Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 2012 полказ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
686.59 Кб
Скачать

15.Саяси үрдіс. Модернизация

Ж о с п а р ы:

  1. Саяси үрдіс, модернизация ұғымдары

  2. Қазақстандағы демократиялық модернизация

Саяси үрдіс, модернизация ұғымдары

Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынада қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді.

Қоғамдық өмір, оның ішінде саяси сала - өте күрделі процесс. Онда өмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат мүдделері кейде қабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады.

Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейміз.

Жалпыұжымдық мақсат-мұратты анықтауға, қалыптастыруға ресми органдар, билік институттары, кәсіподақтар, бейресмиұйымдар, ақпарат құралдары қатысады. Бірақ мұнда басты рөлді саяси институттар атқарады. Себебі саяси шешімдерді қабылдап, іске асыратын солар.

Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін төрт сатыға, кезеңге бөлуге болады:

Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынға мемлекеттік билікті ауыстыруы мүмкін, соның легитимдігін көрсетеді.

Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы.

Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру.

Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау

Саясатта ақиқатты табудың бірден-бір дұрыс жолы демократиялық ойлау жүйесін қалыптастыру екенідігі белгілі. Ал мұндай баламаны ойлау жүйесінің бұған дейінгі тарихы, ондағы саяси оқиғалар мен ағымдардың, ойлар мен идеялардың пайда болуы мен дамуы және жүзеге асу жолдары саяси және құқықтық жолда болашақты дұрыс таңдай білуі оның бұрынғы тарихын жақсы оқып, үйренуге байланысты.

Қазақстандағы демократиялық модернизация

Саяси модернизация дегеніміз – қоғамның барлық салаларының арта қалған жақтарын дамытуға байланысты бірден өзгеріске әкелтіп, гүлдену процесі. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің 2005 жылғы жодауында жақсы атап көрсеткен. Жалпы модернизация қазіргі таңда ұлттық мүддемен тығыз байланысты. Соған байланысты біздің мемлекетіміз біршама шаралар жүргізуде:

ақпараттық қауіпсіздік - елдегі іс - әрекет ететін экстремистік топтарды есепке алу және олардың негізгі бағыттары жөнінде толығымен ақпараттанып отыру;

әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік - елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының бұл топтардың таралуына өте жақсы ықпал ететінін ескере отырып, осы салаларды қатаң қадағалау;

құқықтық қауіпсіздік - заң тұрғысында терроризмге және эктремизмге толық анықтама бере отырып, оны жоюды және жазалауды толығымен қамтамасыз ету;

ұлттық қауіпсіздік – қоғамның тұтастығын сақтау, интеграциялық шаралар жүргізу.

Саясаттану пәнінен семинар сабақтарын арналған әдістемелік нұсқаулар

1-семинар: Саясаттану ғылым ретінде

1. Саяси нақтылық-саясаттанудың зерттеу объектісі

2. Саяси зерттеудің ғылыми әдісі мен әдістемесі, ұғымдарының қатынасы

3. Қазақстан Республикасы саяси шындық ретінде

Бұл тақырып бойынша саясаттануға кіріспе жасалынады. Студенттік топтың жалпы саяси бағдары, саясатқа қатысты ой пікірлерінің деңгейі анықталады. Сол арқылы келесі өткізілетін семинар сабақтарының формалары бекітіледі. Себебі саясаттану курсы бойынша студент өз ойын айқын білдіруге, пікір сайысқа түсуге, өзіндік сараптама жасауға дағдыланатындықтан, семинарлардың қатып қалған қатаң үлгісі жоқ, топтың мүмкіндігіне, ынтасына, ерекшелігіне байланысты қай тақырыпты қандай формада талқылауды студенттік таңдауына қалдырамыз. Бірінші сұрақ бойынша, саясаттану саясат туралы, билік, саяси жүйелер, процестер жөніндегі ғылым ретінде сөз қозғалады. Саяси философия, саясат әлеуметтануы, саяси этика, саяси тарих саяси ғылымдардың құрамдас бөлімдері ретінде анықталады. Саясаттанудың әлеуметтік- гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны. Саяси ғылымдардың құрылымы оның парадигмалары. Екінші сұрақта, саясаттанудың заңдары мен категориялары, әдістері мен функциялары туралы сөз қозғалады. Салыстырмалық, жүйелік, бихевиористік, әлеуметтанулық, психологиялық, институционалдық, тарихилық және тағы да басқа әдістер туралы айтуға болады. Саясаттанудың функциялары: прогматикалық, түсіндірушілік, болжам жасаушылық, аксиологиялық, тәжірибелі және басқа қызметтеріне талдау жасалынады. Үшінші сұрақ бойынша, саясаттану пәнінің Қазақстанда оқытылу тарихы, қазіргі қазақстандық саясаттанушылар, олардың еңбектері мен ойларына сараптама жасауға болады.

