілің есіп жүреді. Осыңдайда ішкі мәдениеті кемел, сезім парасаты бай кісілер әлгі қуаныш иесін құптап, одан сайын куанышқа кенелту үшін көрімдік береді. Бұл игі рәсімнін халықтын дәстүрге айналғаны сонша, қуаныш, иесінін, "көрімдік бермесен, көрсетпеймін" деп бұлданатыны бар.
Көрісу
Көрісу (ғұрып). Көрісудің екі түрі бар:
1) бұрынғы дәстүр бойынша ұзатылған қыздар жыл толмай төркін жұртына баруына болмайды. Бұл қыздың жаңа қауымға алаңсыз үйренсін деген мақсатпен жасалған. Және келін болғаннан кейінгі биологиялық өзгеріске ұшырауы да өзінің еліне көрінбеуге тырысқан. Елін, бауырын сағынып жүрген осындай кездерде қыздың аға-інісі іздеп келгенде қыз оларға өлең, жырмен көрісіп, жылап, өзінің сағынышын, өкпе-назын, қуанышын білдіреді. Мұндай сәтте қыз туыстарына басындағы жаулығын көрсетуге ұялып, оны алып тастап, орамал тартып алады. Қыздың бұл көрісуі өте жарасымды әдет-ғұрып қатарына жатады;
2) «кімдер екенін айырып болар емеспін, кезек-кезек келіп, мені құшақтап көрісіп жатыр» (Т. Әбдіков). Туыс-туғандары, ет жақындары қайтпас сапар шеккенде артта қалған ағайын, іліктері көрісіп, жылайды, дауыс қылады. Еркектер де көріседі, бірақ әйелдердей жоқтау айтып, дауыс қылмайды.