- •1 Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын интеграциялық байланыс негізінде қалыптастырудың теориялық негіздері
- •1.1 Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мәселелерінің теориялық зерттелуі
- •1.2 Интеграциялық байланыс негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың мәні
- •1.3 Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудағы интеграциялық байланыстың орны және дүниетану пәнінің мүмкіндіктері
- •2 Оқушылардың дүниетанымын интерграциялық байланыс негізінде қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік эксперимент
- •2.1 Интеграциялық байланыс негізінде оқушылардың дүниетанымының қалыптасу деңгейінің диагностикасы
- •2.2 Интеграциялық байланыс негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру әдістемесі
- •Сауалнама нәтижесінде төмендегідей қорытынды жасалды:
- •Диагностикалық эксперименттің әдістеме бойынша нәтижелері
- •1 Кесте
- •Оқыту процесінде оқушылардың дүниетанымын интеграциялық байланыс негізінде қалыптастырудың жолдары
- •Дүниетану, 4-сынып
- •Дүниетану, 4-сынып
- •Дүниетану, 4-сынып
- •4) Экологиялық ұғым берудегі бейнелеу өнері арасындағы байланыстар:
- •5) Экологиялық ұғым берудегі музыка пәнаралық байланысы:
- •6) Экологиялық ұғым берудегі еңбек сабағымен пәнаралық байланысы:
- •7) Экологиялық ұғым берудегі денешынықтыру пәнаралық байланысы:
- •2.3 Интегациялау арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру экспериментінің нәтижелілігі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •1. «Қорғалжын тобы»
- •2. «Марқакөл» тобы
- •3. «Барсакелмес» тобы
- •4. «Наурызым» тобы
1.2 Интеграциялық байланыс негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың мәні
Табиғаттың бейнелену заңдылықтарынан тыс баланың жеке дамуында өздігінен жүзеге асырылады деп айтуға болмайды. Адамзат тәжірибесінде тіркелген ғылыми білімдерді, оны талдауды оқушыға әдейі үйретпейінше меңгере алмайды. Адам табиғат объектілері және құбылыстарымен жеке қатынаста, табиғат байлықтарын пайдалануға байланысты еңбек әрекеті процесінде де бір нәрселерді таниды. Бірақ бұл жол өте баяу жүреді және адамзаттың қазіргі өркениетін қанағаттандыра алмайды.
Қоршаған дүние заңдылықтарын танудың екінші жолы – адамды жеке дамыту және ол арнайы ұйымдастырылған оқыту процесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда оқушыларды оқыту процесіндегі мақсат пен құралдың ара қатынасы өзгереді: оқыту процесінде – мақсат болып табылатын модельдер, яғни оқу материалы, ал түпнұсқа оқушылар үшін мақсатқа жетудің құралы.
Оқыту процесінде дамыту процесі қазірге дейін көкейкесті болып есептеледі және оған көптеген зерттеулер арналған: бастауыш мектепте-ақ теориялық білімдерді қалыптастыру арқылы баланы дамытуды негіздеу (Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, А.З.Зак т.б.), теорияларды түсіндіру функциясын күшейту, оқу пәндерінің мазмұнына әдіснамалық білімдерді ендіру (Л.Я.Зорина, А.В.Усова т.б.), оқытудағы эмпирикалық және теориялық танымның бірлігінде, индукция мен дедукция ара қатынасында алу қажеттігі (М.Н.Скаткин т.б.).
Психология мен педагогикада жаратылыстану табиғат пен адам туралы білімнің біртұтас аймағы ретінде алынуда (Л.В.Кузнецов, В.С.Леднев, И.Д.Зверев т.б.).
Барлық оқу пәндері, барынша күрделі жүйені көрсетеді, оның маңызды элементі болып табылатын – ұғым. Олар бір-бірімен байланысқан, ұғымдық құрылымды, оқу пәнінің негізін жасайды [26; 32]. Оның пікірі бойынша, оқу пәнінің ұғымдық жүйесі әртүрлі күрделіліктегі өзара байланысты ұғымдар жүйесін: ұғым-элемент, ұғым-комплекстер, және іргелік ұғымдар. Іргелік ғылымдар, жетіле және дами отырып орталық ұғымдар ретінде теориялардан өтеді және осы ұғмның мазмұны ақиқат шындық моделінің құрылымын анықтайды.
А.В.Усова, ұғымдардың ғылыми білімдер жүйесіндегі ролі мен орнын қарастыра отырып, «ғылыми теориялар – бұл ғылыми ұғымдар жүйесінің дамуы. Олар жаңадан ашылған ғылыми фактілерді талдау нәтижесінде жасалады» [29, 57].
Ал, кейбір зерттеушілер ғылыми ұғымдарды қалыптастырудың тиімділігі саласында келесі ережелерді: «Оқу пәндері оқушылар алдында динамикалық жүйе, тұтастық логикалық, объективті өмір сүретін құбылыстар мен заңдылықтарды өзара байланыста және тұтастықта беруі керек» деп ұсынады [24]. Оның пікірі бойынша, оқу курстарын жүйелеу және қорыту негізінде құру ғылыми білімдер құрылымын үнемі анықтап отырады (ғылыми фактілер, заңдар, теориялар) және оқу пәнін (жалпы курстағы әрбір бөлімнің орны мен мәні, олардың арасындағы байланыс), сол сияқты әрбір бөлімнің және бүкіл курсты қортындылаушы тақырыптармен аяқтау. Жүйелеу және қорыту көптеген фактілер, жекелеген заңдылықтарды қарастыруда олардың бөлінуі» деп көрсетеді [24, 21].
