Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 класс 1-тоқсандық тест нұскалары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
37.88 Кб
Скачать

1 Тоқсан бойынша 9-сынып оқушыларының білімін тексеру сұрақтары

1. Бірінші дүниежүзілік соғыста Ресей қандай әскери-саяси блок құрамында болды?

А. Үштік Одақ В. Антифашистік коолиция

С. Антанта Д. Варшава шарты Е. Солтүстік Атланттық соғыс блогы

2. Бірінші дүниежүзілік соғыстың әділетсіз соғыс екендігін дәлелдеп жазған “Қазақ” газетіне басылған “Тағы соғыс” мақаласының авторы? А. А.Байтұрсынов В. М.Дулатов

С. Ә.Бөкейханов Д. Ж.Аймауытов Е. Т.Рысқұлов

3. 1907-1912 жылдар аралығында Ресейдің еуропалық бөлігінен Қазақ жеріне әкеліп қоныстандырылған адамдар саны қанша еді?

А. 2 млн В. 2 млн 400 мың С. 3 млн

Д. 3 млн 400 мың Е. 4 млн 400 мың

4. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің негізгі себебі? А. Салықтың көбеюі В. Осы жылдары болған жұт С. Қазақ ақсүйектерінің билікке ұмтылуы

Д. Ұлттық және әлеуметтік езгінің күшеюі

Е. Соғысқа қарсы насихаттың күшеюі

5. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліске желеу болған негізгі себепші фактор?

А. Қазақтан майданның қара жұмысына жігіт алу

В. Қазақтардан майданға көлік ретінде ат пен түйе алу

С. Қазақтардан майдан үшін жаппай киіз үй жинау

Д. Қазақтардан алынатын шаңырақ салығының көбеюі

Е. Қазақ шаруаларынан әскерге солдат алу

6. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығы бойынша, майданның қара жұмысына қанша жастағы еңбекке жарамды ер адамдар алынуға тиіс болатын? А. 18-ден 53 жасқа дейінгі В. 19-дан 53 жасқа дейінгі

С. 20-дан 50 жасқа дейінгі Д. 19-дан 43 жасқа дейінгі

Е. 21-ден 43 жасқа дейінгі

7. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығы бойынша майданның қара жұмысына Түркістан мен Дала өлкесінен қанша жігіт алу көзделді? А. 200 мың В. 300 мың С. 400 мың Д. 500 мың Е. 600 мың

8. 1916 жылы 23 тамызда генерал-губернатор А.Куропаткиннің құпия бұйрығымен қазақ қоғамының болмашы бөлігінің қара жұмыстан босатылуы патша өкіметінің қандай саясаты?

А.Зиялыларды патша саясатын қолдауға шақыру

В. Қазақ жұмысшы табын патша саясатын қолдауға шақыру

С. Шаруаларды патша саясатын қолдауға шақыру

Д. Орыс шаруаларын қазақтарға айдап салу

Е. Жалпыұлттық қозғалысқа жік салу

9. 1916 жылы көеріліске шыққан қазақ халқы отарлауға дейінгі дәстүрлі мемлекеттік басқару жүйелерін қалпына келтірді.Кей жерде дала дәстүрі бойынша ақсүйек өкілдерінен кімдер сайланып жатты?

А. Патшалар В. Қағандар С. Әмірлер Д. Хандар Е. Гурхандар

10. Қазақтың либералдық-демократиялық зиялы қауымы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа байланысты патша өкіметімен арада қандай саясат ұстанды? А. Халықты көтеріліске шақырды В. Халықты патша саясатын толық қолдауға шақырды

С. Қазақтарды орыс халқына қарсы соғысқа шақырды

Д. Патша өкіметімен парасатты ымыраластық саясат ұстанды

Е. Патша өкіметінің саясатын толық қолдады

11. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының басты күші?

А. Қазақ жұмысшы табы В. Қазақ буржуазиясы

С. Қазақ зиялылары Д. Ақсүйектер Е. Халық бұқарасы

12. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс жылдарында қазақ халқын біріктірген ең үлкен идеяны көрсетіңіз?

А. Діни идея В. Мәдени тәуелсіздік идеясы

С. Ұлттық тәуелсіздік идеясы Д. Хандық билікті қалпына келтіру идеясы Е. Феодалдық- монархиялық идея

13. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың екі ірі ошағын атаңыз? А. Ақмола, Семей В. Жетісу, Торғай С. Сырдария, Орал Д. Көкшетау, Сырдария Е. Орал, Торғай

14. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс жылдарында патша үкіметі көтерілісшілерді жазалау үшін жазалаушы отрядтар жанынан қандай соттар құрды?