2-семинар: Өркениет тарихындағы саяси ойлардың даму кезеңдері

  1. Ежелгі дүниедегі саяси ойдың қалыптасуы

  2. Орта ғасырлардағы араб-ислам және батыс-еуропалық идеялар

  3. Саяси теориялар мен доктриналардың Қайта өрлеу кезеңінен бастап ХХ ғасырға дейін қалыптасуы

  4. Қазақ халқының мұрасындағы саяси ойлар

Аталмыш тақырып өте көлемді, бір семинарда толық талқылап шығу мүмкін еместігін ескеру қажет. Сұрақтар бойынша студенттерді қызықтырған немесе күмән тудырған мәселелер бойынша жеке тапсырмалар (аннотация, реферат, ғылыми жоба, слайдтар тізбесі т.б.) беруге болады. Бірінші сұрақ бойынша Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар қарастырғанда негізгі іліми бағыттар буддизм, конфуцийшылдық, даосизм, легизмге тоқталып, олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарға назар аудару қажет. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римдегі саяси ойларға (Платон, Полибий, Аристотель, Цицерон және т.б.) келгенде алғашқы саяси ілімнің қалыптаса бастағанын ескере отырып, ойшылдардың қоғам, мемлекет, билікке қатысты афоризмдеріне сараптама жасауға болады. Қорытынды ретінде студент қандай ойға келді, не түйді, саяси ойлардың қалыптасуына не себеп болды, ерекшеліктері қандай сипатта, осы сұрақтарға жауап таба алуы қажет. Екінші сұрақта орта ғасырлық Шығыстағы саяси ойлар (әл-Фараби, Ганджеви, Низами, Әлішер Науаи). Саяси ойлар тарихындағы Еуропалық орта ғасыр (Марк Аврелий, Фома Аквинский, Мартин Лютер). Бұл дәуірдің ерекшелігі діни көзқарастардың ықпалды болуы. Сол себепті студент біріншіден, саясат пен діни көзқарастардың арасындағы байланыстар табиғатына сараптама жасай алуы керек, екіншіден, Шығыс пен Батыстың саяси ойларындағы ерекшеліктерді табуға ұмтылуы маңызды. Үшінші сұрақ Қайта өркендеу дәуіріндегі зайырлы саяси ойлар (Н.Макиавелли, Томас Мор, Жан Боден). Еуропалық ағартушылық дәуірдегі саяси идеялар. (Томас Гоббс, Джон Локк, Шарль Луи Монтескье, Жан Жак Руссо). Т. Джефферсон мен А. Гамильтонның саяси көзқарастары. XIX-XX ғасырлардағы әлеуметтік – саяси идеялар мен ағымдар: либерализм, консерватизм, марксизм. XX ғасырдағы шетелдік саяси ой-пікірлер (В. Парето, Д. Истон, Т. Алмонд, М. Дюверже және т.б.). Студенттің есте сақтауына оңай болуы үшін ойшылдар, олардың негізгі еңбектері, ойлары және саяси ағымдардың атауы мен анықтамаларына қатысты кестелер, схемалар немесе слайдтар тізбесін дайындауға болады. Төртінші сұрақ бойынша Қазақстан саяси ойларының қалыптасуы мен дамуы толығымен зерттеліп болмаған кезең. Жүсіп Баласағұни, Қорқыт ата, Қожа Ахмет Яссауидің көзқарастары. Тәуке хан заңдары. «Жеті жарғы»- маңызды саяси құжат. XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары (Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев). XX ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси ойлар. Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, М. Шоқаевтың, М. Тынышпаевтың, Х. Досмұхамедовтың, Т. Рықұловтың, С. Садуақасовтың, С. Қожановтың, М. Жұмабаевтың, С. Торайғыровтың, Ж. Аймауытовтың, С. Сейфуллиннің, Б. Майлиннің, І. Жансүгіровтың және т.б. идеялары. Ескеретін жағдай, жоғарыдағы ойшылдардың еңбектері мен қоғамдық, саяси ойларына қатысты студенттер шатасып жатады. Сол себепті, жинақталған материалдар көмегімен жүйелі ой тізбегін құрып, осы ойшылдардың қазіргі Қазақстан мемлекетінің қалыптасуына қосқан үлесіне баға бере отырып қорытындылау семинар сабағының басты мақсаты.