Психологтар Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Элькониндердің зерттеулері көрсеткендей, оқушылар санасы білімді неғұрлым көбірек қамту, олардың тығыздығы неғұрлым сыйымдылықтағы ұғымдарды жасау бағытында дамитындығы анықталған. Дамыған ақыл-ой теориялық ойлауға бейім өз мазмұнында біртұтас жүйе құратын объективті өзара байланысты құбылыстар аймағын құрайды. Онсыз және одан тыс бұл құбылыстар тек эмперикалық тұрғыдан қарастырылатын объект ғана болып саналады. Теориялық ойлау теориялық ұғымдарды қалыптастырады, оның мазмұнын жалпылық пен даралық, тұтастық пен жекеліктің бірлігі құрайды. Егер дүниетанымдық ғылыми ұғымдар жөнінде сөз болса, онда олардың арасындағы жалпыға ортақ байланысты орнату құралы, олардың бірлігін анықтау негізі. Табиғаттың іргелі барынша аз жалпы заңдары бола алады. Мұндай байланыстарды орнықтырудағы ойлау әрекеті жаратылыс-ғылыми дүниетаным болып табылады. Бұндай процестің негізі заңдылықтары табиғат жөніндегі білімдердің бірлігі және сонымен бір мезгілдегі олардың тығыздалуы, қортытындысы.
Әрбір пән заңдары мен олардың жүйесі үшін ерекше пайда болған түсініктер мазмұндық бірігіп,дүниетанымын кеңейте түседі. Барынша терең білімдер табиғаттың іргелі заңдылықтары негізінде арнайы заңдар мен заңдылықтарды біріктіруде және олар арқылы табиғат жөніндегі білімдер жүйесін жасауда пайда болады.
Бастапқы ғылыми-дүниетанымды меңгеру процесі өзіндік мақсат ретінде емес, бастауыш сынып оқушыларының теориялық және образдық ойлауын дамыту көзқарасы тұрғысынан қарастыру қажеттігі туындап отыр.
Дүниетанымды қалыптастыру процесі біржақты емес, сондықтан психологиялық-педагогикалық зерттеулерде оны меңгерудің әртүрлі деңгейлері анықтау үшін негіз ретінде білімнің мынадай сапалары: толықтығы, ғылымилығы, саналығы, жүйелігі және т.б.
Шынайы ақиқатты тану үрдісінде дүниетаным шешуші роль атқарады. Өйткені, ол – материалдық дүние мен оның заңдылықтарын бейнелейді.
Дүниетаным- философия, таным теориясы, логика, лингвистика, психология және педагогика ғылымдарының әрқайсысы өз ерекшелігіне сай түрлі қырларынан қарастырады.
Дүниетанымның қалыптасуы туралы көзқарасқа біршама тарихи даму сипатын берген Ф.Гегель болды (1770-1831). Оның ойынша ойлау жеке адамның басында ғана болатын процесс емес, ол әлемдік күш, табиғат та, адам қоғамы да соның туындысы. Логикалық формалар абсолюттік Идеяның, Рухтың дамуының белгілі сатысы. Рух дамуының белгілі кезеңінде адамның дүниетанымына айналады. Дүниетаным - өзінен тыс бір нәрсені бейнелеу емес, Рухтың өзін-өзі тануының бір жолы. Ал тану өзін өзі жасаумен барабар.
Дүниетаным- адам болсын, қандай басқа бір зат болсын, бүкіл әлем болсын, оның дүниеде болу жолын, болу тәсілін көрсетеді. Құбылыстың ішкі өзіндік абиғаты оның өзін-өзі қалай жасайтатында, өзін қалай сақтауында, үнемі бүкіл болмысын қалай жаңғыртып отыруында. Ал бұл қандай маңызды болса да, жеке белгі емес, себебі жеке белгі немесе белгілер нерсенің тұтас табиғатын қамти алмайды. Бұл оның ішкі заңдылығы. Сондықтан заттың ішкі заңын бейнелеу үшін де адам ой жүзінде болсын, іс жүзінде болсын затты, өз заңдылығымен қайта жасап шығуы тиіс. Әр нәрсені біз оның өз заңдылығымен ой жүзінде жасай алсақ ол дүниені тануымыз. Бұл жәй білуден басқа нәрсе, әсіресе заттармен, олардың қасиеттерімен жәй таныс болудан тіпті бөлек. Мысалы, машина жөнінде толық мағынада ұғым сол машинаны жасаған, соның идеясын, схемасын физикалық т.б. заңдардың негізінде ұсынған және соны түсінген, білетін адамдарда бар, ал сол машинаны жүргізуді ғана білетін адамда шын мәнінде толық ұғым жоқ. Әсіресе, сол машинаның барлық тетіктерін жеке-жеке білгеніміз бізге ұғым бермейді. Олардың бәрі ұғымның қалыптасуының алғышарттары ғана.
Дүниетанымның қалыптасу жолын әртүрлі түсінуден оның мазмұны мен ауқымын әртүрлі байыптау шығады. Дж.Локк негізінен эмпирикалық логикадан дүниетанымның мазмұны мен ауқымының кері қатынасы туралы заң шығады. Ұғымның мазмұнына мұнда танылатын объектінің белгілері мен қасиеттерін жатқызады, ал ауқымына осы ұғымның қамтитын заттарының бәрі кіреді. Дүниетанымның мазмұнына ең жалпы белгілер кіретін болғандықтан, оның қамтитын заттарының шеңбері кеңіген сайын, оның мазмұнына кіретін ортақ белгілер де азая түседі және керісінше: ұғымның қамтитын заттары азайған сайын оған кіретін ортақ белгілер де көбейе түседі. Яғни ең жоғарғы абстракциялар мазмұны жағынан ең кедей түсініктер. Жалпылықтың дәрежесі көтерілген сайын оның мазмұны да сүреңдене бермек. Ал дүниетаным жалпы белгілерге емес, заттың өзіндік болу тәсілін не жолын көрсетуге және ой жүзінде жасауға құралады дейтін көзқарас бойынша оның мазмұны мен ауқымының қарама-қарсылығы жоғалады, себебі жалпылық мұнда нәрсенің ортақ белгілерін ғана емес, барлық белгілері мен қасиеттерін қамтиды. Оның барлық қасиеттері де әлемде болу жолының әртүрлі көріністері болып тұрады, сол арқылы олардың бәрінің де орны, атқаратын қызметі анықталып, түсіндіріледі. Олардың әрқайсысынсыз тұтастықтың бірлігі жоғалады. Бұл тұрғыдан жалпылықтың деңгейі жоғарылаған сайын оның мазмұны байиды әрі тереңдейді. Ұғымның мазмұны мен ауқымы шын мәнінде бір нәрсе болып шығады. Оның тағы бір негізгі себебі ұғымды осылай түсіну оны тұрақты өзгермейтін белгілердің жиынтығы емес, өзін үнемі қайта тудырып, бір қалпын үнемі қайталап отыратын процесті көрсетеді.