А. Қазылар соты В. Билер соты С. Халықтық сот Д. Үштіктер

Е. Әскери-дала соттары

15. 1916 жылы Жетісудың 10 мыңнан астам қырғыз-қазақ көтерілісшілері қай қаланы қоршады?

А. Пішпек В. Верный С. Әулиеата Д. Тоқмақ Е. Ош

16. 1916 жылы Жетісу көтерілісшілері Верный уезінің Жайымтал болысының ханы етіп кімді сайлады?

А. Нұрлан Қияшев В. Оспан Шонов С. Бекболат Әшекеев

Д. Әбділғафар Жанбосынов Е. Жәменке Мәмбетов

17. 1916 жылы тамызда 5 мыңнан астам көтерілісшілер жазалау отрядын талқандап қай жәрмеңкені басып алды?

А. Қоянды В. Қарқара С. Бұқтырма Д. Лепсі Е. Қапал

19. Жетісудағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан ауылдардың 238 мыңнан астам халқы жазалау шараларының қаталдығынан қай мемлекетке ауып кетуге мәжбүр болды?

А. Иранға В. Моңғолияға С. Бұхар әмірлігіне Д. Қытайға Е. Ауғанстанға

20. 1916 жылы Торғай уезінің қыпшақ руының көтерілісшілері Әбділғафар Жанбосыновты хан етіп сайлады, ал әскер басшысы сардарбегі етіп кімді сайлады?

А. Кейкі батыр В. Тоқаш Бокин С. Әліби Жангелдин

Д. Амангелді Иманов Е. Байқадам Қаралдин

1362. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісте қатары 20 мыңға дейін жеткен Торғай көтерілісшілері күресінің мейілінше табанды болып және ұзаққа созылуының басты себебі?

А. Көтерілісшілерге қырғыздардан көмек келуі

В. Көтерілістің жақсы ұйымдастырылуы

С. Көтерілісшілердің соңғы үлгімен қарулануы

Д. Көтерілісшілердің жер жағдайын жақсы пайдалануы

Е. Көтерілісшілерге шет елден жасырын көмектін келуі

1363. 1916 жылы қазанда Торғай қаласын ала алмаған көтерілісшілер қай жерге бекініп партизандық күрес әдісіне көшті?

А. Қарақұмға

В. Қызылқұмға

С. Бетпақдала мен Қаратауға

Д. Борсыққұмға

Е. Батпаққара жазығы мен Аққұмға

1364. ІҮ Мемлекеттік Думаның мінберінен 1916 жылғы Қазақстандағы көтерілісті басып-жаншыған жазалаушылар мен патша әкімшілігін әшкерелеп сынға алған орыстын мемлекет қайраткері?

А. В.И.Ленин

В. С.Ужгин

С. А.Ф.Керенский

Д. М.Фрунзе

Е. И.Сталин

1365. 1916 жылғы көтеріліске орыс шаруалары да қатысты Қарқарада көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі орыс шаруасы Е.Е.Курев болса, Торғайда көтерілісшілерді соғыс ісіне үйретіп, өзі жазалаушылар қолынан қаза тапқан орыс шаруасын атаңыз?

А. Осип Мамиев

В. С.Ужгин

С. Никита Кротов

Д. И. Лаврентьев

Е. М.А.Фольбаум

1366. 1916 жылғы Жетісу көтерілісшілерінің басшысы Бекболат Әшекеевті патша жазалаушылары қай жерде жұрт алдында дарға асты?

А. Қордай асуында

В. Верный қаласында

С. Ұзынағаш түбінде

Д. Боралдай асуында

Е. Жаркентте

1367. 1917 жылғы ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция болып,...?

А. Қанау атаулы түгел жойылды

В. Социалистік мемлекет орнады

С. Конституциялық монархия орнады

Д. Большевиктер партиясы құрылды

Е. Монархия құлатылды

1368. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін елде орнаған қос үкіметті атаңыз?

А. Шаруалар үіметі мен помещиктер үкіметі

В. Жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері мен шаруалар үкіметі

С. Буржуазия үкіметі мен кулактар үкіметі

Д. Жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері мен Уақытша үкімет

Е. Уақытша үкімет пен буржуазиялық үкімет

1369. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін пайда болған Уақытша үкімет қай таптың мүддесін көздеді?

А. Жұмысшылардың

В. Шаруалардың

С. Зиялылардың

Д. Солдаттардың

Е. Буржуазияның

1370. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін пайда болған Уақытша үкімет саясатының алғашқы қадамы?

