
- •1 Тоқсан бойынша 9-сынып оқушыларының білімін тексеру сұрақтары
- •Үіі тарау кеңестік тоталитарлық жүйе жағдайындағы қазақстан Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы
- •Қазақстан шетелдік интервенция мен азамат соғысы жылдарында
- •Қазақтың ұлттық мемлекеттігінің қайта қалпына келтірілуі
- •В. Әскери
- •Е. 1920 жылғы 4-ші қазан
- •Жаңа өмірдің қиындықтары
Қазақстан шетелдік интервенция мен азамат соғысы жылдарында
(1918-1920 жж.)
1411.Азамат соғысы дегеніміз...?
А. Шетелдік басқыншыларға қарсы күрес
В. Дүниежүзілік соғыс
С. Билік үшін бір ел азаматтарының өзара соғысы
Д. Бір ел азаматтарының отан қорғау соғысы
Е. Империалистік соғыс
1412.1918 жылғы маусымда Орынборды басып алып, Қазақстанды Орталық Ресеймен байланыстыратың теміржолды кесіп тастаған әскери құрама басшысы?
А. Атаман А.Дутов
В. Атаман Анненков
С. Төтенше комиссар Ә.Жангелдин
Д. Әскери комиссар А.Иманов
Е. Қазақ атты әскер бригадасы саяси бөлімінің меңгерушісі Б.Қаратаев
1413.Азамат соғысының алғашқы кезінде Антанта Ресей территориясындағы қандай әскери құраманы бүлік шығаруға айдап салды?
А. Австриялық корпусты
В. Польяк корпусын
С. Чехословак корпусын
Д. Серб корпусын
Е. Башқұрт полкін
1414.1918 жылы наурызда Оралды басып алған ақ казактарға қарсы күресу үшін құрылған кеңестік армияны атаңыз?
А. Үлкен армия
В. Найзағай
С. Төтенше армия
Д. Құпия армия
Е. Ерекше армия
1415.1918 жылы қарашада “Сібір армиясының” Екінші Жеке Дала корпусы Ташкентті басып алу мақсатымен Жетісу майданына кім бастаған дивизияны жіберді?
А. Я.Ушанов
В. Атаман Б.Анненков
С. М.Г.Летунов
Д. Атаман А.Дутов
Е. Г.И.Муляр
1416.Ресейдегі азамат соғысы жылдарындағы Алашорда үкіметінің саяси ұстанымы?
А. Ақгвардияшыларға қарсы күресті
В. Кеңес өкіметіне қарсы шықты
С. Шетелдік интервентерге қарсы күресті
Д. Саяси ұстанымы болған жоқ
Е. Битарап саясат ұстанды
1417.Азамат соғысы жылдарында Кеңестердің Түркістан мен Қазақстанның байырғы тұрғындарынан жасақтаған әскери бөлімдері қалай аталды?
А. Ерекше армия
В. Қырғыз полктері
С. Көшпенділер ротасы
Д. Мұсылман бөлімдері
Е. Дала армиясы
1418.Азамат соғысы жылдарында Қазақстанда жергілікті халық арасынан әскер құру ісімен айналысқан Дала өлкесінің төтенше комиссары?
А. А.Иманов
В. Б.Қаратаев
С. Т.Әлиев
Д. А.Асылбеков
Е. Ә.Жангелдин
1419.Орынборда Кеңестердің Торғай облыстық бірінші съезі қашан Қызыл Армия бөлімдерін құру туралы шешім қабылдады?
А. 1917 жылғы қараша
В. 1917 желтоқсан
С. 1918 жылғы қаңтар-ақпан
Д. 1918 жылғы наурыз-сәуір
Е. 1918 жылғы мамыр-маусым
1420.Ақ гвардияшыларға қарсы партизан қозғалысының Кеңарал болысындағы басшысы?
А. Өтеп Ыбыраев-
В. Кәкімжан Саркин
С. А. Жиляев
Д. И. Эльбе
Е. М.Г.Летунов
1421.Сібір мен Орта Азияның контрреволюциялық күштерінің бірігуіне үлкен кедергі жасаған және Солтүстік Жетісуда Кеңес өкіметің орнатуда айтарлықтай рөл атқарған кеңестік қорғанысты атаңыз?
А. Тарбағатай қорғанысы
В. Жаркент қорғанысы
С. Черкасск қорғанысы
Д. Ұзынағаш қорғанысы
Е. Верный қорғанысы
1422.1919 жылғы қыркүйекте Мұғалжар станциясында 1-ші армия Ақтөбе майданының бөлімдерімен түйісті . Соның нәтижесінде Түркістан Орталық Ресеймен қосылып,...?
А. Орынбор майданы жойылды
В. Орал майданы жойылды
С. Ақтөбе майданы жойылды
Д. Дала майданы жойылды
Е. Түркістан майданы жойылды
1423.1920 жылғы 5-ші қаңтарда Түркістан майданының әскерлері Атырауды алуына байланысты,...?
А. Түркістан майданы жойылды
В. Орал майданы жойылды
С. Торғай майданы жойылды
Д. Дала майданы жойылды
Е. Каспий майданы жойылды
1424.1920 жылғы наурыздың аяғына қарай Семей облысының солтүстігі ақ гвардияшылардан азат етіліп,...?
А. Семей майданы жойылды
В. Тарбағатай майданы жойылды
С. Қарқара майданы жойылды
Д. Жетісу майданы жойылды
Е. Жаркент майданы жойылды
1425.1919 жылғы желтоқсанда Кеңес үкіметі Орал-Ембі мұнайлы ауданың Орталық Ресеймен жалғастыруға тиіс қандай теміржол желісін салуға шешім қабылдады?
А. Атырау - Орынбор
В. Ақтөбе - Уфа
С. Александров - Гай - Ембі
Д. Торғай - Оынбор
Е. Қостанай - Ембі
1426.Азамат соғысы жылдарында өлкенің адам және материалдық байлықтарын игеру қандай әдістермен жүргізілді?
А. Еріктілік әдісімен
В. Күштеу әдісімен
С. Нарықтық әдіспен
Д. Шетел капиталын тарту әдісімен
Е. Мемлекеттік заемдарды сату әдісімен
1427.Азамат соғысы жылдарында әскериоммунизм саясаты неден көрінді?
А. Экономиканы мемлекеттендіруден
В. Жекешелендіруден
С. Шетел капиталын тартудан
Д. Кәсіпкерлікті қолдаудан
Е. Нарықтық инфрақұрлымды жасаудан
1428.Азамат соғысының кескілескен қырғыныңда қанша адам қаза тапты?
А. 9 млн.
В. 10 млн.
С. 8 млн.
Д. 12 млн.
Е. 13 млн.
1429.Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің (БОАК) 1919 жылғы 4 сәуірдегі қаулысында азамат соғысы жылдарында Кеңес өкіметіне қарсы күрескен Алашорда мүшелері туралы не айтылды?
А. Жаппай тұтқындау
В. Ату жазасына кесу туралы
С. Амнистия жарияланды
Д. Елден қуу туралы айтылды
Е. Сібірге жер аудару туралы айтылды
1430.1920 жылы наурызда Алашорданың белсенді жетекшілерінің бірі өз жағындағы үлкен топты бастап Кеңес билігі жағына өтті. Ол кім еді?
А. А.Байтұрсынов
В. Д.Әділов
С. Ж.Аймауытов
Д. Х.Досмұхамедов
Е. С.Асфендияров