«Ойлаудың жоғары дәрежесі, зерттелетін объектінің елеулі белгілері мен қасиеттері туралы пікірдің түйіні болып табылатын мәннің тұтас бірлестігі - дүниені тану қалпында қабылданады», - деп көрсетеді Н.И.Кондаков.
«Ұғым – дүниедегі құбылыстар мен процестердің мәні танылып, олардың елеулі жақтары мен белгілері қорытындыланатын ойлау үрдісіндегі бейнелеудің бір формасы». Елеулі деп қарастырылатын ұғымдардың белгілері, заттар мен құбылыстар мәнін бейнелеп, осы топқа жататын объектілер белгілерін ажытару қызметін атқарады.
Дүниетаным төменгі сатыдан жоғары сатыға көтерілу барысында жетіліп, ескі ұғымдарды ұштап, жаңа ұғымдарды қалыптастыратын тарихи дамыған таным жемісі болып табылады.
Ғылыми ұғымдар, ақиқат бейнесі бола отырып, заттар мен құбылыстар қорытындысы ретінде «икемделгіш және қозғалғыш келеді. Гносеологиялық категория ретінде дүниетаным жалпы және жеке, нақты және абстрактілі қарама-қайшы жағдайлар бірлестігі болып табылады.
Дүниетаным, айнала қоршаған дүниенің түрлі жақтарын, заңдылықтарын, байланыстарын тану үрдісінде пайда болады. Сонымен қатар, ұғымдарға, идеялардың таным объектілеріне кері әсер етуінен, шынайы ақиқатты зерделеу формаларының өзін жетілдіруден көрінетін дербестік тән.
Формалды-логикалық тұрғыда ұғымдар проблемасы оның мағнасына, жасалу жолына, ұғымдар мазмұнын ашу тәсіліне, таным құралы ретіндегі ұғымдар мәніне қарай қарастырылады.
Таным құралына роліне мінездеме бере отырып, Д.П.Горский, оның төмендегідей белгілерін ерекшелейді:
дүниетаным біздің біліміміздің шоғыры;
олар дара заттар мен құбылыстар жиынтығын бағдарлау құралы болып табылады;
дүниетаным, таным қозғалысын қамтамасыз етудің қажетті жағдайы;
олар ойлау процесін реттейтін өте маңызды құрал;
ғылыми ұғымдар, субъектінің еркі мен ықыласына бағынбайтын объективті білімнен тұрады.
Психологтар дүниетаным түрлі түсініктемелерін береді. Мысалы,
Н.А.Менчинская, былай жазады: «Дүниетаным» сөзімен біздер, заттар мен құбылыстардың қасиеттерін бейнелейтін қорытынды білімді белгілейміз.
«Дүниетаным м - заттар мен құбылыстардың жалпы әрі елеулі
қасиеттерін бейнелейтін ойлау формасы», - деп көрсетеді В.А.Крутецкий.
А.Ф.Говоркова дүниетанымғаға таным процесінің формасы деп анықтама бере отырып, «елеулі деп бағаланатын ұғым белгілері, заттар мен құбылыстар мәнін белгілеп қана қоймай, түрлі сапа (класс) объектілерін айыру бірлігі ретінде де қызмет етуі қажет», - деп атап көрсетеді. Б.Г.Ананьев, ұғымдарға: «заттардың сапасын ерекшелейтін логикалық тәсіл», деп анықтама береді.
Педагогикада «дүниетаным» деп, заттар мен құбылыстардың елеулі объективті жақтарын бейнелейтін, арнайы терминдермен бекітілген немесе белгілермен бекітілген ғылыми білім формасын атайды. Сезімдік бейнелерден (түйсіну, қабылдау) ұғымдардың айырмашылығы олар барлық сапалық дәрежелерінің көпқырлылығымен ерекшеленетін дараланған нәрсе емес. Оны көпқырлылықтан оқшаулайтын оның ерекше белгілері, осы белгілердің арқасында дүниетаным орталықтандырылады және оның басқалардан негізгі айырмашылығы да осында.
Дүниетаным – материалдық дүниенің белгілі бір объектілері – адамгершілік, шығармашылық қатынастар турасындағы білімдердің дамуындағы бөлек белес нәтижесі. Білім жүйесінде қоршаған ортаның объектілер мен құбылыстары елеулі орын алады, өйткені олар шынайы ақиқатты тануды тірек сәті бола отырып, оны танудың өзіндік мәні бар түйіні болып та саналады.
Дүниетанымдағы бейнеленген заттар мен құбылыстар санына қарай, ерекшеленген бірыңғай кластар санына қарай, ұғымдардың өзара байланысы оның сипатының келесі логикалық категорияларын айқындайды: мазмұны, көлемі, басқа дүниетаныммен байланысы және қатынасы. Дүниетанының мазмұны болып, осы дүниетаным арқылы санамызда бейнеленетін заттар мен құбылыстар класының елеулі қасиеттерінің жиынтығы табылады. Мазмұнына қарай олар ғылымда қарапайым және күрделі болып екіге бөлінеді.
Дүниетанымның көлемі оны қамтитын немесе санамызда бейнеленетін объектілер санымен сипатталады. Осы тұрғыдан оларды жалқы және жалпы ұғымдар, категориялар деп бөлуге болады. Жалқы және жалпы түсініктер бөлінбейтін диалектикалық бірлестікте болады: жалпы ұғымдарды жалқы ұғымдарсыз түсіну мүмкін емес, ал жалқы дүниетаным да өздерін сәйкес жалпы ұғымдардан туындайды.
Сонымен, дүниетаным қандай болмасын адамның объективті ақиқатты тануы барысында және жеке дара таным барысында да үнемі дамып отырады. Оқыту барысында меңгерілетін әрбір дүниетанымның елеулі белгілерінің саны оны алғаш қалыптастыруға ғана емес, әрі қарай дамытуға және пайданануға да жеткілікті болуы тиіс. Егер дүниетанымның елеулі белгілері оптимальды көлемдегі фактілермен айғақталып, басқа дүниетаныммен өзара байланыста қарастырылатын болса, ол дәлелді әрі сенімді сипатта қабылданар еді.