3-семинар: Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі саяси билік

1. Билік құбылысы, генезисі, мәні

2. Билік қатынастарының субъективті-объективті астарлары

3. Қазіргі әлемдік дамудағы биліктің орны

Тақырып тек саяси билік ұғымына байланысты. Студент саяси билік пен мемлекеттік биліктің арасындағы байланыс пен айырмашылықты айыра білуі қажет. Саяси билік теориялық зерттеу объектісі және жалпы құбылыс ретінде қолданылатын болса, мемлекеттік билік соның нақты өмірде практикалық нәтижесі, немесе белгілі бір территорияға қатысты қолданатын билік түрі. Сондықтан семинарда биліктің теориялық негіздемесі нақтыланады. Бірінші сұрақ бойынша биліктің ұғымына, тұжырымдамаларына, пайда болуы мен дамуына тоқталу қажет болса, екінші сұрақта, билік құрылымын, билік институттарын, функциялары мен билік ресурстарын талқылайды. Биліктің ұйымдастырылуы мен өмір сүруінің принциптері. Биліктің легитимді типтері: дәстүрлі, харизматикалық және ұтымды-жариялы, патриархалды, азаматтық және белсенділік. Үшінші сұрақта, саяси билік, мемлекеттік билік және саясат ұғымдарының ара жігі айқындалады. Үшеуінің табиғаты, қоғамдағы орны мен атқаратын қызметтері талқыланады. Саясаттың деңгейлерін еске түсіру арқылы, төртінші деңгейге байланысты, студенттер өз пікірлерін ортаға сала алады. Қоғамдағы және оппозициядағы саяси бәсекелестіктің қажеттігі, билік және оппозиция, олардың Қазақстан Республикасындағы өзара әрекеті туралы сөз қозғауға болады. Мемлекеттік билікті саяси биліктің жоғарғы түрі ретінде анықтап, оның заңдылық және легитимдік қасиетіне баса назар аударылады.

4-семинар: Саяси режимдер (тәртіп)

1. Саяси режим (тәртіп) ұғымы, параметрлері.

2. Тоталитаризм ХХ ғасырға тән құбылыс ретінде.

3. Авторитаризм, кемшіліктері мен жақсы жақтары.

4. Қоғамның демократияға өту мәселесі.

Студент өткен тақырып бойынша саяси билік не деген сұраққа жауап бере алады. Енді сол саяси биліктің жүзеге асуы нәтижесінде пайда болатын құбылыс ретінде саяси режимді немесе тәртіпті бағалай алу қажеттілігі туындайды. Саяси билік, саяси режим, саяси жүйе және саяси үдеріс ұғымдарының бір бірімен қаншалықты байланысы барын және айырмашылығын ескеруді ұмытпаған жөн. Себебі, тоталитарлық, авторитарлық немесе демократиялық туралы сөз қозғағанда біз оны билікке де, режимге де, жүйеге де, үдеріске де қатысты қолдана береміз. Сондықтан белгілі бір мемлекеттің саясатына сараптама жасар кезде бұл ұғымдарды нақты ажырата білу маңызды екенін студент есте сақтауы қажет. Бірінші сұрақ бойынша ұғымның анықтамасы, қоғамдағы орны, мемлекеттің дамуына ықпалы айтылады. Саяси режимнің түрлері қарастырылады. Сол арқылы параметрлері айқындалып, студент белгілі бір қоғамда қандай саяси режим орнағанын бағалай алуы қажет. Екінші сұрақ бойынша тоталитаризмнің табиғатына, мемлекеттің дамуына байланысты орнына, түрлеріне (фашизм, национал социализм, коммунизм), белгілеріне, көсемдеріне (Муссолини, Гитлер, Сталин), идеяларына, құндылықтарына сараптама жасалынады. Егер тоталитаризмді тек ХХ ғасырға тән құбылыс десек, басқа диктаторлық тәртіптен айырмашылығы неде, қазір бұл режим ешқандай мемлекетте жоқ па, ол тарихта қандай із қалдырды деген сұрақтар бойынша студенттер пікір таластырады. Екінші сұрақта авторитаризм тоталитаризм мен демократия арасындағы өтпелі кезең ретінде қарастырылады. Авторитаризмнің үш түріне: қатаң, орташа, жеңіл сараптама жасалынады. Міндетті түрде авторитаризмнің жақсы және жаман жақтары анықталады. Авторитаризм кезінде билік формасы, саяси құндылықтар, халықтың саясатқа араласу деңгейі талқыланады. Қатаң тәртіп авторитаризмнің басты құндылығы. Үшінші сұрақ тоталитаризмнен неге бірден демократияға өтуге болмайтындығын анықтаумен басталады. Себебі, бұл сұрақта міндетті түрде қазақстандық қоғам туралы сөз қозғалады. Қазақстан тарихында тоталитаризмді басынан өткерген мемлекет ретінде қазір қалай демократияға өтіп келе жатыр, осы сұрақ қарастырылады. Қоғамдағы саяси идеялардың, құндылықтардың өзгеруі, халық санасына демократиялық принциптер мен құндылықтардың енуіндегі қиыншылықтар сөз болады.

