- •Мазмұны
- •Силлабус
- •1. Оқытушы туралы мағлұмат:
- •2. Пән туралы мағлұмат:
- •5. Курстың қысқаша сипаттамасы:
- •7. Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •8. Әдебиеттер тізімі
- •9. Курс саясаты
- •10. Білімді бағалау жөнінде ақпарат
- •Бағалау саясаты келесі кестеде толық көрсетілген
- •Студенттердің білімін бағалау шкаласы
- •Саяси ғылымның дамуына үлес қосқан ойшылдар туралы қысқаша мәлімет
- •Саясаттану ғылым ретінде
- •Өркениет тарихындағы саяси ойдың даму кезеңдері
- •3.Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі саяси билік
- •4.Билік және саяси режимдер
- •5.Демократия теориясы: тарихы және бүгіні
- •6.Қазіргі кездегі саяси жүйелер
- •7.Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты ретінде
- •8.Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам
- •9.Саясаттағы дау-жанжал және дағдарыс
- •10.Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар және олардың қр-дағы орны мен рөлі
- •11.Саяси элита және көсемділік
- •12.Саясат субъектілері: тұлға, әлеуметтік топтар, әлеуметтік қауым
- •13.Саяси мәдениет және саяси әлеуметтену
- •14.Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар
- •15.Саяси үрдіс. Модернизация
- •Саясаттану пәнінен семинар сабақтарын арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Өзіндік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Пікір-таласқа арналған тақырыптар мен сұрақтар
- •Тақырыптық презентациялар, жобалар
- •6. Заңдық құжаттармен немесе көркем әдебиеттермен жұмыс
- •Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысына қосымша сұрақтар мен тапсырмалар
- •Саясаттану пәнінің оқу-әдістемелік қамтылу картасы
6.Қазіргі кездегі саяси жүйелер
Ж о с п а р ы:
Саяси жүйе ұғымы, құрылымы және түрлері
Саяси жүйенің дамуы, саяси тұрақтылық және тұрақсыздық
Саяси жүйе ұғымы, құрылымы және түрлері
Саяси жүйе дегеніміз қоғамдағы адамдардың саяси іс-әрекеттерін анықтайтын, бағыттайтын және бақылайтын институттар мен ұйымдар, нормалар мен принциптер жиынтығы.
Саяси жүйе төмендегідей құрылымнан тұрады:
Институционалды, мұнда мемлекет, саяси партиялар мен ұйымдар кіреді;
Нормативті құрылым, бұған заңдар, жазылған немесе жазылмаған нормалар мен принциптер жатады;
Мәдени құрылым, саясаттың ішкі эмоционалды жақтарын қарасырады
Коммуникативті құрылым қоғамдағы саяси билік қатынастарын қамтиды;
Функционалды құрылымға әр түрлі саяси рөлдер мен қызметтер жатады.
Саяси жүйенің жұмыс жасап, дамуы оның «кірісі» мен «шығысына» байланысты. Кіріске жататындар: талап тілектер, мүдде, мұқтаждықтар, қолдаулар немесе кеілпеушіліктер. Осы кіріске жауап ретінде саяси жүйе жұмыс жасайды. Ол шығыс деп аталады. Оған жататындар: заңдар, шешімдер, бұйрықтар, реформалар және тағы жа басқалары. Саяси жүйенің басқа қоғамның жүйелерден айырмашылығы, онда күш көрсету құқы бар.
Батыс саясаттанушыларының арасында саяси жүйені келесі түрлерге жіктейді: ағылшын-америкалық, құрылықтық-еуропалық, индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған, тоталитарлық.
Саяси жүйенің ағылшын-америкалық түрі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлылығымен, біртектілігімен сипатталады. Бұл елдерде мемлекеттің алдына қойған саяси мақсат-мұратын және оған жетудің жолдары мен әдіс-тәсілдерін халықтың бәрі қолдайды. Ол мәдениет еркіндік, тиімді есепқорлық, пысықтық, ұқыптылық, сяаси либерализмге негізделген.
Құрылықтық-еуропалық саяси жүйенің ұсынатын құндылықтары әр түрлі келеді. Онда ескі мәдениеттің жұрнақтары мен жаңа мәдениет астарласып жатады.
Индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған саяси жүйеде батыстың құндылықтары, этникалық салт-дәстүрлер, діни әдет-ғұрыптар шоғарланған. Мемлекет биліктері анық бөлінбеген.
Тоталитарлық жүйеде саяси мәдениеттің таптық сипаты бар. Сырттай қарағанда ол біртектес сияқты. Оның құндылықтарын қоғамның барлық мүшелері қолдай бермейді. Бірақ ол мойындауды еріксіз жасайды. Билеуші партия саяси жүйенің барлық элементтерінің іс-әрекетіне бақылау жасайды.
Саяси жүйенің дамуы, саяси тұрақтылық және тұрақсыздық
Саяси тұрақтылық дегеніміз – қоғамның саяси жүйесінің қоғамдық өзгерістерге уақытында жауап беріп, шиеленістерді дер кезінде шеше алу жағдайын айтамыз.
Саяси тұрақтылықтың үш түрі бар: абсолютті, статикалық, динамикалық.
Абсолютті тұрақтылық тек теориялық тұрғыдан зерттелген жағдай. Статикалық тұрақтылық дегеніміз мемлекеттің тарапынан орнатылатын тұрақтылықты айтамыз. Ал динамикалық тұрақтылық дегеніміз халық тарапынан да, мемлекеттік билік тарапынан да сол тұрақтылықты орнатуға деген мүдде мен белсенділікті айтамыз.
Саяси тұрақтылықты орнатудың екі жолы бар. Олар: дамыған демократия арқылы орнату және диктатура арқылы. Екі жолдың қайсы жағымды, қайсы жағымсыз екені қазіргі таңдағы ең даулы мәселелердің бірі болып табылады.
Саяси тұрақсыздық дегеніміз – қоғамның саяси жүйесінің сыртқы және ішкі саяси шешімдерге байланысты тәуекелділікке баруы. Саяси тұрақсыздықтың екі түрі болады: экстрозаңды және өкіметтік. Экстрозаңды тұрақсыздыққа жататындар: терроризм, соғыс т.б. Ал өкіметтік тұрақсыздыққа жататындар: мемлекеттің ішкі саясатына байланысты қабылданған шешімдерге байланысты, мысалы: сайлау, реформа, заң, болатын өзгерістер.
Кез келген саяси тұрақсыздықты алдын ала байқап білуге болдады. Оның негізгі белгілері:
Қоғамның құндылықтарын үлестірудегі әлеуметтік теңсіздік деңгейі;
Этносаралық және діни шиеленістер деңгейі;
Конституциялық құқықтың бұзылу деңгейі;
Солшыл радикалды идеялар деңгейі;
Саяси плюрализм деңгейі.