Психология-педагогикалық әдебиеттерде дүниетаным көлемі, байланысы және оларды әр жастағы оқушылардың меңгеру дәрежесі туралы мәселе біржақты шешімін таппаған.
Дүниетанымды ғылыми және ғылыми емес «тұрмыстық» деп алғаш енгізген белгілі психолог Л.С.Выготский, бұл тұста меңгерілетін білім мазмұнын емес, оларды меңгеру ерекшелігін көздеген. Оның оларды «спонтанды», «тұрмыстық» деп атауының себебі, бұл білімдердің оларды қабылдауға бағытталып әдейі ұйымдастырылған процестен тыс қалыптасуы. Әйтсе де, Л.С.Выготский мынандай қорытындыға келеді: «егер, баланың спонтанды ұғымдарының талдауын аяғына дейін апарса, олар белгілі дәрежеде ғылыми ұғымдарға ұқсас болады».
Адамның психикалық іс-әрекетінің жүйелілігінің физиологиялық негізі болып ақиқат шындықтың жүйелілігін көрсететін ми жұмысының жүйелілігі болып табылады. (Н.И.Сеченов).
Танылатын объектілерді таңдап алынған принцип негізінде белгілі бір жүйеге келтіріп ұйымдастыру ойлау әрекетіне педагогикада «жүйелеу» деген анықтама беріледі. [Пед.энциклопедия – М.; Сов. энциклопедия: В 4 т. 1968-1988].
«Жүйе» түсінігі бөліктердің бірыңғай біртұтас қосылуы, олардың белгілі бір ретімен үйлесуі дегенді білдіреді. Жүйе дегеніміз оның элементтері мен бөліктерінің өзара байланысы мен олардың дамуы. Жүйедегі байланыстардың тек сыртқы және жасанды емес, олар табиғи, себепті байланыстар болып, осы байланыстар өмірдің өзімен-ақ айқындалуы тиіс деп Б.В.Половцев осыған көңіл бөлген. Жүйе – бұл тұрақты бірыңғайлық пен біртұтастықты құрайтын, интегративті қасиеттері мен заңдылықтарына ие көптеген өзара байланысқан элементтер (компоненттер). [Пидкасистый, 1996].
Оқытуды осындай анықтама арқылы бейнелей отырып, оқытудың біртұтас жүйе сынды көптеген өзара байланысқан элементтерден тұратынын байқауға болады. Олар: мақсат, оқу информациясы, оқытушы мен оқушының педагогикалық қатынас құралдары, олардың іс-әрекетінің түрлері және оқушылардың тәртібі мен оқу және басқа да іс-әрекет түрлерін педагогикалық басшылықты жүзеге асыру жолдары. Оқытудың мақсаты, оқытушының іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті және нәтиже оқыту үрдісінің жүйелік дүниетанымы болып табылады.
Осы үрдістің ауыспалы құрамдас бөліктері болып басқару жолдары белгіленеді. Оған оқу материалдарының мазмұны, оқытудың әдістемесі, оқытудың материалдық құралдары, оқытудың ұйымдастыру турлері жатқызылады. Оқыту құралдарының (ауыспалы компоненттері мен тұрақты мағыналы компоненттері ретінде) байланысуы мен өзара келісуі оқытудың мақсаты мен оның тупкі нәтижесіне тәуелді. Осы компоненттердің біртұтас қызмет істеуінің негізгі бастауы сабақ беру мен оқудың бірлескен пәндік әрекеті және өзара қарым-қатынас үрдісі болып табылады. Соның арқасында, яғни сабақ беру мен оқудың бірлескен әрекетіне – оның бірыңғайлылығын, көптігі мен әр сапалылығы, олардың өзара байланысы сол әрекетке реттілік пен ұйымдасқандық мән береді, онсыз бұл әрекет істеу қабілетінен жұрдай айырылады. \Пидкасистый, 1996\.
Б.Г. Ананьев оқытудың сабақтастығына көңіл бөлген. Сабақтастық, Ананьев бойынша, бұл оқушылардың оқыту үрдісінде алатын білім жүйесінің уақыт кезеңдеріндегі дамуы.
Білім элементтері өзара байланыста болады. Барлық ғылымдар ғылыми фактілермен, ұғымдармен, заңдармен, теориялармен қамтамасыз етілген яғни, солардың негізінде құрылған. Материяның құрылымдық түрлері дүниетанымы және сол түрлерге сәйкес қозғалыстар мен құбылыстар (физикалық, химиялық, биологиялық, қоғамдық) дүниетанымы, денелердің қасиеттері мен құбылыстарды сипаттайтын шамалар ұғымы (мысалы, механикадағы жылдамдық) барлық ғылымға ортақ болып саналады. Ғылыми білімнің құрылымдық элементтері мектеп пәндерінің мазмұнына енгізілген. Дүниетанымдық білімді меңгермей заңдылықтар мен теорияларды меңгеру мүмкін емес.
Бастауыш сынып оқушыларының ақиқат дүниені тануын қалыптастыру мәселесін зерттеуде Н.А.Менчинская, О.Г.Богданова, Э.И.Моносзон, Т.К.Мухина, Р.М.Рогова, М.Н.Скаткин, В.А.Сластенин еңбектері нәтижелі болып табылады. Олар бастауыш саты – оқушылардың қоршаған дүние туралы дүниетаным қалыптастырудың ең қолайлы мерзімі екенін атап көрсетеді. М.Н.Скаткин балаларда қоршаған орта туралы алғашқы түсінік мектепке дейінгі кезеңде қалыптасып, бастауыш мектепте қоғам, табиғат құбылыстары мен заңдылықтары туралы нақты білім қалыптастыруға болатынын тұжырымдайды.
Оқушылардың қоршаған дүние туралы ұғымдарын қалыптастыруда Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбардиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов еңбектерінің маңызы зор.