5-семинар: Демократия теориясы: тарих және бүгін

1. Демократия – ең тиімді билік түрі. Оның мәні, сипаты, құндылықтары және негізгі теорияларының қалыптасуы

2. Демократия толқындары

3. Қазақстан қоғамының демократиялануы: жетістігі мен келешегі

Тақырып алдыңғы тақырыптың жалғасы десе де болады. Себебі студенттің бойында әлі де болса қоғамның, оның ішінде қазақстандық қоғамның демократиялану мәселесіне байланысты көптеген сұрақтар шоғырланған. Сол себепті демократия не деген сұрақтан бастаймыз. Бірінші сұрақта демократия мемлекеттік құрылыс формасы және саяси режим ретінде анықталуы тиіс. Демократияның тарихи формалары: антикалық, классикалық және қазіргі. Индивидуалистік, коллективистік және плюралистік демократия. Демократияның жалпылық принциптері мен институттары. Тіке және өкілетті демократия. Демократияның кемшіліктері мен құндылығы. Демократия сабақтары. Осы мәселелер қозғалады. Екінші сұрақ демократия режим де, мемлекет түрі де, ойлау формасы да, ұйымдардың әрекет ету мүмкіндігі де екенін ашу қажет. Демократия бір ғана мемлекеттің заңына бағынышты емес, ол әлемдік үдері. Оның үш толқыны. Қазақстандағы демократияландыруыдың негізгі кезеңдері және ерекшеліктері. Демократияның Қазақстандық моделін (үлгісін) қалыптастырудың проблемалары сараланады. Үшінші сұрақ толығымен студенттің еркіне берілуі тиіс. Ол не ұқты, қазақстандық демократия туралы не айта алады, ойын еркін жеткізу арқылы демократияның нақты көріністерін дәлелдеуге болады. Қазақстандағы демократия ұлттық мүддені қалыптастырудың бірден бір жолы.

6-семинар: Қазіргі кездегі саяси жүйелер

1. Саяси жүйелер түсінігі, құрылымы мен элементтері

2. Қазіргі заманғы саяси жүйелер, оларды салыстыру

3. Саяси тұрақтылық пен саяси тәуекелділіктің алдын алу

Бірінші сұрақ бойынша, саяси жүйе ұғымы қоғам мен биліктің өзара әрекеті ретінде анықталады. Д.Истон, Г.Алмонд пен К.Дойчтың саяси жүйе теориялары. Саяси жүйенің құрылымы. Институционалдық, нормативтік, коммуникативтік, мәдени, функционалдық жүйешелер. Әлеуметтену, бейімделу, реттеу, керісінше жауап қайтару және коммуникация функциялары. М.Вебердің, Г.Аптердің, Г.Алмондтың жүйені типтеу мен топтастыруының өлшемдері (критерийлері). Дәстүрлі және қазіргі саяси жүйелер (өкілетті, модернистік, постмодернистік). Саяси жүйе институттары: мемлекет, саяси партиялар, мүдделі топтар және үкіметті емес ұйымдар. Қазақстан Республикасы саяси жүйесін реформалаудың мәселелері және оның дамуының тенденциялары. Қазақстан Республикасы партиялық саяси және сайлау жүйелерін одан әрі дамыту проблемасы тәрізді сұрақтар бойынша талқылау жүргізіледі. Екінші сұрақта бірінші сұрақта қарастырған теориялар бойынша студент өз таңдауы бойынша екі мемлекеттің саяси жүйесін салыстырады. Ол кесте, схема немесе слайдтар тізбесі арқылы берілуі мүмкін. Үшінші сұрақта саяси тұрақтылықтың мәні, түрлері, тәсілдері және саяси тұрақсыздық немесе тәуекелге бару, оның түрлері қарастырылады. Саяси тәуекелділіктің параметрлері бойынша қазақстандық саяси жүйеге баға беруге болады. Бұл студентті өз бетімен саясатқа объективті түрде баға бере алу дағдысын қалыптастырады.

