Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диссерт козейбай г (1).rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
22.76 Mб
Скачать

Дүниетану, 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Суды қорғау.

Сабақтың мазмұны: Судың табиғаттағы және адам өміріндегі

маңызы туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

  1. Оқушылардың тірі және өлі табиғаттың бірлігі туралы дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру.

  2. Өз ойын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге дағдыландыру.

  3. Табиғатты қорғап, тазалық сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері: Әңгімелесу, түсіндіру, тест сұрақтары, топтастыру, венн диаграммасы.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, тест тапсырмалары, техникалық құрал, бағалау текшелері, Венн диаграммасы.

Сабақтың типі: Жаңа материалды игеру.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу

Сабақтың барысы: І. Сабақтың басталуын ұйымдастыру.

ІІ. Жаңа материалды игеру.

1. – Жер бетіндегі ең көп тараған зат – су. Судың көп бөлігі жер астына шоғырланған. Табиғаттағы тамаша туындылардың ең қарапайымы да, ең күрделісі де су екендігі мәлім. Тіршіліктің өзі де судан пайда болып, суда дамиды. Су мен тіршілік бірігіп, жер бетіндегі алуан заттар тудырады. Бұған нені дәлел етіп айтуға болады?

- Бидай дәнін жапыраққа қойып, жылдар бойы күтсе, өспес еді. Ал оған су құйсақ, оған жан бітіп өсе бастайды.

2. – Сонымен, суға қатысты нені білдіңдер?

- Сулы жер – нулы жер.

- Тазалық, пәктіктің белгісі.

- Энергия көзі. Су электр станциялары бар.

- Тіршілік беруші күш.

3. – Судың қандай қажеттілігі бар?

  1. Суды ішеміз.

  2. Сумен өсімдіктерді суарамыз.

  3. Сусыз ас әзірленбейді.

  4. Сусыз кір тазаланбайды.

  5. Сусыз үй тазармайды.

4. Оқулықпен жұмыс:

а) мәтінді оқушылар тізбектей оқиды.

ә) төмендегідей сұрақтарға жауап береді:

  • Табиғаттағы судың ластануы дегенді қалай түсіндіресіңдер?

  • Суға қандай зиянды қалдықтар түседі?

  • Олар ағзаларға қалай әсер етеді?

  • Арал қасіреті дегенді қалай түсінесіңдер?

5. Оқушыларды 4 топқа бөліп, жарыс ұйымдастырылады.

(1-топ «айсберг», 2-топ «Балқаш», 3-топ «Арал», 4-топ «Жем-Сағыз»)

1. Сұрақтарға жауап беру.

2. Шығармашылық тапсырма.

3. Тест сұрақтары.

Сұрақтарға жауап беру.

1-тапсырма.

1-топ «Айсберг» тобына:

а) Су қандай зат?

ә) жер асты суы қалай пайда болады?

б) Артезиан құдығының кәдімгі құдықтан айырмашылығы неде?

2-топ «Балқаш» тобына:

а) Судың түсі қандай?

ә) Өзен қандай бөліктерден тұрады?

б) Тұзды көл қалай пайда болады?

3-топ «Арал» тобына:

а) Судың пішіні бар ма?

ә) Жер бетінде су қалай таралған?

б) Судың тіршілік үшін қандай маңызы бар?

4-топ «Жем-Сағыз» тобына:

а) Суда еритін заттарды ата.

ә) Су қоймалары неге ластанады?

б) Суды қорғау үшін адамдар қандай әрекеттер жасауы керек?

2-тапсырма. шығармашылық тапсырма.

1-топ «Айсберг» тобына:

- Отқа жанбайды,

Суға батпайды (Мұз)

- Судың қай күйі деп ойлайсың? (Қатты).

- Мақалды жалғастыр. Мағынасын түсіндір.

Сулы жер - .... (нулы жер).

- Судың қандай пайдасы бар? (Шөлдетпейді, сусыз тамақ жоқ, сусыз құрылыс салынбайды).

2-топ «Балқаш» тобына:

- Судан шашақ шашылар,

Су тоқтаса басылар (фонтан)

- мақалды жалғастыр. Мағынасын түсіндір.

Бұлақ көрсең, ... (көзін аш).

- Судың зияны қандай? (су апаты, сел, тасқын, ауру туғызады, батырады, ағызады, тасиды)

3-топ «Арал» тобына:

- Суға байланысты тыйым сөздерді білесің бе?

- Мақалды жалғастыр. Мағынасын түсіндір.

Судың да ... (сұрауы бар).

- Лас, қайнамаған судан қандай аурулар пайда болады? (ішек құрты аурулары, сары ауру).

4-топ «Жем-Сағыз» тобына:

- Төрт мұхитты ата.

- мақалды жалғастыр. Мағынасын түсіндір.

Құлан қырға, ... (құндыз суға).

  • Адамгершілікке арналған үш сауап бар. Соны ата.

  • (Шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған, жолға ағаш еккен).

6. Тест сұрақтары:

1. Су қандай зат?

а) қатты

ә) сұйық

б) жұмсақ

2. Судың түсі қандай?

а) ақ

ә) мөлдір

б) түссіз

3. Суда еритін заттар бар ма?

а) құм

ә) саз

б) қант

4. Судың пішіні бар ма?

а) дөңгелек

ә) төртбұрыш

б) жоқ

7. Сабақты қорытындылау. Сабақ Венн диаграммасы арқылы қорытындыланды.

С удың пайдасы Судың зияны

IV. Оқушыларға теледидардан Арал теңізінің көрінісі көрсетіледі.

V. Сабақ соңында оқушылар еңбегін бағалаймын.