Қоршаған дүние, табиғат жөніндегі ғылыми білімдердің жүйесіне олардың дұниетанымының қалыптасуы негізделеді. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың маңызды алғы шарттарының бірі – нақты деректерге, яғни табиғатқа негізделген білім беру.
Ақиқат дүниені тану, қоршаған табиғатты түсінуге деген қажеттілікті тудырады. Түсіну адамның дүниеге барлық қатынасын: тұлғаның дүниені тануын, қарым-қатынас арқылы болмыстың жалпы заңдылықтарын меңгеруін қамтиды.
Адамның дүниені тануға деген ұмтылысы соған сәйкес оны қайта жаңғыртуды, ақиқат шындықтың бейнелеуін қалыптастырады.
Адамның ақиқатқа деген танымдық қатынасы оның дүниеге көзқарас жүйесін көрсетеді. Адамның ақиқат шындықты тануының нәтижесі білім болып табылады. Яғни адам ойы мен қоршаған дүниенің объектісі немесе құбылысы сәйкес келуі білімнің дұрыстығын дәлелдейді.
Табиғаттағы ақиқат шындықтың күрделі жүйелерін көрсететін, бір-бірімен күрделі байланыста болатын объектлер не құбылыстар болып табылады. Мұндай байланыстар объективтік немесе табиғат заңдылықтары деп аталады. Объективтік заңдар объектілер жиынтығына қатысты болады, олардың қызметі мен дамуы сипатын анықтайды.
Табиғат заңдылықтарының объективтілігі олардың ақиқат шындыққа жататындығымен, адамдар еркі мен санасынан тәуелсіздігімен ерекшеленеді.
Табиғаттың, қоғамның объективтік заңдылықтарын тану ғылымның міндетін анықтайды, адамдардың табиғат пен қоғамды өзгертуінің негізіне айналады. Қазіргі ғылымда заңдылықтардың негізгі үш тобын бөліп алады: арнаулы немес жеке, жалпы құбылыстың үлкен тобы үшін, әмбебап немесе жалпылама және табиғат заңдылықтарының кейбір белгілерін көрсететін: қажеттілік, жалпылық, салыстырмалы тұрақтылық заңдары. Қазіргі қоғамда табиғаттың негізгі заңдылықтарын білу, жаңалықтарын ашу, өмірлік маңызды қажеттілік болып табылады, өйткені ХХІ ғасырда адамзат алдында оның одан әрі өмір сүру проблемасы тұр.
Адамның қоршаған дүниеге (табиғатқа, өз-өзіне, қоғамға) қатысы әртүрлі, бірақ өзара тәуелді көзқарастармен байланыстырылады. Практикалық жағынан уақыт пен кеңістік тез өзгеретін құбылыстарға бейімделуден туындаған, ал абстрактылық теориялық – ақиқат шындықтың заңдарын, заңдылықтарын тануды көздейді.
Қоршаған дүниенің күрделі құрылымы объективтік заңдардың және оларды тұжырымдаудың да ерекше күрделілігін туғызады. Табиғаттағы объективтік байланыстарды ашу, әдетте салыстырмалы, толық емес, жуықтаған білім формасында болып шығады. Бұдан басқа ғылымның дамуының әрбір сатысында ғылыми таным әдістері, тәсілдері, шындықтың күрделі құрылымына адамзат парасатының енуі өзгереді, жетіледі. Дүние туралы білім ғана емес, адамның танымдық мүмкіндіктері, қабілеттері, таным объектілері кеңейеді.
Қазіргі кезеңде ғалымдардың ақиқат шындықты тануға бағдары экологиялық этика, экологиялық теориялар негізінде жүргізілуде. Сонымен, таным дегеніміз рухани әрекеттің арнайы түрі, қоршаған дүниені түсіну процесі.
Ғылымда таным процесінің екі құраушысы бөлініп алынады: сезімдік (түйсік, қабылдау, елестету) және рационалдық (ұтымды) әр түрлі формаларда ойлау, ұғымдар, пайымдау, ой түйю, гипотеза (В.И.Бахмин, П.В.Копнин, т.б.).
Қазіргі ғылымда зерттеудің әдістері мен тәсілдерін негізінен екі типі бөлінеді: жалпы логикалық және ғылыми таным әдістері. (Б.М.Кедров, И.Н.Новик, В.С.Степин, М.Нысанбаев т.б.). Жалпы логикалыққа: анализ және синтез, индукция мен дедукция, дерексіздендіру (абстракция), қорыту т.б. жатады. Олар адамзат ойлауын тұтастай қамтиды және олардың негізінде қарапайым білім де, ғылыми білім де құрылады. Олардың айырмашылығы: ғылыми білімдер шындықтың заңдарын ашып көрсетеді, ал қарапайым білім заттық – бағдарланған байланыстармен шектеледі. Ғылыми таным екі негізгі деңгеймен, ақиқат шындықты зерделеудің негізгі әдістерімен эмпирикалық және теориялықпен сипатталады. Эмпирикалық таным әдістерінің ішінен: бақылау, өлшеу, эксперимент; ал теориялық зерттеу әдістері: ойша эксперимент, үлгілеу (идеализация) және формализация, аксиоматикалық әдіс, болжау-дедуктивтік, математикалық болжау, дерексізден нақтыға өту, тарихи және логикалық әдістер бөлініп көрсетіледі. Дүниені тануда жекелеген әдістерді бөліп алу және оларды бөлек-бөлек қолдану көзделмейді. Таным процесінде олар үйлесімді өзара байланыста алынады.
Оқушылардың оқу пәнінен жүйелі білімдері қалыптасуы үшін ол білімдердің табиғаты, пайда болуы мен дамуы жөніндегі, пәндік білімдер арасындағы байланыстың сипаты белгілі болу керек, яғни оқушының белгілі бір дәрежеде «дүниетаным туралы білімдері» болуы тиіс. Сонымен қатар оқушыларды ғылыми танудың ең жалпыланған әдістерімен, тану диалектикасы туралы білімдермен қаруландыру керек. Мұнда білімдерді алуға және оларды баяндауға бағытталған оқушының өзіндік іс-әрекеті де жүзеге асырылуы тиіс. Оқушы дүниетанымды танып біліп қана қоймастан, оның қандай белгілері бойынша танылып тұрғанын да біліп тұрса, онда оқушының дүниетанымыды саналы меңгергенін білдіреді.
Оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыруда білімдердің маңызы ерекше. Айналамыздағы қоршаған дүниені танып білудің жолдары мен құралдарының негізін қалайтын белгілі бір білім мазмұны қажет болады. Сондықтан ғылыми тану әдістері ғылыми көзқарастың құрамды бөліктерінің бірі болып табылады.
Олар:
Бақылау және тәжірибе (эксперимент). Бақылау және тәжірибе әдістерінің сипаттамасы. Оларды оқытуда қолдану жолдары.
Салыстыру. Таным процесіндегі салыстырудың сипаттамасы және ролі. Салыстыруды оқытуда қолдану.
Анализ және синтез. Анализ және синтездің жалпы сипаттамасы. Жалпылау және нақтылау. Жалпылау және нақтылау әдістерінің сипаттамасы, оларды оқыту процесінде пайдалану ерекшеліктері.
Модельдеу. Модельдеудің оқытудағы алатын ролі. Модельдеуді оқытуда қолдану ерекшелігі.
Индукция және дедукция. Индуктивті және дедуктивті әдістер және олардың таным процесіндегі орны. Оқыту процесіндегі индуктивтік және дедуктивтік әдістердің өзара байланысы. Оқытудағы аксиоматикалық әдістің ролі.
Таным процесі дүниедегі нақтылы заттар мен құбылыстарды сезіну мен қабылдаудан басталатыны белгілі. Кейін танымның теориялық немесе рационалдық басқышында нақтылы заттар мен құбылыстардың мәнді қасиеттерін және құбылыстарын бөліп алып, дерексіздендіре отырып, абстракция құралады.
Оқыту процесінде оқушылар оқу материалының заңдылықтары мен байланыстарын бірінші рет ашушы жағдайында болады. Сондықтан ғылыми зерттеу әдістері оқушылардың оқып үйрену қызметінің әдістері де болып табылады. Таным әдістерін қолданудың өзіндік ерекшеліктері бар.
Ғылыми танымның жалпы әдістері бір-бірінен тәуелсіз болмайды. Олар бірімен-бірі тығыз байланыста. Бұлардың ішінде алғашқысы анализ және синтез болып табылады да, олардың негізінде басқа әдістер де жүзеге асырылып жатады. Анализ синтезсіз болмайды, ойлау процесінде олар біргелікті жүзеге асырылып, шындықты танудың екі жағы ретінде қарастырылады. Анализ бен синтездің біргейлігі басқа да ойлау операциялары, мысалы, салыстыру мен жүйелеуде де көрініс табады. Ал салыстыру анализсіз, жалпылау мен абстракциялаусыз, классификациялаусыз жүзеге аспайды. Тану процесінде анализ бен синтез олардың туындысы болатын ойлау операциялары – абстракциялауға және жалпылауға көшеді.
Ойлау операциялары ойлау іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болады. Ойлау іс-әрекетінде объектінің елеулі қасиеттерін оның елеусіз қасиеттерінен бөліп алу, объектінің өзінен ауытқу, объектінің барша елеулі қасиеттерін ойшы біріктіру, жалпы және ерекше қасиеттерін ашу т.б. жатады. Мысалы, біз объектінің мәнсіз қасиеттеріне көңіл аудармай оның ең маңызды қасиеттерін біріктіріп жалпылаймыз, жалпылаудан кейін объектінің өзінен ауытқып абстракциялау жүзеге асырылады.
Нақтыдан абстракцияға, ерекшеден жалпыға өрлеуде ойлау анализ бен синтез және басқа ойлау операциялары нәтижесінде қайтадан нақтылыққа келеді, бірақ жалпы білімдер, объектілердің көп жақты байланыстары және қатыстары арқылы байытылған білімдер көп қорымен қайта оралады.
Қандай ғылым болса да қарастырылап отырған объектілердің мәнін ашып, олардың қандай заңдылықтарға бағынатынын зерттейді. Объектілерді танып білу, оларды бақылау және оны сипаттау жұмыстарынан басталады.
Бақылау – зерттелінетін объектілерді мақсатты және жүйелі түрде тікелей қабылдау арқылы зерттейтін әдіс. Психологтар объектілерді қабылдаудың мазмұны және бағыттылығы бізді қоршаған ақиқат дүние туралы адамның қандай білімдері, тәжірибесі бар екендігіне байланысты болатындығын анықтаған.
Бақылау – ақпарат алудың ең маңызды әдістерінің бірі, ал бақылау жүргізе білу зерттеушінің бағалы қасиеті. Сондықтан оқушылардың бақылау жасай алуын қалыптастырудың қажеттігі ешқандай күмән туғызбайды. Бақылау жасауды дұрыс ұйымдастыру оқушылардың математикалық фактілерді табысты игеруіне жағдай жасайды, заңдылықтарды көре білуге және қорытынды тұжырымдар айтуына жәрдемдеседі.
Ғылыми тануда ойлау арқылы жүргізілетін эксперимент ерекше орын алады. Бұл формальды-логикалық іс-әрекеттерді жүзеге асырып қана қоймай, объектінің бейнелері мен моделдерін зерттеу нәтижесіндегі жаңа білімдерге жету қызметі болып табылады. Ойша эксперимент негізінде мынадай амалдар жүзеге асырылады:
белгілі бір ереже бойынша зерттелетін объектінің ойша моделі құрылады, яғни идеалданған объект жасалынады;
модельге әсер ететін идеалданған жабдықтар мен құралдар құрылып, идеяландырылған шарттар мен жасалынады;
шарттарды саналы түрде жоспарлы өзгерте отырып, салыстармалы және еркін комбинациялау;
ойша эксперименттің барлық кезеңдерінде, ғылымда қалыптасқан объективті заңдылықтарды саналы да дәл пайдалану, фактілерді қолдану кезінде абсолюттік еркіндікке, негізсіз фантазияға жол бермеу.
Таным әдістерінің ішінде кең тараған әмбебап әдістерінің бірі – салыстыру.