7-семинар: Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты ретінде

1. Мемлекет: ұғым тарихы және оны зерттеу әдістері, белгілері мен түрлері

2. «Билікті бөлудегі» заң шығарушы, атқарушы және сот жүйелері

Семинар сабағында студенттер бірінші мемлекет ұғымына, оның пайда болуына байланысты қалыптасқан тұжырымдамаларға тоқталады. Мемлекеттің негізгі белгілері: мемлекеттік билік, салық салу құқығы, территория, халық, тәуелсіздік. Тәуелсіздік және егемендік ұғымдарының өзара байланысы. Мемлекеттің түрлері қарастырылады. Басқару формасына байланысты монархиялық (абсолютті, конституциялық, дуалистік) және республикалық (президенттік, парламенттік, аралас), құрылымына байланысты (унитарлық, федерация, конфедерация), діни белгісіна байланысты (діни, зайырлы), саяси режимге байланысты (демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық), басымды қызметіне байланысты (құқықтық, әлеуметтік).

Мемлекет қоғамның саяси жүйесіндегі өзегі ретінде. Мемлекеттің шығуы және оның мәні. Мемлекеттің белгілері, оның функциялары мен және мақсаттары. Мемлекеттің типтері. Мемлекеттік жүйелердің типологиясы. Қазіргі мемлекет және оның ерекшелікті белгілері. Мемлекет – халықтың талап тілегін іске асыратын құрал. Қазақстан

Екінші сұрақ бойынша мемлекеттік билік туралы талқылау жүргізіледі. Мемлекеттік билік тармақтары: заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері. Қазақстандағы мемлекеттік билік құрылымы, жүзеге асу механизмдері

8-семинар: Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам

1. Құқықтық мемлекет: қалыптасуы, қазіргі жағдайы

2. Оның құндылықтары мен негізгі принциптері

3. Азаматтық қоғамның қызмет етуі және өзіндік дамуының шарты

4. Тұлғаның әлеуметтік, интеллектуалдық, психологиялық дамуының жоғарғы деңгейі

Азаматтық қоғам ұғымы. Азаматтық қоғам идеясының пайда болуы мен дамуы. Азаматтық қоғам ұғымының кең және тар мағынасы. Азаматтық қоғамның құрылымы. Азаматтық қоғам жағдайында жанұя мен мемлекеттің арасындағы әртүрлі қоғамдық бірлестіктер мемлекеттің үстемдігімен, билігімен емес, тек ғана азаматтардың өз еркімен, олардың сұраныстарына байланысты ұйымдастырылады. Бірақ мемлекеттік тұрғыдан ол ұйымдардың барлығы заңдастырылған болады, ал мемлекет олардың іс-қимылдарына үстемдік жасап араласпайды. Азаматтық қоғамның өте маңызды демократиялық белгісі – мемлекет азаматтардың бақылауынан тыс іс - әрекет жасай алмауы. Азаматтар мемлекет атқаратын міндеттерді өз еріктерімен мемлекетке тапсырады және оның орындалуына бақылау жасайды.

Құқықтық мемлекет ұғымы және оның ерекшелікті белгілері. “Әлеуметтік” мемлекет және оның эволюциясы. әлеуметтік мемлекеттің функциялары мен демократияның жаңа тұжырымдамалары. Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру проблемалары.

Құқықтық мемлекет адам бостандығы мен теңдігін тұлғаның туа біткен қасиеті деп жариялады. Адам еркін барынша қастерлеп, оның автономиялы екендігін танып, мемлекет меншігі деп қарамайды, қайта өзінің ажырамас бөлігі деп есептейді.

9-семинар: Саясаттағы дау-жанжал және дағдарыс

1. Жанжалдар мен дағдарыстар әлеуметтік құбылыс ретінде

2. Өтпелі қоғамдағы саяси мәмілелікке жетудің тетіктері мен жолдары

3. Ұлтаралық мәселелерді шешудің халықаралық тәжірибесін талдау

Саяси шиеленістер дамуы барысындағы негізгі кезеңдер. Әлеуметтік шиеленіс әлеуметтік прогресстің басты қозғаушы күштерінің бірі ретінде анықталып, барлық уақытта жұп түрінде өмір сүреді: шиеленіс – келісім, шиеленіс – тұрақтылық, шиеленіс – тәртіп, шиеленіс – тыныштық, шиеленіс – консенсус. Әртүрлі саяси пікірлер әлеуметтік жүйенің тоқырауының алдын алып, жаңалықтарға (реформаларға) жол ашады. Осы себептен консенсус (келісім) қоғамның қалыпты жағдайы, ал шиеленіс – уақытша жағдайы болып саналады. Тұтастай алғанда, әлеуметтік шиеленіс концепциясын жақтайтындар үшін шиеленістерді антагонистік емес қарама-қайшылықтар тұрғысында қарастырудың, оларды реттеу мүмкіндігі бар екеніне сенімді болудың маңызы өте жоғары.

Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының орны. Консенсус мәселелерін терең зерттеген ғалымдар. Саяси шиеленістер әлеуметтік дамудың басты қозғушы күштері деген қағиданы қалай түсінесіз? Конфликтология (шиеленістану) қай елдердің оқу орындарында пән ретінде жүргізіледі? Шиеленістану теориясының негізгі даму кезеңдері

10-семинар: Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар және олардың ҚР-дағы орны мен рөлі

1. Партия туралы түсінік. Партиялардың пайда болуы мен дамуы. Оның түрлері, қызметі мен жүйесі

2. Қазақстандағы саяси плюрализм. Қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың қалыптасуы

3. Сайлау жүйесі

Мүдделі топтар: ұғымы, функциялары, типологиясы. Қысымшы топтар. Қазақстандық лобизмнің ерекшеліктері.

Саяси партиялар ұғымы. Партиялар генезисі және партиялар жүйесі. Саяси партиялардың мақсаттары, міндеттері және функциялары. Саяси партиялар генезисінің кезеңдері: аристократиялық котериелер, саяси клубтар, бұқаралық партиялар. Партиялардың типологиясы. Партияларды типологиялаудың өлшемдері (критерийлері).

Партия жүйелері ұғымы. Партия жүйелерін жіктеу. Бірпартиялық, екіпартиялық, көппартиялық. Қазақстанда партия жүйелерінің ерекшеліктері мен даму тенденциялары. Қазақстан Республикасының саяси партиялардың қызметін заңымен реттеу.

Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар. Қазақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және рөлі.

Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың орны және рөлі.

Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар арасындағы өзара қарым- қатынас проблемалары.

Саяси технологиялар ұғымы. Саяси технологиялар саясаттанудың ажырамас бөлімі ретінде. Саяси процестегі технологияны анықтаудағы амалдардың дамуы. Саяси технологиялардың мәні, ерекшелікті белгілері. Саяси технологиялардың құрылымы.

Саяси технологиялардың қоғамдық- саяси өмірді танып білудегі маңызы. Саяси технологиялардың типтері.

Саяси технологияларды қалыптастыру және олардыі қазіргі дүние жүзінде рөлінің артуы.

Саяси талдаудың мәні және ерекшеліктері. Саяси талдау процесі және оның негізгі кезеңдері. Саяси талдаудың әдістері. Саяси ақылдасу. Ақылдасудың сатылары және тәсілдері. Саяси шешімдерді қабылдау. Мемлекеттік саясатты қалыптастыру технологиялары. Дағдарыстық технологиялар. Саяси жанжалдарды реттеудің технологиялары. Ақпаратты технологияларды қалыптастырудың факторлары. Шешім жасау мен қабылдауды ақпараттық технологиялары. Ақпаратты рыноктағы технологияның ерекшеліктері. Ақпаратты рыноктағы мемлекеттің стратегиялық тәртібі.

Үгіт- насихат типті ақпараттық технологиялар. Паблик технологиялар (PR).

Ақпараттық саяси рыноктағы компьютерлік технологиялар. Интернет мазмұны және технологиялары.

Сайлау жүйесі. Пропорционалды сайлау жүйесі. Мажоритарлық сайлау жүйесі. Аралас сайлау жүйесі, сайлау науқаның ақпараттық талдаумен қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы сайлау жүйесінің типін анықтау проблемасы. Сайлау науқанының стратегисы. Сайлау науқанының тактикасы.

11-семинар: Саяси элита және көсемділік

1. Элита түсінігі (Парето В., Моска Г., Михельс Р.). Саяси элита қызметі мен түрлері

2. Саяси көсемділік тұжырымдамасы, жіктелуі

3. Саяси көсемге имидж жасау

4. Қазіргі кездегі Қазақстандағы басқарушы элита

Саяси элита ұғымы. Элитаның классикалық теориялары. Саяси элиталар өмір сүруінің факторлары. Саяси элиталардың функциялары: стратегиялық, ұйымдық, интегративтік және т.б. Саяси элитаның жіктелуі. Қазіргі элита теориялары. Бюрократизм саяси феномен ретінде.

Элиталар мен көшбасшылар саясат субъектілері ретінде. Саяси элитаны қалыптастыру тәсілдері. Саяси көшбасшылықтың теориялары: белгі теориясы, жағдайлық тұжырымдама, психолгиялық тұжырымдамалар, интегративтік амал.