А. Соғысты тоқтатты

В. Ұлт аймақтарына тәуелсіздік берді

С. Шаруаларға жаппай жер беріле бастады

Д. Империялық ұлт саясатын қайта қарауға қадам жасады

Е. Отаршылдық басқару органдарын жойды

1371. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін елде орнаған Уақытша үкімет майданның қара жұмысына алынған “Бұратана жұмысшы жасақтары” туралы қандай шешім қабылдады?

А. Оларды еліне қайтармау

В. Оларға қару беріп соғысқа пайдалану

С. Оларды еліне қайтару

Д. Оларды қорғаныс зауыттарына күшпен жұмысқа тарту

Е. Олар туралы ешқандай шешім қабылданбады

1372. Тыл жұмысшылары 1917 жылдың шілдесінде Верныйда “Қара жұмысшылар одағын” құрса, ал Петропавлда қандай одақ құрды?

А. Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымы

В. Жас қазақ ұйымы

С. Жас арбакештер одағы

Д. Жас мұсылмандар ұйымы

Е. Орыс-қазақ одағы

1373. Бүкілқазақ сьезіне Қазақстанның болашақ автономиясын құруды 1917 жылы көктемде өткен қай облыстық сьез ұсынды?

А. Семей облыстық сьезі

В. Орал облыстық сьезі

С. Торғай облыстық сьезі

Д. Жетісу облыстық сьезі

Е. Сырдария облыстық сьезі

1374. І жалпықазақ сьезі қай жылы қай жерде болды?

А. 1917 жылы көктемде Семейде

В. 1917 жылы сәуірде Верныйда

С. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда

Д. 1917 жылы 1-4 қазанда Орынборда

Е. 1917 жылы 1-5 тамызда Семейде

1375. 1917 жылы І жалпықазақ сеьзі қандай саяси партия құру туралы мәселе қарады?

А. Үш жүз саяси партиясы

В. Алаш саяси партиясы

С. Қазақ саяси партиясы

Д. Эсер партиясы

Е. Мұсылмандар партиясы

1376. 1917 жылы мамырда болған мұсылмандардың Бүкілресейлік сьезінде 250 молданың қарсылығына қарамастан мұсылман әйелдері туралы қандай қарар қабылдады?

А. Әйелдер тек отбасы мәселесімен айналысуға тиіс

В. Мұсылман әйелдері беттерін ашып жүруге тиіс

С. Мұсылман әйелдеріне ерінен ажырасуға тыйым салу

Д. Мұсылман әйелдері саяси және азаматтық құқықтары жағынан еркектермен тең болуға тиіс

Е. Мұсылман әйелдерінің мемлекеттік қызметке баруы аса ұқыптылықпен жүргізілуі тиіс

1377. 1917 жылы қыркүйекте құрылған Түркістан федералистер партиясы сипаты жағынан қандай партия болды?

А. Шаруалар партиясы

В. Мұсылман партиясы

С. Жұмысшылар партиясы

Д. Буржуазиялық партия

Е. Христиандық партия

1378. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанда жастар ұйымдары белсенді жұмыс істеді. Мысалы: Әулиеата мен Меркеде “Қазақ жастарының революциялық одағы” құрылса, ал “Жас қазақ” ұйымы қай қалада құрылды?

А. Ақмолада

В. Семейде

С. Верныйда

Д. Оралда

Е. Ташкентте

1379. 1917 жылдың жазына қарай Түркістан өлкесіндегі Кеңестердің уақытша эсерлер партиясының қолына көшуі олардың қандай ұрандарына байланысты болды?

А. Уақытша үкімет жойылсын

В. Соғыс тоқтатылсын

С. Халыққа нан берілсін

Д. Жер оны өндейтіндерге берілсін

Е. Халыққа тегін білім берілсін

1380. 1917 жылы әлеуметтік-экономикалық, ұлттық және діни қайшылықтарды түбегейлі шешіп бере алмаған Уақытша үкіметке оппозиция басында кімдер тұрды?

А. Эсерлер

В. Меньшевиктер

С. Алашордашылар

Д. Кадеттер

Е. Жұмысшы, солдат, шаруа депутаттары Кеңестері

1381. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін қай қалада мұсылман жұмысшылары депутаттарының Кеңесі құрылды?

А. Орынборда

В. Семейде

С. Ташкентте

Д. Верныйда

Е. Оралда

1382. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның көптеген кәсіпорындарында жұмысшы ереуілдері болды. Жұмысшы депутаттары Кеңестерінің бастамасымен көптеген кәсіпорын жұмысшыларының қандай талаптары орындалды?