Зерттелінетін объектілердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ойша тағайындау салыстыру деп аталынады. Ғылымда салыстыра отырып байқау және өзгерісті айыра алу, адамның ойлау қызметінің негізін қалайтындығы тағайындалған. Салыстыруға жүгінбей бір қарапайым ұғымның өзін құруға болмайды.
Салыстыру нәтижесінде дұрыс қорытынды алу үшін мынадай шарттер орындалуы керек.
Тек бір текті объектілерді салыстыруға болады.
Объектілерді бірдей белгісі бойынша салыстыру, толық болып аяғына дейін жеткізілуі тиіс.
К.Д.Ушинский «дидактикада салыстыру негізгі тәсіл болуы керек», - деп есептеген. Салыстыра білуді мақсатты қалыптастыру үшін, салыстырылатын объектінің нақтылы құрамын, құрылысын оқушылар айқын біліп алуы қажет. Салыстыра білудің мүмкін болатын бір нұсқасы мынадай.
Салыстыру деген, бұл:
оқылатын объектілердің мәнді белгілерін бөліп көрсету;
объектіні басқадан бөлектеп тұратын белгілерді табу;
осы белгілер арқылы объектілерді салыстыру.
Салыстырудың тану процесіндегі маңызы үлкен болғанымен де, ол зерттеліп отырған объект туралы толық білім береді деп айта алмаймыз. Салыстыруды тану процесінің басқа әдістермен біргелікте қолданғанда, бізді қоршаған дүниенің заттары мен құбылыстарын зерттеудің тиімді құралы бола алады.
Объектілер мен заңдылықтарды оқып үйрену процесінде ғылыми танудың әдісі болып табылатын анализ бен синтез әдістерін пайдаланбау мүмкін емес. Анализ деп, бүгінді ойша немесе практикалық түрде құрамды бөліктерге бөліп, ол бөліктерді және олардың қасиеттері мен ара-қатынастарын жеке-жеке қарастыру арқылы зерттейтін әдіс түсініледі.
Оқып үйренетін объект туралы айқын түсінік пайда болуы үшін, құрамды бөліктердің арасындағы өзара байланысты анықтау керек, сол себепті анализ жеткіліксіз. Синтезді, анализ арқылы бөлінген бөліктерді ойша немесе практикалық түрде біріктіру деп түсінеміз.
Анализдеу процесінде күрделіден қарапайымға, бір түрліктен көп түрлікке, нақтыдан абстрактілікке, белгісізден белгіліге, салдардан салдарды туғызатын себепке қарай қозғалу жүзеге асырылса, синтезде бұл процестер керісінше жүреді. Міне, осыдан анализ бен синтездің қарама-қайшылығы көрінеді. Бірақ анализ бен синтезді тану процесінің бір-бірінен тәуелсіз тәсілдері деп түсінуге болмайды. Олардың арасында шартты ғана шекара қойылады. Себебі, өте қарапайым ойлау процесінің өзінде анализ синтездің жетегінде, ал синтез анализдің жетегінде болады.
Теориялық мәселелердің құрылуы мен қорытындылаудың кең тараған, қарапайым әдістерінің бірі – жалпылау. Жалпылаудың әдіснамалық негізін, бізді қоршаған дүниенің заттары мен құбылыстарының өзара шарттылығы туралы диалектиканың қағидалары құрайды. Қарапайым жалпылаудың өзі, дүниенің байланысын адамның терең түсінуінің негізін қалайды.
Ғылымда қарама-қарсы екі процестің диалектикалық бірлікте болатындығы айқын көрінеді:
эмперикалық жолмен жинақталған материалдар жалпыланады да жалпы заңдылықтар тағайындалады;
тағайындалған жалпы заңдылықтар шындық дүниенің нақтылы объектілері мен құбылыстарына қолданылады.
Модельдеу – объектіні (түп нұсқаны), оның моделін (көшірмесін) жасау арқылы ол көшірмені зерттейді. Объектінің көшірмесін жазғанда, сол объектінің зерттеушіні қызықтыратын белгілі бір жақтары сақталып қалады.
Жалпы алғанда модельдеу деп таным қызметінде бір жүйені - түп нұсқаны – онымен ұқсастық қатыста болатын жүйемен ауыстыратын, қандай да бір реальды бар немесе ойша елестететін жүйе түсініледі. Модель арқылы түп нұсқа туралы мағлұматтар алуға болады. Модельдің айтарлықтай бір ерекшелігі оның түп нұсқамен сәйкестігінде (ұқсастығында). Бұл ұқсастық кеңістіктік, физикалық немесе функционалдық болуы мүмкін.
Модельдер материалды және идеалды (ойша) болуы ықтимал. Біріншісі, болмысы жағынан табиғат заңдарына бағынатын табиғи объектілер болады.
Материалдық модель екі түрге бөлінеді заттық – денелік және заттық – математикалық. Идеалды модельдің де негізгі екі түрі бар: идеяландырылған модельдік түсінік және таңбалық модель.
Заттық – денелік модель денелік табиғаты жағынан түп нұсқаға ұқсас және одан тек кейбір параметрлердің сандық мәндерінде айырмашылығы болады. Ғылыми зерттеу практикасында денелік табиғаты жағынан түп нұсқадан өзгеше модельдер де пайдаланылады, бірақ олар тәуелділіктер арқылы сипатталады. Мұндай түрдегі модельдерді заттық-математикалық модельдер деп атайды. Бұл жерде заттық модель сынау және зерттеу объектісі бола отырып, нәтижеде оның математикалық сипаттамасы жасалынады.
Теориялық зерттеулерде идеалық модельдер жиі қолданылады. Объектілер туралы осы сияқты білім алуды идеялданған түсініктер арқылы модельдеу деп атауға болады. Ғылыми зерттеу жұмыстарында идеалдық модельді түсініктерді белсенді түрде қолданумен бірге таңбалық модель деп аталатын модельдеу де жиі қолданылады. Таңбалық модельдеу – объектінің физикалық модельдерін қолданбастан қандай да бір құбылыстар класының математикалық моделін құруға және пайдалануға негізделеді. Мұндай модельді кейде абстрактілі математикалық модель деп те атайды.