Саяси көшбасшылықтың типологиясы. Саяси көшбасшылықтың түрлері.

Қазіргі Қазақстандағы саяси көшбасшылық институты және саяси элита.

Қазақстан Республикасының президенттік институты мемлекеттік басқарудың тарихи қажетті формасы ретінде. Қазіргі Қазақстанның саяси көшбасшылары.

12-семинар: Саясат субъектілері: тұлға, әлеуметтік топтар, әлеуметтік бірлестіктер

1. Саясат субъектілері, олардың билік жүйесіндегі орны мен рөлі

2. Әлеуметтік-таптық дифференциация және қазіргі қоғамның әлеуметтік жіктелуі

3. Қазақстандағы жастар саясаты

Саясат ұғымы және оның пайда болуы. Қоғамның саяси саласының ерекшеліктері. Саясатты зерттеудегі теориялық амалдар және эмпирикалық парадигмалар.

Саясат элементтері: билік, субъектілер, саяси ұйымдар, саяси сана, саяси қатынастар және саяси мәдениет. Саясаттың негізгі түрлер: экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, аграрлық, мәдени, техникалық, әскери, ұллтық, халықаралық және т.б. түрлері.

Саясаттың функциялары: басқару және реттеу, қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Саясаттағы мақсаттар мен құралдар. Саясат өнер ретінде.

Саясаттың, моральдық және құқықтық арақатынасы.

Саясат әлеуметтк күштер мен мүдделердің бәсекелестігі ретінде.

Ішкі және сыртқы саясат.

Этнос және ұлт. Ұлт этностың жоғары типі. “Ұлт” категориясын түсіндірудегі екі амал: этнолингвистикалық және мемлекеттік- құқықтық. Қоғамдағы ұлттық және этникалық қатынастар.

Ұлт мәселесі және оның құрылымы. Ұлт мәселесін шешудің принциптері. Ұлтаралық қарым- қатынас мәдениеті және оның азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді нығайтудағы рөлі.

Ұлттық мемлекеттік құрылыс формалары: унитарлық, федерация, конфедерация.

Ұлт саясаты мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлімі ретінде. Этносаралық келісімге жетудің Қазақстандық үлгісі (моделі). Қазақстан халықтары Ассамблеясы жүйелі қоғамдық-саяси институт ретінде. Қазақстан халқы этно-саяси қауымдастық ретінде.

Қазақстан көп конфессионалды қоғам ретінде. Конфессиялар диалогы және Қазақстан конфессия аралық келісім тәжірибесі.

13-семинар: Саяси мәдениет пен саяси әлеуметтену

1. Саяси мәдениетті зерттеудегі әр түрлі бағыттар мен әдістер (Парсонс Т., Истон Д., Алмонд Г., Верба С., Пай Л., Такер Р., Липсет С., Розенбаум В.)

2. Қазақстан Республикасындағы саяси мәдениет мәселелері

3. Саяси әлеуметтенуді түбегейлі зерттеудегі тұжырымдамалар мен олардың саяси тәжірибемен байланысы

Саяси сананың мәні. Саяси сана қалыптасытрудың жолдары. Саяси сананың формасының қалыптасуы: саяси теория, мемлекеттік- паритиялық және бұқаралық саяси сана. Саяси сананың құрылымы. Қоғамдық пікір.

Саясат және мәдениет. Саяси мәдениет ұғымы. Саяси мәдениет тұжырымдамасы. Саяси мәдениетті қалыптастырудың құрылымдық элементтері: саяси сана, саяси жүріс-тұрыс, саяси тәжірибе. Саяси субмәдениеттер: аймақтық, социоэкономикалық, этнолингвистикалық, діни, жас шамасы.

Саяси мәдениет функциялары: реттеушілік, ықпалдастық, танымдық, коммуникативтік, тәрбиелік және т.б.

Саяси мәдениеттің типологиясы. Саяси мәдениеттің үш типі: патриархалды, азаматтық, белсенділік. Саяси мәдениеттің авторитарлық және демократиялық типтері.

Саяси әлеуметтену ұғымы. Демократиялық саяси мәдениетті қалыптасытру. Қазіргі Қазақстан саяси мәдениетінің ерекшеліктері және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтену проблемалары. Еліміздегі жаңа, өзіндік саяси мәдениеттің қалыптасуы. Оны алға дамыту барысында дүниежүзілік саяси ғылымның ұсыныстарына сәйкес туындап отырған мәселелер: еліміздің Конституциясын, әр азаматтың саяси құқығын, бостандығы мен міндеттерін тану; қоғам мен мемлекетті басқару түрлері мен тәсілдері жөнінде хабардар болу; мемлекеттің, халықтың асыл мұратын білу; билік пен саясат жөнінде жалпы білім беру; әлеуметтік процестерді басқарудың негізінде жатқан саясаттың, ережелердің, принциптердің, идеялардың мәнін түсіну; құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам орнатуға ұмтылу.