А. Жалақы көбейтілді

В. Тұрмыс жағдайлары жақсартылды

С. 8 сағаттық жұмыс күні еңгізілді

Д. Тегін тамақтандыру еңгізілді

Е. Тегін дәрігерлік көмек еңгізілді

1383. Уақытша үкіметтен жер де, астық та ала алмаған Қазақстан шаруалары аграрлық мәселені өз бетімен қалайша шеше бастады?

А. Малын сатып кулактарға жалдамалы жұмысқа кету

В. Малын алып шетелге өтіп кету

С. Байлардан жер мен малды тартып алу-

Д. Бірігіп байлардан мал сатып алу

Е. Малын жерге айырбастау

1384. 1917 жылы 29 тамызда Перовск Кеңесі кәсіподақтармен және солдаттармен бірлескен мәжілісінде қандай қарар қабылдады?

А. Соғысты тоқтату

В. Шаруалар мен жұмысшыларға нан беру

С. Жұмысшыларға тегін дәрігерлік көмек беру

Д. Жаппай ереуілге шығу

Е. Өкімет билігін Кеңестерге беру

1385. 1917 жылғы Қазан төңкерісінің жеңіске жетіп Кеңес өкіметінің елде тез арада қолдау табуы оның қандай саясатымен тығыз байланысты?

А. Бейбітшілік, жер, бостандық, ұлттын өзін өзі билеуі

В. Тез арада қызыл әскер бөлімдерінің құрылуы

С. Кәсіпорындарды мемлекет меншігіне алуы

Д. Помещиктердің жерін тәркілу

Е. Шетел капиталын елден шығаруы

1386. 1917 жылы 22 қарашадағы Қоқан қаласындағы қандай оқиға Түркістан автаномиясын дүниеге әкелді?

А. Мұсылмандардың манифестациясы

В. Бүкіл халықтық ереуіл

С. Бүкілтүркістандық Төтенше ІҮ сьезд

Д. Кеңе өкіметінің орнауы

Е. Жұмысшылар мен шаруалар одағының құрылуы

1387. 1917 жылы қарашада құрылған Түркістан автаномиясының басшысын атаңыз?

А. Әлихан Бөкейханов

В. Тұрар Рысқұлов

С. Мұстафа Шоқай

Д. Халел Досмұхамедов

Е. Темірбек Жүргенов

1388. Ташкент Кеңесі қашан Түркістан автаномиясын жойып Қоқан қаласын өртеп жіберді?

А. 1917 жылы 2 желтоқсанда

В. 1917 жылы 5 желтоқсанда

С. 1918 жылы 5 қаңтарда

Д. 1918 жылы 5 ақпанда

Е. 1918 жылы 5 наурызда

1389. Алашорда үкіметі мен Қазақ автаномиясын құрған Жалпықазақ сьезі қашан қай қалада болды?

А. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда

В. 1917 жылы 21-26 тамызда Семейде

С. 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда

Д. 1917 жылы 21-26 желтоқсанда Оралда

Е. 1917 жылы 26-30 желтоқсанда Ташкентте

1390. Жаңадан құрылған Алаш автаномиясын күйреуден құтқару мақсатында 25 мүшеден тұратын Алашорда Уақытша Халық Кеңесі құрылып,онда қазақтар арасындағы орыс және басқа ұлттарға қанша орын берілді?

А. 5 орын

В. 7 орын

С. 10 орын

Д. 12 орын

Е. 13 орын

1391. Жаңадан құрылған Алашорданың уақытша орналасатын қонысы болып қай қала таңдап алынды?

А. Орынбор

В. Семей

С. Орал

Д. Верный

Е. Ташкент

1392. Жаңадан құрылған Алашорда үкіметінің төрағасы болып кім сайланды?

А. Әлихан Бөкейханов

В. Міржақып Дулатов

С. Халел Досмұхамедов

Д. Ахмед Байтұрсынов

Е. Мұхамеджан Тынышбаев

1393. Алаш партиясы бағдарламасының жобасы қай газетте жарияланды?

А. Түркістан уәлаяты

В. Дала уәлаяты

С. Қазақ

Д. Айқап

Е. Алқа

1394. 1917 жылдын қарашасы мен 1918 жылдын қаңтары аралығында өткен сайлауда қазақ еңбекшілерінің басым жылыбөлігі қай партияның бағдарламалық талаптарын қолдады?

А. Большевиктер партиясы

В. Меньшевиктер партиясы

С. Алаш партиясы

Д. Кадеттер партиясы

Е. Эсерлер партиясы