Кез-келген «модельдік» зерттеудің мынадай құрылымы болады:
мәселені қою;
модель құру немесе ол модельді таңдап алу;
модельді зерттеу;
модель арқылы алынған білімдерді түп нұсқаға көшіру.
Қазіргі әрекет теориясында оқушыларда ойлаудың, әсіресе теориялық ойлаудың қалыптасу процесі жеткілікті дәрежеде қарастырылған [14; 16; 18]. Мысалы: А.З.Зактың зерттеулерінде бастауыш мектеп жасында теориялық ойлаудың күрделі танымдық қызмет ретінде дамуын үш кезеңнен тұрады:
диалектикалық кезең – теориялық ойлаудың аналитикалық тәсілдерін, балан міндеттердің кейбір топтарының мазмұнын, объектілердің жалпылама қатынасын және осы топтың өзіне жататын міндеттерін құру және шешу мүмкіндігіе меңгеруі.
рефлексивті кезең – осы жалпылама қатынастың ерекше формаларын ұғыну.
синтездеуші кезең – жалпылама қатынастың бірлігін және оны жүзеге асырудың ерекше формаларын бөлудіқамтамасыз етені ойлаудың синтетикалық тәсілдерін меңгеру.
Сонымен, оқушыларда теориялық ойлаудың қалыптасу жолын жалпы түрде көз алдымызға келтірсек:
- оқушылар оқу әрекетін игере отырып, мұғаліммен бірге оқу материалын талдайды. Ондағы жалпы қатынасты бөліп алып оны қандай да бір таңбалық формада есепке алады. Басқаша айтқанда, жалпы және абстарктылы білімді меңгеру жеке және нақтырақ біліммен танысуға алғышарт болады, соңғысы бұл жағдайда алдыңғысынан бөлінген сияқты болуы керек;
- бастапқы абстракция мен қорытындыны, басқа абстракцияларды қорытындылау және біріктірудің құралы ретінде қолдану, бұл амалдарды оқу пәнінің қандай да бір «жасушасына» - дүниетанымға айналдырылады. Басқаша айтқанда оқу материалын меңгеру – абстрактылыдан нақтылыға өту жолымен жүзеге асады;
- теориялық қорытуды қалыптастыру тікелей оқу міндеттерінің жүйесін, оларды шешудің жалпы тәсілдерін игеру арқылы жүреді;
- оқу міндеттерін шешу: оқып-үйренетін объектімен (материалдың) жалпы қатынасын табу мақсатында міндеттің шарттарын өзгерту, бөліп алынған қатынасты модельдеу; қатынастың моделін, оның қасиеттерін «таза күйінде» зерделеу үшін моделді өзгерту; жалпы тәсілмен шешілетін, жеке міндеттер жүйесін құру, алдынғы амалдардың орындалуын бақылау және жалпы тәсілдерді меңгеруді осы міндетті шешудің нәтижесі ретінде бағалау; сонымен жалпы және екершені бөліп алу процестері, алдымен салыстырмалы өзбетіндік амал әрекет ретінде, сонан соң операциялар ретінде беріледі.
Дегенмен, оқушыларда бастапқы «жасушаны» іздестірудің жаратылыс-ғылыми ойлауда өзіндік ерекшелігі болады (42, 56).
Әрине, бастауыш сынып оқушылары ақиқат шындықтың заңдылықтарын бірден түсіне алмайды, бірақ мектеп алды жаста және бастауыш мектеп жасында олардың өзіндік тәжірибесін мақсатқа бағыттап жүйелеу және интеграциялау барысында оларда қоршаған табиғат жөніндегі белгілі бір білімдер жүйесі, оны зерделеу тәсілдерінің жүйесі меңгеріледі.
Осымен байланысты мынадай міндет туындайды, яғни баланың сезімдік тәжірибесін жай тек біріктіре салу емес, оны табиғат заңдылықтары негізінде және бастапқы ғылыми абстракцияларды зерделеу кезінде оқушылардың жеке өзіндік түсініктерімен қарама- қайшылықта болмайтындай етіп қалыптастыру керек. Дүниетанымдық білімнің негізіне табиғат заңдылықтары, табиғат жөніндегі негізгі ұғымдар рөл атқаруы керек.
Оқу процесі барысында оқушының қоршаған шындықты тануы, қоршаған дүниені оқушының тану процесінің өзіндік ерекшелігі бар. Оның ерекшелігі мынада: оқушы алдында тұрған және тұратын танымдық міндеттен өзгеше. Оқушы алдында тұратын міндет – адамзат таныған, қорытылған және ғылымда мазмұндалған материалды, тәжирибені игеру болып табылады [15]. А.Н.Леонтьев мұны тарихи қалыптасқан адамзат қабілеттері мен қызметтерін индивидтің қайта жаңғыртуы жүзеге асырылатын процесс деп атайды.
Д.Брунердің пікірі бойынша, ақыл-ой әрекеті, адамның алдында белгілі бір құбылысты түсінуге қол жеткізу міндеті болып табылады [20].
Ю.К.Бабанский былай деп көрсетеді: оқып-үйрену процесінде алынған білімді меңгеру жүзеге асады. Онда қателіктер болуы мүмкін емес, меңгеру оқытушы мен оқушының өзара әсерінде оқушылар жасын есепке ала отырып жүреді. Үйрену ғылыми танымнан өзгеше бола тұрса да, ол бәрібір шындықты жеке тану және бейнелеу формасы болып табылады деп көрсетеді Г.А.Ильина [24; 25].
Г.И.Щукинаның пікірі бойынша, оқушы танымы ғылыми таным сияқты, ол үнемі шындыққа жақындау процесі, ол да диалектикалық ішкі қарама-қайшылықтарды қозғалысқа келтіріп үздіксіз қозғалыста, дамуда болады [27].
Сонымен, көптеген ғалым-педагогтар мен психологтар мектептегі танымның жалпы құрылымын сырттай бақылау, абстрактілік ойлауға өзара өтуді көрсететін және арнайы ұйымдастырылған оқыту жүйесі жағдайындағы клмпонеттерін бөле отырып қарастырады.