14-семинар: Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар

1. Әлемдік саясат,сыртқы саясат, геосаясат ұғымдары

2. Қазақстан дипломатиясы, қалыптасуы және дамуы

3. Қазіргі кезде ХХІ ғ. халықаралық қатынастардың даму жағдайын болжау

Дүниежүзілік саясат ұғымы. Халықаралық қатынастар жүйесі. Саяси, экономикалық, идеологиялық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени және басқа да байланыстар мен халықаралық қатынастар субъектілерінің арасындағы қатынастардың жиынтығы ретінде. Халықаралық қатынастар субъектілері (мемлкет, халықаралық ұйымдар). Халықаралық қатынастардағы қажеттіліктеро мен мүдделер, нормалар және құндылықтар. Халықаралық қатынастардың типтері мен түрлері. Геосаясат.

Халықаралық институттар, олардың түрлері, мақсаттары және өмір сүру ерекшеліктері. Халықаралық қатынастардың себептері, олардың түрлері, салдарлары, алдын- алу және шешу тәсілдері.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты, оның көпбағыттылық сипаты.

Қазіргі заманның жаһандық проблемалары ұғымы және типтері: ядролық соғысты болдырмау және жаппай қырып-жоятын ядролық қаруды қолданбау мен қысқарту, экологиялық, демографиялық және азық- түлік проблемалары. Лаңкестік және экстримизм проблемалары, есірткіні өндіру және тарату (есірткі бизнесі және есірткі трафигі), дамушы елдердің артта қалуы мәселелері. Жаһандық проблемаларды шешудегі халықаралық ынтымақтастық. Адамзаттың XXI ғасырдағы әлеуметтік- саяси дамуына болжам жасау. Жаһандық проблемалар, халықаралық ұйымдар.

Қазіргі заманның жаһандық проблемалары жүйесіндегі Қазақстан.

15-семинар: Саяси үрдіс және саяси модернизация

1. Саяси үрдіс, Саяси іс-әрекет, саяси шешімдер

2. Модернизация теориясы

3. Қазақстандағы демократиялық модернизация

4. Қазақстан – 2030

Саяси процесс ұғымы, оның мәні және негізгі сипаттамасы. Саяси процестің құрылымы. Саяси процестің өмір сүруінің режимі. Саяси процесс сатылары (фазалары).

Саяси процестің типологиясы. Сыртқы және ішкі саяси процестер. Ашық және жасырын саяси процестер.

Саяси процесс субъектілер қызметінің жиынтығы ретінде. Саяси әрекеттер сипаттамасы. Саяси әрекеттердің түрлері. Саяси жүріс- тұрыс және оның формалары. Әлеуметтік топтардың жүріс- тұрысындағы стихиялық пен ұйымшылдықтың арақатынасы. Саяси шешім: дайындау, жете зерттеу және жүзеге асыру. Саяси бағытты анықтау мен іске асырудағы саяси институттар рөлі.

Қазақстан Республикасындағы саяси процестер.

Егемен Қазақстанның саяси нақтылық ретіндегі қалыптасуы мен дамуы. Қазақстан Республикасы – зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет және халықаралық қатынастың субъектісі ретінде.

Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдері:проблемалар және қиындықтар. Қазақстан қоғамының қазіргі кезеңдегі даму тенденциясы тұрғысынан саяси жаңарудың ерекшеліктері.

Ұлттық идеяны және мемлекеттік идеологияны жасаудың проблемалары.

Қазақстан Республикасында плюралистік демократияны қалыптастыру жолдары. Посттоталитарлық қоғамның саяси даму тәжірибесінің халықаралық маңызы.

Саяси болжамдау ұғымы, мәні мен ерекшеліктері. Саяси болжам аясы және негізгі принциптері. Саяси болжамдаудың мақсаты, объективті негіздері және міндеттері. Болжамдаудың кезеңдері және типтері. Ғылыми болжамның әдістері және құралдары. Саяси болжамдаудың негізгі әдістері және олардың өлшемдері (критерийлері).

Саяси болжамның функционалдық міндеттері. Негізгі функциялары: нормативтік, шамамен алу, алдын ала істеу (сақтық). Қазіргі Қазақстанда саяси болжамдаудың жайы және проблемалары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]